Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Matlab жүйесінің графикалық мүмкіндіктері



MatLab жүйесінің ыңғайлы, икемді және күшті визуалды құралы және 3-өлшемді кеңістікте әртүрлі сызықтық, жазықтықтық және диаграммалық математикалық нысанадарды график түрде бейнелеу мүмкіндігі бар. Бұл кезде әр түрлі координаттар жүйесі, шығарылатын суреттер көркемдігін қамтамасыз ететін кескінді түрлі тәсілдер арқылы бейнелеу қолданылады. Алынған функционалды байланысқан графиктерді көптеген танымал графикалық форматтарға экспорттауға болады. MatLab жүйесінің графикалық құралдарын егжей-тегжейлі қарастыру, сонымен бірге анимацияны, дескрипторлы графиктік нысаналарды және Images пакеттік кеңейтілуіндегі өзіндік графиктік редакторды қарастыру мүмкін емес, себебі бұған бөлек документтер томдары арналған.

MatLab жүйесінде есептерді шығарған кезде оның көрнекілігін қамтамасыз ететін мүмкіндіктер тізімі: Графиктердегі түзуді нүктелермен немесе кесінділермен бейнелеу арқылы көрсету.

● Логарифмдік немесе жартылай логарифмдік масштабтағы графиктер

● Гистограммалар немесе диаграммалар

● Арнайы түрдегі графиктер

● Үш өлшемді графиктер үшін массивті мәліметтер құру

● Үш өлшемді жазықтық, қима және пішінді графиктерді құрастыру

● Фигуралардың сәулелендіру мен пішіндеуін басқару құралы

● Графиктерді көркемдеу құралы

● Бірнеше графиктерді бір уақытта шығару

● Түстік палитрасын басқару

● Үш өлшемді жазықтықтарды бояу

● Екі өлшемді немесе үш өлшемді графикалық нысаналар





Дата публикования: 2015-02-20; Прочитано: 963 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...