![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
1. Сыртқы әлемнен физикалық Менді бөліп көрсету.
2. Өзімен сәйкестендіру.
3. 3 жас дағдарысы, әлеуметтік Менді ашу, өзін-өзі бекіту.
4. Атымен сәйкестендіру.
5. Рефлексия.
6. Өзін-өзі бекіту.
7. Өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі тәрбиелеу.
8. Өзін тұлға ретінде ашу, рефлексия.
9. Кемеліне жеткен, өзін-өзі танытушы тұлға.
10. Әлеуметтік тәуекел, құрбылары танып-мойындаған болуға ұмтылу.
Тапсырма 2. Өзін тану және дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасау тұрғысынан келесі педагогикалық пікірлерді бағалап шығыңыз:
- кез келген бала ересектер тарапынан тұрақты бақылауды қажетсінеді;
- қатаң тәрбиеші (мұғалім) ақыр соңында жұмсақ мінезді тәрбиешіге (мұғалімге) қарағанда жақсырақ болып шығады;
- балада нашар ойлар мен ниеттер пайда болмауы үшін, оның тіршілік әрекеті толығымен бағдарланған болуға тиіс;
- шамадан тыс жақсы көру балаларды бұзып жібереді;
- баланы қате жіберуден жан-жақты қорғап отыру керек;
- баланың өзіне қалай қарайтындығы маңызды емес, оған басқалардың қалай қарайтындығы маңызды;
- бала өз өмірінде ата-аналарының ұйғарымдарына ілесіп отыруға тиіс, өйткені олар балаға жақсылық тілейді емес пе;
- балаға таңдау еркіндігін беруге болмайды, олай болмаған күнде ол қажет нәрсені емес, өзге нәрсені таңдап алады.
...Осы тізімді өз бетіңізше жалғастырыңыз, «Өзін тану және дамытуға ілесе жүру деген не» деген тақырыпқа пікірталас өткізіңіз.
Сұрақ: Өзін тану және дамыту тиімді болуы үшін, сіздің ойыңызша, үйде және білім беру мекемесінде қандай жағдайлар жасалуға тиіс?
Тапсырма 3. Тіпті қиын емес тапсырманы орындар алдында бала бұл оның қолынан келетіндігіне күмәнін білдіреді: «Менің қолымнан келмейді», «Мен мұны істей алмаймын» және т.с..
Сұрақтар: Аталған жағдайда біз қандай жеке бас ерекшелігімен ұшырасамыз? Осындай баламен жұмысты қалай ұйымдастыру керек?
Тапсырма 4. Сыныпта тақтаның жанында жауап бергенде төменгі сынып оқушысы өте толқиды: қызарады, тұтығып қалады, шатасады және т.с.
Сұрақтар: Біз бұл жерде қандай тұлғалық сипаттамамен істес болып отырмыз? Мұндай балаға қаоай көмектесуге болады?
Тапсырма 5. Мұғалімге баласының соншалықты тиянақсыз, зейінсіз екендігіне, оны ұйымдастырудың қиын екендігіне, үйде сабақтарды көп уақыт оқитындығына, өйткені үнемі басқа нәрсеге алаңдайтындығына шағымданып баланың анасы келді.
Сұрақтар: Біз қандай тұлғалық сипаттамамен істес болып отыцрмыз? Мұғалім осындай анаға қандай кеңестер берер еді?
Тапсырма 6. Жасөспірім мұғалімге келіп, өзінің ерік-жігерін жаттықтыра бастағандығын қуана хабарлайды: «Қолымды жалынға тақап, тартып алмадым», или «Екінші қабаттан қарға секірдім», немесе «Өзіме ине түйредім».
Сұрақтар: Осыған қатысты мұғалімнің не айтуы мүмкін? Ерік-жігерді осылайша тәрбиелеуге бола ма? Жасөспірімге ерік-жігерді тәрбиелеу бойынша қандай кеңес берер едіңіз? Жасөспірім жастағы балаларда ерік-жігер қасиеттерін тәрбиелеу бойынша сыныптағы жұмысты қалай ұйымдастырар едіңіз?
