![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Өзін тану және дамыту мәселелерін талқылау, дербес дамудың әртүрлі сатыларында тұлғаға психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қисыны түрде осы жұмыстың басым бөлігінің педагогикалық ұжымға және нақтылы педагогқа келіп түседі деген қорытындыға алып келеді. Бұрынырақта айтылған барлық сөздердің контекстінен басқаларға тиімді көмек көрсету, өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетіне ықпал ететін атмосфера жасау өзі де өзін-өзі тану және өзін тану және дамыту жолына түскен, өзін-өзі тәрбиелеумен белсенді айналысатын мұғалімнің қолынан ғана келетіндігі түсінікті. Олай болмаған жағдайда оның балаларды ынталандыруы және өзін тану және дамытуы жөніндегі іс-әрекеті өзінің тәжірибесімен бекітілмей, декларативтік сипатқа ие болатын болады.
Ғалымдар педагогта өзінің даму келешегін анықтауға үш мүмкіндігі немесе үш жолы бар екендігін атап көрсетеді: бейімделу жолы, өзін тану және дамыту жолы және стагнация (тұралау, іс-әрекеттің бей-берекет болу, тұлғаның азғындау) жолы. Бейімделу білім беру жүйесінің барлық талаптарына бейімделу, іс-әрекеттің барлық түрлерін игеру, рольдік позицияларды меңгеру мүмкіндігі болып келеді. Өзін тану және дамыту үнемі өзін-өзі жетілдіруге, өзгеруге, ақыр нәтижесінде өзін кәсіпқой ретінде толығымен жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Стагнация мұғалім өзінің дамуында тоқтап қалған, стереотиптерді, ескі багажды пайдалану есебінен өмір сүрген және т.с. кезде туындайды, нәтижесінде кәсіптік белсенділік төмендейді, жаңаны қабылдамаушылық арта түседі және нәтижесі ретінде, тіптен бір кездері талаптар деңгейінде болуға мүмкіндік бергеннін өзі жоғалтылады. Еңбек жолының бүкіл кезеңі бойында тұлғалық-кәсіптік өсу және өзін-өзі жетілдіру – педагогикалық кәсіп туралы айтпай-ақ, кез келген кәсіп өкілдерінің табысты іс-әрекетінің міндетті шарты. Мұнда кез келген іркілісті, белсенділіктің кез келген құлдырауын педагогикалық процеске қатысушылар міндетті түрде байқап қалады, педагогикалық еңбектің нәтижелеріне теріс әсерін тигізеді. Педагогтың кәсіптік өзін тануы және дамытуы мәселелерін талдауға көшу үшін, оның тұлғалық ерекшеліктерінің және кәсіптік құзыреттілігінің сипаттамасына, іс-әрекетінің спецификасына тым болмағанда қысқаша тоқтала кету керек. Қазіргі таңда ғылымда педагог тұлғасының құрылымдық компоненттерін, оның іс-әрекеті мен қатынасын бөліп көрсетуге әр алуан тұрғылар, оның кәсіптік құзыреттілігінің ерекшеліктері мен өзіндік бейнесіне әртүрлі көзқарастар бар. Осы көзқарастарды келтіру және талдау мүмкіндігіне ие бола алмай, солай болса да тәрбиешілердің, мұғалімдердің, оқытушылардың ең маңызды қасиеттері мен сапаларын бөліп көрсетуге, олардың іс-әрекеті мен қатынасын суреттеп беруге тырысып көрелік. Педагог тұлғасының аса маңызды құрамдас бөліктеріне: кәсіптік-педагогикалық бағытталғандық, кәсіптік білімдер мен ептіліктер, кәсіптік педагогикалық бағытталғандық, жады, ойлау және елестету, кәсіптік сана-сезім жатады. Оларға қысқаша сипаттама бере кетелік.
