Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Педагогтың кәсіптік өзін тану және дамытуының психологиялық ерекшеліктері



Кәсіптік өзін тану және дамыту өзін-өзі бекіту, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі таныту бағыттары бойынша жүруі мүмкін. Педагог кәсіптік салада әртүрлі мотивтер бойынша бекінеді: мұғалім бейнесінің қандай да бір нормативіне сай болуға; басқалардан кем болмауға; әкімшілік пен басшылықтың талаптары деңгейінде болуға ұмтылыс; басқаларға, директордың «еркелері» деп аталатындарға қызғаныш және т.б. Бұл мотивтер өз өзімен жұмыс істеуді ынталандыруы мүмкін, бірақ көбіне көп әртүрлі манипуляциялық техникаларды пайдалану арқылы қанағаттандырылады. Манипуляция жасау барысында осылар туралы қарама-қарсы жақ болжамайтын да жасырын әсер ету және өз мақсаттарын көксеу арқылы біржақты пайдаға қол жеткізіледі, бұл кезде тәуелсіздік, «іске қам жеу», жоғарғы мүдделерді күйттеуге ұмтылу иллюзиясы жасалады.

1 мысал. Сыныпта мұғалімнің нағыз диктатор болуы, осылайша жоғарырақ нәтижелерге қол жеткізе отырып, балалармен өзара қарым-қатынасын қорқыту негізінде құруы, бірақ осы кезде іс жүзінде өзімен жұмыс істемеуі, сабақ беру әдістемесін жетілдірмеуі мүмкін. Дәл осы мұғалімнің, әріптестерінің және өзінің көзінде нығая отырып, әріптестерінің алдында өзінің «жетістіктерімен» «мақтануы» мүмкін.

2 мысал. Оқушыларға, олардың жалқаулығына және қабілетсіздігіне, осындай «нашар» сыныпқа үнемі шағым айтулар мұғалімге, осылар үшін кінә балаларға және олардың ата-аналарына жүктелетін, педагогикалық іс-әрекетіндегі сәтсіздіктері мен мүлт кетулері үшін ақтау болып қызмет атқарады.

3 мысал. Барлығына авторлар мен кітаптарды атай отырып, бірақ нақтылы олардың бір де бірін түсінікті түрде оқымастан, өзіңнің қаншалықты көп оқығандығыңды, барлық педагогикалық және әдістемелік жаңалықтарды игергендігіңді, мектеп оқушыларымен жұмыстың бірегей әдіс-тәсілдерін пайдаланатындығыңды әңгіме ете отырып, басшылық пен әріптестер алдында нығаюға, бекінуге болады. Жалпы алғанда манипуляция жасау тәсілдері көп екені белгілі.

Өзін-өзі жетілдіруге көбінесе бүгінгі өзіңнен асып түсуге ұмтылу, жоғарырақ нәтижелерге жетуге, өзінің шеберлігін арттыруға, өзі үшін маңызды тұлға қасиеттерін алуға деген ұмтылыс түрткі болады. Бұл жағымды өзгеру, қандай да бір Мен идеалына жақындау, тұлғалық өсуге деген тенденцияны жүзеге асыру мақсатымен өзімен тұрақты жұмыс істеу.

Педагогтың өзін-өзі жетілдіру процесі өзіне келесі кезеңдерді қосады:

- өз тұлғасын, іс-әрекетін және қатынасын өз бетінше талдау. Өзін-өзі тану барысында өзі туралы, өзінің тұлғасының күшті және әлсіз жақтары туралы түсінік айқындала бастайды, тұлғаның өзін-өзі қабылдау механизмдері іске қосылады. Өзін-өзі жетілдіру стратегиясын таңдау тұлға өзін-өзі қабылдай ма, жоқ па (тұлғаның жекелеген қасиеттерін қабылдай ма, жоқпа) екендігіне байланысты болады;

- идеалды Мен бейнесін қалыптастыру өзін-өзі болжау механизмдерін іске қосу арқылы жүзеге асырылады, осы бейненің өзі азды-көпті жалпыланған немесе нақтыланған, уақытта қашықтаған немесе жақындастырылған болуы және т.с. мүмкін;

- осында педагогтың өзін-өзі жетілдіру жөніндегі әрекеттерінің реті, уақыты, шарттары, жағдайлары анықталатын, өзін-өзі тәрбиелеу мен өзіне өзі білім берудің нәтижелері, тәсілдері мен амалдары анықталатын, өзін тану және дамыту бағдарламасын қалыптастыру;

- бағдарламаны жүзеге асыру;

- өзінің кәсіптік дамуы бойынша одан арғы өзімен жұмысқа түзетулер енгізе отырып, жүргізілген жұмыстың тиімділігін бағалау және бақылау.

