![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Өзіне сенімділік және өзіне қанағаттанғандық деңгейінің диагностикасы.
Нұсқау: сұрақтарды зейін қоя оқып шығыңыз, жауаптың өз пікіріңізге сәйкес келетін нұсқасын таңдап алыңыз.
1. Сізге бір нәрсені айтпаған немесе жасамаған жөн болар еді деген ойлар сізді қаншалықты жиі мазалайды?
а) өте жиі (1 балл);
б) кей кездері (3 балл).
2. Егер сіз ақылы ұшқыр адаммен аралассаңыз, Сіз:
а) оны сөз тапқыштықта жеңіп шығуға тырысып көресіз (5 балл);
б) жарысқа кірісіп кетпейсіз, оның ақылды екенін мойындап, әңгімеден кетіп қаласыз (1 балл).
3. Сізге ең жақын пікірлердің бірін таңдап алыңыз:
а) көптеген адамдарға жолы болғыштық болып көрінетін нәрсе шындығына келгенде – қажырлы еңбектің нәтижесі (5 балл);
б) табыстар көбінесе түрлі жағдайлардың бақытты тоғысуына байланысты болып келеді (1 балл);
в) қысылтаяң жағдайда негізгісі – табандылық пен жолы болғыштық емес, мақұлдай немесе жұбата алатын адам (3 балл).
4. сізге өзіңізге жасалған шарж немесе пародия көрсетті делік, Сіздің жауабыңыз:
а) күліп жібересіз және өзіңізді бойыңызды бірегей нәрсенің бар екендігіне қуанып қаласыз (3 балл);
б) Сіздің серігіңіздің бойынан күлкілі бір нәрсе табуға және оны келемеждеуге тырысып бағасыз (4 балл);
в) өкпелеп қаласыз, бірақ түр көрсетпейсіз (1 балл).
5. Сіз әрқашан асығып жүресіз, сізге уақыт жетпей ме, әлде бір адамның мүмкіндігінен асып түсетін тапсырмаларды орындауға кірісіп кетесіз бе?
а) иә (1 балл);
б) жоқ (5 балл);
в) білмеймін (3 балл).
6. Сіз... сатып ала отырып, құрбыңызға иіссу таңдап аласыз:
а) өзіңізге ұнайтынын (5 балл);
б) жеке басыңызға ұнамаса да, өзіңіздің ойлауыңызша, құрбыңызды қуантатынын (3 балл);
в) жуырда жарнамаланған иіссуды (1 балл).
7. Сіз өзіңіздің көз алдыңызға өмірдегіге қарағанда, өзіңізді мүлдем өзгеше ұстайтын алуан түрлі жағдайларды келтіруді ұнатасыз ба?
а) иә (1 балл);
б) жоқ (5 балл);
в) білмеймін (3 балл).
8. Сіздің әріптестеріңіздің (әсіресе жастардың) өзіңізге қарағанда көбірек табысқа жететіндігі шамыңызға тие ме?
а) иә (1 балл);
б) жоқ (5 балл);
в) кей кездері (3 балл).
9. Сізге біреуге қарсы шығу ләззат әкеле ме?
а) иә (5 балл);
б) жоқ (1 балл);
в) білмеймін (3 балл).
10. Көзіңізді жұмып, өзіңізге 3 түсті көз алдыңызға келтіруге әрекет жасап көріңіз:
а) көгілдір (1 балл);
б) сары (3 балл);
в) қызыл (5 балл).
Нәтижелерді өңдеу
50 - 38 балл – Сіз өзіңізге ризасыз және өзіңізге сенімдісіз. Cізде адамдардан үстем болуға деген үлкен қажеттілік бар, өзіңіздің Меніңізді баса көрсеткенді, өз пікіріңізді бөліп көрсеткенді жақсы көресіз. Сізге өзіңіз туралы басқалардың не айтып жатқандығы бәрі бір, бірақ өзіңіз басқаларды сынауға бейімділікке иесіз. Сіздің балыңыз неғұрлым көбірек болса, Сізге: «Сіз өзіңізді жақсы көресіз, бірақ басқаларды жақсы көрмейсіз» деген анықтама лайықты.
Тағы бір кемістігіңіз - өзіңізге тым байсалды қарайсыз, ешбір сындарлы ақпаратты қабылдамайсыз. Өкінішті-ақ...
37 - 24 балл – Сіз өзіңізбен татулықта өмір сүресіз, өзіңізді білесіз және өзіңізге сене аласыз. Жеке басыңыздың сипатындағы да, басқа адамдармен өзара қарым-қатынаста да қиын жағдайлардан шығар жол таба білудің құнды қасиетіне иесіз. Өзіңіздің өзіңізге және қоршаған адамдарға қатынасыңыздың формуласын: «Өзіңізге ризасыз, басқаларға ризасыз» деген сөздермен білдіруге болады. Сізде қалыпты, дұрыс өзін-өзі бағалау бар, Сіз өз өзіңізге қолдау және күш көзі бола аласыз, және ең бастысы, мұны басқалардың есебінен жасамайсыз.
23 -10 балл сірә, Сіздің өзіңізге көңіліңіз толмай жүр, Сізді: өзіңіздің интеллектіңізге, қабілеттеріңізге, сырт бет әлпетіңізге, жетістіктеріңізге, жасыңызға, жынысыңызға күмәндену мен қанағаттанбаушылық азапқа салуда... Тоқтаңыз! Өзіңді жақсы көру жаман деп кім айтып еді? Ойлайтын адам үнемі өзіне көңілі толмай жүруге тиісті дегенді Сізге кім бойыңызға сіңіріп қойды? Әрине, ешкім де Сізден өз өзіңізге масаттанып жүруді талап етпейді, бірақ Сіз өзіңізді қабылдауға, өзіңізді құрметтеуге, өз бойыңызда осы бір ұшқынды аялап ұстауға тиіссіз.
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 628 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!