Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Орытындылар. Педагог тұлғасының құрылымы алуан түрлі, оның аса маңызды компоненттері мыналар: педагогикалық



Педагог тұлғасының құрылымы алуан түрлі, оның аса маңызды компоненттері мыналар: педагогикалық іс-әрекетте және қатынаста көрінісін табатын кәсіптік бағытталғандық, кәсіби белсенділік, кәсіби білімдер мен ептіліктер, педагогикалық қабілеттер, педагогикалық ойлау мен елестету, кәсіби сана-сезім болып табылады. Тұлғалық сипаттамалардың оңтайлы үйлесімдері педагогтың кәсіби құзыреттілігінің жоғары деңгейіне себепші болады, педагогикалық іс-әрекет, педагогикалық қатынас жүзеге асырылады, тұлға жүзеге асады, бұл балаларды оқыту мен тәрбиелеуде жақсы нәтижелерге жетуге мүмкіндік береді.

Кәсіби сана-сезім – бұл кәсіпқой ретінде өзін, іс-әрекет пен қатынаста өзінің тұлғалық ерекшеліктерін ұғыну. Оның өзінің спецификалық құрылымы бар, өзін-өзі бағалау мен өзін-өзі реттеу ерекшеліктерімен сипатталады. Педагогта жағымды Мен-концепцияның болуы оқушылармен өз мен оларда оптималды Мен-концепцияның, өзіне деген сенімділіктің қалыптасуының міндетті шарты болып табылады.

Кәсіптік өзін-өзі тану тиісті мотивацияның нәтижесінде төмендегідей туындайды:

Мен және Басқалар, Мен және Мен, Мен және Жоғарғы Мен жүйелерінде өрістейді.

Өзін-өзі тану құралдары ретінде: педагогтың өз іс-әрекетін талдауы, өзін педагогтың қандай да бір нормативті үлгісімен салыстыру, педагогтың тұлғасын және оның басқа адамдармен іс-әрекетін бағалау, біліктілік көтеру курстарындағы сабақтар, өз өзіне білім беру көрініс табады. Кәсіптік дамуға тиісті мотивтер түрткі болады және өзін-өзі бекіту, өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі таныту жолымен жүруі мүмкін. Кәсіптік дамудың екі үлгісі: бейімделу және кәсіптік даму үлгісі бар. Өзін-өзі қабылдау деңгейі мен өзін-өзі жетілдіруге деген тенденцияның ара қатынастары педагогтардың төрт типін бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: өзін-өзі танытатын, өз өзіне жеткілікті, өзін-өзі бекітетін және ішкі-кикілжіңді. Өзін тану және дамытудың объективті де, субъективті де факторлар себепші болған сыртқы және ішкі кедергілері бар.

Кәсіптік өзін-өзі тану және өзін тану және дамыту процесі тиімді өтуі үшін, педагогтарға жан-жақты қолдау мен көмек көрсету керек. Бұл үшін педагогикалық кадрлардың инновациялық потенциалының дамуын арнайы басқарып отыру керек, бұл келесі шарттарды: «еркін кеңістік» құру принципіне сәйкес, педагогпен басқарушылық өзінді жүзеге асыруды; педагогқа өкілеттіктер беруді және өзінің дамуын ұйымдастыратын субъект ретінде оның функциясын кеңейтуді; педагогтарды олардың тәжірибесін және жеке бас мүмкіндіктерін ескере отырып, өзін-өзі ұйымдастыру жөніндегі іс-әрекетке енгізуді сақтаған кезде мүмкін болмақ.

Өзін тану және дамытуды қолдаудың тиімді түрі ретінде: теориялық семинарлар, семинар-практикумдер, ғылыми-практикалық семинарлар, жеке кеңес берулер және өзін тану және дамытудың жеке бағдарламасын құруға көмек, іскерлік ойындар, арнайы әлеуметтік-психологиялық тренингтер және т.б. көрініс табады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1085 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.037 с)...