Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Айқын емес жүйені шығару редакторы FIS



Айқын емес жүйені шығару (2.1-сурет) редакторы FIS (немесе қысқаша- FIS редакторы) графикалық режимде айқын емес жүйені құру мен редактілеу үшін қолданылатын ең негізгі құрал болып келеді. FIS редакторы fuzzy функциясын енгізу арқылы немесе командалар терезесіне fuzzy ('fismat') енгізу арқылы ашылады. Бұл функция арқылы пайдаланушы айқын емес жүйені шығарудың қасиетін (оларға кіріс және шығыс айнымалылары, айқын емес жүйенің түрі, дефаззификация тәсілі және т.б.) жоғары дәрежеде редактілеу және беру мүмкіндігіне ие.

2.1.сурет. FIS редакторының графикалық интерфейсі, fuzzy функциясы арқылы шақырылады.

Егер fuzzy функциясы аргументтерсіз шақырылатын болса, онда FIS редакторы жаңадан құрылатын айқын емес жүйені шығару жүйесі Untitled өзіндік атпен шығады(2.1 сурет). Бұдан басқа өзіндік атпен бір қатар параметрмер: айқын емес жүйенің түрі(Мамдани), айқын емес логикалық амалдар, импликация тәсілдері, агрегирирлеу мен дефаззификациялау және басқа түрлері беріледі. Қолданушы осы параметрлермен келісуі немесе өзгертуі болады.

Егер fuzzy функциясы аргументпен fuzzy ('fismat') бірге шақырылса, мұндағы fismat- айқын емес жүйемен өңделген fis кеңейілтуіндегі сыртқы файл аты, онда редактор fismat атты fis жүйесімен жүктеледі(2.2. сурет).

FIS редакторы айқын емес жүйені қарау бағдарламалары мен редакторлардың барлығын шақыруға мүмкіндік беретін графикалық интерфейспен жабдықталған. Бұл редактордың графикалық интефейсі айқын емес жүйенің бөлек компоненттерімен интерактивті жұмыс жасауға мүмкіндік беретін өте ыңғайлы және икемді болып келеді.

2.2 сурет. FIS редакторының графикалық интерфейсі, fuzzy ('tipper') функциясы арқылы шақырылады.

FIS редакторының жоғарғы жұмыс аумағында айқын емес жүйені шығаруды визуалды кіріс және шығыс түрде көрсететін диаграмма орналасады, оның ортаңғы жағында айқын емес ережелер процессоры орналасады. Кіріс немесе шығысын көрсететін тікбұрышты сырт еткізгенде лайықты айнымалыны белгілеп оны ағымдағы айнымалы қылады. Тікбұрыш бұл кезде қызыл түске боялады.

Кіріс немесе шығыс айнымалыларды бейнелейтін тікбұрышқа екі рет сырт еткізгенде лайықты айнымалымен жүктелген меншіктеу функция редакторы шақырылады. Айқын емес ережелер процессорына екі рет сырт еткізгенде сәйкес айқын емес жүйені шығарудың ережелер редакторы шақырылады. Айқын емес жүйені шығару жүйесінде кейбір айнымалылар егер шығару ережелерінде қолданылмаса, онда айқын емес жүйенің процессоры арқылы ол тура емес үздік сызықпен бейнеленеді.

FIS редакторы пайдаланушыға айқын емес жүйені шығарудың FIS жүйесінің графикалық құралдарын шақыруға, сыртқы файлдарда FIS құрылысын жүктеу және сақтау және т.б. мүмкіндігін береді. FIS редакторының меню пунктерінің міндетін қарастырайық.

FIS редакторының File (Файл) меню пункті келесі бағдарламаларды орындайды:

New FIS...- жаңа айқын емес жүйенің берілетін түрін таңдау мүмкіндігін береді:

Mamdani - түрі Мамдани немесе Sugeno — түрі Сугено. Бұл кезде берілген айқын емес жүйе не кіріс не шығыс айнымалылары болмайды, ал аты болса өздігіне Unfilled болады;

Import - FIS редакторына келесі тәсілдерінің бірімен айқын емес жүйені шығаруды жүктеуге мүмкіндік береді:

From Workspace...- MATLAB жүйесінің жұмыс жасау аумағынан, From Disk... – сыртқы файлдан. Соңғы тәсілде сыртқы дискіден файл ашу стандартты терезесі ашылады;

Export – келесі тәсілдердің бірімен айқын емес жүйені сақтауға мүмкіндік береді: То Workspace...- MATLAB жүйесінің жұмыс жасау аумағына немесе То Disk...- сыртқы файлға. Соңғы тәсілде файлды дискіге сақтау стандартты диалогты терезе.

