Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жоғарғы курс



Жоғарғы курсқа жеті медитативтік жаттығу енгізіледі.

Ұзақтығы – 30-60 мин (барлық медитативтік жаттығулар үшін).

Бірінші жаттығу.

Түске медитациялау. Бастапқы курстағы алтыншы стандартты жаттығуды орындағаннан кейін практикаланушы жанға жағымды ішкі жылулық пен тыныштықты сезінеді. Осы күйге сүйене отырып, ол өзінің 213 санасын өзгеше түстердегі бейнелерге: қар басқан тау шыңдарына, от жалынды лаваның түсіне, көк гүлге, алтын жамылған күз пейзаждарына және т.с. шоғырландыра бастайды. Жаттығу кезінде практикаланушы өзінің санасында нақтылы пішіндер немесе түстер туралы емес, түрлі-түсті суреттер туралы түсінікті ұстап қалуға ұмтылуға тиіс.

Жаттығу практикаланушы түрлі-түсті бейнелерді визуалдандыруға үйреніп шыққанша қайталана береді. Жаттығуды тек күндіз ғана емес, кешке, ұйықтар алдында да орындауға болады.

Екінші жаттығу.

Бірінші жаттығудан тек қана сананың концентрациясы белгілі бір түстің: қызыл, қара, көк, ақ және сары түстің елестетіліп отырған бейнелеріне бағытталғандығымен ерекшеленеді.

Үшінші жаттығу.

Осы жаттығуды орындаған кезде практикаланушы нақтылы бейнені: гүл салатын ыдысты, гүлді, белгілі бір адамды және т.с. визуалдандыруға ұмтылып отырады.

Төртінші жаттығу.

Осы жаттығуды орындаған кезде практикаланушы өзінің санасын қандай да бір абстрактылы идеяға: әділдікке, бейбітшілікке, қуанышқа, үмітке, махаббатқа және т.с. шоғырланады.

Бесінші жаттығу.

Бұл жаттығуда сананы шоғырландыру белгілі бір эмоциялық күйде жүреді. И.Шульц мысал ретінде Бавария Альпісін көрген кезде пайда болатын жанға жағымды сезімді ұсынған. Сананың шоғырлануы нақтылы бейнеге емес, пейзажды тамашалаған кезде пайда болатын тыныштықты, кеңістікті және еркіндікті сезінуге бағытталған.

Алтыншы жаттығу.

Осы жаттығуды орындаған кезде қиялда басқа адамның бейнесі пайда болады. Алдымен теріс те, оң да эмоциялық уайымдаулар байланысты емес адамдарды таңдап алу керек. Кейініректе сананы шоғырландыру нысандары бізбен тығыз байланысты адамдар болуға тиіс. Бірінші кезеңде оларға деген субъективтік көзқарас олардың шынайы бейнесін көруге мүмкіндік береді. Біз субъективтік мақсаттардан босануға ұмтылуға және олардың эмоциялық уайымдаулардан босатылған нақтылы бейнесін көз алдына елестетуге үйренуге тиіспіз.

Жетінші жаттығу.

Бұл медитативтік жаттығуда практикаланушы өзінің санасын төмендегі секілді абстрактылы мәселелерге шоғырландырады:

- Мен өмірден нені керек етемін?

- Мен өмірде қандай қателіктерге жол берудемін?

Тапсырма 9. Өзін-өзі тану дағдыларын қалыптастыратын кейбір жаттығулар орындалады.

Психосинтез арсеналынан алынған жаттығулар келтіріледі (Т. Йоуменс бойынша).

Жаттығу 1: «Мен кіммін?»

Бұл жаттығу Сізге сана-сезіміңізді дамытуға және өзіңіздің нағыз Меніңізді айқындауға бағытталған. Бұл біздің әрқайсымыздың, пияздың басына сәйкес, орталық «өзекті» жасырып жатқан сан көптеген «қабығымыз» бар деген болжамға негізделеді. Өзін-өзі қабылдаудың бұл «қабықтары» оңды да, теріс те болуы мүмкін. Олар біздің тұлғамыздың және біздің әлемге көзқарасымыздың әртүрлі жақтары болып табылады. Олардың кейбіреуі біздің тұлғамыздың өзіміз жақсы көрмейтін жақтарын жасырып тұратын қалқаға, маскаға тән, өзгелері осы жақсы көрмейтін жақтар болуы, ал үшіншілері біз өзіміз осындай деп тануға қауқарсыз болып отырған, біздің тұлғамыздың жасырын оңды жақтары болуы мүмкін. Қалай болғанда да, осы қабықтардың артындағы бір жерде біздің әрқайсымызда шығармашылық және жанды орталық ядро – біздің нағыз Меніміз, біздің тұлғамыздың өте терең мәнісі жасырынып жатыр. «Мен кіммін?» деп дәйекті түрде сұрай отырып, біз біртіндеп, осы жаттығудың барысында, өзіміздің нағыз Менімізге жақындай бастаймыз.

Нұсқау:

1. Өзіңізге ешкім кедергі келтірмейтін орын таңдап алыңыз. Қағаз парағын алыңыз, жоғарғы жағында сол күнді қойыңыз және «Мен кіммін?» деген сұрақты жазыңыз. Төменірек – мүмкіндігінше ашығырақ және адалырақ болуға тиісті жауабын жазыңыз. Одан кейін, оқтын-оқтын кідірістер жасай отырып, ойша өзіңізге осы сұрақты қоюыңызды және жауаптарын жазуыңызды жалғастыра беріңіз.

