![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Тұлғаның мықты қасиеттері Тұлғаның әлсіз қасиеттері
1. 1.
2. 2.
3. 3.
4. 4.
5. 5.
Жеке қағаз парағына төрт концентрациялық (яғни ортақ орталығы бар) шеңбердің суретін салыңыз. Ішкі шеңберді бірінші, сыртқы шеңберді – төртінші деп белгілейміз.
Өзіңіз қайда ниет етсеңіз (қолыңыз «қалаған» жерге), оларға өз қасиеттеріңізді орналастырыңыз.
Қасиеттердің бұрынырақта құрастырылған тізіміне қайтып оралыңыз, оңды эмоциялық уайымдауларыңызға адекватты ең күшті қасиетіңіздің және теріс эмоциялар тудыратын ең әлсіз қасиетіңіздің астын сызып қойыңыз.
Шеңберлері бар қағаз парағында қасиеттердің қалай орналасқандығын талдап шығыңыз. Талдау қатаң интерпретациядан еркін, оның шартты схемасын ғана ұсынуымызға болады. Көбіне көп адамның өз тұлғасының ішкі жақтан қабылданатын күшті қасиеттері де, әлсіз қырлары да екі орталық шеңберге түседі. Жете бағаланбайтын немесе қабылданбайтын қасиеттер 3-ші немесе 4-ші шеңбердің төменгі бөлігінде орналасады. Асыра бағаланатын қасиеттер әдетте 3-ші немесе 4-ші шеңбердің жоғарғы бөлігінде орналасады; осы шеңберлердің оң жақ бөлігіне әрекеттің қазіргі бейнесімен немесе болашақ бейнесімен байланысты, әлде екеуімен де байланысты қасиеттер түседі. Парақтың сол жақ бөлігінің 3-ші немесе 4-ші шеңберіне эмоциялық уайымдаулармен әлде адам өміріндегі бұрынғы оқиғалармен, әлде екеуімен бірге байланысты қасиеттер келіп түседі.
Теріс уайымдаулар тудыратын әлсіз қасиетке ерекше назар аудару керек. Ол парақтың қай бөлігіне түскен? Практика дәл осы қасиеттің, әрқашан болмаса да, төменгі бөлікке түсетіндігін көрсетіп отыр. Сізді қандай әлсіз қасиет үрейлендіретіндігін және өзіңіздің бұл қасиетті қалай жеңіп шығатындығыңызды өз бетіңізше шешіңіз. Өзіңіз уайымдайтын әлсіз теріс қасиеттен позитив, оңды сәттер табуға тырысып көріңіз. Мысал. «Жасқаншақтық». Мұнда қандай позитив бар? Жасқаншақ адам – бұл өз әрекеттерінің нәтижелерін ақылға салып көретін, жағдайды талдауға және жан-жақты бағалауға қабілетті сақ адам. Сондықтан жасқаншақтық әсте абыржушылықты емес, керісінше, алда тұрған таңдауға байыппен қарауды білдіреді.
Әлсіз қасиеттің табылған позитивін, оңды жағын теріс уайымдаулар тудырмайтын өзге, теріс уайымдаулар тудырмайтын қасиетпен алмастыруға бола ма екен? Осы алмастыру жеңілірек уайымдала және қабылдана ала ма? Мысалға, жасқаншақ болғанға қарағанда, өзіңді сақ және өзінің әрекеттерінің ықтимал нәтижелерін, зардаптарын ақылға салып көретін адам деп санау оңайырақ па? Егер де «иә, оңайырақ» болса, өзіңізді жасқаншақ емес, сақ, жағдайды ақылға салып көретін адам деп есептеңіз. Егер «жоқ, оңайырақ емес» болса, позитив іздестіруді жалғастыруға болады.
Келтірілген жаттығу психодрама әдісін қолдана отырып, өзін-өзі қабылдауға және өзіне қарауды үйлесімді етуге бағытталған жаттығулармен толықтырылуы мүмкін.
Мысал. Тренингтік топқа қатысушылардың бірі өз өзін, өзінің Менін, оның өзге мүшелері – оның тұдғасының оң немесе теріс қасиеттерінің рольдерін ойнайды.
Протагонисттің (негізгі әрекет етуші тұлғаның) міндеті өзінің қасиеттерін осында протагонисттің Мені патшаның ролінде көрініс табатын, тағы бар залдағыдай, орын-орынға «орналастырудан» тұрады. Одан кейін протагонист тұлғасының қасиеттерін ойнайтын қатысушылар «таққа» жақынырақ орналасқан орындар үшін дау жүргізе бастайды. «Мен – патша» келтіріліп отырған дәлелдерді зейін қоя тыңдайды және әлде бәрін қалай болып тұрса, солай қалдыруға немесе орын ауыстыру жүргізуге шешім қабылдайды.
