![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Айтылып кеткеніндей, кедергілер – бұл әр адамның өмірлік жолына тұратын, тек әр адам оларды ауыртпалықсыз жеңе бермейтін (кейбіреулер үшін олар тіптен жеңіп шыға алмайтын болып қалады) кедергілер. Өзін тану және дамытудың кедергілеріне келетін болсақ, олар сыртқы және ішкі, объективтік және субъективтік факторлар себепші болған болып келеді.
Сыртқы объективтік кедергілер:
• минималды өмір қажеттіліктерін қанағаттандыра алмайтын төмен жалақы; педагог қалыптасқан жағдайларға қарай жұмыс істейді, бірақ жоғары ақы төленетін жұмыс табысымен бірден оқу орнынан кетеді;
• үлкен отбасы, өзінің балалары мен туысқандары туралы қам жеу қажеттігі – осының бәрі көп уақыт алады, мұндай жағдайда кәсіптік өзін-өзі жетілдірудің ауылы қашықтап кетеді;
• Жұмыстағы үлкен жұмысбастылық - 1,5 - 2 ставка (жұмыс істейтін адам жоқ), бұл өзін тану және дамыту үшін уақыт пен мүмкіндіктер қалдырмайды;
• денсаулық жағдайының нашар болуы, оны ұстап тұру қажеттігі кәсіптік өсуді оқшаулап тастайды.
Сыртқы субъективтік кедергілер:
• оқу орнынан педагогтардың қолайлы өзін тану және дамытуы үшін қасақана жағдайлар жасалмайды;
• қоршаған адамдар (басшылық, әріптестері) тарапынан дұшпандық, қызғанушылық және қысым көрсету, кикілжіңдердің болуы – осының барлығы нақтылы тұлғаның өзін тану және дамытуға деген ұмтылысын оқшаулап тастайды;
• осы мәселеде шығармашылық, өзін-өзі дамытып отырған тұлғалар қажет емес («Оларды басқару қиын») әкімшілік тарапынан қолдау көрсету мен көмек берудің болмауы.
Ішкі объективтік кедергілер:
• өзін тану және дамытуға қабілеттіліктің жоқтығы, шаблондар мен стереотиптердің жолын қуушылық;
• өзін тану және дамыту мотивтері мен қажеттіліктерінің болмауы;
• өзін тану және дамытудың психологиялық механизмдерінің: сәйкестендіру мен рефлексияның, өзін-өзі қабылдау мен өзін-өзі болжаудың дамымағандығы;
• өзін тану және дамыту және өзін-өзі тәрбиелеу «технологияларын» нашар меңгеру.
Ішкі субъективтік кедергілер:
• өзінің инерттілігі, жалқаулық, өзін өзгерістерге, тұлғалық дамуға жұмылдыруға қабілетсіздік және мұны ниет етпеу;
• сәтсіздіктерге орай кәсібінен түңілу, кәсіпті жақсы атақ әпермейтін, жүйкені тоздыратын, өмірлік қанағаттану сезімін бермейтін кәсіп ретінде қабылдау;
• өзгерістерге деген ұмтылыстарды оқшаулап тастайтын, өз өзіне: «Мен онсыз да бәрін білемін, бәрін істей аламын, маған білімімді көбейтудің еш қажеті жоқ» деу;
• үйреншікті өмір салтын бұзатын және өз өзіңмен жұмыс істеуге мәжбүрлейтін, алуан түрлі инновацияларға (жаңаны енгізуге) қырын қарау.
Бұл тізімді жалғастыру беруімізге болады, бірақ осы тізімнің өзі де өзін тану және дамытудың ықтимал кедергілері туралы түсінік береді. Осы кедергілерді қалай жеңеді? Өзін тану және дамытумен кез келген жағдайларда айналыса алатын, кез келген кедергілерді жеңіп шыға алатын педагогтар категориясы бар. Олар – нағыз жасампаздар, өз ісінің «фанаттары». Дәл сол кезде осыларды бағыттап отыру, мотивациялау керек, қажетті қолдау және әдістемелік көмек көрсету, қолайлы жағдайлар жасау керектілер де аз емес. Сондықтан мектепке дейінгі мекемеде, мектепте, училищеде, жоғары оқу орынында іс жүзінде әр педагогта дерлік өзін-өзі тануға да, өзін тану және дамытуға да қажеттілік туындайтындай шығармашылық атмосфера жасау, ұжымды біріктіру өте маңызды болып келеді. Осының барлығы бірінші қатарға өзін тану және дамытуға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету мәселесін қояды.
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 736 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!