![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
1 тапсырма. «Өзіңді тану деген нені білдіреді?» сауалнамасының көмегімен өзін-өзі тануға деген қабілеттілікті зерттеу (А.И. Красило бойынша).
Нұсқау: сіздің алдыңызда сауалнама жатыр. Әрбір пайымдауды мұқият оқып шығыңыз және жауаптардың төрт вариантынан осымен Сіз көбірек дәрежеде келісетін тек біреуін ғана таңдап алыңыз. Егер бір де бір вариант қанағаттандырмаса, бәрібір жауаптардың біріне ерекше ықылас таныту керек.
1. Өзіңді тану - бұл:
а) сауығу;
б) жаңаны қуана ашу;
в) азап шегу;
г) қиын, бірақ қызықты жұмыс.
2. Мені басқалардың әрекеттерінде бір нәрсе жағымсыз жағынан таң қалдырса:
а) ішімнен сөгемін, бірақ араласпаймын;
б) ашуымды білдіремін немесе адамды бұлай жасамауға иландыруға тырысамын;
в) мені осындай әрекеттердің мәні мен себептерін іздестіру еліктіріп әкетеді;
г) мен адамды қандай болса, солай қабылдаймын.
3. Адамды... бойынша бағалау керек:
а) оның әрекеттерінің нәтижелері бойынша;
б) бірақ жүріс-тұрыс мотивтерін ескере отырып, әрекеттерінің нәтижесі бойынша;
в) бірінші кезекте әрекеттер мотиві мен сезімдер бойынша;
г) адамды мүлдем ешқалай бағаламау керек.
4. Адам анық өмірлік мақсаттарға ие болғысы келмегенде және осыған орай материалдық мәселелерде де, қызметте өрлеуде де табыстарға қол жеткізе алмағанда, мен... деп есептеймін:
а) ол жәй ғана ақылсыз және епсіз, құнтсыз адам;
б) оның тәрбиелеуде жолы болмаған;
в) бұл шығармашылық тұлғаның дамуындағы кемшіліктер;
г) адам қарқынды дамып отыр деп есептеймін.
5. Бәрінен де қызықтысы:
а) табиғаттың ерекше құбылыстарын және парапсихологияны;
б) атақты адамдар мен даналардың тұлғасын;
в) өз тұлғаңның ішкі әлемін;
г) адам психикасының жалпы заңдылықтарын зерттеу.
6. Өз әрекеттерімнің мотивтерін мен... әбден ұғынамын:
а) әрқашан әрекеттің алдындағы сәтте;
б) көбінесе әрекетті жасау сәтінде;
в) көбіне көп әрекетті жасап болғаннан кейін ғана;
г) адамның әрекеттерінің мотивтері әрқашан ұғынылмайтындығына сенімдімін.
7. Өз өзіңді танудағы қателіктер:
а) менің ойымды сирек жаулайды;
б) мен оларды берілген мүмкіндіктерді пайдалана отырып, жоюға тырысамын;
в) менің ойымды үнемі аулайды;
г) бұрынырақта ойымды үнемі аулайтын, ал қазір мен өз өзімді талдау үшін әрбір қолайлы жағдайды пайдаланып қаламын.
8. Өзіңнен жаңа бір нәрсені танып-білу - бұл:
а) қызықты;
б) қызықты ғана емес, әрқашан пайдалы да;
в) мені ұзақ уақыт аулаған сұрақтарға түсіндірме табу;
г) өз жүріс-тұрысым мен тұлғамды қайта құру.
9. Өзін-өзі тану - бұл:
а) бос уақытты өткізу тәсілі;
б) кәсіптік және өмірлік мақсаттарға қол жеткізу тәсілі, құралы;
в) әр адамның «қарғысы» және әр адам үшін қажеттілік;
г) өмірдің мақсаты мен мәні.
10. Өзін-өзі тану процесі:
а) жұмыс істеуге және дем алуға кедергі келтірмейді;
б) дұрыс әрекет жасауға көмектеседі;
в) кей кездері көмектеседі, ал кей кездері зиянын келтіреді, өмір сүруге кедергі келтіреді;
г) егер дұрыс әрекет жасауға үйренсең, әрқашан көмектеседі.