Өзін-өзі таныту – бұл өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі бекіту (олардың жағымды түрлерінде) сәтінен басталатын және қолайлы жағдайлар кезінде олардың шеңберінен алысқа шығатын, өзін тану және дамытудың жоғарғы деңгейі.

Бұл тұлға өзінің кәсіптік іс-әрекетімен, әлеуметтік қоршаған ортасымен толықтай ұқсастық, кемелденгендік сезіміне; тіптен қарапайым міндеттерді, тапсырмаларды шешкен кезде іс жасау қабілеттілігіне ие болған кезде жүреді.

Мұнда енді тұлғаға өзін-өзі жетілдіру, жоспарлар, бағдарламалар және т.с. құру керек болмайды, өзін-өзі жетілдіру осының барысында адам өзін толығымен жүзеге асыратын, өмір мен еңбектің мәндерін ұғынатын, қоғамдық танылатын нәтижелерге объективті түрде қол жеткізетін күнделікті және тұрақты акт бола бастайды. Сан көптеген психологиялық зерттеулер өзін-өзі танытатын педагогтың, осы жолға тұрмаған педагогқа қарағанда, балаларды оқытуда, тәрбиелеуде, олардың жағымды Мен-концепциясын дамытуда бір саты жоғарырақ нәтижелерге қол жеткізетіндігін көрсетіп отыр. Өзін-өзі танытатын тұлға болу – демек, бақытты адам, барлық қатынастарда, өмірдің барлық салаларында бақытты кісі болу деген сөз. Қарастырылып отырған мәселенің контекстінде педагогтың кәсіптік өзін тану және дамытуының кезеңдерімен байланысты сұрақтар ерекше өзектілікке ие бола бастайды. Психолог Л.М. Митина мұғалімнің кәсіптік өзін тану және дамытуының екі үлгісін: адаптациялық және кәсіптік даму үлгілерін бөліп көрсетеді.

Адаптациялық үлгі өмір тікелей байланыстар шегінен шықпаған кезде, жалпы өмірлік стратегияны жүзеге асырады. Адам өмірдің өзінің ішінде тұрғандай болады: оның кез келген қатынасы – бұл жалпы алғанда өмірге емес, болмыстың жекелеген құбылыстарына деген қатынас. Мұнда сыртқы рефлексия қызмет атқарады. Мұғалімнің жүріс-тұрысына негізгі әсерді сыртқы жағдайлар және талаптар береді, сондықтан оның өзін тану және дамытуы осы талаптарға бейімделу жолымен жүреді және кәсіптік бейімделудің келесі сатыларынан өтеді. Қоғамның, педагогикалық ұжымның арта түскен талаптары жоғары оқу орынында (училищеде) қалыптасқан кәсіптік білімдермен, ептіліктермен, тұлғалық ерекшеліктермен қарама-қайшылыққа енеді. Кәсіптік қауымдастыққа бейімделуге тырыса отырып, жас мұғалім кей кездері сынамаушылықты көрсете отырып, бөтен адамның тәжірибесін алады, бойына сіңіреді, игереді. Маңызы бар ортаның талаптарын қанағаттандыруға, кәсіптік қалыптасуға деген ұмтылыс басым болады. Басшылық пен кәсіптік қауымдастықтың талаптарына бейімделу қажеттігі оқушыда қалыптасқан іс-әрекет пен қатынастың дербес стилімен, кәсіптік танымдармен, өз тәсілдерімен және «техникаларымен», мұғалім өзінің жеке ерекшеліктерін және мүмкіндіктерін кәсіптік ортаның талаптарына бейімделген. Сонымен қатар, өткеннің жетістіктері, стереотиптерді пайдалану, өз тәжірибесін қағидаға айналдыру арқылы тіршілік еткен кездегі кәсіптік қарама-қайшылықтар пайда болады. Осының бәрі кей кездері белсенділіктің, кәсіптік өсудің төмендеуіне, жаңаны қабылдамаушылыққа алып келеді.

Кәсіптік даму үлгісі өмірдің құндылықтарын да, адамның өзін де айқындайтын ішкі рефлексияның өзінің көрініс табуларымен сипатталады. Осындай стратегия кезінде өз өзін және тіршілік әрекетінің өз мотивтерінің толықтығы критерийі бойынша бөліп көрсетілетін, өзін-өзі ұғынудың үш деңгейі бар: 1) өзі туралы білімдердің ара қатынасын белгілеу «Мен» мен «Басқа адамды» салыстырып көру шеңберінде; 2) «Мен» және «Менді» салыстырып көру шеңберінде; 3) «Мен» және «Жоғарғы Менді» (Идеалды Мен, Шығармашылық Мен) салыстырып көру шеңберінде жүреді.