Тұлғаның кәсіптік-педагогикалық бағытталғандығы әдетте осында жетекші маңызға балаларға, іс-әрекетке, өзіне қарау ие бола бастайтын, қатынастардың ерекше түрі ретінде анықталады. Қатынастардың негізгі үш типін сипаттай отырып, кәсіптік-педагогикалық бағытталғандықтың сегіз типін алуға болады, бірақ оптималды ретінде барлық үш компонент: балаларға қарау, заттарға қарау және өзіне қарау көрініс тапқан типті, оптималды емес ретінде – бағытталғандықтың бір де бір типі айтарлықтай дәрежеде көрініс таппаған типті таныған жөн. Кәсіптік-педагогикалық бағытталғандықтың дамуы көптеген факторларға байланысты, олардың ішіндегі аса маңыздылары болып: педагогтың өзінің тұлғалық ерекшеліктері, оның мүдделері, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылысы; басшылық тарапынан педагогикалық іс-әрекетті ұйымдастырудың өзіндік ерекшеліктері (оқу орнының әкімшілігі нақтылы педагогтың іс-әрекетке, өзіне және балаларға қатынастарының оптималды жүйесі үшін қандай жағдай жасап жатқандығы), ұжымдағы: әкімшілікпен, әріптестермен, ата-аналармен, балалармен өзара әрекеттесудің ерекшеліктері табылады. Өзінің кәсіптік-педагогикалық бағытталғандығын, оның әлсіз және мықты жақтарын білу өзін-өзі тәрбиелеудің перспективалы бағыттарын анықтау шарты ретінде көрініс табады: бұл оқыту әдістемесін жетілдіру, балаларға көзқарасты өзгерту (мысалға, шыдамдылыққа қабілеттілікті жасап шығару, өз сенімділігін, өз өзін қабылдауды арттыру және т.с.) болуы мүмкін.
Осылайша, кәсіптік-педагогикалық бағытталғандық педагог тұлғасының «векторын» белгілегендей болады, оның кәсіптік іс-әрекет мотивациясын аккумуляциялайды.
Кәсіби белсенділік педагогтың өз іс-әрекетінің аясын үнемі кеңейтуге, нормативтердің шеңберінен шығып кетуге ұмтылысымен сипатталады, бұл сабақ берудің, туындаған міндеттерді стереотипті емес шешудің жаңа түрлерін, әдістерін және амал-тәсілдерін, үнемі іздестіруден, өзінің әкімшілікпен, әріптестерімен, ата-аналармен, оқушылармен қарым-қатынастарын жетілдіругі қабілеттілігінен, өз жұмысының рефлексиясы негізінде үнемі талдаудан, ақырында, өзін-өзі тәрбиелеудің барлық амалдары мен құралдарын пайдалана отырып, өзін тану және дамытумен айналысуға ұмтылуынан көрініс табады. Қарастырылып отырған мәселелердің контекстінде дәл осы кәсіби белсенділік өзін тану және дамытудың маңызды шарты болып табылады. Мотивацияның жоғары деңгейін ойластыратын осы белсенділіктен тысқары жерле педагогтың дамуы ең жақсы жағдайында адаптивтік тип бойынша жүзеге асырылатын болады, нашар жағдайында – стагнация болмай қоймайды.
Кәсіптік білмдер мен ептіліктер кәсіби даярлықтың мазмұнын құрайды. Білімдер мен ептіліктерге ие болмай, педагог өзінің міндеттерін мүлдее жүзеге асыра алмас еді. Кәсіби білімдер алуан түрлі: бұл - өз пәнін жақсы білу, педагогика, психология салаларындағы, басқалармен қатынас құру сферасындағы білімдер және өзінің кәсіби мүмкіндіктерін білу. Арнайы ептіліктер туралы да дәл осыны айтуға болады. Мұнда: болжамдық, талдамалық, жобалаушылық, рефлексивтік, мобилизациялық, дамытушы, бағдарлаушы, коммуникативтік, перцептивтік (перцепция – бұл қабылдау) және басқа да ептіліктер жатады. Білімдерге ие болу құзыреттілік деңгейін көбіне көп анықтайтын кәсіпқойдың багажын құрайды, оларсыз іс-әрекет жетілдіру және өзін тану және дамыту туралы барлық әңгімелер мәнінен айырылады, құрғақ сөз болып қалады.