11. Мидың рефлекторлық іс-әрекетін зерттеу:
а) маған адам психикасын жақсырақ түсінуге көмектеседі;
б) өз өзіңді танып-білудің қажетті шарты және негізі болып табылады;
в) өзін-өзі тануға зиянын келтіреді;
г) көңілді өзін-өзі танудан алаңдатады.
12. Мен үшін таныс адамға объективті сипаттама беру:
а) айтарлықтай оңай;
б) қосымша күш-жігерді қажет етеді;
в) әрқашан дерлік қолдан келмейді;
г) оның маған қалай әсер еткендігін баяндауды жөн көремін.
13. Мен өзімді жақсырақ танып-білуге тырысамын, өйткені:
а) бұл қызықты;
б) кез келген білім пайдалы және өмірде қажет боп қалуы мүмкін;
в) мұнымен айналыспау қолымнан келмейді;
г) осылайша мен барлық елеулі мәселелерді шешемін.
14. Психологиялық тестілеу нәтижелері... болып табылады.:
а) естелікке жасалған «фотосурет»;
б) тұлғаның беделді диагнозы;
в) адамды зерттеуге арналған бастапқы гипотеза;
г) тұлға туралы қарапайым түсінік варианттарының бірі.
15. Өзінің адамдарға деген мейірбандығына және адамгершілігіне сенімді адамды көрсем, демек:
а) оның бұл үшін жеткілікті негіздемелері бар;
б) ол қаталесуі мүмкін, бірақ негізінен алғанда оныкі дұрыс болып шығады;
в) ол өзінің немқұрайдылығымен, тәкаппарлығымен және қаталдығымен үнемі күреседі;
г) оған немқұрайдылық пен қаталдық тән немесе ол осы бағытта шарасыз қозғалып келеді.
16. Егер адамның күш-жігері болса, ол:
а) әрқашан да табысқа жетуге қабілетті бақытты адам;
б) көп нәрсеге қол жеткізеді;
в) зияттық тұрғыдан жеткіліксіз дамыған;
г) көбіне көп ол догмаға сенуші адам және тек біржақты шешімдерге ғана қабілетті.
17. Адам үнемі өзінің кемшіліктерімен күрескен кезде:
а) басқалар «оның мойнына отырып алады»;
б) ол түптің түбінде жеңіске жетеді;
в) ол тұлға ретінде дамиды;
г) ол мұны қалайша тиімдірек жасау керектігін білмейді.
18. Өзімді және өзгелерді танып-білуде мен.. жөн көремін:
а) тек өз көзіме және фактілерге сенгенді;
б) қисынға немесе мамандардың кеңестеріне сүйенгенді;
в) өз интуицияма сүйенгенді;
г) өз тәжірибемде тексерілген психологиялық идеяларға сүйенгенді.
19. Егер сәтсіздік немесе өткендегі қандай да бір оқиғалар жөніндегі жағымсыз уайымдаулар күшейе түскен кезде, мен көбіне көп:
а) олардың қолдауларын алып, сабама түсу үшін, оларды достарыммен және таныстарыммен талқылаймын;
б) жаным жақсы көретін іспен айналыса, музыка тыңдай отырып және т.с., көңілімді басқаға аударуға тырысамын;
в) болашақта не істеу керектігін білу үшін, болған нәрсені аяғына дейін ұғынуға шешім қабылдаймын;
г) өзімнің барлық болжамдарым мен өз өзімді ақтауларымды шетке ысырып қойып, мәселеге кейінірек қайта оралуды ойлай отырып, осылайша сабама түсемін.
20. Төмен қылығы үшін өзін жанқиярлықпен сөккен адам, сірә:
а) өзінің кінәсін сезінеді және өзінің қылығына ұялады;
б) ар-ұяты бар және жақсырақ болуға ұмтылады;
в) өзінің бойындағы жамандықты жеңіп шығуға қабілеттілі екендігін ұғынудан қуаныш пен мақтанышты бастан кешеді;
г) келешекте дәл осылай істеу үшін, өзін кешіргісі келеді.
Нәтижелерді өңдеу
Өзіңіздің а), б), в) немесе г) жауаптарын неше рет таңдап алғаныңызды есептеп шығыңыз.
