Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тарау 4. ПедагогтыҢ Өзін тануы жӘне дамытуы бойынша практикум



Тапсырма 1. Тапсырма екі бөлімнен тұрады. Мұғалімнің өзін тану және дамытуға (I бөлім) және педагогикалық қызметтің кедергілерін жеңіп шығуға (II бөлім) қабілеттілігін диагностикалау*.

Мақсат: мұғалімнің өзін тану және дамытуға қабілеттілігін анықтау.

Нұсқау: мұғалімнің өзін тану және дамытуға қабілеттілігінің көрінуін 5 балдық жүйе бойынша анықтаңыз.

5 балл - пайымдау ақиқатқа толығымен сәйкес келеді;

4 балл – жоққа қарағанда, тәрізі сәйкес келеді;

3 балл - иә де, жоқ та;

2 балл – тәрізі, жоқ;

1 балл - сәйкес келмейді.

I бөлім

1. Мен өзімді зерттеуге ұмтыламын.

2. Жұмыспен және үй істерімен қаншалықты жұмысбасты болсам да, мен дамуыма уақыт қалдырамын.

3. Туындайтын кедергілер менің белсенділігімді ынталандырады.

4. Бұл маған өзімді тануға және бағалауға көмектесетіндіктен, мен кері байланысты іздеймін.

5. Бұған арнайы уақытымды бөле отырып, мен өз іс-әрекетімді рефлекстеймін.

6. Мен өз сезімдерім мен тәжірибемді талдаймын.

7. Мен көп оқимын.

8. Мен өзімді қызықтырып отырған сұрақтар болйынша кеңінен пікірталас жасаймын.

9. Мен өз мүмкіндіктеріме сенемін.

10. Мен ашығырақ болуға ұмтыламын.

11. Мен өзіме қоршаған адамдар тигізетін әсерді ұғынамын, сезінемін.

12. Мен өзімнің кәсіптік дамуыммен айналысамын және оңды нәтижелерге иемін.

13. Мен жаңа бір нәрсе алғанымда, бұл маған ләззат әкеледі.

14. Арта түскен жауапкершілік мені қорқытпайды.

15. Мен өзімнің қызмет бабында алға жылжуыма оң қабағыммен қарар едім.

Нәтижелерді өңдеу

75-55 балл - белсенді даму

54 - 36 балл - өзін тану және дамытудың орнығып қалған жүйесі жоқ, дамуға бағыт алу жағдайларға қатты тәуелді;

35 - 15 – тоқтап қалған даму.

II бөлім

Мақсат: мұғалімдердің мектепте оқып-үйренуіне, дамуына, өзін тану және дамытуына кедергі келтіретін және осыларды ынталандыратын факторларды анықтау.

Нұсқау: сіздің оқып-үйренуіңізге және дамуыңызға кедергі келтіретін және осыларды ынталандыратын факторларды 5 балдық жүйе бойынша бағалаңыз:

5 балл - иә (кедергі келтіреді немесе ынталандырады);

4 балл – жоққа қарағанда, тәрізі иә;

3 балл - иә де, жоқ та;

2 балл – тәрізі, жоқ;

1 балл - жоқ.

Кедергі келтіретін факторлар

1. Өз инерциям.

2. Бұрынырақта болған сәтсіздіктердің нәтижесіндегі түңілу.

3. Осы мәселеде басшылар тарапынан қолдау мен көмектің жоқтығы.

4. Қоршаған адамдардың дұшпандығы (көре алмаушылығы, қызғаншақтығы), олардың менің бойымдағы өзгерістерді жаман қабылдауы және менің жаңаға деген ұмтылысым.

5. Ұжым мүшелерімен және жетекшілермен адекватты емес кері байланыс, яғни өзі туралы объективті ақпараттың жоқтығы.

6. Денсаулық жағдайы.

7. Уақыттың жетіспеуі.

8. Шектеулі ресурстар, ауыр өмірлік жағдайлар.