3-6 тапсырмаларға жауаптар
3 - сенімсіздік;
4 - үрейлілік;
5 - ұйымдаспағандық;
6 – ерік-жігер өзіңді қауіпті жағдайда бір мәрте тексерумен емес, егер олар тіптен қызығушылық тудырмаса да, өз міндеттерін орындау жөніндегі күнделікті жұмыс арқылы дамиды (екінші қабаттан қарғып түсу кей кездері математикадан қиын тапсырмалар орындағанға қарағанда оңайырақ).
Тапсырма 7. К.Б.Малышевтің сауалнамасын пайдалана отырып, кәсіптік ортаның қолайлы және қолайсыз түрлерін болжау мақсатында Дж. Голланд бойынша тұлғаның типін анықтап беріңіз. Нұсқау: әр блокта бес пікірден бар. Әр пікір былайша бағаланады: келісу - 1; келіспеу - 0. Егер барлық блокта пікірлердің көпшілігі 1-ді құраса, бүкіл блок та 1-мен бағаланады, егер көпшілігі 0 құраса, блок та 0-ге тең. Осының нәтижесінде кәсіби бағдар берудің профиліне сәйкес келетін, алты дәрежелі екі мәнді сан аламыз. Әдістемеге кілт 10- кестеде келтірілген.
I
1. Мен танымайтын адамдармен жылдам ортақ тіл табысамын.
2. Мен жақсы вербальдық қабілеттерге иемін.
3. Бір нәрсе істеместен бұрын, мен ең алдымен басқа адамдармен кеңесемін.
4. Мен адамдарға олардың өтініштерінен ешқашан бас тартпауға тырысамын.
5. Мен қысылып-қымтырылмайтын адаммын.
II
6. Менің қиялым бай.
7. Мен әдемі де сәнді киінгенді жақсы көремін.
8. Мен жүріс-тұрысымда тәуелсіз болуға тырысамын.
9. Менің жұмысымды бақылағанды жек көремін.
10. Көркемөнерді, музыканы, театрды жақсы көремін.
III
11. Мен ұжымда жұмыс істеген кезімде табысқа көбірек жетемін.
12. Мен оқиғаның қақ ортасында болуға тырысамын.
13. Шытырман оқиғаларды жақсы көремін.
14. Мен саяси көшбасшының жұмысын орындай алар едім.
15. Маған менеджердің жұмысы ұнайды.
IV
16. Абстрактылы ойлауды қажет ететін міндеттерді, тапсырмаларды шешкенді жақсы көремін.
17. Маған өзімді қоршаған заттарды талдау ләззат әкеледі.
18. Тергеуші болу – бұл қызық.
19. Маған оқыған ұнайды.
20. Мені тергеушінің жұмысы тартады.
V
21. Өз бөлмемде тәртіп жасағанды жақсы көремін.
22. Маған бағдарлаушының жұмысы ұнайды.
23. Жазба кітапша — менің сенімді көмекшім.
24. Маған әрқашан математика тапсырмаларын шешкен ұнайтын.
25. Маған іс жүргізу қызықты.
VI
26. Қолмен жұмыс істегенді жақсы көремін.
27. Маған үй жануарлары ұнайды.
28. Әртүрлі аспаптармен жұмыс істеу жаныма жағады.
29. Маған шопырдың жұмысы ұнайды.
30. Бақшашының жұмысында тартымды қырлар көп.
Кесте 10- Әдістемеге кілт
Пікірлердің номерлері | Жиыны | Кәсіптік бейімделу профилі | ||||
Әлеуметтілік | ||||||
Артистілік | ||||||
Іскерлік | ||||||
Интеллектуалдылық | ||||||
Конвенциалдылық | ||||||
Реалистілік |
Мысал. Диагностиканың нәтижесінде біз белгілі бір гексаграммаға сәйкес келетін кәсіби бағыт берудің профилін алдық:
1 - әлеуметтілік бар;
0 – артистік жоқ;
1 – іскерлік бар;
1 – интеллектуалдылық бар;
0 - конвенциалдылық жоқ;
0 – реалистілік жоқ.