а) немесе б) жауаптары бәрінен де көп: Сіз – практикалық ой жүйесі бар адамсыз, өзіңіздің бойыңызда өзін-өзі тануды қажет ететін терең психологиялық проблемалар жоқ деп есептейсіз, сондықтан сөзін-өзі талдау тәжірибесіне ие емессіз десек те болғандай. Ішкі қарама-қайшылықтардың көпшілігі Сізге сыртқы себептер мен кикілжіңдердің салдары болып көрінеді, сондықтан практикалық іс-әрекеттегі табыстармен қатар, Сіздің күтпеген жерде жеке бас тұрғысындағы сәтсіздіктермен және түңілулермен бетпе-бет келуіңіз мүмкін. Ойланыңыз, Сіз сезінулері бойынша жақын, бірақ мазмұны бойынша қарама-қарсы өмірлік құндылықтарды: күшті сезімдер мен жарқын, эмоциялық әсерлерді шынайы бақыт сезімімен; достықпен уақыт өткізуді эмоциялық жақындықпен және жылулықпен; көңіл жайлануды немесе бейқамдықты рухтың тепе-теңдігімен; үрейлілік пен шүбәланғыштықты сезімталдық пен сақтықпен; ақпарат немесе жаңалық алмасуды достық қатынаспен және т.с. араластырып жүрген жоқсыз ба.
б)-ға қарағанда, а) жауаптары көбірек: Сіз, бәрінен де дұрысы, өзіңізді барлығы да әлі алда тұрған адам ретінде сезінесіз. Мұндай жағдайда өзіңіздің мықты жақтарыңызды – оптимизм мен қабылдаудың бір беттілігін – өз өзіңізді тануды тереңдету үшін пайдаланыңыз, сонда табысқа кенелесіз.
Сізге: сабақтардың тұрақсыздығы; көңіл-күйіңізге қарай жұмыс істеу; достарыңыз бен таныстарыңыздың пікіріне бағыт-бағдар алу; тым қатал және біржақты мақсаттар, оқу орындарында немесе отбасында берік меңгеріп алынған нұсқаулар мен бағалаулар кедергісін келтіруі мүмкін. Әлеуметтік күйзелістер мен өзгерістер кезеңдеріне тән, ресми құндылықтардың, нормалар мен бағалаулардың күрт өзгеруі Сіздің жүріс-тұрысыңыздағы шектерді: рухани тіректен айырылудан болған агрессиялықты немесе түңілуді арандатуы мүмкін.
б) жауаптары бәрінен де көбірек: Сіз өзін-өзі тану бойынша жүйелі жұмыс істеуге қабілеттісіз, оны практикалық істермен табысты үйлестіре аласыз. Сіз – әлде кәсіпқой педагогсыз, әлде педагогикалық іс-әрекетке бейімділікке иесіз. Сіз өз өміріңізге және оның жанында болып жатқанның бәріне айтарлықтай толықтай ойлана және жауапкершілікпен қарауға тырысасыз, бірақ Сізді сезімдерге қарағанда, сөздер мен беделдерге көбірек сенуге деген әдетіңіз қапы қалдырып кетуі мүмкін. Сіз әзірге адам психикасының қарама-қайшылықтарын және парадокстарын қабылдауға дайын емессіз. Сіздің өзіңіз туралы білімдеріңіз өзіңіздің әрекеттеріңізден қол үзген-үзбегенін тексеріп шығыңыз. Кездейсоқ және тексеруден өткізілмеген пікірлер, бағалар, пайымдаулар және т.с. қордаланып қалған жоқ па екен? Сіздің өз өзіңізді дамыту жөніндегі жұмысыңыз тек сыртқы кикілжіңдерден аулақ болу ниеті, өзіңізден өзіңіз үшін маңызы бар басқа адамдардан күтетін (немесе бұрынырақта қатаң талап еткен) нәрсені талап ету дағдысы ғана болып табылмай ма екен?