Ынталандыратын факторлар

1. Мектептегі әдістемелік жұмыс.

2. Курстарда оқу.

3. Әріптестерімнің үлгісі және әсері.

4. Басшылардың үлгісі және әсері.

5. Мектептегі еңбектің ұйымдастырылуы.

6. Осы мәселеге басшылардың, жетекшілердің назар аударуы.

7. Сенім.

8. Іс-әрекеттің, жұмыс жағдайларының жаңашылдығы және эксперимент жасау мүмкіндігі.

9. Өзіне өзі білім берумен шұғылдану.

10. Жұмысқа деген қызығушылық.

11. Арта түскен жауапкершілік.

12. Ұжымда танымға ие болу мүмкіндігі.

Микрозерттеу мәліметтерін өңдеу 15 қорытынды кестеде келтіріліп отыр.

Кесте 11- Мұғалімнің оқуы, дамуы және өзін тану және дамытуы

Мұғалімнің өзін тану және дамытуға қабілеттігі Мұғалімдердің аты-жөні Ынталан-дырушы факторлар Кедергі келтіруші факторлар Өлшем-дер жүйесі
1.Белсенді өзін тану және дамыту        
2. Жағдайларға байланысты болып келетін, қалыптаспаған өзін тану және дамыту        
3. Тоқтап қалған өзін тану және дамыту        

Кедергі келтіретін және ынталандыратын факторлар топтары бойынша педагогтардың әр категориясы үшін әр фактор бойынша орташа балл есептеп шығарылады. Одан кейін осы факторлар белгілі бір тәртіппен орналастырылады.

Мысал. «Белсенді өзін тану және дамыту» категориясынан мұғалімдер тобына он адам келіп түсті, олардың ішінен жеті адам «Денсаулық жағдайы» кедергі жасаушы факторын 4 балға, екі адам – 2 балға, бір адам – 1 балға бағалады. Бұл 3,3-ке тең орташа балды құрады. Ал, мысалға, «Уақыттың жетіспеуі» кедергі жасаушы факторы 4,1-ге тең орташа балға ие. Демек, «Уақыттың жетіспеуі» факторы дәрежесі бойынша «Денсаулық жағдайы» факторынан жоғарырақ, сондықтан өзін тану және дамытудың белсенді позициясы бар педагогтар «Уақыттың жетіспеуі» факторын дәреже бойынша жоғары қояды. Дәл осылайша педагогтардың барлық топтары бойынша барлық факторлар (кедергі жасаушы және ынталандырушы) бойынша қорытындылар жасайды. Анкеталарды өңдеудің нәтижесінде мұғалімдердің үш категориясы айқындалады, олардың тектері өзін тану және дамытуға дайындық дәрежесіне сәйкес кестеге енгізіледі. Кедергі жасаушы және ынталандырушы факторлар орташа балл көрсеткіштерінің көмегімен дәрежеленеді және олар да кестеде белгіленеді.

Тапсырма 2. Педагогтардың балалармен өзара әрекеттесудің оқыту-тәртіптік немесе тұлғалық үлгісіне бағыт-бағдар алуын диагностикалау (В.Г.Маралов бойынша).

Педагог балалар үшін олардың өзін-өзі тануы мен өзін тану және дамытуы үшін қажетті жағдайлар жасай алуы үшін, ол өзара әрекеттесудің тұлғалық үлгісіне бағыт-бағдар алуға тиіс. Төменде мұғалімдерге және мектепке дейінгі мекемелердің тәрбиешілеріне арналған, олардың өзара әрекеттесудің атап кетілген үлгілеріне бағыт-бағдар алу деңгейін айқындайтын екі әдістеме ұсынылып отыр.

Әдістеме 1

Мақсат: мұғалімнің оқушылармен өзара әрекеттесудің оқыту-тәртіптік немесе тұлғалық үлгісіне бағыт-бағдар алуын диагностикалау.

