Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Айқын емес шығару жүйесінің ережелерін корсететін бағдарлама



Бұл бағдарламаның басты міндеті айқын емес шығарудың натижесін көрсету, шығу айнымалыларының мәндерін алу. Осы бағдарламаның графикалық интерфейсін ruleview(`a) немесе ruleview (a) функцияларын енгізу арқылы аша аламыз. Одан басқа FIS редакторының,меншіктік функцияның редакторының және ережелер редакторының басты мәзірлері де аша алады.

Ruleview(`a`) Форматында жазылған функция ережелер көру бағдарламасын шақырады. Ал ruleview(a) форматындағы функция MATLAB кеңістігіндегі ережелер корсету бағдарламасын шақырады. Ережелерді корсету бағдарламасы ережелерді, Меншіктік функцияларын өзгертетін мүмкіндік бермейді. Бұл функцияны бүкіл процесті бастан аяқ коргенде қолданған жақсы. Қолданушы айқын емес модельдің шығу айнымалыларының мәнін қадағай алады. Ережелер корсету бағдарламасының графикалық интерфейсі 2.5 суретінде корсетілген.

Ережелер көрсету бағдарламасының басты мәзірі бар.

o File (файл) пунктінің амалдары FIS редакторының барлық амалдарымен бірдей.

o Edit (өзгерту) пункті келесі амалдардан тұрады:

· Undo – соңғы іс-әрекетті жояды

· Fis Properties - FIS редакторын шақырады

· Member ship Functions - Меншіктік функциясының редакторын шақырады

· Rules - ережелерді өзгерту бағдарламасын шақырады

· View пункт менюі келесі амалдардан тұрады:

· Surface - шығарудың сыртқы келбетін корсететін бағдарламаны шақырады

· Format - айқын емес шығару жүйесінің ережелер форматын таңдауға мүмкіндік береді: vervose (текст формасы), symbolic(символ фориасы) немесе Indexed(сандық формасы).

Ережелер көрсету бағдарламасының интерфейсінің орталық жағында өзгеше кіру мен шығу айнымалаларына сәйкес тік төртбұрыштар орналасқан.әр ережеге әр тіктөртбұрыштың бір ғана жолы сәйкес келеді. Ережелердің нөмері графикалық интерфейстің сол жағында көрсетілген.

Графикалық интерфейстің төменгі оң жағында дифаззификациядан өткен шығу айнымалысын көрсететін тіктөртбұрыш орналасқан. Нәтижесінде алынған мән тізбектің үстіңгі жағында көрсетіледі. (tip=15 25 суретінде). Кіру айнымалыларының тіктөртбұрышын тігінен қызыл сызық кесіп өтеді. Ол бағаннан кіру айнымалысының мәнін айқын емес көрсетеді. Кіру айнымалыларына айқын емес мәнді жолға Input деп жазу арқылы ала аламыз, немесе тышқан арқылы тігінен түскен сызықтарды керек бағытта қозғаумен ала аламыз. өзгерістен кейінгі кіру айнымалыларының мәнін тіктөртбұрыштың үстіңгі жағынан көре аламыз.





Дата публикования: 2015-02-20; Прочитано: 514 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...