в) жауаптары бәрінен де көбірек: Сіз психологияны оқып білуге бейімсіз және үнемі бос уақытыңыздың көпшілік бөлігін алып отыратын өз өзіңізді тануды жұмыспен және басқа мамандық бойынша оқумен үйлестіріп отыруға мәжбүрсіз. Ең жақсысы психологиямен шындап айналысқаныңыз және өзіңізді толғандыратын мәселелерді кәсіби оқып-білгеніңіз. Сізге қандай да бір практикалық әрекетке белді бекем бууға шешім қабылдау қиынға соғады, үнемі күмән жеңіп отырады, бірақ оның орнына Сіз өзіңіздің ішкі дүниеңізді аңдауда және адам психикасының мәнін, оның күрделілігін, қарама-қайшылықтығын интуиция деңгейінде түсінуде көп нәрсеге қол жеткіздіңіз. Сезімталдық пен адам көңілінің аса нәзік қозғалыстарын байқай білу Сізде дөрекі қателермен, кикілжіңдермен және іс жүзінде қоршаған адамдармен жайлы қарым-қатынастар құра білмеумен сыйысып отыруы мүмкін. Өз өзіңізді тану – саналы таңдауға қарағанда, тәрізі, Сіздің тағдырыңыз болса керек, бірақ келешекте Сіз өзіңізді толғандырған мәселелерді табыспен шеше алатын боласыз.
г) жауаптары бәрінен де көбірек: Сіз – кәсіпқой психолог немесе психотерапевтсіз, бәлкім – жазушысыз. Қалай болғанда да, кәсібіңізге байланыссыз, Сізде өзіңіздің «адам жандарының білгірімін» деп есептеуге негіз бар және Сіз жалпы алғанда адам туралы және оның ішінде өзіңіз жайында тым көп нәрсені білемін деп пайымдайсыз. Бірақ осы бір сенімділігіңіз кей кездері ең қарапайым жағдайларда сан соқтырып кетуі мүмкін.
Тапсырма 2. «Тұлғаның Мен-концепциясы» тақырыбына иллюстрация (Р. Бернс бойынша).
Нұсқау: «Өзін-өзі қабылдау» схемасымен зейін қоя танысып шығыңыз (9 суретті қараңыз). Келтірілген сипаттамалардың қайсысын өзіңізге жатқыза алатындығыңызды анықтаңыз. Олардың сіздің пікіріңізше, ең тұрақты болып табылатындарын атап көрсетіңіз. Енді бөліп көрсетілген сипаттамаларды Сіздің өз қасиеттеріңізге көзқарасыңызды көрсететін үш бағана бойынша бөліңіз. Сізді қанағаттандыратын сипаттамалар көптеп табылды ма? Көпшілігі қанағаттандырды деп сенейік. Нәтижесінде Сіз осында өзіңіздің Мен-концепцияңыздың қандай да бір қырлары кқрінісін тапқан өз портретіңіздің (аса шартты және фрагментарлы) нобайын алдыңыз. Толық шамасында қатаң ғылыми болып табылмай, аталған мәтін «Мен-концепциясы» түсінігі туралы ойланып қалуға мәжбүрлейді және оған айтарлықтай нақтылы кескіндер береді.
Бұл мені қуантады | Маған бұл бәрібір | Бұл маған ұнамсыз | |
Мен бақыттымын | |||
Менде еш іс оңға баспай жатыр | |||
Менің қолымнан бәрі келеді | |||
Мен топаспын Мен епсізбін, икемсізбін | |||
Мен мазасыз адаммын | |||
Мен жолы болмас адаммын | |||
Мен адал ниетті адаммын | |||
Мен алдампазбын | |||
Мен интровертпін | |||
Мен қиялшылмын | |||
Мен оптимистпін | |||
Мен сенімді адаммын | |||
Мен ашуланғышпын | |||
Мен жақсы доспын | |||
Мен көңіл-күйіме қарай іс жасаймын | |||
Мен адамға үйірмін | |||
Мен діндармын | |||
Мен ақылдымын | |||
Мен жігерсізбін | |||
Мен ұшқалақпын |
Сурет 3 - Өзін-өзі қабылдау шкаласы
Енді Сіздің осы схемамен жұмыс істей отырып жасағаныңызды талдап шығайық. Біріншіден, сипаттамалардың белгілі бір жинағын пайдалана отырып, Сіз өзіңізді суреттеп бердіңіз; екіншіден, айтарлықтай қарапайым түрде өзіңіздің өз қасиеттеріңізге деген эмоциялық көзқарасыңызды көрсетуге тырыстыңыз.
Мен-концепциясының суреттеуші құрамдас бөлігін Мен Бейнесі деп атайды. Өзіңізге немесе өзіңіздің жекелеген қасиеттеріңізге көзқарасаңызбен байланысты құрамдас бөлікті өзін-өзі бағалау деп атайды. Мен концепциясы адамның кім болып табылатындығын ғана емес, оның өзі туралы не ойлайтындығын, өзінің әрекетті бастауына және болашақта даму мүмкіндіктеріне қалай қарайтындығын да анықтайды.
