Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Кесте 3- Педагогтың инновациялық потенциалының дамуын басқару технологиясы



Педагогтың өзгерістерді өзін-өзі ұйымдастыру іс-әрекетінің мазмұны Педагогпен басқарушылық әрекеттестіктің мазмұны Әрекеттес-тіктің түрлері Ұйымдастыру-педагогикалық шарттар, жағдайлар
1. Өзгерістің пайда болуы (өздігінен қайта ұғыну) 1.1. Оқушылардың мүмкіндіктері мен қиыншылықтарын ұғыну 1.2. Өзінің педагогикалық іс-әрекетінің проблемаларын ұғыну. Өзгерістерге деген қажеттіліктерді ұғыну. 1.3. Туындаған қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жолдарды, жаңашылдықтарды іздестіру. Қандай да бір жаңашылдыққа қатысты өзінің кәсіптік және тұлғалық мүмкіндіктері мен оқушылардың мүмкіндіктерін бағалау Тәжірибенің өзгеруінің ниет етілген бағытталуын еркін таңдаудың мәселелік-кикілжіңдік жағдайларын жасау арқылы, педагогтың мүмкіндіктерін зерттеу   Рефлексиялық талдау. Зерттеу тұрғысының негізіндегі іскерлік ойындар   Оның субъективтік тәжірибесінің спецификасын және дербес мүмкіндіктерін ескере отырып, педагогты өзін-өзі ұйымдастыру жөніндегі іс-әрекетке енгізу  
2. Жеке тәжірибені ескере отырып, тұлғалық мүмкіндіктерді және кәсіптік мәселелерді өзгерту тәсілдерін таңдау (өзін-өзі анықтау) Педагогтың өзін-өзі анықтауын инициацилау: - мәселелік-кикілжіңді жағдай жасау, өз іс-әрекетінің мағынасын, мақсаттарын, құндылықтарын іздестіру; - оның құндылық өзін-өзі анықтауын тереңдету; - өзгерістерді іріктеу мен жобалауды жүзеге асыра білуге үйрету арқылы оның рефлексивтік іс-әрекетінің сипатын түрлендіру; өз педагогикалық іс-әрекетінің мәселелік картасын толтыру. Рефлексивті-талдамалық әңгіме. Нақтылы жағдайларды рефлексиялық талдау әдістері   Педагогпен басқарушылық вз «еркін кеңістік» құру принципіне негізделеді және басқарушы субъекттің де дамуын қамтамасыз ететін диалгтың негізінде құрылады. Педагогты өзгерістерді өз бетінше ұйымдастыруға үйрету  
3. Өзгерістерді (өзін-өзі анықтауды жүзеге асыру). 3.1. Өзгерістерді жобалау және жүзеге асыру – жаңа мақсаттар қою, өзгерістердің, олардың нәтижелілігінің, оларды жүзеге асыру үшін қажетті жағдайлардың мәнісін және мазмұнын анықтау, теріс зардаптарын болжау. 3.2. Өзгерістерді жүзеге асыру. Тәжірибелік-эксперименттік жұмысты ұйымдастыру. Өзгерістердің нәтижелерін талдау. 3.3. Жаңа мүмкіндіктер мен мәселелерді ұғыну.   Оның іс-әрекеттегі және өзіндегі өзгерістерін жобалау жағдайларын құру арқылы педагогтың өзін-өзі жүзеге асыруын инициациялау: - Педагогты өзін-өзі талдауға үйретуді ұйымдастыру; - өзгерістерді жобалау бойынша үйретуді ұйымдастыру. Өзгерістер процесін басқара білуге үйрету. Іс-әрекетті мотивациялау. Туындайтын мәселелерді ұғынуға көмектесу. Өзгергісі келетін, бірақ нені өзгерту керектігін білмейтін педагогтарға қолдау көрсету.   Оқытып-үйретуші семинарлар Педагогқа басқарушылық өкілеттіктер беру және өз дамуын ұйымдастырушы субъектісі ретінде оның функцияларын кеңейту. Өзгерістерді өз бетінше ұйымдастыруға үйрету. Педагогпен басқарушылық вз «еркін кеңістік» құру принципіне негізделеді. Педагогты өзгерістерді өз бетінше ұйымдастыру жөніндегі іс-әрекетке енгізу .

