Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Бөлім 3. КӘсіптік Өзін тану жӘне дамытуҒа психологиялыҚ-педагогикалыҚ Қолдау кӨрсету



Қазіргі білім беруге тұлғалық бағдар алған тұрғыны енгізу тек қана педагогтарды осы идеяларды жүзеге асыруға дайындау мәселесін ғана емес, педагогтардың өздерін балалармен өзара әрекеттесудің тәртіптік үлгісінен тұлғалық үлгісіне қайта бағдарлау мәселесін қойып отыр. Тек осы жағдайда ғана, тым болмағанда төменгі дәрежеде, оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық үрдістің барлық қатысушыларының өзін тану және дамытуына бағытталған жаңа технологияларын енгізу мүмкін болмақ.

Осы мақсаттарға тиімді қол жеткізу көбіне көп білім беру мекемелері басшыларының позициясына, олардың мектепке дейінгі мекемеде, мектепте, училищеде, жоғары оқу орынында және т.с. осылар кезінде өзін тану және дамыту идеясы орталық және басым идея, болатындай, оқу орнының өзінің дамуының векторын анықтайтындай жағдайлар жасауға қабілеттілігіне байланысты болып келеді. Басқарушылық сипаттағы міндет – мысалға мектепте, педагогикалық кадрлардың инновациялық потенциалын, ал осы арқылы педагогикалық өзара әрекеттесудің барлық өзге субъекттерінің шығармашылық потенциалын қалайша құру.

Мысал ретінде мектептегі педагогикалық кадрлардың инновациялық потенциалын дамытудың педагогикалық жағдайларын, шарттарын бөліп көрсеткен және негіздеген А.А.Тихомировтың зерттеулеріне сілтеме жасайық. Автордың алдында: 1) инновациялық потенциал деген не? 2) инновациялық потенциалды дамыту деген не? 3) инновациялық потенциалдың дамуын қалайша дамыту керек екендігін анықтау міндеті тұрды.

Педагогтың инновациялық потенциалын А.А.Тихомиров мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеттегі және өз тұлғасындағы өзгерістерді өз өзінше ұйымдастыруға қабілеттілігі ретінде анықтайды.

Инновациялық потенциалды дамыту – бұл педагогтың өзгерістерін өзінше ұйымдастырудың субъектілік тәжірибесіне жаңа элементтер енгізу. Педагогтың инновациялық потенциалын дамытуды басқару педагогикалық іс-әрекеттің мақсаттарына қол жеткізу үшін оның өзін ұйымдастырудың субъектілік тәжірибесін өзгертуін қамтамасыз ететін жағдайлар құруға бағыт-бағдар алған мектеп басшылығының педагогпен субъектаралық диалогтық өзара әрекеттесу процесі ретінде анықталады.

Осы жағдайлар, шарттар қандай екен? Олардың негізгілері ретінде келесілері көзге түседі, бөліп көрсетіледі.

«Еркін кеңістікті» құру прииципіне сәйкес педагогпен басқарушылық өзара әрекеттесуді жүзеге асыру инновациялық потенциалдың дамуын әкімшілік мәжбүрлеу сипатына ие емес тұлғааралық өзара әрекеттесу ретінде басқарудың өзгешелігін көрсетеді. Бұл жерде басқару өзіндік мақсат емес, педагогтың өзгерістерді өз бетінше жүзеге асыруға деген, өз кезегінде әр оқушының мүмкіндіктерін максималды ашып көрсетуге ықпал ететіндей қабілеттілігін көрсетуін реттеу функциясын жүзеге асыратын жанама түрдегі буын. «Еркін кеңістік» мұғалімге өзгерістерді өзінше ұйымдастыру бойынша өзі үшін маңызды мазмұндарды, іс-әрекет амал-тәсілдерін өзінің таңдап алуына мүмкіндік беретін алғышарттардың жиынтығы ретінде қарастырылады.

