![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Шкала | Стендер | |||||||||
2-3 | 4-5 | 6-7 | ||||||||
0-1 | 3-4 | 5-6 | 7-9 | 11-12 | ||||||
0-1 | 4-5 | 9-10 | ||||||||
3-4 | 6-7 | |||||||||
0-1 | 4-5 | 6-7 | 9-10 | 13-14 | ||||||
0-1 | 3-4 | 6-7 | ||||||||
7-8 | ||||||||||
1-2 | 3-4 | 5-7 | 8-10 | 11-12 | ||||||
3-4 | 6-7 |
Сол жақтағы вертикаль бағанада сандармен шкалалардың номерлері белгіленген: 1 – ашықтық, 2 - өз өзіне сенімділік, 3 - өзін-өзі басқару және т.с.
«Шикі» балды стандартты мәнге көшіру үшін бірінші бағанда қажетті шкаланы табу, одан кейін, жол бойынша қозғала отырып, «шикі» балдың мәнін табу керек, жоғарғы жақтан тиісті тордан стеннің мәнін табамыз. Біздің мысалымызда «Ашықтық» шкаласы бойынша «шикі» балдар бірінші жолда тұр. 6 мәніне дейін және жоғары жылжимыз, оған 5 стені сәйкес келеді. Ақырғы нәтиже осы. Балл (стен) неғұрлым жоғары болса, зерттеліп отырған параметр соғұрлым айқынырақ білінеді. 8-10 стенге тең мәндерді жоғары, 5-7 стенге теңдерін – орташа, 1-4 стенге теңдерін – төмен ретінде қабылдауымызға болады. Біздің мысалымызда «Ашықтық» шкаласы бойынша орташа мән алынды.
Шкалалардың сипаттамасы:
Шкала 1: ашықтық.
Осы шкалаға кіретін пункттердің мысалдары:
- Кей кездері мен өзімді өзім осындай болып табылмайтын адаммын деп атауға тырысамын.
- Менің осыларға ақтайтын дәлел табу мүмкін бола қоймайтын әрекеттер жасауым болып тұратын.
- Мен ешқашан да ерекше себептер болмаса, ашуланбаймын және кейімеймін.
- Бөтен адамдардың өзіме ұнап қалған ойларын ешқашан өз ойларым деп айтпаймын.
- Мен ең сүйікті және өзіме туғандай болған адамдарға жан сырқатын келтіре алмаймын.
Аталған факторға енген пайымдаулар оларда белгілі бір дәрежеде әрбір адамға тән, бірақ жетерліктей дағдыларды және оларды мойындау үшін белгілі бір ішкі адалдыққа ие болуды қажет ететін кейбір қасиеттер (бірінші кезекте күнделікті мораль тұрғысынан алғанда ретіс) болатындай етіп тұжырымдалды. Аталған пункттерге берілетін жауаптар екі тенденцияның бірінің: әлде сындарлықтың, өзін терең ұғынудың, ішкі адалдықтың және ашықтықтың, әлде жайлылықтың немесе әлеуметтік мақұлдаудың айқын білінетін мотивациясының басым болуымен анықталады.
Шкала 2: өз өзіне сенімділік.
Пункттердің мысалдары:
— Ең жауапты істерде маған сенім артып, арқа сүйеуге болатындығына сенімдімін.
- Мен – сенімді адаммын.
- Өз бойымнан ақылды да сенімді кеңесшіге иемін деп ойлаймын.
- Мен өз өзімді құрметтеймін деп әбден айта аламын.
- Маған өзімді азғантай ғана адамдардың шындап тұрып құрметтейтін секілді болып көрінеді.
- Менің пікірім қоршаған адамдарда айтарлықтай салмаққа ие. Аталған фактор өз өзіме өзін құрметтеуге болатын қасиеттері бар сенімді, дербес, ерікөжігерлі және сенімді адам ретінде қарауыма мүмкіндік береді.
Пайымдаудың жоғары баллы өз өзіне сенімділікке, өзіне жоғары қарауға, өзінің Менінің күшін сезінуге сәйкес келеді. Пайымдаудың төмен баллы өзінің мүмкіндіктеріне қанағаттанбаумен, әлсіздік сезімдерімен, құрмет тудыруға деген қабілеттілігіне күмәнданумен байланысты болып келеді.
Шкала 3: өзін-өзі басқару.
Пункттердің мысалдары:
- Егер мен өз өзіммен даулассам, жалғыз ғана дұрыс шешім табатындығыма әрқашан сенімдімін.
- Басқалардың мен туралы пікірлері менің өзімнің пікіріммен әбден сәйкес келеді.
