Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мэйдзи революциясы



XIX ғасырдың 60 жылдарында Жапония халқының жағдайы бір ауырлаған кез болды. 1867 жылы Жапонияның императоры тағына 15 жасар Муцухито отырды. Оның төңірегіне сегунға қарсы тұрған оңтүстіктегі самурайлар өкілдері топтасты. Олардың қолында едәуір әскери күш те болды. Олар сегуннан императорға билікті қайтарып талап етті. 1868 жылы 3 қаңтарда самурайлар қарулы күшпен көтеріліс жасап, жас императордың атынан сегун Кэйкиді орнынан кетіру жөнінде жарлық шығарып, билік императордың қолына көшті деп жариялады. сегунКэйкидің қарулы қарсылық көрсетіп, билікті сақтап қалу әрекеті нәтижесіз болды. Сегун билігі құлап, мемлекет императордың қолына көшті. Төңкеріс жасаушылар енді елдегі саяси билікті нығайтуға кіріседі. Жаңа үкіметтің негізгі міндеттері халыққа императордың бес баптық анты түрінде жарияланды. Мемлекеттің құрылымы туралы негізгі заң жасалды. Осы заңды 1868 жылы маусымда қабылданған соң, Эдо қаласының аты Токио деп өзгертілді. Муцухито императордың билік еткен кезеңі Мэйдзи деп аталды. Сондықтан да тарихта 1867-1868 жылдарындағы императорлық билікті қайта орнату әрекеті «Мэйдзи қайта қалпына келтіруі» деп аталды. 1867-1868 жылғы буржуазиялық революцияның алдында Жапонияда таптық күрес күшейе бастады. 1866 жылы шаруалардың 17 ірі көтерілісі болса, бір жылдан кейін сегунның билігі жойылып, көтерілістердің саны 48-ге жетті, ал 1870 жылғы көтерілістің саны – 31, 1873 жылғысы – 36. Осы революциялық көтерілістерге мыңдаған адамдар қатысты. Осынау көп ауқымды толқулар буржуазиялық революцияның басталғанының айқын дәлелі болды.

Жапонияда императордың билігі формальды түрде ғана болды, ал шын мәнінде билік сегунның қолында жиналған болды, ол бакуфу деген ставкасынан Жапонияны басқарып отырды. Мемлекетті ірі дайме деген феодалдар бөліп алған, олар Токугава деген сегунге тәуелді болды. Сегун бүкіл феодалдық әскерлерді басқарды. Оның қызмет орны мұрагерлікпен берілетін. Төңкеріс кезінде Жапонияны Токугава сарайының сегуны басқарды. 1867 жылы Жапонияның сегуны Иэмоти және императоры Комэйки қайтыс болғаннан кейін императорлық орынға қойылған 14 жастағы Муцухито еді. Жапонияны Кэйки империяның шын императорына берілсін деп ультиматум қойды. 1869 жылы азаматтық соғыс басталды, Токугава руы жеңіліп, сегун басқару процесінен ығыстырылды да, Жапонияны жас император басқара бастады. Осы өзгерістер Мэйдзи төңкеріс деп аталып, ал бұл дәуір Мэйдзи дәуірі деп аталатын болды. Бұл революцияның белгісін билік дайме мен сегуннан жартылай феодалдық помещиктерімен буржуазияның одағына көшті. Бұл одақты да басқарған Жапонияның имеператоры. Император прокламация қабылдап, халыққа өзінің саясатын мәлімдеді, оның уәделерінің ішінде халық жиналысын жинаймын, елдің пікірімен санасамын, жаман әдет-ғұрыптарды жоямын, әділетті сотты құрамындеген сөздер болды. Жапонияның жаңа үкіметі сол императордың туысқандарынан құрылды.

XIX ғасырдың 70 жылдарында Жапонияда буржуазиялық реформалар жүргізіліп, елді басқару орталықтандырылабастады. Феодалдық бытыраңқылық жойылды да, феодалдық ұсақ князьдердің мемлекеттерінің орнына астаналық үш префектура Токио, Киото, Осака құрылды. Бәріне ортақ ақша енгізілді, пошта, кеден шекаралар жойылды. Бұл шаралар феодалдық князьдардың биліктерін шектеп, капитализмнің дмуын нығайтты. 1872 жылы Жапония жұртшылығы: жоғары дворяндар ақсүйектер (кадзоки), самурайлар (сидзоку) және қарапайым халық (хэймин) болып үш тапқа жіктелді. Жалпыға бірдей әскери міндеттілік негізінде императорға бағынатн тұрақты әскер құрылды. Бұл өзгеріс самурайлардың бұрынғы ықпалын әлсіретсе де, толық жойған жоқ. Олар мемлекеттік тұлғалар ретінде қызмет етті, қалыптасқан әдет-ғұрып бойынша әскер мен флотты екі князьдіктің өкілдері: Сацуманың адамдары – флотты, Тесю - әскерді бөліп басқарды. 1873 жылы Токио қаласында Әскери Академия ашылып, онда ағылшын және француз офицерлері сабақ бере бастады. Жапонияның әскерлері Еуропа әскеріне ұқсас құрылса да, оның әскери дәстүрлерін құрайтын самурайлардың әдет-ғұрыптары болды. Синтоизм, бусидо, патернализм саналары кеңінен қолданылды. Осы кезде Жапонияда бірыңғай валюта иена енгізілді. 1869 жылы көктемде император астанасы мүлгіген ортағасырлық Киотадан Токиоға көшірілді.

XIX ғасырдың 80 жылдарында Жапонияда буржуазиялық помещиктердің алғашқы саяси партиялары құрыла бастады. 1881 жылы Либералдық партия (Дзиюто), 1882 жылы Кайсинто реформалар партиясы, 1901 жылы Социалистік партия құрылды. Бұл кезде Жапонияда либералдық оппозицияның күшейгені айқын. Сондықтан Жапонияның үкіметі халыққа уәде беріп, оның арасында Жапонияның Конституциясы қабылданады деген ант берді. Буржуазияның саяси құқықтарын кеңейту және өнеркәсіптің дамуын жеделдету үшін шара қолдануды талап еткен буржузиялық либералдық партияға да жазалау шаралары төнді.

Осы партиялардың біріктірген негізгі мақсаты – Конституцияны қабылдату. Сол Конституцияны жазу үшін князь Ито басқарған делегат комиссия мүшелері шетел конституцияларымен және мемлекеттік құрылыспен танысу үшін Еуропа мемлекеттеріне барды. Олар Еуропа және АҚШ Конституцияларымен танысты. Басқа Еуропа мелекеттерінің Конституцияларынын арасында Пруссияның әскери-полицейлік режимді бекіткен 1850 жылғы Конституциясы да болды. Жапонияның үлгі ретінде қолданғаны Бисмарктың Конституциясы.

Конституцияның бірінші тараунда «Жапон империясы үздіксіз мәңгілік императорлық династия басқаруында болады»деп айтылған.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 6996 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...