Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Д4. Жаңа кезеңдегі Корея мен Моңғолия елдері



1. Корея мен Моңғолиядағы әлеуметтік-экономикалық құрылыс пен аграрлық қатынастар.

2. Кореядағы діни реформациясы. «тонхак» діни сектасының пайда болуы.

3. Оңтүстік Моңғолия, Халха, Батыс Моңғолиядағы экономикалық және саяси жағдайы.

1. XVI-XIX ғғ. аграрлық қатынастар Кореяда помещиктер арқылы өсті. Сол үшін осы жерлерден көптеген салықтар алынды, бірақ көбіне помещиктер оны төлеуден бас тартты. Осы жағдай халықтың халінің нашарлауына және қайыршылыққа әкеп соқтырды. Салық жинаушылар халықтан салық төлемегені үшін олардың астықтарының жартысынан көбін алып келіп отырды. Сонымен қатар жерге деген салық қана емес, басқа салық түрлері де өсті. XVII ғ. ортасында жаңа салық түрі еңгізілді, күріштік әскери салық, маталы әскери салық және т.б. 40-50 түрі еңгізілді.

Сонымен қатар қала жағдайы да әлсіреді, экономикасы да нашар болды. Көптеген шаруалар мемлекеттің тапсырысын істеумен қолдары босамады. Маталар ауыл шаруашылығында жасалып отырды және мемлекеттің қазынасына әр түрлі салық түрінде түсіп отырды. XV ғасыр соңына осындай жұмысшылар саны 3511 мың болды, ал XIX ғасырдың ортасында олардың саны 5451 болды.

XVI ғасырдың соңында еңбектің бөлінуі пайда болды және қағаздың, форфордың және темір бұйымдары шығарылды және олар жергілікті базалар да сатылды, оларды «бес күндік» немесе оильсичжанг деп атады. Көрші елдермен қарым-қатынас әлсіз болды.

Кореядағы топтық өкілі топтарға бөлінді. Феодалдық жер иеленушілерге - әскери қызыметшілер, жай азаматтар, яғн корольдың қасындағылар жатты. Дворьян шаруаларды өз жерлерінде жұмыс істеуге алды немесе оның мүлкін алып қойып отырды.

Келесі екі топқа кедейлер кіреді:

1 – «сянин» - жай адамдар – оларға шаруалар, ұсақ саудагерлер

2 – «ченин» бұған құлдар кіреді. Оларға «грязныли» - бұған түрмедегілер, гейшалар, дала сыпырушылар және жалшылар кірді.

Осы барлық жерлердің үстінен король бақылап отырды және ол бүкіл мәселелерді шешіп отырды, әкімшілік билікті жоғарғы мемлекеттік сант–ынжон бу басқарды. 1 – мемлекеттік қызметті, 2 –қаржы жағын, 3 - әскери істерді, 4 –қылмыстық істерді және т.б.

Әкімшілік жағынан Корея сегізге бөлінді.

(Кйонгидо, Чунчйондо, Коквандо, Чжоллодо, Кионсандо, Хвангэдо,Хамгейондо, Пхйойандо) және 332 аймаққа. Әр бір аймақта губернатор басқарды.(гамса) Ауыл басында старосты тұрды.

Экономикалық және әлеуметтік – саяси жағынан Корея жаңа заманда Азия және Солтүстік Америка елдерінен артта қалды, бұның себебі XVI ғ. феодалдық саясатқа байланысты болды.

Егіннің шықпай қалуынан көптеген ашаршылық және әр түрлі эпедемия жүз мың адамның өмірің қиды. XVII ғ. 50 жылдары ашаршылық басталды. Елдің солтүстік аймақтарында өрт пен су тасқындары жиі болып тұрды, бұл XVII ғ. 80 жылдары болды. 1751-1776 жж. Бүкіл елде ашаршылық болды. Ашаршылықтан көптеген халық қалаға көшті, оларға көмек көрсетілді 1786 жылы 370 мың адам өлді.

XIX ғ. екінші жартысында күйзеліс күшее түсті. Сонымен қатар Кореяға капиталистер жағынан қауіп күшейді. Кореяға Европалық мисионерлер өз наразылығын көрсетті. 1831 жылы папа Григорий XVI-шы Кореяның экспедициясын жариялады. 1832 жылы Корея жағалауында пайда болған ағылшын кемелері, Англия атынан Кореямен сауда қатынастарын орнатпақшы болды, бірақ Корея келіспейді.

1837 жылы 9 мың христян корейлер болды. 1839 жылы Корей үкіметі христяндарға қарсы шықты. 150 корей және 3 француз миссионері өлім жазасына кесілді. Енді Француздар 1847 жылы тағы өз адамдарын жіберді, бірақ бұдан ештеңе шыққын жоқ. Франсуз үкіметінің хатына жауап бере отыра, Корейлер оларға: «сіздер не істер едіңдер, егер сендердің мемлекетіне бөтен адамдар кіріп қол сұраса?» және хатта корейлердің Франсуздармен қарым-қатынас орнатқысы келмейтіні туралы айтты. XIX ғ. Кореядағы ішкі жағдайын халық наразылығын туғызды. 60 жылдары егіннің шықпай қалуы және ашаршылық халық наразылығын шеленістіре түсті. 1861 жылы шаруалар феодалдарға қарсы және Чиньвниктерге шабуыл жасады. 1862 жылы 10 ай ішінде 21 рет Кореяда шаруалар көтерілісі болды.