- Қандай болсам, мен өзімді сондай етіп жасағанмын.
- Маған өз өзім қаншама осыған лайықты болсам, солайша қарайды.
- Маған түкке болмас нәрсе үшін қайғырмауға нандыру өте оңай.
- Менімен болған нәрсе – менің өз қолдарымның ісі.
Аталған факторды тұлғаның қызметіне, іс-әрекетіне қатысы бар белсеньділік пен нәтижелердің негізгі көзі болып тұлғаның өзі табылатындығы туралы түсінікті көрсететін фактор ретінде түсіндіруге болады. Шкала бойынша жоғары баллы бар адам өзінің Менін оның тұлғасын, қызметін, іс-әрекетін және қатынасын интеграциялаушы және ұйымдастырушы өзек ретінде уайымдайды және бастан өткізеді; оның тағдыры өз қолында тұр деп есептейді, өзінің ішкі түрткілері мен мақсаттарының негізділігі және дәйектілігі сезімін бастан кешіреді. Бұдан өзге, пункттердің бір қатары индивидтің өз өзіне қатысты эмоцияларды және уайымдауларды тиімді басқару және орындап шығу қабілеттілігі туралы пікірін көрсетеді. Ой жүгіртудің төмен балы субъекттің өзінің Менінің сыртқы жағдайларға бағыныштылығына деген сенімімен, өзін-өзі нашар реттеуімен, бұлыңғыр болған Мен локусымен, әрекеттердің, нәтижелердің және өзінің жеке бас ерекшеліктерінің себептерін өз өзінен іздеу тенденциясының жоқтығымен байланысты болып келеді.
Шкала 4: көрініс тапқан өзіне өзі қарау.
Пункттердің мысалдары:
- Менің барлық таныстарым маған сүйіспеншілікпен қарайды деп ойлаймын.
- Мен жандарына майдай жақпайтын адамдар кездесе қоймас.
- Қоршаған адамдардың көпшілігінде сүйіспеншілік тудыратындығыма күмәнданамын.
- Менің жеке басымда, сірә, басқа адамдарда қатты жек көру сезімін тудыруға қабілетті бір нәрсе бар шығар.
- Кездейсоқ адамға мен, тәрізі, жағымды адам болып көрінермін.
Мысалдардан көрініп тұрғанындай, аталған фактордың мазмұны субъекттің оның жеке басы, мінезі және қызметі, іс-әрекеті басқа адамдарда құрмет, сүйіспеншілік, мақұлдау, түсіну және т.с. немесе оларға қарама-қарсы сезімдер тудыруға қабілетті екендігі туралы түсінігін көрсетеді.
Шкала 5: Өз өзіне құндылық.
Пункттердің мысалдары:
- Дәл осы менің ішкі дүниемнің байлығы мен тереңдігі менің адам ретіндегі құндылығымды анықтайды да.
- Менің өз Менім маған терең түсінуге лайықты нәрсе болып көрінбейді.
- Кей кездері мен өзімді шынайы сүюге бола ма екендігіне күмәнданамын.
- Маған мен сияқты адамдар көбірек болса, дүние жақсы жағына өзгеретін секілді болып көрінеді.
- Менің ішкі Менім маған қызықты.
Фактордың жоғары балы өз жеке басының құндылық сезімін және бір мезгілде басқалар үшін өз Менінің болжанатын құндылығын көрсетеді. Шкала өзін, өзінің Менін адамгершіліктің, руханилықтың, ішкі дүние байлығының, басқа адамдарда терең сезімдер тудыра білуге қабілеттіліктің ішкі сырласу критерийлері бойынша эмоциялық бағалауды көрсетеді.
Шкаланың төмен балы өз жеке басының құндылығына деген күмәндану, өзінің рухани Менін жете бағаламау, өзінің Менінен б ойын аулақ салу және оған байыпсыздық, өзінің ішкі дүниесіне деген қызығушылығын жоғалту туралы айтады.
Шкала 6: өзін-өзі қабылдау.
Пункттердің мысалдары:
- Мен өзіме ұнаймын деп айтуыма болады.
- Маған десе де өз өзіме шындап ашулана алмайтын секілді болып көрінеді.
- Менің өз өзіме қарауымды достықпен қарау деп атауға болады.
- Менің бойымда өзімнің жақсы жақтарым да, кемістіктерім де әбден бейбіт сыйысып жатады.
- Менің ішкі дауысым ақырдың аяғында менің немен келісетіндігімді өте сирек жағдайда білдіртпей айтып береді.
Фактордың негізінде өзіне деген сүйіспеншілік, өзінің ішкі мүдделерімен келісу, тіптен кейбір кемшіліктерімен болса да, өзін қандай болса, солайша қабылдау сезімі жатыр.
