Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Меншіктік функцияның редакторы



Меншіктік функцияның редакторын меншіктік функцияның редакторлау үшін қолданылады. Меншіктік функцияның редакторы mfedit функциясын енгізу арқылы, сонымен қатар mfedit (‘a’), mfedit (а) және басты мәзірдегі FIS редакторы арқылы аша аламыз.

mfedit (а) форматындағы функция MATLAB кеңістігінің айнымалысымен жұмыс жасайды. әр меншіктік функциясының атын, типін және параметрлерін өзгертуге болады. Редактор қолданушыға 11 енгізілген функцияны таңдаудан басқа, өзіне де меншіктік функциясын енгізуге мүмкіндік береді.

mfedit (‘tipper) функциясының көмегімен шақырылған меншіктік функцияның редакторының нәтижесі 2.3 суретінде көрсетілген.

2.3 сурет mfedit (' tipper') функциясын шақыратын меншіктік функцияның редакторы

Меншіктік функцияның графиктерін көру үшін графикалық редакторының интерфейсінің сол жақтағы FIS Variable айнымалысын таңдау керек. Керекті меншіктік функцияны таңдау үшін соның өзіне басамыз.

Меншіктік функцияның редакторы бағдарламаның басты мәзірін басқарады.

Меншіктік функцияның редакторы мәзірінің File (Файл) пункті, FIS редакторының мәзірінің пунктерімен бірдей.

Ал мәзірдің Edit (өзгерту) пункті келесі бағдарламалардан құралыды:

· Undo – cоңғы іс - әрекетті кері қайтару;

· add MF… - таңдалған айнымалыға қосымша функция енгізеді;

· add Custom MF – жеке айнымалыға қолданушының меншіктік функцияны қосады;

· Remove current MF – жеке меншіктік функцияны жоюға мүмкіндік береді.

· Remove All MFs – жеке айнымалының барлық меншіктік функцияны жоюға мүмкіндік береді.

· FIS Properties – FIS редакторын шақырады;

· Rules – Меншіктік функция редакторының ережелерін шақырады.

· Surface - сырттай көру бағдарламасын шақырады.

View пункт менюі келесі бағдарламалардан тұрады:

· Rules –Меншіктік функцияның редактор ережелерін көру бағдарламасын шақырады.

· Surface - сырттай көру бағдарламасын шақырады.

Меншіктік функцияның ашылатын тізбегі енгізілген 11меншіктік функцияның біреуін таңдауға мүмкіндік береді. Енгізу алақында, термдердің атын Name, параметрлерін Params деп өзгертуге болады.

Меншіктік функцияның түрін тышқан арқылы да өзгертуге болады. Ол үшін графикте өзгертілетін меншіктік функцияны таңдаймыз. Ол қызыл түсті болып тұрады, сосын тышқанның сол жақ батырмасын жібермей қалаған жаққа ауыстырамыз. Осы кезде Меншіктік функциясына сай график те, параметрлер де өзгереді. Бұл мүмкіндікті байқап қолдану керек, өйткені нәтижесіндегі өзгерістерді қайта өзгерте алмаймыз. Төменгі оң жақ бұрышта MATLAB жүйесінің айқындамасы (Help) және меншіктік функцияның редакторын (Close) жабу батырмасы орналасқан.





Дата публикования: 2015-02-20; Прочитано: 521 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.005 с)...