![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Тапсырма 1.
Өзін тану және дамытудың кейбір дербес үрдістерін өмір-мағыналық бағдар алу тестінің көмегімен (Д.А.Леонтьев бойынша) зерттеу.
Нұсқау: Сізге қарама-қарсы пайымдаулардың жұптары ұсынылған (7 кесте). Сіздің міндетіңіз – екі пайымдаудың шындыққа көбірек дәрежеде сәйкес келетін біреуін таңдап алу және сандардың бірін белгілеу: 1; 2;3 - өзіңіздің таңдауға қаншалықты сенімді екендігіңізге байланысты (немесе, егер Сіздің пікіріңізше, екі пайымдау да бірдей дұрыс болса, 0-ді).
Кесте 7- Өмір-мағыналық бағдар алу
Бірінші пайымдау | Шкала | Екінші пайымдау |
1. Әдетте менің ішім қатты пысады | 3210 123 | Әдетте мен қуатқа толымын |
2. Өмір маған әрқашан да толқытатындай және иіріп әкететіндей болып көрінеді | 3210 123 | Өмір маған мүлдем тыныш және күйбең тірлікті болып көрінеді. |
3. Өмірде менің белгілі мақсаттарым мен түпкі ойларым жоқ | 3210 123 | Өмірде менің өте анық мақсаттарым мен түпкі ойларым бар |
4. Менің өмірім маған мағынасыз және мақсатсыз болып көрінеді | 3210 123 | Менің өмірім маған әбден мағыналы және мақсатқа бағытталған болып көрінеді |
5. Әрбір күнім маған әрқашан жаңа және басқаларына ұқсас емес болып көрінеді | 3210 123 | Әрбір күнім маған барлық қалған күндерге әбден ұқсас болып көрінеді |
6. Зейнеткерлік демалысқа шыққанымда, мен осылармен айналысуды әрқашан армандаған қызықты істермен айналысамын | 3210 123 | Зейнеткерлік демалысқа шыққанымда, мен өзімді ешқандай қам жеулермен ауіыртпалық тартқызбауға тырысамын |
7. Менің өмірім осылай армандағанымдай өтті | 3210 123 | Менің өмірім осылай армандағанымдай өтпеді |
8. Мен өзімнің өмірлік жоспарларымды жүзеге асыруда табыстарға жетпедім | 3210 123 | Мен өзім өмірде жоспарлағанымның көпшілігін жүзеге асырдым |
9. Менің өмірім бос та қызықты емес | 3210 123 | Менің өмірім қызықты істерге толы |
10. Егер де маған бүгін өз өмірімнің қорытындысын шығаруға тура келсе, мен ол әбден мағыналы болды деп айта алар едім | 3210 123 | Егер де маған бүгін өз өмірімнің қорытындысын шығаруға тура келсе, мен оның мағынасы болған жоқ деп айта алар едім |
11. Егер де мен таңдай алсам, онда өз өмірімді мүлдем өзгеше құрар едім | 3210 123 | Егер де мен таңдай алсам, онда өз өмірімді тағы бір рет қазір сүріп жатқанымдай сүріп өтер едім |
12. Мен өзімді қоршаған әлемге қараған кезде, ол көп жағдайда мені абыржушылыққа және алаңдаушылыққа алып келеді | 3210 123 | Мен өзімді қоршаған әлемге қараған кезде, ол менде мүлдем абыржушылық пен алаңдаушылық туғызбайды |
13. Мен өте міндетті адаммын | 3210 123 | Мен мүлдем міндетті адам емеспін |
14. Мен адам өзінің ниеті бойынша өзінің өмірлік таңдауын жүзеге асыруға мүмкіндікке ие деп ойлаймын | 3210 123 | Табиғи қабілеттіліктердің және жағдаяттардың әсер етуіне орай, мен адам таңдау мүмкіндігінен айырылған деп ойлаймын |
15. Мен өзімді мақсатқа ұмтылған адаммын деп анық атай аламын | 3210 123 | Мен өзімді мақсатқа ұмтылған адаммын деп атай алмаймын |
16. Өмірде мен өз ісімді және анық мақсаттарымды әлі таба қойған жоқпын | 3210 123 | Өмірде мен өз ісімді таптым |
17. Менің өмірлік көзқарастарым әлі анықталған жоқ | 3210 123 | Менің өмірлік көзқарастарым әбден анықталды |