2. Отырыңыз да, бойыңызды еркін ұстаңыз. Көзіңізді жұмыңыз. Ештеме туралы ойланбауға тырысып көріңіз. Тағы да «Мен кіммін?» деген сұрақ қойыңыз – және оған ойдағы бейне түрінде берілген жауапты ұғынып қалуға әрекет жасап көріңіз. Бұл туралы ойламаңыз және ой жүгіртпеңіз, бейненің санада өз бетінше пайда болуына мүмкіндік беріңіз. Одан кейін көзіңізді ашыңыз да, осы бейнені мүмкіндігінше толығырақ суреттеп беріңіз, оған байланысты өзіңізде қандай сезімдердің пайда болғанын, оның сіз үшін қандай мәнге ие екендігін көрсетіп беріңіз.

3. Қозғалу үшін өзіңізде қандай да бір кеңістік болатындай етіп тұрыңыз. Көзіңізді жұмыңыз және өзіңізден тағы да: «Мен кіммін?» деп сұраңыз. Бұл рет жауапты өз денеңіздің қимылынан іздеңіз. Оның даналығына сеніңіз және де қозғалысыңыз Сіз оның аяқталғандығын сезгеніңізше өзі дами берсін. Егер осыны қаласаңыз, қозғалыс қандай да бір дыбыстармен немесе өлең айтумен ілесіп отыруы мүмкін.

Осы тапсырманы орындап шығып, өз тәжірибеңізді суреттеп беріңіз.

Осы жаттығуды уақыттың қандай да бір кезеңі ішінде орындау ұсынылады. Екінші қайталап орындаған кезде, жаттығудың әсері күшейе түседі.

Жаттығу 2: «Кешкі шолу: субтұлғаларды шолу».

«Кешкі шолудың» бұл түрі өмір сүрген күннің субтұлғалардың жүріс-тұрыс жоспарындағы бейнесі болып келеді.

Субтұлғалар деп осылардың өздерінің жартылай дербес мақсаттары және қажеттіліктері бар, біздің өз тұлғамыздың шеңберіндегі сан көптеген психологиялық құрылымдар аталады.

Осындай субтұлғалардың қайсыбірі тек Сізде ғана бар. Екінші біреулері, керісінше, көптеген адамдарға тән: Бала, Ата-ана, Іздеуші, Мазасыз адам, Ақын, Жалғызбасты.

Осы жаттығуға кіріспестен бұрын, өзіңіз үшін аса маңызды немесе өмірдің аталмыш кезеңіндегі аса белсенді субтұлғаларды (олар екеу немесе үшеу болуы мүмкін) анықтап алу керек.

Егер Сіз жұмыс дәптерін жүргізіп жүрсеңіз, оларды соңғы жазбаларды қарап шығып таба аласыз.

Кешкі шолуда сіз келесі сұрақтарға назарыңызды шоғырландыра аласыз:

1. Өткен күннің әртүрлі кезеңдерінде менде қандай субтұлғалар басымдық танытты? Қандай жағдаяттар (ішкі немесе сыртқы) олардың пайда болуын немесе жоғалып кетуін тудырып отырды? Олардың арасында кикілжіңдер болды ма?

2. Осы тұлғалардың әрқайсысына қандай құнды қасиеттер немесе кемшіліктер тән? Маған осылардың әрқайсысы несімен көмектесті әлде кедергісін келтірді?

3. Олардың әрқайсысы нені керек етті? Олардың қандай да бірі менің бойымда толығымен басымдылық танытса, менің өмірім қандай болар еді?

4. менің субтұлғаларым менің істегім келетінмен келісіп отырды ма, әлде маған оларға бағынуға тура келді ме? Менің субтұлғаларымды үйлесімді етудегі және оларды басқарудағы менің ролім қандай?

Жаттығу 3: «Кешкі шолу: тұлға элементтерін шолу».

Бұл «Кешкі шолудың» түрлерінің тағы бірі. Ол өткен күннің тұлғаның үш негізгі элементтерінің: дененің, сезімдердің және ақыл-ойдың тұрғысынан алғандағы шолуы болып келеді. Сіз, мысалға, мынандай сұрақтарды қарастыра аласыз:

1. Мен өзімді уақыттың көпшілік бөлігінде өз тұлғамның элементтерінің қайсысымен ұқсастырып келдім?

2. Өткен күннің қандай да бір жағдайларында қандай элементтер басымдылық көрсетіп отырды? Олардың әрқайсысының салыстырмалы белсенділігі қандай болды?

3. Осы элементтердің құнды қасиеттері және кемшіліктері қандай?

4. Олардың арасында қандай да болсын кикілжіңдер болып па еді?

5. Осы элементтерді үйлесімді етудегі және оларды басқарудағы менің ролім қандай?

«Субтұлғаларды шолу» жағдайындағыдай, «Субтұлға элементтерін шолу» жағдайында да Сіз ұсынылып отырған сұрақтарды әлде «Кешкі шолудың» өзінің барысында, әлде ол аяқталғаннан соң қарастыра аласыз. Бұл сұрақтар Сізге таңдау мүмкіндігін беруге есептелген; біріншісінен – негізгісінен өзге, олардың барлығын қарастырып шығу міндетті емес. Біз осы жаттығуға 15 минуттан аспайтын уақыт бөлуге және оны, әсіресе басында, онша қатты күш салмай-ақ орындауға болады деп ойлаймыз.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 965 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.097 с)...