Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Д3. Токугава династиясының билігі кезіндегі Жапония



1. Жаңа заманғы Жапониядағы мемлекеттік құрылыстың ерекшеліктері. Токугава сегунатының қалыптасуы.

2. Жапониядағы сословиелік жүйе.

3. Жаңа кезеңдегі елдің толық «жабылуы».

4. Жапониядағы ағартушылық реформалары – «Мэйдзи реформалары». Жапонияда конституциялық монархияның орнауы.

1. Токугава әулеті өзінің билігі барысында шетелдіктермен байланыс жасауға мәжбүр болды. Әсіресе оларға шетелдіктердің техникалық білімі, еуропалық қару-жарақ жасау әдісі керек еді. Бірақ шетелдіктердің елдегі тіміскі әрекеттері, елде өз ықпалдарын орнатуға тырысуы үлкен қауңп тудырды.

Еуропалықтар миссионерлікпен айналысты. Жапонияда осы кезде 700 мың христиан дінін қабылдаған дінді қабылдауға қатаң тыйым салынды. Ал 1636 жылы Токугава өкіметі жапондықтардың елдің аумағынан тыс жерлерге шығуына тыйым салып, оны бұзғандарды өлім жазасына дейін кесті. Шетелдіктерге миссионерлікпен айналысуға тыйым салды, оларға тек саудамен айналысуға рұқсат етілді.

Кюсю аралындағы Симабар қаласының тұрғындары христиан дініне кірді. Осындағы шаруалар 1637 жылы Токугава тәртібіне қарсы көтеріліске шығады. Бұл көтерілісті өзер дегенде басқан сегун, енді елді шетелдіктер үшін мүлдем жабық деп жариялайды. 1638 жылы Токугава өкіметі елдегі барлық португалдар мен испандықтарды қуып шығады. Симабар көтерілісін басуға сегун әскеріне көмектескен голландықтарға ғана сәл артықшылық берілді. Тек қана Нагасаки қаласындағы порт арқылы жылына екі рет корейлік және қытайлық кемелерге келуге рұқсат етілді. Токугава әулетінің елді жабық есік саясатымен томаға-тұйыө жағдайда ұстауыныңбасты себебі, сегундық билік арқылы бүкіл халықты бағыныштылыққа ұстау, жатжерлік шапқыншылықтан, шаруалар көтерілістерінен мемлекетті қорғай алатын тәртіп орнату болды. Жапонияның оқшаулану саясаты XIX ғасырға дейін созылды. Токугава сегунаты шетелдіктердің елге келуіне тыйым салғанымен, әлемдегі мәдени мен техниалық жетістіктерді білуден бас тартқан жоқ. Жапондар ертеден-ақ Қытайдағы, Батыс елдеріндегі жаңалықтарға үнемі көз тігіп отыратын. XVII ғасырдың соңынан бастап Жапонияға еуропалық ғылыми және діни әдебиеттер көптеп әкеліне бастайды. Сегундар осы әдебиеттерді жапон тіліне аударатын арнаулы басқарма құрады. Жапондықтар әсіресе техника, медицина және ботаника саласындағы білімдерді ерекше бағалады. XVII ғасырдың аяғынан бастап Жапонияда «шығыстық король», «батыстық техника» деген принцип қалыптасты, яғни билік құруда шығыстық дәстүр сақталды да, ал экономикада батыстың техникалық жетістігі пайдаланылды.

XVII-XVIII ғасырлар жапон мәдениеті өркендеген кезең.

2. XVII ғасырдың басында Жапонияда билікті сегун Токугава Иэясу басып алды, ал жапондық император (микадо) атаулы әулетінің билігіндегі орталықтанған мемлекетке айналды. Елдің астанасы сегундардың резиденциясы орналасқан Эдо қаласы болды (қазіргі Токио). Сөйтіп, Жапонияда әскери әртіп орнады. Сегунаттың әлеуметтік құрылысы «си-но-ко-се» сословиелік жүйсімен сипатталды. Си - самурайлар, но –шаруалар, ко – қолөнершілер, се – саудагерлер. Сословиелік топтардың ең жоғарғысында самурайлар тұрды. Си сословиесіне ең бай топтар мен сегундар кірді. Микадо (император) көне астана Киотода тұрды. Ал іс жүзіндегі бүкіл үкімет билігі сегунның қолында болатын. Сөйтіп, Жапония мемлекетінде қос билік өмір сүрді. Сегун нақты өкімет билігіне ие болды, ал император «тірі құдай»ретінде патшалық етті. Бірақ ол елді билеген жоқ, ол діни салт-дәстүрді қадағалап, синтоизм дінін ұстанды. Жапонияда ең бай феодалдарды дайме деп атады. Ал Киотодағы императордың айналасындағы ақсүйектерді кугэ деп атады. Токугава билігі кезіңде Жапонияда қалалар көбейді, қолөнер мен сауда орталықтары өсті. Солардың ең ірілері Эдо, Осака, Киото, Нагоя, Нагасаки, Хаката қалалары болды.

Токугава ақсүйектерді бірнеше топтарға бөлді. Олар:

- Кугэ – императордың туыстары мен отбасы;

- букэ – басқа әскери үйлер. Олар да үш категорияға бөлінді:

1. синхан – сегунның туыстары мен отбасысы;

2. фудай – Токугава отбасының негізгі тірегі, оларға бағынатын кландар;

3. тодзама – ірі кландар, олар экономикалық жағдайда Токугава отбасына бағынбайды.

3. XIX ғасырдың басында, Токугава үйінің соңғы сегундарының билігі кезінде Жапония қоғамы терең дағдарысқа килікті. Ауыл шаруашылығы күйзеліске ұшырады. өнделетін жер көлемі азайды. Халық өсімі күрт төмендеп кетті. Ауылда шаруалардың жерінен айырылуы күшейіп, жерсіз қалғандары қайыршылық күн кешті. Жапон қоғамында капитализм даму бастады. Мануфактуралар саны арта түсті. XIX ғасырдың бірінші жартысында Жапонияда 180-нен астам жаңа мануфактуралар пайда болды. Ішкі сауда дамып, осыған байланысты сауда-қолөнер орталықтары ретінде Эдо, Киото, Осако, Нагасаки, Сакаи және Хаката сияқты жапон салалар бөлініп шыға бастады. Жібек, қағаз, қант, фарфор, тоқыма өндірісі сияқты жаңа кәсіпшілік салалар дамыды. Елдің осындай салалар бойынша маманданған аудандарға бөлінуі тауар айырбасының дамуын күшейтті. Сөйтіп, ішкі рынок қалыптасты. Елдегі шаруалар мен қала кедейлерінің көтерілістері сегунаттың билігін әлсіретіп, үлкен саяси дағдарыс тудырды. Сегунат билігіне қарсы ірі бас көтерудің бірі 1837 жылы Осака қаласында Осио Хэйхатиро бастаған көтеріліс болды. Ол өзі самурай болатын, қала күзетінің бастығы қызметін атқаратын. Қалада күріш бағасының шектен тыс өсуіне орай ашаршылық басталды. Осыған наразылық ретінде Осио қалада көтеріліс ұйымдастырып, сегунат билігін құлатуға шақырды. Осылайша 215 жылға созылған Жапониядағы «жабық есік» саясаты күйреді. Осыдан кейін ілешала басқа державалар Жапониямен келіссөз жүргізе бастады. 1854 жылы жапон-ағылшын, 1855 жылы орыс-жапон, 1856 жылы голланд-жапон, 1858 жылы француз-жапон келісімшарттарына қол қойылды.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 6345 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...