18. Мен өзімнің ісімді және қызықты өмірлік мақсаттарымды таба алдым деп есептеймін | 3210 123 | Менің өзімнің ісімді және қызықты өмірлік мақсаттарымды таба алуым екіталай |
19. Менің өмірім өз қолымда және мен оны өзім басқарамын | 3210 123 | Менің өмірім маған бағынышты емес және оны сыртқы оқиғалар басқарып отырады |
20. Менің күнделікті істерім маған ләззат пен қанағаттанғандық сезімін әкеледі | 3210 123 | Менің күнделікті істерім маған ыңғай уайымдаулар мен жайсыздықтар әкеледі |
Шкалаларды түсіндіру:
1. Өмірдегі мақсаттар. Бұл шкала бойынша балдар сыналушының өмірінде осылар өмірге мағыналылық, бағытталғандық және уақыттық келешек беретін келешектегі мақсаттардың бар екендігін немесе жоқ екендігін сипаттайды. Осы шкала бойынша төмен балдар тіптен өмірдің мағыналылығының жалпы жоғары деңгейі кезінде де қазіргі уақытта бүгінгі немесе кешегі күнмен өмір сүріп жатқан адамға тән. Сонымен бірге, осы шкала бойынша жоғары балдар тек мақсатқа ұмтылған адамды ғана емес, осының жоспарлары қазіргі уақытта тіреуге ие емес және олардың жүзеге асырылуы үшін жеке басының жауапкершілігімен бекітілмеген прожекторды да сипаттауы мүмкін. Өмір-мағыналық бағдар алудың басқа шкалалары бойынша көрсеткіштерді ескере отырып, бұл екі жағдайды айырып тану қиынға соқпайды.
2. Өмір процесі немесе өмірдің эмоциялық қанықтығы. Осы шкаланың мазмұны өмірдің жалғыз ғана мәні өмір сүруден тұрады деген белгілі теориямен бір жерден шығады. Бұл көрсеткіш сыналушының өз өмірінің процесінің өзін қызықты, эмоциялық қанық және мағынаға толы ретінде қабылдайтын-қабылдамайтындығын айтады. Осы шкала бойынша жоғары және қалған шкалалар бойынша төмен балдар бүгінгі күнмен өмір сүріп жатқан гелонистті сипаттайтын болады. Осы шкала бойынша төмен балдар – қазіргі таңдағы өз өміріне көңілі толмағандықтың белгісі (алайда оған өткен заман туралы естеліктер немесе болашаққа бағдар алу толыққанды мағына беруі мүмкін.
3. Өмірдің нәтижелілігі немесе өзін-өзі жүзеге асыруға қанағаттанғандық. Осы шкала бойынша балдар өмірдің сүрілген бөлігінің бағасын, сүрілген өмірдің өнімділігі мен мағыналылығы сезімін көрсетеді. Осы шкала бойынша жоғары және қалған шкалалар бойынша төмен балдар өз өмірін сүруін аяқтап жатқан, осының барлығы да өткен уақытта қалған адамды сипаттайтын болады, бірақ өткен күн қалған өмірге мағына беруге қабілетті. Төмен балдар - өмірдің сүрілген бөлігіне қанағанттанбағандық.
4. Бақылау локусы - Мен (БЛ - Мен) (Мен -өмірдің қожайынымын). Жоғары балдар өзің туралы өз өмірін өз мақсаттарына және оның мағынасы туралы түсініктерге сәйкес құру үшін таңдаудың жетерліктей еркіндігіне ие болып отырған мықты тұлға ретіндегі түсініктеріңе сәйкес келеді.
Төмен балдар - өз өміріңнің оқиғаларын бақылауға деген өз күшіңе сенбеу.
5. Бақылау локусы - өмір немесе өмірмен басқарылушылық (БЛ - өмір). Жоғары балдар кезінде – адамға өз өмірін бақылау, шешімдерді еркін қабылдау және оларды өмірде жүзеге асыру берілгендігі жөннідегі наным. Төмен балдар – фатализм, адамның өмірі саналы түрде бақылауға ырықты емес, таңдаудың еркіндігі сағым секілді және бір нәрсені болашаққа жорамалдау мән-мағынасыз екендігіне сенушілік.
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 752 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!