Теориялық семинарлардың барысында өзімен немесе балалармен жұмыс істеудің қандай да бір технологиясының қажетті білімдерін меңгеріп алу үшін бастапқы алғышарттар жасалады, тиісті мотивация қалыптастырылады, өзіндік жұмысқа және жаңа технологияларға деген қажеттіліктер ынталандырылады.

Семинар-практикум теориялық семинардан мұнда практикалық сабақ элементтері енгізілетіндігімен ерекшеленеді. Теориялық ережелермен қатар, мысалға, семинарда өздері туралы экспресс-ақпарат ала алатын педагогтарды диагностикалау жүргізіледі, бұл өзін-өзі тану үшін мүмкіндіктерді айтарлықтай кеңейтеді. Семинар-практикумде жаңа жобаларды жасап шығу және алдыңғы қатарлы технологиялар бойынша құрылған конспекттерді талқылау жүргізіледі.

Осы екі түрдің ғылыми-практикалық семинар түрінде интеграциялануы да мүмкін.. Ғылыми-практикалық семинар өткізудің шамалап алынған схемасын ұсынамыз (Л.М.Митина бойынша):

• топтық талқылау барысында белгілі бір тақырып бойынша мәселелер тізімдемесін құрасты;

• оларды типологиялау;

• нақтылы мәселені талқылау барысында психологиялық білімдердің, ептіліктердің, дағдылардың өзекті деңгейін айқындау;

• зерделеніп отырған тақырып бойынша лекция-әңгіме;

• одан арғы дискуссиямен, шағын топтардағы жұмыс;

• мұғалімдерді қабылдау, тану, өзін-өзі көрсету, өзін-өзі талдау, өзін-өзі бақылауң, сәйкестендірулау тәсілдеріне және басқа да психологиялық техникаларға оқытып, үйрету;

• ситуациялық міндеттерді шешу;

• психологиялық ойындарды қосатын тренинг өткізу;

• мұғалімдердің психологиялық техникаларды (мүмкіндігіне қарай) сынап көруі, оларды практикалық іс-әрекет барысында жеке модификациялау және коррекциялау;

• мұғалімдердің психологиялық инструментарийді қолдану нәтижелерін жалпы талқылау;

• қорытындылар шығару;

• психологиялық мәселе бойынша қорытындыларды тұжырымдау.

Әрине, ғылыми-практикалық семинарды өткізудің басқа варианттары да болуы мүмкін.

Педагогқа өзін тану және дамытудың жеке бағдарламасын құруда көмек әкімшілік тарапынан немесе оқу орнында жұмыс істейтін психологтың тарапынан көрсетілуі мүмкін. Н.В.Клюева психологтың педагогқа кәсіптік және тұлғалық өсу бағдарламасын құруда көмек көрсету жөніндегі жұмысының келесі бағыттарын (міндеттерін) ұсынады:

1) педагогта кәсіптік іс-әрекетінде туындайтын мәселелерді диагностикалау;

2) педагогтың іс-әрекетінің кәсіптік күтулерін және потенциалын анықтау;

3) кәсіптік және тұлғалық дамудың мақсаттары мен оларды жүзеге асыру мүмкіндіктерін қою.

Педагогпен әңгімелесудің және онда туындайтын мәселелерді диагностикалаудың, оларды шешу тәсілдерін анықтаудың, осылар бойынша бұл мәселелердің шешілу дәрежесі туралы пікір айтуға болатын критерийлерді баяндаудың негізінде өзін тану және дамытудың дербес бағдарламасы құрылып шығады. Мысал үшін бағдарламаның үзіндісін келтіреміз (4- кесте).