Мұнда өзін тану және дамыту мұғалімнің тұлғасын өз бетінше жобалауының үздіксіз процесі ретінде көрініс табады және сана-сезімнің даму деңгейлерімен тығыз байланысты. Аталған үлгіні қарастыра отырып, Л.М. Митина да үш сатыны бөліп көрсетеді: өзін-өзі анықтау - өзі туралы білімдердің ара қатынасын белгілеу «Мен» және «Басқаны» (мұғалімді, оқушыны, ата-ананы) салыстырып көру шеңберінде жүреді. Алдымен белгілі бір қасиет басқа адамда қабылданады және түсініледі, ал одан кейін өзіне көшіріледі және өз өзгерістері мен түрлендірулерінің қажеттігін бекітудің, таңдау мен анықтаудың саналы актісі жүреді.

Басқаны тәжірибесімен байи отырып, өзінің кәсіптік көзқарастарын жоғалтып алмау, педагогикалық ортаның теріс әсерлеріне берілмеу, өзі туралы білімдердің ара қатынасын белгілеу Мен және Мен жүйесінде жүретін өзін-өзі көрсету маңызды болмақ. Мұғалім өзі туралы дайын білулерді пайдаланады. Бұл сатыда ол өзінің жүріс-тұрысын өзі жүзеге асырып отырған мотивациямен байланыстырады. Мотивтердің өздері де қоғамдық және ішкі талаптар тұрғысынан бағаланады. Негізгі мотив – мұғалімнің өзінің мүмкіндіктерін толығырақ көрсетуге ұмтылуы; өзін-өзі жүзеге асыру - өзі тіралы білулердің ара қатынасын белгілеу «Мен» және «Жоғарғы Мен» (Идеалды Мен, Шығармашылық Мен) шеңберінде жүреді. Бұл сатыда жалпы алғандағы мұғалімнің өмірлік философиясы қалыптасады, өмірдің мәні, өзінің қоғамдық құндылығы ұғынылады. Өз өзін, өзінің өмірдегі орнын ұғыну шеңберлерін кеңейту өзін кәсіптік іс-әрекетте жүзеге асыру мүмкіндігімен қарама-қайшылыққа енеді. Өзінің кәсіптік дамуының біржақтылығын ұғына отырып, мұғалім оны жеңіп шығады және осылайша жан-жақты даму қажеттігін, яғни өзінің шығармашылық Менін жүзеге асыру қажеттігін қанағаттандырады.

Осылайша, кәсіптік өзін-өзі тану мен кәсіптік өзін тану және дамыту, педагогтың кәсіпқой ретінде даму векторы мен стратегиясын анықтай отырып, бір бірімен тығыз байланысқан болып шығады. Отандық психологияда педагогтарды қазірде бар өзін тану және дамытудың деңгейінің және кәсіптік өзін тану және дамытуға ұмтылудың ара қатынасына байланысты бөліп көрсету және суреттеу әрекеттері жасалуда. Мысалға, С.М. Рогожникованың зерттеуінде педагогтар кәсіптік өзін-өзі танудың референттік көрсеткіші ретіндегі өзін-өзі жетілдіру тенденциясының және кәсіптік өзін-өзі тану кемелдігінің аса маңызды көрсеткіші ретіндегі өзін-өзі қабылдау деңгейінің ара қатынасына байланысты педагогтардың төрт түрі бөліп көрсетілді:

1) өзін-өзі танытатын – жоғары өзін-өзі қабылдау өзін-өзі жетілдіруге деген анық байқалатын ұмтылыспен үйлесімін табады;

2) өз өзіне жеткілікті - өзін-өзі қабылдаудың жоғары деңгейі өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылыстың жоқтығымен үйлеседі;

3) Өзін-өзі бекітетін - өзін-өзі қабылдаудың төменгі деңгейі өзін-өзі жетілдіруге деген анық байқалатын ұмтылыспен үйлесімін табады;

4) ішкі кикілжіңді - өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылыстың жоқтығымен үйлесетін өзін төмен қабылдау. Аталған типтердің қысқаша сипаттамасын берейік.