Педагогикалық қабілеттіліктер әр педагог, бірақ әртүрлі шамада ие болатын тұлғалық потенциалды сипаттайды. Дәл осы педагогикалық қабілеттіліктер және оларды өз бойынан табу педагог болып шығуға деген тиісті кәсіптік пиғылдарды, педагогикалық іс-әрекетпен айналысуға бейімділікті, педагогикалық еңбектің тиімділігін қалыптастырады. Өз қабілеттерін білу, олардың ең көрініс тапқандарын пайдалану, оларды кәсіптік іс-әрекет барысында дамыту табысты таңдау жасау үшін негіз және одан арғы өзін-өзі жетілдіру жолдарын анықтау үшін база болып табылады.
Ең маңызды қабілеттіліктерді тізіп көрсетейік және суреттеп берейіе:
академиялық – ғылым салаларына: математикаға, физикаға, әдебиетке, шет тіліне және т.с. сәйкес келеді; олар мұғалімнің ғылымға аса жоғары қызығушылығынан көрініс табады (ол жаңалық ашылуларды қадағалап отырады, мүмкіндігінше өз саласында зерттеу жұмыстарын жүргізеді):
дидактикалық – жауап белсенділікті тудыра отырып, оқушыларға оқу материалын қол жетерліктей, түсінікті, қызықты етіп беру; нәтижесі осындай мұғалімде оқитын оқушылар көрсететін жоғары нәтижелер болып табылады;
перцептивтік – балалардың ішкі әлеміне ену, баланың тұлғасын және оның күйлерін түсінумен байланысты психологиялық бақылағыштық;
коммуникативтік – балалармен өнімді қатынас жасау, оларға дұрыс тұрғыны таба, сенімді өзара қарым-қатынас орната білу;
тілдік – оларды эмоциялық экспрессиямен қанықтыра отырып, өз ойларын анық, дәл және бірізді баяндай білу, тіл мәдениетін меңгеру; оқушылар ұжымын топтастыру, оны әртүрлі міндеттерді шешуге жұмылдыру, сонымен қатар өз жұмысын ұйымдастыруға, қандай да бір істерді орындауға уақытты дұрыс бөлуге қабілеттілік;
жобалаушылық - өзінің де, оқушылардың да іс-әрекетін жобалай білумен, материалды және сабақ сценарийін баяндаудың, сыныптан тыс шаларардың және т.с. бірізділігін тұрғыза білумен байланысты;
авторитарлық – балаларға тікелей эмоциялық-еріктік әсер ету, осының негізінде оларда шын мәніндегі беделге қол жеткізе білу;
педагогикалық елестету - өз іс-әрекеттерінің де, басқалардың іс-әрекеттерінің де нәтижелерін күні бұрын біле білуден, енді сана деңгейінде қажетті түзетулер енгізе білуден көрініс табатын, қабілеттіліктердің арнайы тобы;
зейінді бөлу – бір уақытта іс-әрекеттің әртүрлі түрлерімен айналыса алу: сабақ жүргізе, барлық оқушыларды көре, одан арғы оқиғалардың барысын болжай білу және т.с.
Тізіп көрестілген қабілеттіліктер педагогтың білімдерінің, ептіліктерінің және қабілеттіліктерінің бүкіл толықтығын ашып көрсетпейді, бірақ тым болмағанда, ықтимал өзін тану және дамытудың аясын анықтай отырып, олар туралы түсінік береді.