1880 жылы АҚШ үкіметі қайтадан Корей портын ашуды сұрады. Содан кейін АҚШ сонымен Англия, Франция, Россия және Италия келді.

Жапондықтар мен бірге әрекет еткен АҚШ екінші келісімге шақырды. Бұл шарт бойынша американдықтар олардың порттарымен, суларымен, жерлері мен иелік етуді сұрады. Осындай келісімді Кореямен 1883-1884 жж. Англия, Германия, Италия және Ресей жасады.

2. Сеул көтерілісі. 1882 жылы. Бұл көтерілістің шығуы бір жағынан АҚШ кен келісімі жасағаны үшін, екінші жағынан құрғақшылықпен байланысты болды. Күріш егістіктері кеуіп қалды, елдегі аштық күшейді. Көтеріліске ең бірінші 23 шілдеде 1882 жылы салдаттар шықты, өйткені олардың жағдайы өте нашар болды. Оларға берілген айлық күріш шірік болып шықты, және ол құммен және балшықпен араласқан болды. Жауынгерлер басында Сон Сун Гиль болды. Оларға жай халық қосылып бұл Жапон үкіметіне қарсы шықты.

Сеулдегі көтеріліс Жапонияға тағы бір наразылық көрсетуге жағдай болды. 16 тамызда 1882 жылы Кореяға қайта Жапон әскери-кораблі келді. Олар соғыс ашамыз деп қорқытты. Чемульно келісіміне Тэвонгуна келісіміне мәжбүр болды және бұл келісім бойынша осы көтеріліске шыққан адамдар жазалансын деді. Ол және Сеулге Жапон әскерін кіргізіп олар толығымен Корей қарамағында болсын деді. Сеулде 700 Жапон салдаты қоныстанды. Сонымен халық Тэвонгунаға қарсы тағы көтерілді және Мин Тэ Хо, Мин Ион Ик және т.б. Қытайға қуылды, ал билікке Мин келді.

Билік басына Мин келді. 1883 жылы «теңіз сауда» келісімі жасалды. Ол Қытай мен Корея арасында жасалды. Бұның бәні Жапонияға кедергі жасады. Олар «партия реформасын» қолдады.

«Парти реформ» - 1884 ж. және Тяньцузинский келісімі 1885 ж. жасалды.

Дворяндық топтардың күресі XIX ғ. 80 ж. күшее түсті. Билікке Мин әулетінің келуі Қытайдың үстемдігін күшейтті. 1883 жылы «теңіз саудасы» келісімі ол Қытаймен Корея арасында жасалды. Қытайдың үстемдік етуі, Жапонияға үлкен кедергі жасады, олар агрессиялық саясатын жүргізе алмады. Жапондықтар «партия реформасы» тобын қолдады. Кореядағы 80 жылдары басында құрылды. Олар жас дворяндықтардың басын қосты. Ол Ким Ок Кюн, Со Гван Бом, Пак Ион Хе, Хон Иок Син және т.б. болды.

1893 жылы Кореяда 6 провинциясында осындай көтерілістер басып тұрды. 3 қаңтар күні 1894 жылы жүздеген шаруалар Кобу қаласын басып алып, билік басына қарсы шықты. Олар қару-жарақпен жақсы қамтамасыз етілді. Олар түрмедегілерді сотталғандарды босатып, мемлекеттік мекемелерді барлық қағаздарымен өртеп жіберді. Келесі күні шаруалар Пэксана қоймасын басып алды. Онда 4 мың қап күріш болды. Көтеріліс басында Тонхан ұйымы болды. Оның басшысы Чжон Бок Дюн болды. Ол ұсақ әскери қызметшінің баласы болды. Олардың ойынша барлық адамдар тең болсын дейді. Бұл Кореяда 1894 ж. шаруалар соғысының басталуы болды.

Жергілікті билік басындағылар көтеріліс иелермен сөйлескісі келмеді. Бірақ көтеріліс Чжолладо, Чунчйондо, Кйонгидо, Канваондо, Хванхэдо правинциясын басып алды.

Көтеріліске шыққандардың саны 200 мың адамға жетті, 9 желтоқсанда 1894 ж. Чжон Бон Дюок ұсталып, Сеулде өлтірілді. Соғыс кезінде Жапония Кореяның почтасын және телеграфты басып алды. Қытайға соққы бере отырып, Жапония Қытайдың әскерін шығарды. 17 апрельде 1895 ж Қытай Кореяның тәуелсіздігін мойындады.

1896 жылы май айында Ресей үкіметі мен Жапония арасында екі келісім жасалды. Бұнда екі жақта Кореяға көмек көрсетуі тиіс болды.

Кореяға басқа да императорлық мемлекеттер қол сұқты. 19 ғасыр соңы мен 20 ғасыр да тағы да күрес басталды. Ағылшын отарлаушылары алтын кеніне рұқсат алды. Фрацуздар Сеулден Ычжуға дейін темір жол салуға рұқсат алды, ал неміс фирмасы алтын өндіруге рұқсат алды. XIX ғасырда және соңында феодалдық Корея үлкен ірі бай мемлекетке айналды.

Әдебиет:

1. История Востока / Под ред. Якобсона В.А. М., 1997.

2. Новая история стран Азии и Африки / Под ред А.М. Родригеса. В 3 т. М., 2004.

3. Сейдхан К. Батурина Л.Л. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Караганда, 2008.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 3883 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...