Осының нәтижесінде «кеңістікте» осыны протагонист қабылдайтын, тұлғаның «жаңа» құрылымы дүниеге келеді.
Қорытындысында протагонист өзінің барлық «қол астындағыларға» - қасиеттерге сүйіспеншілігін білдіреді. Осының финалы өз тұлғасының тұтастығы мен үйлесімділігін терең эмоционалды уайымдаумен ілесе жүреді, бұл өзін-өзі қабылдау және өзіне деген көзқарасты қайта құру механизмдерін іске қосу көрсеткіштерінің бірі болып көрініс табады.
Тапсырма 6. Өз өзіне қарауды зерттеу әдістемесінің көмегімен тестілеуді жүргізу (С.Р.Пантелеев бойынша).
Нұсқау: Сізге ұсынылған пайымдауларды мұқият оқып шығыңыз. Егер сіз пайымдаумен келіссеңіз, (+) қойыңыз, егер келіспесеңіз, (-) қойыңыз.
1. Менің сөздерім істерімнен айтарлықтай сирек алшақтап кетеді.
2. Кездейсоқ адамға мен жағымды адам болып көрінемін.
3. Өзгенің мәселелеріне мен өз мәселеме секілді, әрқашан сол түсіністікпен қараймын.
4. Кей кездері менде өзіммен өзім ойша әңгімелесетін нәрсенің ұнамсыз екендігі сезімі пайда болады.
5. Менің барлық таныстарым маған сүйіспеншілікпен қарайды деп ойлаймын.
6. Адам өз өмірінде істеуі мүмкін ең ақылға сыйымды нәрсе, бұл өз тағдырыңа қарсы тұрмау.
7. Ойға алғанымды өмірде іске асыру үшін менің қабілеттерім мен қажыр-қайратым жеткілікті.
8. Егер мен қосарланып кетсем, маған өзімнің сыңарыммен қатынас жасау айтарлықтай қызықты болар еді.
9. Ең сүйікті және мен үшін ең жақын адамдарға жан ауруын келтіруге мен қабілетті емеспін.
10. Кей кездері өз өзіңді аяған күнә емес деп санаймын.
11. Қандай да бір жаңсақтық жасап алып, мен мынаны түсіне алмаймын: ойға алынғаннан жақсы бір нәрсе шығады деген менің басыма қалай келген.
12. Көбіне көп мен өзімнің жоспарларым мен әрекеттерімді мақұлдаймын.
13. Менің жеке басымда, сірә, басқа адамдарда қатаң жақтырмау тудыруға қабілетті бір нәрсе бар шығар.
14. Өзімді бағалауға тырысқанымда, мен ең алдымен өз кемшіліктерімді көремін.
15. Сүйікті адамым үшін ұзақ уақыт қызықты болу менің қолымнан келмейді.
16. Мен өзімді айтарлықтай жоғары бағалаймын деп айтуыма болады.
17. Менің ішкі дауысым ақырдың аяғында менің немен келісетіндігімді өте сирек жағдайда білдіртпей айтып береді.
18. Менің таныстарымның көбі мені әрқащан шындап қабылдай бермейді.
19. Менің өз өзімді қатаң жек көргенім болып тұратын.
20. Маған қажыр-қуат, ерік-жігер және мақсатқа ұмтылғандық жетіспейді.
21. Менің өмірімде өзім өз ар-абыройыма қарсы әрекет істеген жағдаяттар туындап отырды.
22. Кей кездері мен өз өзімді нашар түсінемін.
23. Кей кездері маған өз өзіммен қатынас жасау, араласу жан ауыртарлықтай болады.
24. Кез келген ақылы бар және істі білетін адаммен еш қиындықсыз ортақ тіл табысып кетер едім деп ойлаймын.
25. Егер мен әлдекімге кінә тағып қарайтын да болсам, ең алдымен өз өзіме осылай қараймын.
26. Кей кездері мен өзімді шынайы сүюге болатын-болмайтындығына күмәнданамын.
27. Кей кездері өз өзіммен болатын даулар бәрібір мен шешкендей болмай шығады деген оймен аяқталады.
28. Менің өз өзіме қарауымды досша қарау деп атауға болады.
29. Мен көңілдерінен шығатын адамдар табыла қоймас.
30. Мен кей кездері келемеждей отырып, өз өзімді мазақ етемін.
31. Егер де менің екінші Менім бар болса, менімен қатынас жасау үшін бұл айтарлықтай жалықтырар серік болар еді.
32. Маған өзімнің тұлға ретінде айтарлықтай қалыптасқанымдай болып көрінеді және сондықтан бір нәрседе басқа болып шығу үшін көп күш жұмсамаймын.
33. Жалпы алғанда менің қазір қалай екендігім өзімді қанағаттандырады.