Педагогикалық жады, ойлау және елестету. Педагогикалық іс-әрекетпен айналысу мұғалімнің психикалық процестеріне (оның ниеттеріне тәуелсіз) белгілі бір бағытталғандық береді және оларды кәсіпқой етеді, осында кәсіпқойдың тұлғасына өз талаптары қойылатын дәрігердің, инженердің, жұмысшының міндеттерінен өзгеше арнайы міндеттерді шешеді. Егер, мысалға, дәрігердің жадысы симптомдармен, белгілермен, аурулармен, рецепттермен «толы» болса, педагогтың жады – оқу пәндерінің мазмұнымен, қарым-қатынас орнатудың әртүрлі тәсілдерімен, технологияларымен және т.б. толы. Адамдар арасындағы ода да көп айырмашылықтар ойлау және елестету саласында байқалады. Әр іс-әрекеттің өзінің арнайы мәселелері бар және оған жалпы алғанда ойлауға тән дәл сол түрлер мен операциялар енгізілгенімен, олар арнайы мазмұнның әсерімен айтарлықтай трансформацияланады. Оқушылар арасындағы кикілжіңді шешуді жобалауы немесе тергеушінің тергеу техникасын құру жөніндегі міндетті шешумен бірдей еместігіне келісерсіз.
Мысалға, екі адамның объективті бірдей ойлау қабілеттері әртүрлі кәсіби мүлдем салаларда әртүрлі көрініс табады және адамның осы салаға қосылғандығының деңгейімен, мотивациямен, осындай тәріздес міндеттер түрін шешудің қолда бар тәжірибесімен байланысты болып келеді. Елестету туралы да дләл осыны айтуға болады. Педагог үшін дамыған елестету жобалау іс-әрекетін жүзеге асыруға, өзінің және бөтен адамдардың әрекеттерінің зардаптарын, нәтижелерін алдын ала көре білуге, жұмысқа түзетулерді алдын ала енгізуге мүмкіндік береді.
Кәсіби сана-сезім – бұл қандай да бір ерекше түр емес, дәл сол сана-сезімнің өзі, бірақ оның «нысаны» болып жалпы алғанда тұлға емес, кәсіби маңызы бар тұлғалық сипаттамалар мен ерекшеліктер табылады. Ол өзіне кәсіби өзін-өзі реттеу мен кәсіби өзін-өзі бақылаудың ерекшеліктеріне себепкер болатын, маман ретіндегі өзі туралы білімдерді, өзіне маман ретінде эмоциялық-құндылық көзқарасты қосады. Одан арғы жерде біз осы мәселелерге толығырақ тоқталатын болатындықтан, бұл жерде біз келтірілген сипаттамамен шектелеміз.
Сонымен, педагог тұлғасының негізгі құрылымдық компоненттерін қысқаша суреттеп шығып, олардың бір біріне қатар орын алып жатпағандығын, педагогтың тұлғасына табиғи түрде «қоса өрілетіндігін», оның дербестігін түзетінін және іс-әрекет пен қарым-қатынаста тікелей көрініс табатындығын атай кеткеніміз жөн.
Дәстүрлі түрде педагогикалық іс-әрекеттің құрылымына келесі компоненттерді енгізеді:
• конструктивтік - өз іс-әрекетінің және білім беру процесінің басқа да субъектілерінің іс-әрекетінің мазмұнын, түрін, әдістерін жобалаумен байланысты болып келеді;
• коммуникативтік – педагогтың балалармен қарым-қатынас орната білуімен, қатынас жасауға қабілеттігімен байланысты;
• шығармашылық – педагогтың сан алуан педагогикалық міндеттерді жаңаша қоюға және шешуге, өз айналысқан істердің барлығына өзінің жеке пікірін енгізуге қабілеттілігі.