Кесте 4- Педагогтың өзін тану және дамыту бағдарламасының фрагменттері (Н.В.Клюева бойынша)

Мәселе Оны шешу тәсілдері мен уақыты Кімнің көмегі қажет? Менің мәселемнің шешілгендігін мен қалай ұғынамын?
Сабақтарға және сыныптан тыс шараларға қатыса отырып, әріптестер мен әкімшілік өкілдері тудыратын қорқыныш пен шиеленіс   1. Әріптестермен және әкімшілікпен сабырлы, байсалды, сенімді қатынастар орнату.   2. Өзіңнің кәсіпқойлығыңа сенімділік және басқаларға өз әрекеттеріңнің дұрыстығын растауға қабілеттілік (сабақтарға әріптестер, әдіскерлер, психолог қатысқан кезде). 3. Сынды сабырлылқыпен қабылдай, сыннан жағымды сәтті таба білу (кәсіптік және тұлғалық вз жағдайларында) Керек емес   Әдіскердің, психологтың 1.Аттестациялық комиссияның мүшелерімен кез келген тақырыпқа әңгіме құрған кездегі сабырлылық сезімі. 2. Сабақты талдау жүйесін білу; оқу материалын еркін меңгеру; балалардың жас және жеке бас ерекшеліктерін білу; бұлшық ет қысылуының жоқтығы; адекватты эмоциялық жауап қайтару. 3. Сынның менің тұлғама емес, менің әрекеттеріме қатысты екендігін түсіну; сыннан оңды сәтті табуға қабілеттілік.

Н.В.Клюеваның атап көрсетуінше, педагогтар ең жиі тұжырымдайтын және өзін тану және дамыту бағдарламасын құрастыру үшін негізгі болып қызмет ете алатын мәселелер ретінде келесілер көрініс табады: іске аспағандық сезімі, өзінің әлеуметтік орнымен қанағаттанбағандық сезімі; шығармашылық потенциалды жүзеге асырудағы қиындық; дене қасиеттерінің және психологиялық титықтау; стресстерге ұшыраушылық; эмоциялық күш түсулерді жеңіп шықпауға қауіптену; басқа адамның жеке-психологиялық күйін түсіне білмеу; өзін және қоршаған адамдарды қабылдаудың адекватты еместігі; өзін ұстай білмеу; оқушыларға оқу материалын жеткізе білмеу; пәнге деген қызығушылықты және мектеп оқушыларында дербестікті қалыптастыра білмеу; пәнаралық байланыстарды орнатудағы қиындықтар; бағалаудың субъективтілігі және т.б.

Әрине, кеңес беру барысында психолог тек мәселелерді анықтап, өзін тану және дамытудың дербес бағдарламасын құрастыруға көмектесіп қана қоймайды, сонымен бірге педагогпен бірлесе отырып, оның жүріс-тұрысының тактикасын белгілейді, оны іске асырудың қажетті жолдары мен тәсілдерін ұсынады.

Іскерлік ойындарды пайдалануды қарастырайық. Іскерлік ойындардың негізгі принциптерінің бірі кәсіптік іс-әрекет процесінің субъектілерін де, құрылымын да имитациялау болып табылады. Іскерлік ойынның сценарийі он екі негізгі элементтен тұрады: циклдың импульсінен, дәйектілігінен; ойынның кезеңдерінен; ережелерден (шектеулерден), рольдерден, үлгіден, шешімдер мен байланыстардың реттілігінен, есепке алу жүйесінен, көрсеткіштерден, символикадан және жабдықтан тұрады. Іскерлік ойынның көмегімен: педагогикалық процеске қатысушылар арасында қалыптасатын қатынастарды; өзін тану және дамытуды басқару барысында пайда болатын мәселелік міндеттерді және көптеген басқа нәрселерді үлгілеуге болады.