Өзінің дамуын ұйымдастыратын субъект ретінде педагогқа өкілеттіктер беру және оның функцияларын кеңейту. Инновациялық потенциалдың дамуын басқару процесінің өзгешеоігі педагогтың басқаруға қатысты талдамалылықты көрсету мүмкіндігінен тұрады. Егер педагогтың өзінің дамуына бағытталған басқарушы шараларға тікелей қатысуын ұйымдастырса, бұл мүмкін бола бастайды, мұның өзі оның сырттан себепші болған дамуы мен өзін тану және дамытуы арасындағы шекті жояды. Бұл жағдайда тіптен сәтсіздіктің өзі өзгерістерді өзінше ұйымдастырудың субъективтік мазмұнын құрастыру түріндегі зерттеу белсенділігін тудыра отырып, танымдық мәселені туындатады.

Педагогты өзгерістерді өзінше ұйымдастыруға үйрету – акцент педагогтың өзгерістерді ұйымдастыру үшін қажетті құралдарды меңгеруіне жәрдем көрсету және мұғалімде осы құралдарды пайдалана білу ептіліктерін қалыптастыру арқылы өзгерістерді ұйымдастыру жөніндегі іс-әрекетін орындау тиімділігін қамтамасызу етуге жасалады. А.А. Тихомиров педагогтың өзінің тіршілік әрекетінің барлық сфераларында рефлексиялауға; өзінің педагогикалық іс-әрекетінің мәселелерін айқындауға; ақыр соңыфнда, нақтылы оқушының өз тұлғасын өзгерту жөніндегі стратегиясын жасап шығудағы мүмкіндіктерінің адекватты міндеттерін жобалауға деген ең маңызы бар келесідей ептіліктерін анықтайды.

Педагогты субъективті тәжірибесі мен жеке бас мүмкіндіктерін ескере отырып, өзгерістерді өзінше ұйымдастыру жөніндегі- іс-әрекетке енгізу. Осындай субъективтік тәжірибеге ие бола отырып, педагог оқушыларды дамытуға арналған өз іс-әрекеттерін ұйымдастыру ережелерін жуықтап біледі. Осы білуді ескеру оның өзгерістерді өзінше ұйымдастыру жөніндегі іс-әрекетке ену барысындағы өзгешелігін де, оның нәтижелілігін де анықтайды.

Бөліп көрсетілген шарттардың, жағдайлардың негізінде А.А.Тихомиров педагогтардың инновациялық потенциалын дамытуды басқарудың арнайы технологиясын жасап шығарды.

Сонымен, біз өзін тану және дамытуды ұйымдастыру және оған жағдай жасау процесімен байланысты ең ортақ мәселелерді қарастырып шықтық. Енді педагогтардың өзін-өзі тануы мен өзін тану және дамытуын ұйымдастырудың кейбір нақтылы аспектілеріне бет бұрайық. Атап айтатын болсақ, ең алдымен психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мен көмек беру барысында не нәрсеге бірінші кезекте назар аудару керек? деген сұрақ сұрақ туындайды. Ең әдеттегі қиындықтар болып келесілер табылады:

· педагогтың Мен-концепциясының қалыптаспағандығы, бұлдырлығы, өзіне деген сенімсіздік, үрейліліе, өзін-өзі құрметтеудің, өзін-өзі қабылдаудың төмен деңгейі, өзімен ұқсастық сезімінің болмауы түрінде бастан кешірілетін, өзін нашар білу. Кей кездері педагогтың өзі де мұны жеңе алмайды. Міндет өзін адекватты тануға көмектесуден, үрейді және сенімсіздіктіжеңе білуге үйретуден, өзін-өзі реттеу дағдыларын меңгеруге көмектесуден тұрады.

