Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

XX ғасырдың басындағы Жапония



Жапонияның нарықтық экономикасы жылдам дамуға бет алды. әскери-өнеркәсіп кешені құрыла бастады. XX ғасырдың басында Жапония пансияға қосылды. Жапония Батыс Еуропа мен АҚШ–тың техника саласындағы жетістіктерін кеңінен пайдаланды, олардың капиталистік өндірісті ұйымдастыруды үйренді. XIX ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басында елде өнеркәсіп төңкерісі аяқталды. Енді оның өнеркәсібі Батыс Еуропа елдерімен салыстырғанда әлдеқайда тезірек өркендеуге бет алды. XIX ғасырдың 80 жылдарында Жапониядағы байлықтың едәуір бөлігі капиталистік монополиялардың қолына көше бастады. Олар өнеркәсіп пентеңіз қатынас құралдарына қожалық етті. Ірі монополиялық компанияларға Мицуи, Мицубиси, Сумимито деген концерндер жатты. Жапония мен Қытайдың арасындағы соғыс қаржы олигархиясын дамытып, нығайта түсті.

Осы соғыстың аяқталғаны – Жапонияның тарихы үшін өте маңызды кезең. Жапонияның әскери-феодалдық империализмі нығая түсті. 1914 жылы Жапония бірінші дүниежүзілік соғысқа Англия мемлекетімен құрған одақты пайдаланып, Антантаның жағында қатысты. Билеуші таптар өздерінің пайдасын арттыруды көздеп, сыртқы рыноктерді және шикізат қорларын басып алу жолмен, сол сияқты шетке капитал шығаруды ұлғайтып, экономиканың өсуіне жағдай туғызуға тырысты. Дүние жүзін бөліске салудан кешіккен олар оны соғыс күшімен қайта бөлуге кірісті.

Сондықтан соғысқұмарлар қаржы олигархиясымен ымыраласып, елде зор рөл атқарды. әскер мен теңіз флотын күшейтуге орасан көп қаржы жұмсалды. Генералдар мен адмиралдар жоғарғы әкімшілік орындарды алып, императордың төңірегіне тығыз топтасты. Императордың жеке басына табынумен бірге, самурайлардың күші мен дәстүрлеріне табынудың күшейгені де осы кез. Жапон империализмі соғыс-фоедалдық сипат алды да, қаржы олигархиясының үстемдігі едәуір дәрежеде феодализм қалдықтарымен шырмалып, елді милитарландыруды және соғысқұмарлықтың өсуін демеп отырды.

Әдебиет:

1. История Востока / Под ред. Якобсона В.А. М., 1997.

2. Новая история стран Азии и Африки / Под ред А.М. Родригеса. В 3 т. М., 2004.

3. Сейдхан К. Батурина Л.Л. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Караганда, 2008.

Қосымша:

1. Елисеефф, В, Елисеефф, Д. Японская цивилизация. Екатеринбург, М., 2008.

2. Кузнецов Ю.Д., Навлицкая Г.Б., Сырицин И.М. История Японии. М., 1988

3. Мак-Клейн, Джеймс Л. Япония. От сегуната Токугава – в ХХI век. М., 2007.

4. Молодяков В. Россия и Япония: поверх барьеров. Неизвестные и забытые страницы российско-японских отношений (1899-1929): историческое исследование. М., 2005.

5. Молодяков В. Россия и Япония: рельсы гудят. Железнодорожный узел российско-японских отношений (1891-1945): историческое исследование. М., 2006.

6. Рати О, Уэстброк А. Самураи. М., 2007.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 6419 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...