Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тарау 3. «Өзін тану жӘне дамытуҒа психологиялыҚ-педагогикалыҚ Қолдау кӨрсету» таҚырыбы бойынша практикум



Тапсырма 1. Келесі есептерді шешіңіз (1-10). Аталған жағдайларда өзін өзу тану мен өзін тану және дамытудың қандай заңдылықтары (механизмдер, түрлер және т.б.) көрініс табатындығын анықтаңыз.

Тапсырма 1. 6 айлық баланың арт жағынан киімінің астына денеге тығыз жанасып жататын бөтен затты салады, бірақ сәби одан босану үшін ешқандай да әрекет жасамайды. Егер осындай істі ересектеу баламен жасаса, ол өзіне кедергі жасаған заттан оп-оңай босанады.

Сұрақ: Неліктен, бұл қандай заңдылықпен байланысты?

Тапсырма 2. Бала (1 жас 2 айлық) өзін айнадан көріп, құшақтауға әрекет жасады, бетімен кескініне жабысты, ал айнаның артжағына үңілгеннен кейін түңіле және түсінбестікпен «ахылай» бастады (Г.С. Абрамова бойынша).

Бала (2 жас) өзін айнадан қарағанды жақсы көреді, өзінің бейнесін саусағымен көрсете отырып, анасына бұрылады және: «Бұл менмін!» дейді.

Сұрақ: Мұнда біз өзін-өзі танудың қандай механизмімен істес болып отырмыз?

Тапсырма 3. Бала (3 жас 4 ай) ересектерге ештеме істеткізбейді. Анасы кір жуа бастаса-ақ, ол сол сәтте «Мен жасаймын! Мен жасаймын!» деп «ұршықша үйіріледі». Егер анасы ыдыс жуа бастаса, ол асханаға: «Мен жуамын!» деп ұшып жетеді; егер адам оған бір нәрсеге көмек көрсеткісі келсе, ол: «Мен өзім жасаймын!» деп мәлімдеп, бұған қарсы шығады.

Сұрақ: Осындай жүріс-тұрысты қалайша түсіндіруге болады?

Тапсырма 4. Оны атымен атауын талап ете отырып, бала (3 жас 6 ай) ересек адамдар оны еркелетіп атаса, бұған қарсы шығады (Г.С. Абрамова бойынша).

Сұрақ: Бұл жағдайда қандай өзін-өзі тану механизмі көрініс табады?

Тапсырма 5. Бала (4 жас) басын қолымен тіреп отыр және: «Менен: айтшы маған, ұлым, не туралы ойланып қалдың деп сұра» дейді (Г.С. Абрамова бойынша).

Сұрақ: Бұл жағдайда қандай механизм көрініс табады?

Тапсырма 6. Мақсат (12 жас) сабақтарда үнемі шошаңдап отырады, қақпалаған сөздер айтады, орынды-орынсыз ащы ескертулерін қосып отырады, сыныпты күлдіруге тырысады, яғни кез келген тәсілмен өзіне назар аударуға тырысады.

Сұрақ: Бұл жағдайда өзін тану және дамытудың қандай түрі көрініс табады?

Тапсырма 7. Арай (14 жаста) құрбысына оны серуендеуге шақыруға кірді. Бірақ құрбысы мұны өзінің бойында ерік-жігер күшін дамытуға шешім қабылдағандықтан, өзіне алдымен сабақтар жасауға, ал одан кейін барлық қалған істермен айналысуға сөз бергендігімен түсіндіріп, серуенге шығудан бас тартты.

Сұрақ: Бұл жағдайда өзін тану және дамытудың қандай түрімен кездесеміз?

Тапсырма 8. Бірнеше жағдайды ұсынамыз.

• Адам немен айналысса да, ол толығымен іске берілген.

• Бұл тіпті қызықсыз іс болса да, ол кез келген жұмысты мейлінше жақсырақ жасауға тырысады.

• Өзін толығымен көрсетуге тырысады.

• Қиын жағдайларда өзінен қолдау табуға тырысады.

• Өз өмірбаянының авторы болуға және өзімен болғанның бәрі үшін жауапкершілік арқалауға тырысады.

Сұрақ: Қандай тұлғаның белгілері баяндалған?

Тапсырма 10. Оның мұны мүлдем жасағысы келмесе де және темекі тартудың зиян екенін білсе де, достарының арасында жасөспірім темекі тарта бастайды. Бірақ егер бас тартса, достары оны келемеж етеді.

Сұрақ: Жүріс-тұрыстың осындай түрі немен байланысты?





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 564 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.215 с)...