Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Д5. Осман империясының құлдырауы



1. XVII-XVIII ғғ. Осман империясының экономикалық дамуы және аграрлық қатынастар. Селим III реформалары.

2. Жаңа замандағы Осман империясының қоғамы.

3. Осман империясындағы Танзимат реформалары.

4. Түркияда либералдық-конституциялық қозғалыстың басталуы. «Жаңа османдар» қоғамының құрылуы.

5. Жас түріктер революциясы: алғышарттары мен салдары.

1. Халықтың тұрмыс жағдайының төмендеуі, елді ашаршылық жайлауы, янычарлар көтерілісі, сарай төңкерістері мен өздері жүргізген басқыншылық соғыстарда жеңіліске ұшырауы империяны күйзелтті. Түріктерге бағынышты мұсылман және мұсылман емес халықтардың азаттық күресі өрши түсті. әсіресе түріктерге қарағанда шаруашылық және қоғамдық дамуы жоғары сатыдағы еуропалық иеліктеріндегі халықтардың ұлт-азаттық қозғалыстары империяның іргесін шайқалта бастаған еді.

Түрік билеуші топтары империяның әскери күш-қуатын қайтадан қалпына келтіруге тырысып, басқыншылық соғыстары жалғастыра берді. XVII ғасырда бірнеше рет әскерилендік, яғни сипахилік жер иелену жүйесін сақтап қалуға, сипахи әскерінің жауынгерлікқабілетін арттыруға әрекеттер жасалды. Бірақ бұл шаралар оңды нәтиже берген жоқ. Жаңа әскери жорықтар түрік феодалдарына орасан үлкен аумақтар мен жаңа табыстар әкелудің орнына, елдегі күйзелісті күшейтіп, Осман империясының одан әрі құлдырауына себеп болды.

1696 жылы Петр I Азов бекінісін түріктерден тартып алды, ал келесі жылы австриялық қолбасшы Евгений Савойский Тиса өзені бойында түрік әскерлерін талқандады. Осы шайқаста әскерге қолбасшылық еткен Екінші Мұстафа (1695-1703) әзер дегенде бас сауғалап, қашып құтылды. Соғыстардағы жеңілістер және елдің ішкі ресурстарының сарқылуыТүркияны бітім сарауға мәжбүр етті. 1699 жылғы Карловыдағы келісімшарт бойынша Австрия бүкіл Венгрияны, Трансильванияны, Словенияны алды, Польша Украинаның оң жағалауы мен Подолияны, Венеция өзіне Морея мен Эгей теңізіндегі бірқатар аралдарды қайтарып алды. 1700 жылғы Ресеймен жасасқан бітім бойынша Ресей өзіне Азов оған жақын жатқан жерлерді қаратып алады.

Сөйтіп, Осман империясының XVII ғасырдың екінші жартысында жүргізген соғыстары оның күш-қуатының әлсіреуіне, көп жерінен айырылуына әкеліп соқты.

Селим III сұлтанның реформасы. Сұлтан өкіметі мүлдем әлсіреп, еуропалықтарға тәуелділігі күшейе түсті. Империяны мүлдем күйреуден сақтап қалудың ең соңғы жолы – тез арада реформа жүргізу керек болды. Бұл міндетті жаңадан таққа отырған түрік сұлтаны Селим III (1789-1807) атқарды. Ең бірінші кезекте елдің әскери күш-қуатын сақтап қалу үшін әскери реформалар жүзеге асырылды. Тұрақты жаңа әскер қалыптастырылып, оны еуропалық үлгіде даярлауға көшірді, флотты қайта құрды. Артиллерия жаңаша құрылып, Стамбұлда әскери-инженерлік училище ашылды. Жаңа тұрақты әскердің құрылуы янычарлардың наразылығын тудырды. Янычарлар өздерінің барлық жеңілдіктерінен айырылып қалудан қауіптенген еді. Сөйтіп, янычарлар консервативтік топтардың реформалық әрекеттерге наразылығын қолдап, 1805 жылы бүкіл жасайды. Көтеріліс еуропалық бөлікте басталып, одан әрі Стамбұлға тарады. Янычарлар көтерілісі салдарынан 1807 жылы Үшінші Селим тақтан кетіріліп, жазаға тартылды. Барлық реформалар жойылып, оны жақтаушылар жазаланды. Реформалық әрекеттер осылайша сәтсіздікпен аяқталды.

Осман империясында реформа жасау әрекеттерін жалғыстыруды Румыниядағы әкім Мұстафа паша Байрақтар қолға алады. Тақта отырған, жаңалық атаулыға жаны қас, консервативтік пиғылдағы Төртінші Мұстафа орнынан түсіріліп, сұлтан тағына жас Махмұт II отырғызылды. Мұстафа Байрақтар өзі ұлы уәзір қызметіне ие болып, реформаларды жалғастыру әрекетіне кіріседі. Бірақ Мұстафа Байрақтар реформа жүргізуде Үшінші Селим жолын қайталамауға тырысады. Ол феодалдарды сұлтан өкіметіне күшпен бағындырмай, олардың Порта мен ірі әкімдер арасында бейбіт одақ құруға тырысады.