Білім беру мекемелерінің жұмыс практикасында ең кең таралымды, әр қатысушының жеке белсенділігін ғана емес, жекелеген тұлғаның мәселелерінің өзіндік «көрінісі» болып табылатын топтың да белсенділігін ынталандыруға қабілетті болғандықтан, алуан түрлі мақсаттарға қол жеткізу үшін кең мүмкіндіктерге ие болып отырған әлеуметтік-психологиялық тренингтер алды. Қазіргі психологияда әр алуан мәселелер бойынша, мысалға: педагогтардың тұлғалық өсуі мәселесі, педагогикалық ойлау мен рефлексияны дамыту жөніндегі; педагогтар мен балалар арасындағы взді оптималдандыру жөніндегі; шыдамдылықты дамыту жөніндегі, сенімділікті арттыру жөніндегі және көптеген басқа мәселелер бойынша тренингтердің көптеген саны жасап шығарылған.

Психолог Н.В.Самоукина педагогтың ішкі әлемін үйлесімді етуге бағытталған ойындар мен жаттығулардың жүйесін ұсынады. Оларға мыналар жатады:

ойын-релаксациялар шиеленісті бәсеңсітуге, шаршағандықтан арылуға, ішкі еркіндік, тұрақтылық, өзіне деген сенімділік күйін алуға мүмкіндік береді;

адаптациялық ойындар педагогтың іс-әрекетке бейімделуі кезеңінде қолданылады және өзін-өзі бақылаудың және ерік-жігер процесінің дамуына ықпалын тигізеді;

ойын-формулалар тапсырмаға дайындалу барысында немесе қиын жағдай кездескен кезде жұмыс күнінің барысында вербальды (сөзбен) үйрету, иландыру үшін қолданылады;

ойын-босанулар педагогтың ауырлық орталығын өзінен қандай да бір басқа нәрсеге ығыстыру қабілеттілігін дамытумен байланысты болып келеді.;

ойын-коммуникациялар педагогтың оқушылармен, әріптестерімен, ата-аналармен және өз отбасымен қатынастарын үйлесімді етуге бағытталған.

Өзін тану және дамытуға психологиялық қолдау көрсету мәселесін жүйелі шешудің мысалы ретінде Л.М. Митинаның жасап шығарған, мұғалімнің кәсіптік сана-сезімін дамыту жөніндегі тренингтің бағдарламасын келтіреміз. Тренингтік бағдарлама өзара байланысты және үш тақырыптық блоктан тұрады: бірінші блок педагогтың өзінің кейбір тұлғалық ерекшеліктерін ұғынуына және өзіне, өзінің тұлғасына көзқарасты үйлесімді етуіне арналған;

екінші блок педагогтың өзін пелагогикалық қатынас жасау жүйесінде ұғынуына және балалармен, әріптестерімен, әкімшілікпен және оқушылардың ата-аналарымен тұлғааралық қатынастарын үйлесімді етуге бағытталған;

үшінші блок өзін педагогикалық іс-әрекет жүйесінде ұғынуға және осы жүйеге көзқарасын үйлесімді етуге бағыт алған.

Осы блоктардың барлығында тренингке қатысушылар ішкі шиеленісті алып тастаудың амалдарымен, өзін-өзі реттеудің тәсілдерімен (релаксациялық және медитативтік техникалар, аутотренинг) танысады.

Тренингтің төрт сатысы: дайындалу, ұғыну, қайта бағалау және әрекет жасау.

Дайындалу сатысында өзін-өзі өзгерту қажеттігінің мотивациясы қалыптастырылады, топты ұйымдастыру, адал ниетті қатынастар орнату міндеттері шешіледі, басқа адамдардың, бірін бірі көптеген жылдар бойына білетін әріптестерінің алдында ашылудан қорқыныш алынып тасталады.

Екінші саты – ұғыну сатысы – рефлексивтік механизмдердің дамуымен байланысты. Ұғынудың деңгейі бақылау, қарама-қарсы қою, шағын топтарда талқыланатын, ықтимал көзқарастарды, позицияларды, қабылдау мен жүріс-тұрыстың амалдары мен тәсілдерін түсіндірулау арқылы арта түседі. Ақпараттың арта түсуінің арқасында педагогтар ниет етілмеген жүріс-тұрысқа альтернативаларды және ниет етілмеген әрекеттерден бас тартумен байланысты өзінің кәсіптік және тұлғалық мүмкіндіктерінің өсуін ұғына және бағалай бастайды.