34. Өкінішке орай, тым көп адамдар менің өмірге деген көзқарастарымды бөліспейді.
35. Мен өз өзімді құрметтеймін деп әбден айта аламын.
36. Мен өз өзімнен ақылды да сенімді кеңесшіге иемін деп ойлаймын.
37. Мен айтарлықтай көп жағдайда өз өзімде ашу сезімін тудырамын.
38. мен көп жағдайда, бірақ табыссыз өз бойымда бір нәрсені өзгертуге тырысамын.
39. Мен өз тұлғам бір қарағанда осындай болып көрінгенге қарағанда анағұрлым қызықтырақ және байырақ деп ойлаймын.
40. Менің артықшылықтарым менің кемшіліктерімнен әбден асып түседі.
41. Мен үшін маңызды істе мен сирек жағдайда ұғынылмаған болып қаламын.
42. Жалпы алғанда басқалар мені айтарлықтай жоғары бағалайды деп ойлаймын.
43. Менімен болған нәрсе – менің өз қолдарымның ісі.
44. Егер мен өзіммен даулассам, жалғыз ғана дұрыс шешімді таба алатындығыма әрқашан сенімдімін.
45. Менімен жайсыз оқиғалар болған кезде, мен әдетте «Сол керек саған» деймін.
46. Мен өзімді көптеген адамдар үшін айтарлықтай рухани қызықты және тартымды адаммын деп есептемеймін.
47. Менде кей кездері: мен шындығында өзіме осылайша көрінгендеймін бе? деген күмәндар пайда болады.
48. Мен тіптен ойларымда опасыздық жасауға қабілетті емеспін.
49. Көбінесе мен өзім туралы достық кекесінмен ойлаймын.
50. Маған өзім туралы шамалы ғана адамдар нашар ойлайтын алатындай болып көрінеді.
51. Маған ең жауапты істерде сенім артуға болатындығына сенімдімін.
52. Мен жалпы алғанда өз тағдырымды бақылауда ұстаудамын деп айта аламын.
53. Мен өзгенің өзіме ұнап қалған ойларын ешқашан өз ойларым ретінде көрсетпеймін.
54. Қоршаған адамдарға қандай болып көрінсем де, жанымның түкпірінде басқалардың көбіне қарағанда жақсы екендігімді өзім білемін ғой.
55. Менің өзім қандай болсам, сондай болып қалғым келеді.
56. Егер бұл сын негізделген, орынды және әділ болса, мен өзіме бағытталған сынға әрқашан қуаныштымын.
57. Маған өзім секілді адамдар көбірек болса, өмір жақсы жағына өзгеретіндей секілді болып көрінеді.
58. Менің пікірім қоршаған адамдарда жетерліктей салмаққа ие.
59. Менің өз өзімді шындап түсінуіме бір нәрсе кедергісін келтіреді.
60. Менің бойымда сүйіспеншілік тудыра қоюы екіталай нәрселер аз емес.
61. Күрделі жағдайларда мен әдетте мәселелердің өз өзінен шешілгенін тосып отырмаймын.
62. Кей кездері я пытаюсь выдать себя за того, мен кіммін есть.
63. Өзіңнің әлсіз жақтарыңа кешіріммен қарау әбден табиғи құбылыс.
64. Мен өз өзіңе тереңдете бойлау – көңіл сүйсіндіре қоймайтын және айтарлықтай тәуекелді іс екендігіне көзімді жеткіздім.
65. Осыған ерекше себеп болмаса, мен ешқашан ашуланбаймын және кейімеймін.
66. Мені жек көретін нәрселер бар екендігін түсінген сәттер менің өмірімде болған.
67. Мен өзіммен болып жатқан іске шамалы ғана әсер ете алатындығымды жиі сезінемін.
68. Дәл осы менің ішкі әлемімнің байлығы мен тереңдігі менің тұлға ретіндегі құндылығымды анықтайды.
69. Өзіммен ұзаққа созылған даулар, жеңілдік әкелгенге қарағанда, көбінесе менің жанымда ащы ізін қалдырады.
70. Менімен қатынас жасау адамдарға шынайы ләззат әкеледі деп ойлаймын.
71. Ашығын айтар болсам, кей кездері мен өте ұнамсыз боламын.
72. Мен өз өзіме ұнаймын деуіме болады.
73. Мен – сенімді адаммын.
74. Менің ниеттерімді жүзеге асыру жолы болғыштыққа аз тәуелді.
75. Менің ішкі Менім маған әрқашан қызықты.
76. Маған өзімді түкке тұрмайтын нәрсеге қайғырмауға сендіру оңайға соға қоймайды.
77. Менің жақын адамдарыма мені жете бағаламау тән.
78. Менің өмірімде өз өзіме жеккөрінішті болатын минуттар кездесіп тұрады.
