Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Д7. XVII-XX ғасырдың басындағы ауғанстан



1. Ауғанстанда жеке князьдіктердің пайда болуы.

2. Дуррани мемлекетінің құрылуы (1747-1818 жж.). Абдурахман-ханның өкіметінің басына келуі, сыртқы және ішкі саясаты.

3. «Жас ауғандықтар» мен «ескі ауғандықтар», олардың саяси бағдарламасы.

1. XVII ғ. аяғында-XVIII ғ. кең аумақымды Сефевид мемлекеті тез экономикалық және саяси құлдырап, әлсіреді. Сефевид мемлекетіне жаулап алынған халықтар мен тайпалардың көтерілістері де күшті болды. Осындай соққының бірін гильзайлар әкелді. Гильзай тайпасының сефевидтермен күресі хан мир вайса атымен байланысты. Ол 1709 жылы көтерілістің ұйымдастырушысы болды. Бұл көтеріліс барысында көтерілістің көтерісшілер Гурханды өлтірді, Кандагарды алады да бұл жерде тәуелсіз Гульзай мемлекетін құрып, оның басшысы Мир Вайса болды. Ол бұл жерде 1715 жылға, өзінің өліміне дейін билік етті. Гульзайлардан кейін тәуелсіздікті абдали алады. Олар 1716 жылы Гератта көтеріліс жасайды. Көтеріліске Абдуллахан мен Асадулла басшылық етеді. Бірнеше ұрыстарда Геран әскерін талқандап 1717 жылы Гератты алады, олар өз билігін Мурагаб, Кусувий мен Гурман Гурман аудандарына тарады. Абдулла хан Гераттың алғашқы абдалит билеушісі болды. Ол 1719 жылы сефевидтердің ақырғы экспедициясына тойтарыс берді, бірақ Гульзайлармен соғысында сәтсіздікке ұшырайды. Осы соғыстан кейін Фараз пен Заминдавар Кандагар мемлекетіне көшеді. Бұл кезде Мир Вайсаның үлкен ұлы Махмұд 1717 жылы Кандагар билікке келеді.

Ирандағы Ауған жаулапалулары: Махмұд 1721 жылы Исфаганға үлкен жорықты ұйымдастырған. Төреп әскерін талқандағаннан кейін, ауғандар Исфаганды қоршауға алды. 7 айлық қоршаудан кейін астана жауға берілді де 1722 жылы 22 қазанда шах Хусейн Махмұд лагеріне келіп, тәжін оған берді. Ауған жаулапалушылары иранның басым бөлігін жаулап алды, бірақ оның билігі тұрақсыз болды. Олардың халық арасында тірегі болған жоқ, қалалықтар мен шаруалар азаттық күреске көтерілді. 1725 жылы сарай төңкерісінен кейін шахтың орнын оның ағасы Ашраф алды. Оның билігі Иран халқы арасында одан әрі әлсірей берді. Парсы халқының азаттық күресі күшейе берді, ал ауған әскері әлсірей берді, өйткені Кандагардан көмек келмей қалды. Сол кезде Кандагарда Хусейн хан биледі, ол Ашрафтың бәсекелесі болды да өзінің хандығын нығайтты. Осы жағдайда болашақ Иран шахы Надир Ашрафтың жұлдызы жанды. 1726 жылы ол Хусейн ұлы Тахмаспқа қосылды. Оның атынан қимыл жасап, Надир солтүстік шығыс иранды біріктіріп, ауғандарға қарсы күресті бастады.

Ауғанстанның Надир шахпен жаулап алуы; Гульзайлар мен Ашраф күштерімен соқтығыстың алдында, Надир 1729 жылы Гератқа қарсы соғыс жасап, 4 қантөгісті шайқаста ауғанның абдалы тайпаларын талқандады. Енді Надир Ашраф шахына қарсы шыға алды.

1729 жылы Иранда Надирдың Гульзайлармен шешуші шайқастары басталды. 1736 жылы Надир шах болды, ал м1737 жылы ауғанстан арқылы Үндістанға үлкен жорықты бастады. Бір жылдық қоршаудан кейін Иран әскері Кандагарды алып оны күйретті, осыдан кейін Газни мен Кабулды жаулап алды.