Бұл реформалардың жеңіліске ұшырау себептері – оның тек әскерді ғана еуропалық үлгіге қайта құрумен шектеліп, Осман империясының феодалдық негізін сақтап қалуынан еді. Реформалардың өзі негізінен прогрессивті, маңызды болды. Бұл шаралар түбінде әскери-лендік жүйенің ыдырауына әкелеуі тиіс болатын. Бірақ Үшінші Селим және оның жақтастары Осман империясының сұлтандық тәртібінжоюды кездеген жоқ. Олар ескі жүйені сақтап отырып, Осман империясының қол астына бағынған халықтарды бұрынғыша езгіде ұстағысы келді.

2. Осман империясының әлеуметтік-экономикалық дамуы. Осман империясының қол астына қараған үш бірдей құрлықтағы мемлекеттер мен халықтардың әлеуметтік және экономикалық дамуы әр түрлі деңгейде болды. Империяның Анадолы аймағы мен Балқан түбегіндегі халықтарда ауыл шаруашылығы жақсы дамыды. Шаруалар феодалдарға ауыр салықтар төлеуге мәжбүр болды. Ауыр езгіден қашқан шаруалар босқынға айналып, қалаларда тұрақтауғаәрекеттенді.қалаларда олар қолөнершілерге айналып, қала халқының саны өсті.

Осман империясындағы қалаларда қолөнер дамыды. Ұлт аймақтарында қолөнердің әр түрлі салалары өокендеді. Сауда дамыды. Стамбұл, Измир, Салоники, Александрия теңіз сауда порттары арқылы Еуропамен, Азияның және Африканың елдерімен сауда байланыстары жүрді. Сонымен қатар, Эрзурум, Токат, Трабзон, Дамаск, Алеппо қалалары арқылы да жан-жақтағы елдермен сауда байланыстары дамып отырды. Осман империясның астанасы Стамбұл қаласына жыл сайын оннан асасауда керуендері және Франциядан, Англиядан, Голландия мен Венециядан сауд кемелері келіп тұрды.

XVII-XVIII ғасырлардағы Осман империясының қаржы жағдайы дағдарысқа ұшырады. Қазынаға түсетін салықтардың азаюы, шаруалар жағдайының нашарлауы мемлекеттің ақша қорын азайтты. Осман империясының басқа елдерден алған қарыздары өсе түсті. Бар ауыртпалық халықтың мойнына түсті. Империя халқының феодалдық езгіге, түрік сұлтандарының билігіне қарсы күресі күшейді. Түрік үкіметі империядағы ауырдағдарысты жою үшін бірқатар реформалық әрекеттер жасауға тырысқанымен, халықтың жағдайы түзелген жоқ.

3. Танзимат реформалары.

XIX ғасырдың 20-30 жылдардағы реформалардың кемшілігін Осман империясының билеушілері арасындағы терең ойлы,алыстан болжағыш қайраткерлержақсы түсінді. Олардың арасында еуропалық өмірмен жете таныс, білімді мемлекет қайраткерлері де болды. Сондай көреген қайраткердің бірі Екінші Махмұдтың сеніміне ие болған Мұстафа Рашид паша (1800-1858) еді. Ол бірнеше жылдар Англия мен Францияда елшілік қызмет атқарған, содан кейін сыртқы істер министрі қызметінде отырған болатын. Мұстафа Рашидтің жетекшілігімен жаңа реформаның жоспары жасалды. Оның мақсаты сұлтан өкіметін нығайтып, Балқандағы ұлт-азаттық қозғалысты тоқтату және түрік өкіметінің еуропалық державаларға тәуелділігіне тежеу қою, мемлекет құрылысын Батыстың мемлекеттік құрылыса жақындату болды.

1839 жылы қарашада сұлтанның Жазғы сарайы Гюльхане алдында «Қасиетті жарлық» халыққа жарияланды. Бұл Түркия тарихындағы жаңа реформалық кезең – танзимат - қайта ұйымдастырулар аталған реформалар дәуірін бастап берді. Осы құжат үш негізгі жаңарту мақсатын жария етті:

1. діни сенімдеріне қарамастан империяның барлық бағынышты халықтарының өмірін, ар-ұжданын және дүние мүлкінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету;

2. салықтарды дұрыс жинау және әділетті бөлу;

3. әскери қызмет мерзімін қысқарту.

1839-1870 жылдардағы танзимат реформалары, оны артта қалудан сақтауға бағытталды. Жаңа өзгерістер жүргізу арқылы шетелдік тәуелділіктен құтылу, елді ауыр дағдарыстаналып шығу, ұлттық қозғалыстарды бәсендету жолында жасалғанқадам болды. Танзимат реформалары мұсылмандардың, соның ішінде түріктердің де көңілінен шыққан жоқ. Реформа жеке меншік жер иелену құқығын беру арқылы кәсіпкерлік пен сауданың дамуына жол ашты. Бірақ оның пайдасын қалалықтар көрді.