Қайта бағалау сатысында педагогтарда өздерінің ниет етілмеген жүріс-тұрыстарының тікелей әлеуметтік қоршаған ортаға (оқушыларға, отбасына, жұмыстас әріптестеріне) әсер етуін ойластыруға, ұғынуға және өз тұлғасын қайта бағалауға деген ұмтылыстар дүниеге келеді. Біртіндеп мұғалімдер өздерінің тәуелсіздігін және өзінің өмірлерін маңызды, принципиалды бір нәрседе өзгертуге қабілетті екендіктерін көбірек сезіне бастайды. Әрекет жасау шешімін таңдап алу және қабылдау – осы сатының негізгі нәтижесі.

Төртінші саты – әрекет жасау – аяқтаушы саты. Педагог жүріс-тұрыстың өзгерген Мен-концепцияға сүйенген жаңа амалдарын сынап көреді. Ниет етілмеген жүріс-тұрысты арандататын факторларға төзімділік және өз өзін жүріс-тұрыстағы оңды өзгерістер үшін ынталандыру – аталған сатының негізгі нәтижесі.

Педагогтың кәсіптік сана-сезімін дамыту жөніндегі тренингтің осында баяндалған бағдарламасын енгізудің нәтижелері қорыта талдай отырып, Л.М.Митина келесідей қорытындылар жасайды:

1. Арнайы тренинг түріндегі психокоррекциялық сабақтар жүйесі педагогтың кәсіптік сана-сезімінің даму деңгейіндегі конструктивтік өзгерістерге айтарлықтай дәрежеде әсерін тигізеді.

2. Жұмыстың аяғына қарай педагогтар өздерінің кәсіптік маңызы бар қасиеттерін адекваттырақ бағалай бастайды, өзінің Менінің жасырын және бұрынырақта ұғынуға қол жеткізбеген потенциалдарын табады, өздерінің өзін тану және дамыту мүмкіндіктерін ашады және пайдаланады.

3. Психологиялық тренинг барысында педагогикалық іс-әрекеттің қиындықтарын жеңіп шығу тәсілдерін жете зерделеу және өзін-өзі бақылау мен өзін-өзі реттеу тәсілдеріне үйрету педагогтардың кәсіптік өзіндік күйінің құрылымындағы жүріс-тұрыс компонентінің дамуын ынталандырады.

Тренингтерді құруға басқа бағдарламалар мен тұрғылар да бар. Мәселен, Т.Гордон қатынас жасауға деген қабілеттіліктерді өз өзінше дамытуға бағытталған. Мұғалімнің тиімділік тренингін жасап шығарды. Оның міндеттері:

· оқушыларға эмпатикалық қатынасты дамыту;

· белсенді (эмпатикалық) тыңдау дағдыларын дамыту;

· мәселелер аймақтарын анықтау джағдыларын дамыту;

· пікір айтулармен жұмыс істеу;

· проблемасыздық аймағын, осында шын мәніндегі оқыту, үйрету жүретін сол бір оптмалды кеңістікті кеңейту.

Тренингте мәселелік жағдайларды шешудің алты қадамдық үлгісі қолданылады: 1) мәселенің тиесілігін анықтау; 2) ықтимал шешімдерді өмірге әкелу; 3) шешімдерді пікірлер түрінде бағалау; 4) ең жақсы шешімді анықтау; 5) шешімді орындау құралдарын анықтау; 6) таңдап алынған варианттың мәселені қаншалықты шешетіндігін бағалау.

Сонымен, біз өзін тану және дамыту барысында педагогтарға қолдау мен көмектің қалай және қалайша көрсетіле алатындығын көрсетіп бердік. Ал педагогтың өзін-өзі тануға және өзін тану және дамытуға қабілеттілігі әртүрлі жастағы балаларда және әртүрлі білім беру мекемелерінде балалардағы осыған ұқсас қабілеттіліктерді дамыту үшін қажетті шарт болып табылады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 878 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.113 с)...