Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Айқын емес жүйенің беткі бөлігін бақылау бағдарламасы



Айқын емес жүйенің беткі бөлігін бақылау бағдарламасы айқын емес шешім жүйесінің беткі бөлігін бақылауға және кіріс айнымалыларынан жеке шығыс айнымалыларынын графиктерін визуалды бейнесін көрсетеді. Бағдарламаның графикалық интерфейсін қарау ережелерін басты менюдегі FIS редакторымен команда терезелеріндегі surf view ('а’) немесе surf view (а) функцияларын енгізу арқылы көруге болады (меню командасы View>Surface немесе <CtrI>+<6> батырмалары көмегімен).

Surf view (' а') форматында жазылған функция, кез келген бір немесе екі оның шығыс айнымалылары үшін a.fis атымен сыртқы файлда сақталған, FIS құрылымы үшін айқын емес шешімінің беткі бөлігін көрсететін беткі бөлігін қарау бағдарламасын шақырады. surf view (' а') форматындағы функция, FIS құрылымына сәйкес атымен MATLAB жұмыс алаңындағы айнымалы үшін беткі бөлігін қарау бағдарламасын шақырады. Беткі бөлігін қарау бағдарламасының графикалық интерфейсі 2.6-суретте көрсетілген.

Орытындының беткі бөлігін қарау бағдарламасы қолданушыға FIS айқын емес қорытынды жүйесімен жұмыс үшін басқа графикалық әдістер шақыра алатын, жүктейтін және FIS құрылымын сыртқы файлдарда сақтайтын және т.б. басты меню болады.

Ережелер көрсету бағдарламасының басты мәзірі бар.

o File (файл) пунктінің амалдары FIS редакторының барлық амалдарымен бірдей.

o Edit (өзгерту) пункті келесі амалдардан тұрады:

· Undo – соңғы іс-әрекетті жояды

· Fis Properties - FIS редакторын шақырады

· Member ship Functions - Меншіктік функциясының редакторын шақырады

· Rules - ережелерді өзгерту бағдарламасын шақырады

2.6- сурет. surfview (' tipper') функциясымен шақырылатын шығыстың беткі бөлігін қарау бағдарламасы

Пункт меню View (Түр) меню бөлігі келесі амалдардан тұрады:

· Rules - ережелерді өзгерту бағдарламасын шақырады

Пункт менюсі Options (Сервис) меню бөлігі келесі амалдардан тұрады:

Plot — қорытынды беткі бөлік графигінің 8 түрінің бірін таңдауға көмектеседі;

Color Map — қорытынды беткі бөлік график суретінің 4 түстің біреуін таңдауға көмектеседі;

Always evaluate — менюге енгізілген осы пунктің белгіленуі, беткі бөлік графигінің түріне әсер ететін айқын емес қорытынды жүйесіне өзгертулер енгізген кезде, автоматты түрде жаңа беткі бөлік формаланады (график сеткасының нүкте сандарының өзгеруі сияқты).

Бұл мән үнсіз қабылданған. Оны жою үшін менюдегі осы позицияны басу арқылы, осы бөлімдегі белгіні алып тастау қажет. Қортындының беткі бөлігін қарау бағдарламасы айқын емес жүйесіне өзгертулер енгізуге және оған сәйкес FIS құрылымына рұқсат берілмейді.

Бағдарламаның басты менюін қолдана отырып, қолданушы кіріс айнымылыларын және оларға сәйкес жүйенің горизонталды осьін (X және Y), сонымен қатар (Z) координат жүйесінің вертикальді осьіне сәйкес шығыс айнымалыларын таңдай алады. Тышқанның сол жақ батырмасын график осьінің беткі бөлігінде ұстау арқылы қортындының беткі бөлігін бақылау бұрышын өзгертуге болады. Егер екіден көп кіріс айнымалысы бар айқын емес жүйе қорытынды жүйесін қарастырса, онда визуаланбаған шығыс айнымалысы үшін кейбір тұрақты мәндерді (константалар) беру керек. Осы бөлімде Fuzzy Logic Toolbox пакеті қарастырылған арнайы амалдардан және айқын емес әдістер сипатталады, осының көмегімен қолданушы айқын емес қорытындыны графикалық режимде жүйенің анализін орындай алады.





Дата публикования: 2015-02-20; Прочитано: 565 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...