![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Интерактивті режимде айқын емес жүйені шығаруды өңдеу және оны одан ары қолдану үшін Fuzzy Logic Toolbox пакетінің құрамына кіретін келесі графикалық құралдар қолдануы мүмкін:
- айқын емес жүйені шығару редакторы FIS (FIS Editor) немесе қысқаша- FIS редакторы;
- айқын емес жүйені шығарудың меншіктеу функциясы редакторы (Membership Function Editor);
- меншіктеу функциясы редакторы;
- айқын емес жүйені шығарудың ережелер редакторы (Rule Editor)- ережелер редакторы;
- айқын емес жүйені шығарудың ережелерін қарау бағдарламасы (Rule Viewer)- шығару ережелерін көрсетуші;
- айқын емес жүйені шығарудың үстінен қарау бағдарламасы (Surface Viewer) – шығарудың үстінен қараушы:
Бұдан басқа Fuzzy Logic Toolbox пакетінің құрамына келесі арнайы бағдарламалар кіреді:
- нейро-айқын емес жүйені шығарудың адаптивті редакторы (Adaptive Neuro-Fuzzy Inference System Editor) – гибридті жүйенің редакторы немесе ANFIS редакторы;
- айқын емес с-орташа(fuzzy c-means clustering) тәсілімен айқын емес кластеризация бағдарламасы;
1 таблицада MatLab жүйесінің функциялары берілген. Олар сәйкес графикалық құралдарды шақыру үшін қолданылады. Бұл жұмыста гибридті жүйелер редакторы ANFIS және айқын емес кластеризация бағдарламасының жұмыс жасау ерекшеліктерін қарастырмайды.
1-кесте
Қолданушының графикалық интерфейсінің функциялары
Функциялар | Міндеттері |
anfisedit | ANFIS гибридті жүйенің редакторы |
indcluster | айқын емес кластеризация бағдарламасы |
fuzzy | FIS айқын емес жүйені шығару редакторы |
mfedit | меншіктеу функциясы редакторы |
Ruleedit | айқын емес жүйені шығарудың ережелер редакторы |
Ruleview | айқын емес жүйені шығарудың ережелерін мен диаграммаларын қарау бағдарламасы |
Surfview | айқын емес жүйені шығарудың үстінен қарау бағдарламасы |
MatLab жүйесінде айқын емес жүйені шығаруда зерттеу мен өңдеу үшін қолданылатын графиқалық құралдардың ерекшеліктерін қарастырайық.
Дата публикования: 2015-02-20; Прочитано: 738 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!