Нұсқау: бірқатар пікірлер ұсынылады, мұғалімнің оқыту мен тәрбиелеу процесіне бағыт-бағдар алғандығының ашық көрсетілгендігін 5 балдық жүйе бойынша анықтаңыз

5 балл - қандай да бір пікірмен толығымен келісемін;

4 балл - жоққа қарағанда, көбірек келісемін;

3 балл - иә де, жоқ та (тең дәрежеде);

2 балл - тәрізі, келіспеймін;

1 балл - толығымен келіспеймін.

1. Мұғалім – негізгі адам, оқыту-тәрбиелеу жұмысының табысы оған байланысты болып келеді.

2. Бастамашыл және белсенді оқушымен жұмыс істегенге қарағанда, орындағыш оқушымен жұмыс істеген жақсырақ.

3. Ата-аналардың көпшілігі өз балаларын тәрбиелей алмайды.

4. Мұғалімнің творчествосы – бұл тек қана ниет қана, оның нақтылы қызметі толығымен реттеліп қойылған.

5. Өзің бір нәрсені ойлап шығарғанға қарағанда, сабақты дайын әдістемелік ұсыныстарды пайдалана отырып өткізген жақсырақ.

6. Өзіңді балаларға тұлға ретінде ашып көрсеткенге қарағанда, мектептегі жұмыстың табысты болуы үшін оқыту технологиясын меңгеріп шыққан маңыздырақ.

7. Бала саз балшыққа ұқсас, одан кез келген нәрсені «жасап шығаруға» болады.

8. Әкімшіліктің барлық жарлықтарын дәл орында, сонда машақаттарың азырақ болады.

9. Жақсы тәртіп - залог успеха в обучении и воспитании.

10. Мектеп оқытуға, ал отбасы – тәрбиелеуге тиіс.

11. «Сабақ үлгерімі», «тәртіп», «сыртқы түр» түсініктерін пайдалана отырып, оқушыға дәл де жан-жақты сипаттама беруге болады.

12. Жазалау ең жақсы шара емес, бірақ ол қажет.

13. Ең жақсы оқушы жақсы оқитын оқушы.

14. Қабілетті балаларға қарағанда, мектепте онша ақылды емес балалар анағұрлым жиірек кездеседі.

15. Қатаң емес мұғалімге қарағанда, ақыр соңында қатаң мұғалім жақсырақ болып шығады.

16. Балалармен ымырашылдыққа келе бермеу керек, әйтпесе олар «басқа шығып алады».

17. Қыздарға қарағанда, ұл балалар мектепте көбірек бақылағанды қажет етеді.

18. Мектеп оқушыларының педагог қойған міндеттерге сәйкес келетін бастамасын ғана қолдап отырған жөн.

19. Балалардың жүріс-тұрыстарын бақылай алатын мұғалім жақсы мұғалім.

20. Оқушылардың жеке қабілеттерін ескеру керек.

21. балалардың жүріс-тұрысы мен тәрбиеленуі үшін негізгі жауапкершілікті мектеп емес, отбасы арқалайды.

22. Егер бала «нашар» балалармен дос болса, осыны ниет етсек те, етпесек те, ол нашарырақ болады.

23. Оқушының міндеті біреу – жақсы оқу.

24. Тым асыра мақтап жібергенше, оқушыны бір рет артық сөгіп алған жақсы.

25. Меніңше, ата-аналар мектепке шамадан тыс талаптар қояды.

26. Кикілжіңді жағдайларда көбінесе оқушыға қарағанда, мұғалімдікі дұрыс (оның тәжірибесі көбірек).

27. Мұғалімнің негізгі міндеті – оқыту бағдарламасының талаптарын жүзеге асыру.

28. Ата-анасы қандай болса, балалары да сондай.

29. Мұғалімнің сөзі – балаға заң.

30. Екілік теріс баға ғана емес, тәрбиелеудің маңызды құралы да.