Фактор өзінің жоспарлары мен ниеттерін мақұлдаумен, өзіне достықпен, мейіріммен қараумен байланысты болып келеді.
Шкала 7: Өз өзіне үйіршілдік.
Пункттердің мысалдары:
- Менің қандай болсам, сондай болып қалғым келер еді.
- Қандай болса да, менің мінезім өзімді әбден қанағаттандырады.
- Менің өзімді көп жағынан өте қайта құрғым келер еді.
- Егер ұсақтық танытпаса, жалпы алғанда маған өзімді кінәлайтын дәнеме де жоқ.
- Маған өзіме: «Иә, мен тұлға ретінде әбден пісіп жетілдім» деп айту үшін көп нәрсе жетіспейді.
Аталған пункттердің мазмұнында бірінші кезекте өзіне қолда бар күйге қатысты өзгеруге ниет немесе ниетсіздік назар аударады. Аталған пікірлер, сірә, Мен-концепцияның қандай да бір ригидтілігін, консервативтік өз өзіне жеткіліктілікті, өзінің Менін (тіптен жақсы жаққа да) дамыту мүмкіндігін және ниет етілуін теріске шығаруды көрсетеді.
Өзіне деген көзқарастың жалпы фоны оңды, толығымен қабылдайтын, тіптен қандай да бір өзіне көңілі толғандықтың өзгешелігі бар. Тіптен уайымдаулардың өзі көбінесе Меннің адекватты емес бейнесіне үйірлігімен ілесіп отырады. Соңғы жағдайда осындай бейнені сақтап қалуға деген тенденция – сана-сезімнің қорғаныс механизмдерінің бірі. Пайымдаулардың төменгі балы өзін және қоршаған адамдарды өзгертудің қатты ниетімен, өзімен қанағаттанбаумен, өзі туралы өте оңды түсінікке сәйкестікке ұмтылумен байланысты болып келеді.
Шкала 8: ішкі кикілжіңділік.
Пункттердің мысалдары:
- Кей кездері маған өзім оғаш болып табылатындай болып көрінеді.
- Мен өзіммен болып жатқан іске шамалы ғана әсер ете алатындығымды жиі сезінемін.
- Кей кездері маған өз өзіммен қатынас жасау, араласу жан ауыртарлықтай болады.
- Кей кездері менде күмән туындайды: іс жүзінде мен өзіме осылай болып көрінгенімдеймін бе?
- Кей кездері өз өзіммен болатын даулар бәрібір мен шешкендей болмай шығады деген оймен аяқталады.
- Менің өз өзімді шындап түсінуіме бір нәрсе кедергісін келтіреді.
Аталған пункттердің мазмұнының ішкі кикілжіңдердің, күмәндердің, өзімен келіспеудің болуымен байланысты екендігі жақсы көрініп тұр. Оларда өзіне деген көзқарастың жалпы оңсыз эмоциялық аясында өрбитін, өзін-өзі шамадан тыс қазбалауға және рефлексияға деген тенденция көрінісін табады.
Аталған қасиеттерді теріске шығару тұйықтық, өзіне өзі үстіртін риза болу, проблемаларды теріске шығару туралы айтуы мүмкін. Жалпы психологиялық мазмұны бойынша өз өзіне қараудың аталған аспектін өз Менінің кикілжіңділігі сезімі ретінде белгілеуге болады.
Шкала 9: өзін-өзі айыптау:
Пункттердің мысалдары:
- Өзімді бағалауға тырысқанымда, мен ең алдымен өз кемшіліктерімді көремін.
- Егер мен әлдекімге кінә тағып қарайтын да болсам, ең алдымен өз өзіме осылай қараймын.
- Менің бойымда сүйіспеншілік тудыра қоюы екіталай нәрселер аз емес.
- Жанымның түпкірінің бір жерінде өзімді әлсіз адаммын деп санаймын.
- Менің өзім туралы ойдарым көбіне көп өзіме бағытталған айыптауларға келіп тіреледі.
Аталған фактордың мазмұнын түсіндіріп беру айтарлықтай оңай. Оған интрапунитивтілікпен, өзін-өзі айыптаумен, Меннің бағытына теріс эмоциялармен байланысты пункттер кірді.
Осы пайымдаулармен келісетін индивид өзінің сәтсіздіктері мен ағаттықтарын, өзінің кемшіліктерін өзіне айып ретінде таңуға әзір. Факторға өз өзіне оңды қараумен байланысты пайымдаулар кірген жоқ. Бұл өзіне өзі қарау жүйесінде дербес маңызға ие, төмен балы бар фактор.
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 813 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!