Тапсырма 3. «Әлеуметтік Менді» анықтауға символдық тапсырмалар жобалау әдістемесінің көмегімен Мен - концепцияның әртүрліқұрамдас бөліктерін айқындау (Б.Лонг, Р. Зиллер, Р. Хендерсон бойынша).
Нұсқау: адамдар шеңберлер түрінде бейнеленген бірқатар тапсырмалар ұсынылады. Одан арғы нұсқауларды бірізді, дәйекті оқи отырып, Сізді және өзіңіздің жақын қоршаған ортаңыздағы адамдарды білдіретін шеңберлерді таңдап алыңыз.
Өзін-өзі бағалау. 8 шеңбер бейнелеу, әрбір шеңбер қандай да бір адамды білдіруі керек. Сіздің өзіңізді символдайтын шеңберді таңдап алыңыз, басқа шеңберлер жақын адамдарыңызды: ата - аналарыңызды, достарыңызды, педагогтарды және т.с. білдіреді.
Түсіндіру: Сізді білдіретін шеңбер неғұрлым солырақ болса, сыналушының өзін-өзі бағалауы соғұрлым жоғарырақ.
Мен күші. Сіздің алдыңызда сақина түрінде орналасқан шеңберлер тұр, оның ортасында Сіздің Меніңізді білдіретін шеңбер тұр, қалған шеңберлер Сіздің туған-туысқандарыңызды және жақын адамдарыңызды: әкеңізді, шешеңізді, аға-інілеріңізді, сіңлі-қарындастарыңызды, достарыңызды, педагогтарды білдіреді.
Түсіндіру: Мен күші белгілі бір беделді адамдарға қатысты басымдық, теңдік немесе бағыну ретінде анықталады. Жоғарғы шеңберлерге түскен адамдар сізден асып түсетін адамдар ретінде қабылданады; төменгі шеңберлерге түскен адамдар – Сіздің Меніңізге бағынышты, бүйірдегі шеңберлерге әдетте Мен күші бойынша тең адамдар орналастырылады.
Жекелеу – басқа адамдармен бастан кешірілетін ойға алынатын ұқсастық немесе басқа адамдардан ерекшелік. Шеңберлер тобынан төменіректе символдық түрде Сізді белгілейтін екі шеңбер орналасқан. Осы екі шеңбердің қайсысының Сіздікі екенін анықтаңыз.
Түсіндіру: Егер Сіз осының штирхталуы адамдарды білдіретін шеңберлер тобының штрихталуымен сәйкес келетін шеңберді таңдап алған болсаңыз, Сіз олармен ұқсастықты бастан кешудесіз. Егер Сіз осының штирхталуы адамдарды білдіретін шеңберлер тобының штрихталуымен сәйкес келмейтін шеңберді таңдап алған болсаңыз, Сіз басқа адамдардан ерекшелікті бастан кешірудесіз.
Әлеуметтік мүдделілік, қызығушылық – өзін «топтың бір бөлігі» ретінде немесе олардан «бөлек» ретінде қабылдау. Үшбұрыш құрайтын шеңберлерге қараңыз – бұл басқа адамдар. Өзіңізді білдіретін шеңберді қайда болса сонда (үшбұрыштың ішінде немесе одан тысқары жерде) салыңыз.
Түсіндіру: егер Менді білдіретін шеңбер үшбұрыштың ішінде салынатын болса, сыналушы адам өзін тұтастың бір бөлігі ретінде қабылдайды.
Сәйкестендіру. Горизонталь бойынша шеңберлер қатарына қараңыз. Әр қатарда сол жақ шеңбер туысқан немесе жақын адамдардың бірін: шешеңізді, әкеңізді, досыңызды, педагогты және т.с. білдіреді. Енді әр қатардан өзіңізді білдіретін шеңберді таңдап алыңыз.
Түсіндіру: Мен мен Басқа арасында неғұрлым көбірек шеңбер болса, Біз сезімі неғұрлым әлсізірек; және керісінше, Мен және Басқа шеңберлері неғұрлым жақынырақ болса, Біз соғұрлым күштірек.