Print – айқын емес жүйені шығарудың редактіленген жүйесін принтерда шығаруға мүмкіндік береді. Бұл кезде стандартты принтердің қасиеттерін басқару диалогты терезесі ашылады;

Close – FIS редакторын жабады, бұл кезде айқын емес жүйені сақтау немесе одан бас тартуға мүмкіндік беретін терезе ашылады;

Edit (Редактілеу) меню пункінің бамалдары:

Undo – соңғы орындалған әрекетті болдырмау;

Add Variable... – келесі түрдегі айқын емес жүйенің айнымалыларын қосуға мүмкіндік береді: Input – кіріс айнымалы немесе Output – шығыс айнымалы;

Remove Selected Variable – редактіленіп жатқан айнымалыны жоюға мүмкіндік береді;

Membership Functions... -меншіктеу функциясы редакторын шақырады;

Rules -айқын емес жүйені шығарудың ережелерін редакторын шақырады;

View (түрі) меню пункінің амалдары:

Rules -айқын емес жүйені шығарудың ережелерін қарау бағдарламасын шақырады;

Surface -айқын емес жүйені шығарудың үстінен қарау бағдарламасы.

FIS редакторының жұмыс жасау аумағының төменгі сол жағында 5 көтерілу менюі бар:

And method (Логикалық конъюкция тәсілі) – айқын емес ережелер шарттарына логикалық конъюкцияның келесі бір тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді:

min – минималды мән тәсілі;

prod – алгебралық туынды тәсілі;

Custom – пайдаланушымен айқынталатын тәсіл.

Or method (Логикалық дизъюнкция тәсілі)- айқын емес ережелер шарттарына логикалық дизъюнкцияның келесі бір тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді:

max- максималды мән тәсілі;

probor – алгебралық қосынды тәсілі;

Custom- пайдаланушымен айқынталатын тәсіл.

Implication method (қорытындыны шығару тәсілі)- айқын емес ережелер әрқайсысының логикалық қорытындылуға (активизациялау) келесі бір тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді:

min – минималды мән тәсілі;

prod- алгебралық туынды тәсілі;

Custom -пайдаланушымен айқынталатын тәсіл. Бұл меню Сугено түрдегі айқын емес жүйені шығару үшін қолданылмайды.

Aggregation method ( Агрегигаттау тәсілі) – Айқын емес ережелерде құрастырылған функцияларды агрегаттау үшін келесі бір тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді:

max - максималды мән тәсілі;

sum – шек суммасының тәсілі;

• probor – алгебралық сумма тәсілі.

• Custom - пайдаланушымен айқынталатын тәсіл. Бұл меню Сугено түрдегі айқын емес жүйені шығару үшін қолданылмайды.

Defuzzification method (Дефаззификациялау тәсілі) - Айқын емес Мамдани типті ережелерде құрастырылған айнымалаларды дефаззификациялау үшін келесі бір тәсілдерін қолдануға мүмкіндік береді:

centroid - тиiстiлiк функциясының мәндерiнiң дискреттік жиыны үшiн ауырлық центрiнiң әдiсi;

• bisector – ауданның тартылу тәсілі;

mom (middle of maximum) –орташа максимумдар тәсілі;

• som (smallest of maximum) - ең кiшi (сол) модалдi мәннiң әдiсi;;

• lorn (largest of maximum) - ең үлкен (оң) модалдi мәннiң әдiсi;

• Custom пайдаланушымен айқынталатын тәсіл. Бұл меню Сугено түрдегі айқын емес жүйені шығару үшін қолданылмайды.

• wtaver (weighted average) - орта салмақтымен әдiс;

• wtsum (weighted sum) - ойлап-пiшiлген соманың әдiсi;

Төменгi оң бұрышында (Help) MATLABтың кiрiстiрiлген анықтама жүйесiнiң шақыруы батырмасы және (Close) FISдiң редакторды жабуға арналған батырмалар орналасқан.





Дата публикования: 2015-02-20; Прочитано: 872 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...