2. Афган мемлекеті Надир шах өлімінен кейін бірден жайылған державасының негізінде құрылды. Ауған тайпалары іс жүзінде тәуелсіз болып қалды. Оқиғалар былай болды. Надир шах Афшар 1747 жылы 19 маусым түнінде өлтірілді. Бұл оның Хабушаңдағы әскери лагерінде болды. Онда жиналған түрлі тайпалар әскерінде көтерістер болып, Надир әскеріндегі ауған жауынгерлерінде лагерден шығып, қазынаның бір бөлігін және артилерияның алып қоюдың сәті түсті. 1747 жылдың күзіне қарай жасақ Кандагарға келеді.

1747 жылдың қазанында джирга ауғанстанның шахын сайлау үшін жиналды. Джирга 8 рет жиналғанмен еш нәтиже болған жоқ, ал тарихи деректерге сай джирга 9 рет жиналғанда ең беделді суфий Сабир Ахмед ханды ұсынды да оны бүкіл хандар құптап ең негізгісі әскер де қабылдады.

Ахмед шах мемлекетінде абдалий хандары ерекше орынды алған болатын. Шах билігіне басынан бастап тайпа басындағылардың тарапынан шектер қойылды. Хандарға мұрагерлікпен жерлер мен мемлекеттегі барлық жоғарғы шендер бекітілген. Көп ұзамай Ахмед шах «дурр-и Дурран» титулын алды, ал абдали дурраниге ауыстырылды. Бұл жай нәрсе болған жоқ, оның саяси маңызы болды. Бұл арқылы бір жағынан дуррани хандарының 1-ші орында тұрды, 2-ші жағын шахтың өзі дуррани хандар арасындағы тек «маржандар арасындағы бір маржан» екенін айтқысы келді. Сондықтан дуррани хандарының саяси өмірінде және дуррани тайпасының ерекше орны тарихшыларға ауған мемлекетін Дуррани державасы деп атауға негіз берді.

Ахмед шах өз билігінің 1-ші жылында өз иеліктеріне бірден ауған халқы мекен еткен облыстарын қосып алды. Ахмед шахты Индтің оң жағалауындағы ауған тайпаларыны өзінің шахы ретінде таныды. Тек қана гульзайларды шах қару арқылы бағындырды.

Өзінің таптық сипаты бойынша ауған мемлекеті феодалдық болды, бірақ құрылысының кейбір маңызды жақтарында рулық қатынастың әсері жатты. Ол ру-тайпалық құрылымды және патриархалдық рулық қалдықтарды сақтап тұрды.

Басқару тәртібі мен әскери ұйымдастыру: Ауған елінің ірі әкімшілік бірліктермен вилайеттер(провинция) болды, олар өз кезегінде махамлерге (округ) бөлінді. Махал мен вилайет билеушілері «хаким» және «субадра» деп аталды. Оларды шах тағайындады. Территорияның әкімшілік бөліну бойынша әрі тайпаның, рудың территориясы бөлек әкімшілік бірлікке жатты, ал билеуші мемлекеттік биліктің өкілі ретінде тайпалық көсем тұрды. Ауған тайпаларынан Ахмед шах ауыр емсе салықтарды алды немесе мүлдем алған жоқ, ал басқа халықтар тұратын жерлер бұл Белуджистан, Синд, Харасан және басқалар олардың әмірлері ауған шахымен қарым-қатынасы келісімдер арқылы реттеліп отыратын.

Везир мемлекетте шахтан кейін екінші адам болды. Басқару ісінде ол шахтың ең жақын көмекшісі болып, жоғары чиновниктер мен барлық ведомстваларды бақылау жүргізді. Жолдардағы қауіпсіздік үшін, жалпы ішкі қауіпсіздік пен тәртіп үшін жауапты болды.

Мемлекеттегі маңызды ведомствалар болып табылды: «жоғары диван» финанс басқаруы, салық жинау, ең негізгі шаруашылық істер; «шах кеңсесі» мемлекеттік құжаттарды, шах жарлықтарын, хаттармен айналысты; сарай күзету мен «орду-баши» айналысты.