Дж.Голланд бойынша тұлғаның типтерін атап көрсетеміз.
1. Реалистиік – ердің, әлеуметтік емес, эмоциялық жағынан тұрақты, қазіргіге бағыт-бағдар алған тип, нақтылы нысандармен және оларды өндірумен: заттармен, құралдармен, мал-жануарлармен, машиналармен айналысады. Моторлық дағдыларды, ептілікті және нақтылықты қажет ететін істерге басымдық береді. Механик, электрик, инженер, агроном, бақшашы, шопыр және т.б. мамандықтарын қуана-қуана таңдап алады. Бұл типке вербальдыққа қарағанда, көп шамада математикалық қабілеттер тән. Психомоторлық дағдылар арифметикалық және вербальдық қабілеттерден басым болып келеді.
2. Зияттық – ой еңбегіне бағыт алған. Әлеуметтік емес, талдамшыл, рационалды, тәуелсіз, бірегей. Теориялық және бір шамада эстетикалық құндылықтар басым келеді. Шешімдерді жүзеге асыруға қарағанда, мәселелер туралы ой толғағанды жақсы көреді. Оған абстрактылық ойлауды қажет ететін міндеттерді шешкен ұнайды.
Интеллектуал, ғылыми мамандықтарды ұнатады, мысалға: ботаник, астроном, физик, математик және т.б. Вербальды қасиеттерге де, математикалық қасиеттерге де ие.
3. Әлеуметтік - өзінің алдына осылар қоршаған әлеуметтік ортамен тығыз қатынас орнатуға мүмкіндік беретін мақсаттар мен міндеттерді қояды. Әлеуметтік ептіліктерге ие және әлеуметтік қатынастарға мұқтаж болады. Мінезінің белгілері: әлеуметтілік, үйретуге және тәрбиелеуге деген ұмтылыс, адамгершілік, нәзіктік болып табылады. Оның ең жақсы көретін істерінің арасында – оқыту және емдеу. Негізінен бұл – дәрігер, мұғалім, психолог және т.с. Зияттық мәселелерден басын аулақ ұстағанды жөн көреді. Белсенді, тәуелді, бейімделе біледі. Мәселелерді эмоциялар мен сезімдерге сүйене отырып шешеді, қарым-қатынас жасай алады. Вербальдық қасиеттерге және салыстырмалы түрде әлсіз математикалық қабілеттерге ие.
4. Конвенциалъды – анық құрылымдалған қызметке, іс-әрекетке басымдық береді. Оны қоршаған міндеттерден әдет-ғұрыптардан туындайтын және қоғамның күйі себепші болған мақсаттарды, міндеттерді, құндылықтарды таңдап алады. Осыған сәйкес оның мәселелерге қарауы стереотиптік, практикалық және нақтылы сипатқа ие болып келеді. Спонтандылық пен бірегейлік оған жат, біршама дәрежеде оған ригидтілік, консерватизм, тәуелділік тән. Кеңсемен, есептеулермен байланысы бар кәсіптерді жақсы көреді (машинка басу, бухгалтерия, экономика). Ол жақсы моторлық дағдыларға ие. Математикалық қабілеттері вербальды қасиеттерінен жақсырақ дамыған. Бұл әлсіз ұйымдастырушы және басшы. Оның шешімдері қоршаған адамдарға байланысты болып келеді.
5. Іскер – оған қажыр-қайратын, энтузиазмын, импульсивтілігін, доминанттылығын көрсетуге, шытырман оқиғаға деген сүйіспеншілігін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін мақсаттарды, құндылықтарды және міндеттерді таңдап алады.