79. Маған өз өзіме шындап тұрып ашулана алмайтындай болып көрінеді.
80. Менің көзім елеулі істерде маған арқа сүйемеген жақсы екендігіне жетті.
81. Кей кездері маған өзім оғаш адам секілді болып көрінемін.
82. Мен қиындықтардың алдында абдырап қалуға бейім емеспін.
83. Менің өз Менім маған терең түсінуге лайықты нәрсе болып көрінбейді.
84. Маған, өзімнің ішкі мәселелерімді терең ойластыра отырып, өзімді анағұрлым жақсырақ түсінуді үйренген секілді болып көрінеді.
85. Қоршаған адамдардың көпшілігінде ұнату сезімін оятатындығыма күмәнданамын.
86. Менің осыларға ақтайтын дәлел табу мүмкін бола қоймайтын әрекеттер жасауым болып тұратын.
87. Жанымның түпкірінің бір жерінде өзімді әлсіз адаммын деп санаймын.
88. Егер өзімді бір нәрсеге шын көңіліммен кінәласам да, әдетте, әшкерелеген демігуім ұзаққа созылмайды.
89. Қандай болса да, өз мінезім маған әбден ұнайды.
90. Мен өзімді алда не күтіп тұрғанын көз алдыма әдбен анық елестетемін.
91. Кей кездері маған өзімнің ішкі Меніммен ортақ тіл табысу қиынға соғады.
92. Менің өзім туралы ойларым көбіне көп өзіме бағытталған айыптауларға келіп тіреледі.
93. Менің тіпті жақсы жаққа да қатты өзгергім келмес еді, өйткені әрбір өзгеріс – бұл өзіңнің қандай да бір қымбат бөлігіңді жоғалту.
94. Менің әрекеттерімнің нәтижесінде тым жиі жағдайда өзім осыған үміттенгеннен мүлдем өзге нәрсе шығады.
95. Менің бойымда өзім білмейтін нәрсенің бола қалуы екіталай.
96. Маған өзіме: «Иә, мен тұлға ретінде әбден пісіп жетілдім» деп айту үшін көп нәрсе жетіспейді.
97. Менің бойымда өз артықшылықтарым да, өз кемшіліктерім де әбден бейбіт сыйысып отыр.
98. Кей кездері өз көзімде жақсырақ көріну үшін ғана адамдарға «риясыз» көмек көрсетемін.
99. Маған өз өзімнің алдында тым жиі және табыссыз ақталуға тура келеді.
100. Мені жек көретін адамдар шындығына келгенде менің қандай адам екенімді білмейді.
101. Өзімді бір нәрсеге нандыру мен үшін түкке тұрмайды.
102. Мен өзіме жақын және мені түсінетін адамдардың жетіспейтіндігін еш сезінбеймін.
103. Маған өзімді шынайы түрде аздаған адамдар ғана құрметтейтіндей болып көрінеді.
104. Егер ұсақтық танытпаса, жалпы алғанда маған өзімді кінәлайтын дәнеме де жоқ.
105. Қандай болсам, мен өзімді сондай етіп жасағанмын.
106. Басқалардың мен туралы пікірі өзімнің пікіріммен әбден сайма-сай келеді.
107. Менің өзімді көп жағынан өте қайта құрғым келер еді.
108. Осыған қаншалықты лайық болсам, маған солайша қарайды.
109. Менің тағдырым бәрібір мен қазір қалағандай құралмас еді деп ойлаймын.
110. Өмірде мен өз орнымда екендігіме сенімдімін.
Кесте 5- Жауаптар кілті
Шкала | Келісемін | Келіспеймін |
1. Ашықтық | 1, 3, 9, 48, 53, 56,65 | 21, 62, 86, 98 |
2. Өзіне сенімділік | 7, 24, 30, 35, 36, 51, 52, 58, 61, 73, 82 | 20, 80, 103 |
3. Өзін-өзі басқару | 43, 44, 45, 74, 76, 84, 90, 105, 106, 108, 110 | |
4. Көрініс тапқан өз өзіне қарау | 2, 5, 29, 41, 42, 50, 102 | 13, 18, 34, 85 |
5. Өзін өзіне құндылық 6. Өзін-өзі қабылдау | 8, 16, 39, 54, 57, 68, 70, 75, 100 | 15, 26, 31, 46, 83 |
7. Өз өзіне үйіршілдік | 10, 12, 17, 28, 88, 97 | 96, 107 |
8. Ішкі кикілжіңдік | 4, 11, 22, 23, 27, 38, 47, 59, 64, 67, 69, 81, 91, 94, 99 | |
9. Өзін-өзі айыптау | 14, 19, 25, 37, 60, 66, 71, 78, 87, 92 |
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2136 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!