Процессуалдық тұрғыдан алғанда педагогикалық іс-әрекет өзіне: педагогикалық мақсаттар мен міндеттер қоюды; оларды шешудің тәсілдері мен құралдарын таңдауды; өзінің іс-әрекеттерін де, оқушылардың әрекеттерін де, алынған нәтижелерді талдау мен бағалауды қосады, осының негізінде барлық компоненттерге қажетті түзетулер енгізіледі. Көптеген психологтар педагог еңбегінің дербес саласы ретінде қатынасты бөліп көрсетеді (оның құрылымы мен функцияларын бөліп алу әрекеттері жасалуда). Мсысалға, отандық психолог Л.М. Митина педагогикалық қатынастың келесідей негізгі функцияларын суреттеп, баяндайды:
• ақпараттық – мұғалім мен оқушылар арасында танымдық және эмоциялық-бағалау сипатындағы ақпарат алмасу:
• әлеуметтік-перцептивтік – педагог пен оқушыларға бірін бірі қабылдауға, эмпатия (жану ашу, бірлесе қайғыру) негізінде өзара түсіністік пен өзара қабылдаудың қандай да бір деңгейін белгілеуге мүмкіндік береді; • өзін-өзі презентациялау (өзін басқаларға өз бетімен көрсету) – педагогикалық үрдістің барлық қатысушыларына өзін-өзі көрсетуде көмектеседі;
• интерактивті – бейнелерді, идеяларды, әрекеттерді, дағдыларды, тәжірибені алмасу;
• аффективті – эмоциялық ынталандырудан, «бәсеңсуден», жеңілдеуден, психологиялық жайлылықты сезінуден және т.б. тұрады.
Тұлғаның, іс-әрекеттің және қатынастың тығыз байланысты екендігін және жеке-жеке бола алмайтындығын атай кетуіміз керек. Іс-әрекет пен қатынастың спецификасы тұлғалық ерекшеліктерге байланысты болып келеді; өз кезегінде, қатынас пен іс-әрекет тұлғаның кәсіптік дамуы үшін негіз болып табылады.
Кәсіптік саладағы іс-әрекет пен қатынастың табыстылығына себепкер болатын, тұлғалық қасиеттердің, ерекшеліктердің ең қолайлы үйлесімі ақыр нәтижесінде кәсіпқойдың интегралды сипаттамасын – оның құзыреттілігін өмірге әкеледі. Психологияда кәсіби құзыреттілікті анықтауға да, оның құрылымын бөліп көрсетуге де әртүрлі тұрғылар бар. Мысал ретінде психолог А.К.Маркованың жете зерделеулерін келтірейік.
Сонымен, А.К. Маркова бойынша кәсіби құзыреттілік – бұл мұғалімнің осында айтарлықтай жоғары деңгейде педагогикалық қатынас, педагогикалық іс-әрекет іске асырылатын, мұғалімнің тұлғасы жүзеге асырылатын, осында мектеп оқушыларын оықту мен тәрбиелеуде жақсы нәтижелерге қол жеткізілетін еңбегі. Осылайша, құзыреттіліктің құрылымында мұғалімнің тұлғасы, педагогикалық іс-әрекет, педагогикалық қатынас жәнен педагог еңбегінің нәтижелілігін сипаттайтын екі құрамдас бөлік – оқушылардың оқығандығы мен тәрбиелілігі бөліп көрсетіледі. Мұғалім еңбегінің қырларының әрқайсысында келесі құрамдас бөліктер мүшеленеді:
1) кәсіби (объективті қажет) психологиялық және педагогикалық білімдер;
2) кәсіби (объективті қажет) педагогикалық ептіліктер;
3) одан кәсібі қажет ететін, мұғалімнің кәсіби психологиялық позициялары, нұсқаулары, мақсаттары;
4) мұғалімнің кәсіптік білімдер мен ептіліктерді меңгеру деңгейін қажет ететін тұлғалық ерекшеліктері. Білімдер мен ептіліктер – бұл мұғалім еңбегінің объективті сипаттамалары, ал позициялар мен тұлғалық ерекшеліктер – оның кәсіптің талаптарына сәйкестігі үшін қажетті субъективтік сипаттамалар екендігі атап өтіледі.
Қандай да бір құрамдас бөліктердің ара қатынасын автор педагог қызметінің кәсіптік құзыреттіліктің блоктарының әрқайсысында есептеп шығарылуы мүмкін «психологиялық модулі» деп атайды (2- кесте).
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 5285 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!