Нәтижелерді өңдеу

101 балл және жоғары – педагготың оқушылармен өзара әрекеттесуінің оқыту-тәртіп үлгісіне айқын бағытталғандығы;

91 - 100 балл - оқыту-тәртіп үлгісіне орташа бағытталғандық;

81 - 90 балл – өзара әрекеттесудің тұлғалық үлгісіне орташа бағытталған-дық;

80 балл және төменірек – оқушылармен өзара әрекеттесудің тұлғалық үлгісіне айқын білінетін бағытталғандық.

Нәтиже: балдар қосындысы неғұрлым жоғары болса, мұғалімнің оқушылармен өзара әрекеттесудің оқыту-тәртіп үлгісіне бағытталғандығы соғұрлым айқынырақ.

Әдістеме 2

Мақсат: тәрбиешінің мектеп жасына дейінгі балалармен өзара әрекеттесудің оқыту-тәртіп немесе тұлғалық үлгісіне бағытталғандығын диагностикалау.

Нұсқау: бірқатар пікірлер ұсынылады, тәрбиешінің оқыту мен тәрбиелеу процесіне бағыт-бағдар алғандығының ашық көрсетілгендігін 5 балдық жүйе бойынша анықтаңыз

5 балл - қандай да бір пікірмен толығымен келісемін;

4 балл - жоққа қарағанда, көбірек келісемін;

3 балл - иә де, жоқ та (тең дәрежеде);

2 балл - тәрізі, келіспеймін;

1 балл - толығымен келіспеймін.

1. Қатаң тәрбиеші қатаң емес тәрбиешіден жақсырақ.

2. Тәрбиеші - негізгі адам, тәрбие жұмысының табысы мен тиімділігі оған байланысты.

3. Сабақтарда, режимдік сәттер барысында бала тәрбиеші белгілеген нәрсені жасауға тиіс.

4. Балалардың тыңдағыштығы – педагогтың сіңірген еңбегі.

5. Бала саз балшыққа ұқсас, одан кез келген нәрсені «жасап шығаруға» болады.

6. Бала тәрбиешінің барлық талаптарын орындауға тиіс.

7. Тәрбиешінің негізгі мақсаты – балаларды тәрбиелеу және оқыту бағдарламасының талаптарын жүзеге асыру.

8. Оқыту-тәрбиелеу жұмысының орталық міндеті – балаларды білімдермен, ептіліктермен, дағдылармен қаруландыру.

9. Педагогтың жұмысындағы ең бастысы – балалардың орындаушылығына қол жеткізу.

10. Тәрбиелеу – ең алдымен балаларға талап қойғыштық.

11. Баланың осылар педагог қойған тапсырмаларға сәйкес келетін ниеттері мен бастамасын ғана ынталандырып отырған жөн.

12. Жақсы тәртіп – балаларды тәрбиелеу мен оқытудағы табыстың кепілі.

13. Жазалау – тәрбиелеудің ең жақсы түрі емес, бірақ ол қажет.

14. Балалардың кез келген іс-әрекеті тұрақты бақылауды қажет етеді.

Нәтижелерді өңдеу

48 балл және одан жоғары – оқыту-тәртіп үлгісіне айқын білінетін бағыт-бағдар алу;

43 - 47 балл - оқыту-тәртіп үлгісіне орташа бағыт-бағдар алғандық;

38 - 42 балл – өзара әрекеттесудің тұлғалық үлгісіне орташа бағыт-бағдар алғандық;

37 балл және төменірек – балалармен өзара әрекеттесудің тұлғалық үлгісіне айқын білінетін бағдар-бағыт алғандық.

Қорытынды: балдар қосындысы неғұрлым жоғарырақ болса, тәрбиешінің балалармен өзара әрекеттесудің оқыту-тәртіп үлгісіне бағыт-бағдар алғандығы соғұрлым айқынырақ білінеді.

Тапсырма 3. «Өзін-өзі анықтауға апарар жол» ойынын оқып шығыңыз, талдап шығыңыз және мүмкіндігіне қарай өткізіңіз (М.В. Каминская бойынша).





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 929 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.043 с)...