· күн сайынғы педагогикалық міндеттерді (педагогикалық ойлау мен рефлексияның дамымағандығына орай) дұрыс және оңтайлы шеше білмеу. Педагогикалық міндеттерді шешуге үйрету, шығармашылық ойлауды дамыту, тану мен өзін-өзі танудың рефлексивтік механизмдерін қалыптастыру қажет;

· Балалармен өзара әрекеттесудің тәртіптік үлгісінен тұлғалық үлгісіне өз бетінше қайта бағдар алуға қабілетсіздік, бұған қатынастарды құра білмеу, педагогикалық эгоцентризмнің, педагогикалық стереотиптердің, балаларға деген шыдамсыздықтың болуы себепші болады. Демек, жұмысты педагогикалық үрдістің барлық қатысушыларына, бірінші кезекте балаларға оң көзбен қарауды қалыптастыру бағытында жүргізу қажет. Стереотиптерді жеңіп шығу үшін жағдайлар жасау, педагогикалық эгоцентризмді жеңе білуге үйрету, балаларды қабылдауға қабілеттілікті, барлық адамдарға шыдамдылықты қалыптастыру, кикілжіңдерді шешу әдістерін меңгеруге көмектесу қажет;

· педагогикалық қабілеттердің дамуының объективті төмен деңгейі оларды дамыту жөніндегі міндеттер қоюға себепші болады;

· оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі технологияларын өз бетінше меңгере, ескі шаблондар мен позициялардан түпкілікті жаңа шаблондар мен позицияларға қайта құрыла алмау. Жұмыс оқыту мен тәрбиелеудің технологиясын, әдістемесін меңгеруде әдістемелік көмек көрсету бағытында жүргізілуге тиіс;

· өзін-өзі жетілдіру әдістерін және амал-тәсілдерін нашар меңгеру, осыған орай өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын қоюда, бағдарламаны жасап шығаруда, өзін-өзі тәрбиелеу мен өзін-өзі жетілдірудің амал-тәсілдері мен құралдарын таңдауда қиындықтар туындайды. Осының барлығы психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетудің тиісті саласын анықтайды да.

Мәселелер мен қиындықтардың осы тізімдемесін жалғастыруға болады. Ең бастысы – қиындықтар реестрін құру емес, нақтылы мектептің, мектепке дейінгі мекеменің, училищенің алдында тұрған негізгі міндеттерді анықтау. Психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуді ұйымдастырудың және педагогтарға көмек көрсетудің басым мақсатттарын таңдап алу үш фактормен анықталады:

1) жалпы алғанда оқу орны үшін оның іс-әрекетінің тиімділігін төмендететін жалпы объективтік қиындықтардың бар болуымен (мысалға, басқа мектептермен салыстырғанда, жоғары оқу орындарына түсетін түлектердің жыл сайынғы төмен пайызы, педагогтардың оқушылармен өзара әрекеттесуіндегі жоғары кикілжіңдік);

2) педагогикалық кадрлардың біліктілік деңгейімен, педагогтардың жалпы алғанда мектеп үшін әдеттегі бола бастайтын жеке бас ерекшеліктерінің өзгешелігімен (мысалға, авторитарлық стильдің, өзара әрекеттесудің тәртіптік үлгісіне бағдар алудың басым болуы және т.с.);

3) оның «мамандануын» ескере отырып, оқу орны көздейтін перспективалық мақсаттармен анықталады. Жиынтығында осы үш параметрдің барлығы педагогтармен жұмыс істеу тактикасын, олардың өзін тану және дамытуы үшін бағыттарды таңдауды анықтайды да.

Өзін тану және дамыту мен өзін-өзі тануда қолдау көрсету жөніндегі жұмыс қандай түрлерде жүргізілуі мүмкін екен?

Ең кең таралған түрлері:

- шығармашылық тақырыптық семинарлар өткізу;

- семинар-практикумдер өткізу;

- әр педагогқа өзін тану және дамыту бағдарламасын құруда жеке көмек көрсету;

- іскерлік ойындар;

- өзін тану және дамыту міндеттерін шешуге бағытталған арнайы тренингтер өткізу болып табылады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1231 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.083 с)...