4. 1865 жылы «Жаңа османдар» дейтін ұйым құрды. Оның жетекшісі белгілі жазушы Намык Кемал болды. Оған саудагерлер, кәсіпкерлер, еуропалық біліммен тәрбиеленген қызметкерлер кірді. 1876 жылы бұл ұйымның күшімен либералдар сұлтан Абдул Азизді тақтан түсіреді. Сөйтіп, сұлтандық билікке Екінші Абдул Хамид келді. Ол 1876 жылы желтоқсанда конституцияны, екі палаталы парламентті бекітіп, азаматтардың негізгі құқықтары мен бостандықтарын жариялады. Конституция мемлекеттік тіл – түрік тілі, мемлекеттік дін – ислам діні деп жариялады. Сұлтанның билігіне заңды шек қоюға әрекет жасау мүмкіндігі туды. Бұны Екінші Абдул Хамид жақсы пайдаланды. Конституцияны жобға 1877-1878 жылдардағы орыс-түрік соғысы сылтау болды. Осы соғыста Осман империясының жеңілуін себеп санаған сұлтан «жаңа османдарға» қарсы шығып, парламентті таратуға, конституцияны жоюға кірісті. 1878 жылы ақпанда сұлтан парламентті таратып, елді жеке өзі билейтінін жария етеді. Конституция сөз жүзінде сақталып, қалғандай болды. Екінші Абдул Хамид сұлтан (1876-1908) билеген кезең тарихта зюлим (езу, қанау) деп аталып кетеді. «Жаңа османдар» қозғалысы Түркия тарихындағы маңызды кезең болды. Халық ағарту ісін дамыту үшін, абсолюттік билікке шек қоб үшін және шетел капиталының елді қанауын тежеу үшін күресе отырып, олар түрік қоғамында саяси сананың қалыптасуына жол ашты. Сонымен қатар олар халық бұқарасын, олардың түпкілік мүддесінен алыс тұрды. «Османизм» идеясын ұсына отырып, Осман империясының құрамындағы барлық халықтарды дініне, тіліне, ұлтына қарамай бір халық деп санауы «жаңа османдарды» ұлт-азаттық қозғалысқа қарсы қойды, түрік емес халықтардың қолдауына ие болған жоқ.

1879 жылы Осман империясы өзінің Батыс Еуропа елдерінің алдындағы қарызын өтей алмайтындығын мойындады. Арнаулы комиссия елдің табыс бюджетін өз қолына алып, қарызды төлеттіруге кірісті. Батыс державалары Осман империясының ішкі ісіне белсене араласа бастады. XIX ғасырдың соңғы ширегінде империя Болгария, Сербия, Черногория, Румыния сияқты иеліктерінен айырылды. Балқан түбегінің түрік билігінде қалған славян тұрғындары өзін-өзі билеуге ие болды. Закавказьедегі Ресейдің шекарасы империяға ішкеріліп, түріктер тұрып жатқан жерге дейін жылжыды. Басқа да иеліктерден айырылуға тура келді: Англия Алжир мен Тунисті, Англия Мысыр мен Каһіраны түріктерден тартып алды. XIX ғасырдың соңына қарай Осман империясының солтүстікафрикалық иеліктері еуропалық мемлекеттердің билігіне көшті. Франция Сирия мен Ливанда, Англия Парсы шығанағы мен Қосөзен аймағында үстемдік етуге ұмтылды. Австро-Венгрия әскерлері Босния мен Герцоговинаға енді. Англия, Франция және Австро-Венгрия егер Осман империясы толық күйрейтін болса, Ресей империясының ықпалы күшйеіп, славян мемлекеттерін және Қара теңіз бұғаздарын өз бақылауына алады деп қауіптенді. Міне, XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы «шығыс мәселесінің» басты мәні осылайша дамыды.

1912 жылы бірінші Балқан соғысында Болгария, Грекия, Румыния, Сербия Осман империясының бүкіл Еуропадағы иеліктерін басып алды. Тек Стамбұл мен оған жақын жатқан аудандар ғана қалды. Бұл үкіметтің де сәтсіздігін пайдаланғысы келген жас түріктер 1908 жылғы көтеріліске қатысқан Энвер бейдің басшылығымен, 1913 жылы мемлекеттік төңкеріс жасайды.қайтадан үкімет билігіне ие болған түріктер империяның күйреуін бәрібер тоқтата алған жоқ.

Әдебиет:

1. История Востока / Под ред. Якобсона В.А. М., 1997.

2. Новая история стран Азии и Африки / Под ред А.М. Родригеса. В 3 т. М., 2004.

3. Сейдхан К. Батурина Л.Л. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Караганда, 2008.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 18232 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.008 с)...