Өзін-өзі танытатын тип басқаларды жоғары қабылдаумен, жүріс-тұрыстың сенімділігімен, икемділігімен, спонтандығымен, сезімталдықпен, басым болуға, басқаларды басып тастауға деген ұмтылыстардың болмауымен, ашықтықпен, өзін-өзі құрметтеумен, жақсы бейімделушілік қабілеттерімен, эмоциялық жайлылықпен ерекшеленеді, бұл мұғалімнің кәсіптік іс-әрекетіне, оның ішінде коммуникативтік құзыреттіліктің дамуына (қатынастағы құзреттілікке) оңды әсерін береді. Аталған типтегі тұлға іс жүзінде мәселелерден кетіп қалуға бейім емес, оның ішкі кикілжіңдік деңгейі төмен.

Өз өзіне жеткілікті тип бейімделгіштіктің, эмоциялық жайлылықтың, сенімділіктің, сезімталдықтың, жүріс-тұрыстың спонтандығының, әңгімелесушіге көзқарастардағы конструктивтіліктің төменірек мәндерімен және ішкі кикілжіңдіктің, мәселеден кетіп қалудыңғ ашықтық пен өзіне құндылығының жоғарырақ көрсеткіштерімен сипатталады. Алайда, С.М.Рогожникованың атап көрсеткеніндей, бұл айырмашылықтар жағдайлардың көпшілігінде бірінші типен салыстырғанда онша елеулі емес. Нәтижесінде осы типтегі педагог бірінші типтегі мұғалімге қарағанда азырақ қолайлы тұлғалық-кәсіптік ерекшеліктерге ие, бірақ үшінші және төртінші типтердің өкіліне қарағанда көбірек қолайлы ерекшеліктерге ие. Сірә,өзін-өзі қабылдау, жалпы алғанда өзіне қанағаттандыруды тудыра отырып, тұлғаның барлық инстанцияларының айтарлықтай жоғары үйлесімділігін қамтамасыз ететін болса керек. Бірақ, өзіміздің есімізде бар екендігіндей (Л.М.Митина бойынша), өзін тану және дамытусыз жақсы бейімделу ақыр нәтижесінде стагнацияға алып келуі мүмкін.

Өзін-өзі бекітетін тип - өз өзін қабылдамау, ішкі кикілжіңдік өзін-өзі жетілдіруге деген ұмтылысты өмірге әкеледі, бірақ ол көпшілік жағдайда өзінің қателері мен мүлт кетулерін түзету, өзінің кемшіліктерімен күресу жолымен жүреді. Өзін-өзі жетілдіру өз бойында тұлғаның белгілі бір қасиеттерін дамыту есебіне қарағанда, көбірек дәрежеде іс-әрекет әдістемесін және технологиясын меңгеру есебінен жүреді.

Ішкі кикілжіңді тип басқа типтермен салыстырғанда, тұлғалық-кәсіптік сипаттамалардың ең қолайсыз үйлесіміне ие. Өзін қабылдамай, мұғалім балаларды да қабылдамайды, педагогикалық өзара әрекеттесу жағдайларында өзін икемсіз ұстайды, жүріс-тұрысы табиғи емес, ол спонтандылыққа ие емес, стереотиптерге тым берілгіш келеді. Қиындықтарды ойланып-толғанбауға тырысып, проблемалардан басын аулақ ұстайды. Эмоциялық жайсыздықты бастан кешіреді, ықтимал әрекеттердің варианттарын есептеп шықпайды, басқаларға сезімтал емес, өзінің жүріс-тұрысында жағдайды басшылыққа алады және ситуативтік міндеттерді шешеді.

Осылайша, дамуға, алға қарай жылжуға деген ұмтылыстың болмауымен үйлесімде, адекватты өзін-өзі қабылдаудың болмауы, өзіне деген жек көрушілік ішкі кикілжіңдерді, өмірге, өзінің еңбегіне, қоршаған адамдарға, бірінше кезекте «нашар», қабілетсіз, педагогқа дұшпандықпен қарайтын ретінде қабылданатын балаларға қанағаттанбаушылықты тудырады, бұл ішкі ашуланғыштықты, кикілжіңдікті сыртқа қарай лақ еткізіп шашуға итермелейді, аса жоғары талап қойғыштықты өмірге әкеледі.

Бейімделгіштіктің төмен көрсеткіштері дәл осындай типтің тәуекел тобын құрайтындығын және стагнация сатысына көшуге дайындығын куәландырады. Келтірілген типология оптималды болып педагогтардағы осында өзін-өзі қабылдау мен өзін-өзі жетілдіру қолайлы үйлесімде тұрған өзін-өзі танытатын тип болып табылатындығын көрсетеді. Алдайда, С.М.Рогожникованың мәліметтері бойынша, мұндай педагогтар тек 25% ғана. Осы сұраққа жауап бізді өзін тану және дамыту кедергілері мәселесіне жақындастыра әкеледі.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1494 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.08 с)...