Осыларда өзінің доминанттылыққа және мойындалуына деген қажеттіліктерін қанағаттандыра алатын нағыз «ерлердің», басшылардың ролін артық көреді, бұл – меңгеруші, директор, телерепортер, тауар танушы, дипломат, журналист және т.с. Оның жанына қол еңбегімен байланысты, сонымен қатар бір орнында отырғыштықты, зейіннің үлкен концентрациясын, зияттық күш салуды қажет ететін істер жақпайды.
Жетекшілікпен, мәртебемен және билікпен байланысты анық емес вербальды міндеттерді ұнатады.
Агрессияшыл, іскер. Оның жалпы зияттық қабілеттері орташа, вербальды қабілеттері орташа деңгейден сәл жоғары.
6. Артистік – анық құрылымдалған мәселелер мен дене күшін қажет ететін қызмет түрлерінен басын аулақ ұстайды. Қоршаған адамдармен қарым-қатынаста өзінің тікелей сезімдеріне, эмоцияларына, интуициясы мен қиял-елесіне тірек артады. Оған өмірге күрделі көзқарас, икемділік, шешімдердің тәуелсіздігі тән. Бұл нәзік, әлеуметтік емес, бірегей тип. Шығармашылық сипаттағы істерді – музыкамен, көремөнермен айналысуды, әдеби творчествоны, фотосуретті және т.б. басым көреді. Вербальды қабілеттері математикалық қабілеттерінен басым болып келеді. Қабылдау мен моториканың ерекше қабілеттері тән. Адамдардың көпшілігіне тән сан көптеген қарым-қатынастармен өзін өзін байлап тастамайды, олардан аулақ болуға тырысады. Жастық кездің өзінде-ақ оған акценттелген Менімен ерекшеленетін жоғары өмірлік идеал тән.
Тапсырма 8. Өзіне деген сенімділіктің төменде келтіріліп отырған үзіндісін оқып және талдап шығыңыз *.
Мақсат: топ мүшелеріне сенімді, нық жауапты сенімсіз және агрессиялы жауаптан ажырата білуге үйрету.
Уақыт: 1сағ.
Материалдар: жоқ.
Дайындалу: арнайы дайындық қажет емес.
Топтың әрбір мүшесіне белгілі бір гипотетикалық жағдайда сенімсіз, агессиялы және сенімді жауаптарды көрсету ұсынылады. Мысалға: досыңыз өзіңізден қарызға алған ақшасын қайтарып беруді «ұмытып кетті» деп елестетіңіз. Агрессиялы жүріс-тұрыс келесідей айтылған сөздермен көрсетілуі мүмкін: «Жын соққыр! Ақшаны қайтарып беремін деп ант-су ішкеніңде мен саған сенуге болмайтындығын білген едім! Мен өзімнің ақшамды қайтарып алғым келеді!» *Қараңыз.: Аннекен Г., Эгепъмайер Л., Кесслер Е. Топтағы сенімділік пен қатынас жасау тренингі: Жаттықтырушылар мен психотерапевттерге арналған нұсқаулық. – Ростов н/Д, 1992. Жүріс-тұрыстағы сенімсіздік: «Мен сені жалықтырып жіберетіндігімді білемін, бірақ сен қалай ойлайсың, маған жуырдағы уақытта ақшамды қайтарып бере алмас па екенсің?» тәріздес айтылған сөздермен көрсетіле алады. Сенімді жауап мынандай болуы мүмкін: «Сен ақшамды бүгін қайтарып беремін деп уәде еткенде, мен уағдаластық деп шешкен болатынмын. Егер сен ең кеш дегенде жұма күні кешқұрым алып келсең, риза боламын».
Бұл кезде әрбір қатысушы жауаптардың үш вариантының бірін ғана ұсынған күннің өзінде де, топтың барлық мүшелерін тартуға тырысып көріңіз. Әр жағдайды әр қатысушы үшін кезекпе-кезек пайдаланыңыз. Өз кезінде белгілі бір қиындықтар тудырған немесе тудыруы мүмкін жағдайларды, оқиғаларды рольдік ойнап шығу өзіңіз білетін ең агрессияшыл, өзіне сенімді немесе сенімсіз адаммен идентификациялануға көмектеседі. Вербальды жүріс-тұрыс секілді, вербальды емес жүріс-тұрыс Сіздің күйіңіз туралы дәл соншама айтатындығын есте ұстаңыздар.