Эгоцентристік — өзін фигура немесе фон ретінде қабылдау. Сіздің алдыңызда үлкен шеңбер тұр. Менді білдіретін шағын шеңберді және Басқаны (шешеңізді, әкеңізді, досыңызды, педагогты және т.с.) білдіретін шеңберді үлкен шеңбердің ішінде орналастырыңыз.
Түсіндіру: егер өз шеңберіңіз Басқаның шеңберіне қарағанда орталыққа жақынырақ орналасса, бұл Сіздің эгоцентристігіңізді білдіреді.
Барлық тапсырмаларды орындау нәтижелері бойынша өзіңнің тұтас портретіңді құрастыруға және алынған суретті жазбаша түрде түсіндіруге әрекет жасап көруге болады.
Тапсырма 4. Өзін-өзі бағалауды дәрежелеу әдістемесінің көмегімен зерттеу.
Нұсқау:
1. Тұлғаның 20 қасиетінен тұратын жинақты зейін сала оқып шығыңыз: ұқыптылық, мейірімділік, жарқын жүзділік, табандылық, ой, шыншылдық, қағидалылік, дербестік, қарапайымдылық, бауырмалдық, тәкаппарлық, адал ниеттілік, енжарлық, жалқаулық, менмендік, қорқақтық, сараңдық, күмәншілдік, эгоизм, бетсіздік.
2. Бірінші «идеал» бағанасына 1 дәрежесінің (номерінің) астына көрсетілгендердің ішінен Сіз адамдарда бәрінен де көбірек бағалайтын қасиетті, 2 дәрежесінің астына – сәл азырақ бағалайтын қасиетті және әрі қарай маңыздылығының азаюы тәртібімен қасиеттерді жазып қойыңыз. 13 дәрежесінің астына сіз адамдарға бәрінен де жеңілірек кешіре алатын қасиетті – кемшілікті (өзімізге белгілі болып отырғанындай, идеалды адамдар болмайды, әркімнің өз кемшіліктері бар, бірақ осындай кемшіліктердің қайсыбірін кешіре аласыз, ал қайсыбірін – кешіре алмайсыз), 14 дәрежесінің астына – кешіру қиыныраққа соғатын кемшілікті және т.с. көрсетіңіз, 20 дәрежесінің астына – сіздің пікіріңізше, адамдардың ең жеккөрінішті қасиетін жазыңыз.
3. Екінші Мен бағанасына 1 дәрежесінің астына сіздің өзіңізде барлығынан да күштірек дамыған қасиетті (бұл артықшылық немесе кемшілік екендігіне қарамастан) жазып қойыңыз, 2 дәреженің астына – сізде сәл азырақ дамыған қасиетті және т.с., кемитін тәртіппен жазып шығыңыз, соңғы дәрежелер сіздің бойыңызда бәрінен де кемірек дамыған немесе мүлдем жоқ қасиеттерге бөлінеді.
Нәтижелерді өңдеу
1. Формула бойынша есептеп шығарамыз:
D= (R 1— R2), мұнда R1 – 1-ші бағанадағы 1-ші қасиеттің дәрежесі (номері); R2 - 2-ші бағанадағы 1-ші қасиеттің дәрежесі (номері); D – бағаналардағы 1-ші қасиеттің дәрежелерінің айырмасы.
D -ны түбірге шығарамыз. Түбірге шығарылған барлық D-ларды есептеп шығамыз, олар 20 болуға тиіс
1-ші бағанадағы бірінші сөз - «ой» (R1 = 1) делік, ал 2-ші бағанада бұл сөз бесінші орында тұр дейік, яғни R2 = 5, сонда формула бойынша есептеп шығарамыз (1 - 5) = - 4, түбірге шығарамыз, 16 саны алынады, және әрі қарай дәл осылайша барлық п сөздер үшін рет-ретімен (п – талданатын қасиеттердің саны, п = 20).
2. Одан кейін алынған D 2 - ні қосамыз, 6-ға көбейтеміз, көбейтіндіні (n·п ·п - п) = (20·20·20 - 20) = 7980 – ге бөлеміз және ақырында 1-ден бөліндіні алып тастаймыз, яғни дәрежелік корреляция коэффициентін табамыз:
P=1-6. D² n³—n
3. Дәрежелік корреляцияның алынған коэффициентін психодиагностикалық шкаламен салыстырамыз (7 кесте).
7 кесте
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2379 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!