Ахмед шахтың жаулап алулары: Газни, Кабул мен Пешаварды бағындырып, 1748 жылы бірден пенджапқа кірді. Ол Инд арқылы өтіп Шикардр қаласын жаулап алды. Оған Лахорды алудың сәті түсті, оған үлкен контрибуция салынды. Бірақ 1748 жылы 11 мамырда моғол әскерімен шайқасында ауғандар жеңілді. 1750 жылы Панджапқа екінші жорық, 1756 жылы үшінші жорық, 1757 жылы төртінші жорық жасайды. Осы жорықтардың нәтижесінде Кашмир, Панджап, Мультан бағындырылды. 1758 жылы Ұлы моңғол империясын бөлісу үшін маратхалармен ұзақ соғыс басталды. 1761 жылы 13 қаңтардағы шайқаста Ахмед шах жеңіске жетті. Бірақ ауған мемлекетіне бұл соғыс жаңа жерлерді әкелген жоқ, олар тек үлкен ақшамен қайтуға мәжбүр болды. Ахмед шахтың солтүстік Үндістандағы жерелері оның өлімінен кейін жоғалған болатын. Ахмед шахтың жаулаушылығымен құрылған ұланғайыр Дуррани державасы тұрақсыз және тұзақсыз болды. Бірақ ауған тайпалары мекендеген облыстардың бірігуі өте үлкен тарихи маңызға ие болды. Дуррани империясының құлауынан кейін, дәл осы облыстар тәуелсіз ұлттың ауған мемлекеті дамуының негізі болды.

Дуррани державасының әлсіреуі. Ахмед шах мемлекетіндегі феодализмнің дамуы сепаратистік күштердің тез өсуіне әкелді, олар өз кезегінде Дуррани державасының децентрализациясына әкелді. 1773 жылы

Ахмед шах қайтыс болды, таққа оның ұлы Тимур шах отырды, ол 20 жыл бойы билік етті. Тимур шах өз астанасын Кандагардан кабулға көшірді. Бұл орталық билікті нығайтудың маңызды шарасы болды. Қауіпті көтерілістер мен қозғалыстар бірнеше рет шықты. 18 ғасырдың соңына қарай, Ахмед шахтың билік уақытындағы қарағанда сыртқы саяси жағдай күрт өзгерді. Дурани державасының көршілері нығайды. Панджабтағы сихктар барған сайын ауған феодлдарына солтүстік Үндістанға терең еңуге қауіпті бөгет болды. Бухар хандығында билік тұрақтанып экономикалық және әскери жағынан нығайды. Иран Мухаммад-хан Каджардың қол астында біріктірді. Тимур-шахтың өлімінен кейін билік оның 5-ші ұлы Земан-шахқа берілді. Земан-шах өзің жаугер және қажырлы билеуші ретінде көрсетті. Ол әкесі сияқты шах билігін нығайту және мемлекетті орталықтандыру саясатын жүргізді. Бірақ ол шах билігін нығайта алмады, тек өзіне қарсы дурани ақ сүйектерінің басым бөлігін көтерді.

Ал егер соғыс тек Иран мен Ауганистанның арасында туындаса Ост-Үнді компаниясы Ауганистанға көмек көрсетуге міндетті емес болды. Бұл келісім ұзақ болған жоқ, өйткені сол 1809 ж. жаңа феодалдық бүліктің салдарынан шах Шуджа аль-Мульк тақтан кетірілді. Билік қайдадан Махмуд қолына көшті. 1814 ж. Гератқа Иран әскері жақындады. Өз күшіне сенбей Герат әмірі Фируз уд-Дин Махмуд шахтан сұрады. Шах бұйрығы бойнша Фатх-хан әскерімен Гератқа аттанып, ол ирандықтарды жеңіп, қуады; ал Фируз уд-Дин билігін тартып алды. Сол кезде Камран ханзада Фатх-хан күшінің тым ұлғаюынан қорқып, оны өлтіреді. Бұл жағдай баракзай хандарының көтерілісін тудырды. Өлген Фатх-ханның ағалары мен туыстары Махмудқа қарсы шығып, оны тақтан түсіреді. Ауганистан бөлек енші жерлерге бөлініп, онда жеке билеушілер ретінде Фатх-ханның ағалыры мен ұлдары билік етті.

Әдебиет:

1. История Востока / Под ред. Якобсона В.А. М., 1997.

2. Новая история стран Азии и Африки / Под ред А.М. Родригеса. В 3 т. М., 2004.

3. Сейдхан К. Батурина Л.Л. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Караганда, 2008.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 3573 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...