Дауыстың үні, дене қалпы, бет әлпеті сөздер мен жүріс-тұрысқа сәйкес келуіне тырысыңыз. Жетекші немесе топ қосымша жағдайларды жасай және пайдалана алады.
Мысал.
Досыңыз Сізді сөзбен ұстап тұр, ал Сіздің кетіп қалғыңыз келеді. Сіз... дейсіз. Сіз тартымды ұл баланың (қыз баланың) көз тіккенін байқап қалдыңыз. Оның, сірә, сізге көңіл қойып тұрғанын білесіз. Сіз лған жақындап,... дейсіз.
Сіздің жолдасыңыз өзіңізді ескертіп алмай, танымайтын адаммен кездесу ұйымдастырды. Сіз оған... дейсіз. Кинотеатрда Сіздің артыңызда отырған адамдар өздерінің қатты әңгімедерімен кино көруіңізге кедергі келтіріп отыр. Сіз оларға... дейсіз.
Компанияда өзіңіз туралы тарихтар, оқиғалар айта отырып, досыңыз Сізді жерге қаратып отыр. Сіз оған.. деп мәлімдейсіз.
Топтың әрбір мүшесіне сенімді, сенімсіз және агрессиялы жауаптарға қатысты кері байланыс құруларын сұраңыз. Дұрыс жауаптардың жоқ екендігін және жақсылап тұрып талқылау өте ақпаратты болуы мүмкін екендігін есте сақтаңыздар.
Сенімді жүріс-тұрыс бойынша кейбір ұсыныстарымызды ұсынамыз.
1. Егер де сіз бір нәрсені қабыл алмағыңыз келсе, әңгімелесущіңізге анық та біржақты «жоқ» деңіз, неліктен қабыл алмағандығыңызды түсіндіріңіз, алайда тым ұзақ кешірім сұрамаңыз.
2. Кідіріссіз, мүмкін болғанынша жылдам жауап беріңіз.
3. Сізбен ашық та шындықпен сөйлесуіне көндіріңіз.
4. Сіздің істегіңіз келмеген қандай да бір нәрсе жөнінде неліктен сұрап тұрғандығын түсіндіріп беруін өтініңіз.
5. Өзіңіз әңгімелесіп тұрған адамға қараңыз. Оның вербальды емес жүріс-тұрысын қадағалаңыз: серігіңіздің жүріс-тұрысында сенімсіздіктің қандай белгілері бар (қолдары ауызының маңында, солға-оңға жүгірген көздер және т.с.).
6. Егер ашулансаңыз, мұның серігіңіздің жүріс-тұрысына қатысты екенін білдіріңіз, бірақ оның жеке басына тимеңіз.
7. Егер әңгіме-дүкен құрысып отырған адамның жүріс-тұрысына түсінік беріп отырсаңыз, бірінші жақтан айтылған сөзді – «мен» есімдігін қолданыңыз: «Егер сен өзіңді осылайша ұстасаң, мен өзімді былайша сезінемін...» Мүмкіндігіне қарай оған өзіңіз жақсырақ қабылдайтын, жүріс-тұрыстың баламалы тәсілдерін ұсыныңыз.
8. Сіздің пікіріңізше, өзін сенімді ұстағандардың (мақсатқа қол жеткізілген, жеткізілмегендігіне тәуелсіз) жақсылығын айтып (оның ішінде өзіңіздің де), нұрын тасытыңыз.
9. Егер сенімсіз немесе агрессивті болсаңыз, өзіңізді жата жастанып сөкпеңіз. Қандай сәтте дұрыс жолдан жаңылғаныңызды және болашақта осындай жағдайларда қалайша әрекет жасауға болатындығын анықтауға тырысып көріңіз. Жаман әдеттер жылдам ғайып болмайды, жақсы әдеттер аспаннан салбырап түспейді.
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 787 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!