![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Ережелер редакторы ruleedit (‘a’) немесе ruleedit (a) функциясын енгізу арқыл ашылады. Ережелер редакторы 2.4 суретте көрсетілген.
2.4 сурет ruleedit ('tipper') функциясын шақыратын
ережелер редакторы
ruleedit (‘a’) форматында жазылған бұл функция, қолданушыға a.fis атымен сақталған файлдарды талдап, өзгертуге мүмкіндік береді. Бұл функция тағы да ережелерге граматикалық талдау жасауға мүмкіндік береді.
Ережелер жасайтын редакторыд қолдану үшін, алдын ала кіру мен шығу айнымалыларын айқынтау керек. Ол үшін илік функциясының редакторын немесе FIS редакторын қолдануға болады.
ruleedit ('tipper') функциясының нәтижесі 2.4 суретте көрсетілген.
ruleedit (а) форматындағы функция MATLAB кеңістігінің айналысына ережелер редакторын шақырады.
2.5 сурет. ruleview ('tipper') функциясын шақырған ереже
көру бағдарламасы
Ережелер редакторының басты мәзірі болады. Оның көмегімен қолданушы сыртқы файлдардың FIS құрылысын сақтай алады.
o Ережелер редакторының File (Файл) пункті, FISредактоының мәзіріндегі пунктермен бірдей.
o Edit (Өзгерту) келесі амалдардан тұрады:
· Undo – cоңғы іс - әрекетті кері қайтару;
· FIS Properties – FIS редакторын шақырады;
· Membership Functions… - Меншіктік функциясының редакторын шақырады.
o View пункт менюі келесі амалдардан тұрады:
· Rules – Меншіктік функциясының редакторының ережелерін шақырады.
· Surface - сырттай көру бағдарламасын шақырады
Options (Сервис) келесі амалдардан тұрады:
· Language – текст форматындаережелер жазу үшін тіл таңдауға мүмкіндік береді: Engish (Ағылшын), Deutsch (неміс), Francais (француз).
· Format – ережелер жазу үшін формат таңдауға мүмкіндік береді:
Verbose (текст форматында), Symbolic (симвал форматында), Indexed (сандық форматында).
Аяқталған сөйлемдерді текст формасында жазу үшін “if”,”then”, “is”, “AND”, “OR” қызметтік сөздер қолданылады. Ал символдық формасында жазу үшін бұл қызметтік сөздер орнына символдар қолданылады. Мысалы,
“if (A is A) and (B is B) then (C is C)” ережесі былай түрленеді: “(A= = A)& (B= = B) = (C= = C)”
Графикалық интерфейстің орта жағындағы енгізу жолы жаңа ережелерді енгізуге мүмкіндік береді. Ол үшін керекті айнымалының терм атын аламыз. Егер терм ережеге кірмесе, онда ол үшін “none “ мәнін алу керек. Егер ереженің шартында логикалық жоқ қолданылса, онда ол термді “not” деген жалаушамен белгілеу керек.
Ереже редакторында логикалық байланыстар да бар:
(Connection, Weight). Графикалық интерфейстің төмен жағындағы батырмалар терезедегі ережені өшіруге (Delete rule), жасалған ережені жүйеге енгізуге (add rule) және ережені өзгертуге (change rule) мүмкіндік береді. Төменгі жақтағы оң жақ бұрышта MATLAB (Help) айқынтамасын шақыратын және редакторды жабатын (close) батырмалары орналасқан.
Дата публикования: 2015-02-20; Прочитано: 487 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!