Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Командалар терезесіндегі негізгі жұмыс жасау түрлері



Жоғарыда аталып кеткендегідей, командалар терезесі (1,3-сурет) командалар мен функцияларды қажетті аргументтермен бірге енгізу, бөлек айнымалылар мәндерін енгізу және орындалған есептеулер қорытындыларын көрсету үшін қолданылады.

Бұл кезде келесі негізгі жұмыс жасау шарттары қолданылады. Командаларды енгізу сәйкес келетін символдарды белсенді командалар терезесіндегі >>- шақыру символынан кейін енгізу арқылы жүргізіледі. Команданы іске асыру оны енгізіп болғаннан кейін <Enter> пернесін басу арқылы жүргізіледі. Осылайша айнымалылар бөлек мәндері де енгізіледі, бұл кезде айнымалыдан кейін теңдік белгісін қою керек “=”, бұл MatLab-та меншіктеу ролін білдіреді.

Айта кететін жай, жоғарғы және төменгі регистрлерінің символдары MatLab жүйесімен әртүрлі болып танылады. MatLab жүйесінде еркін амалдар символдарын енгізгенде жүйе жұмыс аумағының айнымалылар символдарымен салыстырады. Егер жұмыс аумағында бұндай атты айнымалылар жоқ болса, онда MatLab жүйесі берілген символдарды өзінің ішкі функцияларының аттарымен салыстырады. Егер сондай атты функция жоқ болса, командалар терезесіне қате туралы хабарлама шығады.

Егер команда аты немесе мәні ұзақ болса, онда енгізуді жалғастыру символдарын -... енгізу үшін қолдану қажет. Бұл кезде жаңа жолда енгізілген символдар алдағы жолдағы символдар жалғасы деп саналады. Егер команда атын енгізгеннен кейін немесе айнымалы мәнін енгізгеннен кейін “;-(нүктелі үтір)” символы қойылса, онда бұл қоманданы орындағаннан кейін командалар терезесінде оның қорытындысы көрсетілмейді. Кері жағдайда (командаларды аяқтау “;-(нүктелі үтір) ” символысыз жүрсе) оның орындау қорытындысы көрсетіледі, алайда бұл командалар терезесін артық ақпаратпен жүктеуі мүмкін.

Егер белгілі бір команданы орындағаннан кейін қорытынды мән ешбір айнымалымен белгіленбесе, онда жүйеде мұндай мақсаттарға “ans” атты айнымалылар қолданылады. Осындай атты айнымалылар жұмыс аумағында кездесуі және де оның мәндері бөлек командаларды орындаған кезде өзгеруі мүмкін.

MatLab жүйесінде айнымалылыр мәндерін берген кезде оның түрін айқындау қажет емес, себебі айнымалы түрі берілген мәнге байланысты жүйе өзі айқынтайды. Мысалға, айнымалының оң жағына бүтін бөлшексіз мән жазылса, онда бұл мән бүтін болады. Бұдан басқа, MatLab жүйесі әр нысананы матрица ретінде қарастырады. Бұл орайда жай сан немесе символ матрицалық көлеммен 1x1 саналады, ал массивтер 1x1 матрица көлемінің бірнеше элементімен құралады. Жүйенің негізгі ерекшелігі осы болып табылады, ол есептеудің жоғары шапшаңдығын және пайдаланушының жұмыс жасауына еркіндік береді.

MatLab жүйесінде сандық есептеулердің барлығы матрицалар арқылы шешілетіндіктен, олардың оздерінің элементтер мәндерін енгізу үшін: [-алдына және ]- соңында осындай арнаулы символдар қолданылады. Бұл кезде матрица жазылуы әр жолда өсу ретімен жазылады. Матрица әр элементі басқа элементтен бос орын, ал жолдар символдар арқылы ажыратылады. Айнымалылыр (матрицаның) мәні берілгеннен кейін ол MatLab жүйесінің (workspace) жұмыс жасау аумағында сақталады. 1x1 көлемді матрицаларды енгізген кезде матрицаның басы және аяғындағы символдарды қоймауға да болады.





Дата публикования: 2015-02-20; Прочитано: 777 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...