![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
(А.К. Маркова бойынша)
Мұғалім еңбегінің қырлары | Еңбектің әр қырына арналған психологиялық модуль | |||
Еңбек процесі | Мұғалім еңбегі үшін объективті қажеттілері | Мұғалім еңбегінің психологиялық сипаттамалары | ||
Кәсіптік білімдер | Кәсіптік ептіліктер | Кәсіптік позиция | Кәсіптік психологиялық ерекшеліктер (қасиеттер) | |
1.Мұғалімнің педагогикалық іс-әрекеті | ||||
2.Мұғалімнің педа- гогикалық қатынасы | ||||
3. Мұғалім тұлғасы | ||||
4.Мектеп оқушы- ларын оқыту | ||||
5.Мектеп оқушы- ларының тәрбие- лілігі |
* Интеракция (лат.) — өзара әрекеттесу.
* Аффект (лат.) — жан толқынысы, құштарлық, эмоция.
Кестеден құзыреттіліктің бес компонентінің әрқайсысын кез келген педагогтағы объективті қажетті білімдер мен ептіліктердің өзгешелігін, оның субъективтік және психологиялық ерекшеліктерін талдау арқылы сипаттауға болады. Соңғыларына автор ойлауды, бақылағыштықты, рефлексияны, өзін-өзі бағалауды, мақсат қойғыштықты, тұлғаның бағытталғандығын және т.б. жатқызады. Аталған кестені пайдалана отырып, мұғалім еңбегінің әрбір қырын сипаттап беруге болады. Мысалға, педагогикалық іс-әрекетті жүзеге асыру үшін педагогикалық мақсаттар мен міндеттер, әсер етудің құралдары мен амал-тәсілдері, өз бетімен талдау тәсілдері туралы білімдер; мақсат қоюмен, әсер етудің педагогикалық тәсілдерін қолданумен және т.б. байланысты ептіліктер; кәсіби позиция – пән мұғалімінің, әдіскердің, диагностың позициясы; психологиялық қасиеттер – эрудиция, мақсат қою, педагогикалық айлау қажет. Дәл осылайша мұғалім еңбегінің басқа да құрамдас бөліктері: педагогикалық қатынас, мұғалімнің тұлғасы, оқушылардың оқытылуы мен тәрбиелілігі талданады.
Педагог тұлғасы және оның құзыреттілігі мәселесінің қазіргі психологиядағы қысқаша баяндалуына қорытынды жасаймыз. Осы тараудың тапсырмасы педагогтың өзін-өзі тануы мен өзін тану және дамытуының «нысаны» болып табылатын кейбір қасиеттьерін және тұлғалық сипаттамаларын белгілеуден,айқын көрсетуден тұрады. Педагогикалық еңбектің тиімділігі дәл осы кәсіптік бағытталғандықтың, белсенділіктің, қабілеттердің және т.б. даму деңгейіне байланысты болып келеді, демек, оқу орнында оқыту, тәрбиелеу және осымен байланыстының барлығы үшін қажетті жағдайлар ғана емес, тұлғаның, ең алдымен баланың жағымды қалыптасуына ықпал ететін өзара әрекеттесу атмосферасы да жасалатын болады. Онымен қоса, жүргізілген талдау педагогтың тұлғасының және іс-әрекетінің ең осал нүктелерін анықтауға, әкімшілік, психологиялық қызмет тарапынан қажетті қолдау мен көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Тақырып бойынша тапсырмалар:
1.Педагогтың тұлғасы мен кәсіптік құзыреттілігі туралы сипаттама беріңіз?
2. Педагог тұлғасының аса маңызды құрамдас бөліктерін сипаттаңыз?
3. Құзыреттіліктің компоненттері мен олардың ерекшелігін айтыңыз?
4. Педагогикалық қатынастың негізгі функцияларын сипаттаңыз?
Студенттердің өзіндік жұмыстарына арналған тапсырмалар:
1. Дәстүрлі түрде педагогикалық іс-әрекеттің құрылымына негізгі компоненттерін атаңыз?
2. Психологияда кәсіби құзыреттілікті анықтауға да, оның құрылымын бөліп көрсетуге де әртүрлі тұрғылар бар. Мысал ретінде психолог А.К.Маркованың жете зерделеулерінен мысал келтіріңіздер?
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1116 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!