Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Жылы шетел елдердің Қытайға ақша беруі



мемлекеттер ақшалардың суммасы (млн.долл.) пайызы
Англия 260,3 33,0
Ресей империясы 246,5 31,3
АҚШ 19,7 2,5
Германия 164,3 20,9
Франция 91,1 11,6
Бельгия 4,4 0,6
Жапония 1,0 0,1
Басқа елдер 0,6 -
Жалпы 787,9 100,0

4. 1844 жылы Гуандун провинциясында Хун Сюцюань деген ауыл мұғалімі «Общество небесного отца» («Бай Шанди хуэй») деген қауымды құрды. Ол маньчжурларды қуып шығу, барлық шаруаларға жерді тең бөліп беру талаптарын ұсынды. Хун Сюцюань Тайпинь Тяньго – ұлы игілікті аспан мемлекет ін құруға ұмтылды. Сондықтан көтерілісшілерді тайпиндер деп атады. 1851 жылы көтерілісшілер Қытайдың оңтүстігін жаулап алып, жаңа мемлекеттің құрылғаны туралы жариялады. Хун Сюцюань император болып жарияланып,ал оның жақтастары князь титулын алды.тайпиндер деп аталған шаруалар көтерілісі 14жылға созылды. Ол бірнеше кезеңге бөлінді. Шаруалардың бұл көтерілісінің ең шарықтаған кезі 1853 жылғы тайпиндердің «Ұлы игілікті аспан елі»деп алатын мемлекетін құруы болды. Тайпиндер мемлекетінің астанасы Нанкин қаласы болды. Тайпиндер идеологиясы ежелгі қытай дәстүрлерін сақтау, көне әлеуметтік ережелерді және христиан дінін құрметтеуді уағыздады. Бірақ тайпиндер Қытай қоғамына түбірлі жаңа өзгеріс әкеле алған жоқ. Олардың құрған мемлекеті де кәдімгі дәстүрлі монархия мен феодалдық құрылысты қолдады. Сондықтан бұл көтеріліс қаншама кең аумаққа таралып, бірақ уақытта созылғанымен, түбінде жеңіске жете алмады. 14жылға созылған тайпиндер көтерілісі жеңіліспен аяқталды. Тайпиндер көтерілісінің жеңілу себептері - жетекшілік ететін әлеуметтік күштердің болмауы, еуропалық державалардың Цин өкіметінекөмектесуі және Қытай халқына жат христиан дінін тайпин көсемдерінің ұран етуі болды. Хун Сюцюань, Ян Сюцин сияқты жетекшілері өз төңірегіне қытай халқын топтастыра алған жоқ. Тайпиндер көтерілісі 1864 жылы күшпен басылды. Қытайда Цин билігі сақталып қалды. «Апиын соғыстары» мен тайпиндер көтерілісінен кейін Цин империясында басталған дағдарыс ұзаққа созылды. Цин империясы Батыс мемлекеттеріне жартылай отар елге айналды. Енді Қытай халқы мен мемлекетінің алдында шаруашылықты, саясатты, әскерді және идеологияны жаңарту, тез арада Батыс елдеріне тәуелділіктен құтылу міндеттерітұрды. Маньчжур билеушілері аздаған реформалар жүргізу арқылы саяси билігін бекітуді көздеді. Олар Қытайдың көне дәстүрлерін сақтай отырып, жаңа еуропалық өзгерістер енгізу арқылы еуропалық «варварлардың» әскердегі, флоттағы, білім беру салаларындағы жаңалықтарын үйреніп, Қытай «өзін-өзі күшейту» саясатын жүргізуге қажет деп есептеді. Бұл саясат 19 ғасырдың соңына дейін жүргізілді. Бірақ ол Қытайды дағдарыстан шығара алған жоқ. «Апиын соғыстарнан» кейін Англия 1875-1876 жылдары Пекинге тағы да соғыс қаупін төндіріп, Чифу конвенциясы бойнша тағы да жаңа төрт портты ағылшын саудасына ашып берді. 1884-1885 жылдары Франция Қытайға соғыс ашты.Вьетнамды Қытайдан тартып алып, өз билігін орнатты. 1894-1895 жылдары Жапония соғыс ашып, Қытайдан Тайвань, Пянху аралдарын тартып алды. Кореяны Цин империясы билігінен азат етіп, өз ықпалына көшірді. Осыдан бастап Қытай территориясы еуропалық державалардың өзара ықпал ету аймақтарына айналды. Франция Оңтүстік Қытайда үстемдік етті. Ресей Маньчжурияда, Германия Шаньдун түбегінде, Жапония Фуцзянда билік жүргізді.

XX ғасырдың басында Қытай капитализмі әлсіздігіне қарамай, өзінің даму кезеңіне көшті. Ал маньчжур әулеті бұл илгерілеуде ұлттық капитализмнің дамуына шетелдіктердің Қытайдағы отарлау саясаты да кедергі болды. 20 ғасырдың бас кезінде Қытай кәсіпкерлері шетел тауарларына бойкот жариялап, көтеріліс ұйымдастырылды. Аулдарда салық төлеуден бас тартқан «ашаршылық бүліктері» де өсе түсті. Сунь Ятсен басқарған революциялық ұйымдардың әрекеті жанданды. «Біріккен одақ» өзінің бағдарламасы ретінде Сунь Ятсеннің атақты үш принципін негізге алды. Бұл принциптер (Минь бао» (Халық газеті) бетінде жарияланды. Сунь Ятсен тұжырымдаған үш халықтық принцип мыналар еді:

1. ұлтшылдық принципі – Қытайдағы жатжерлік маньчжур үстемдігін құлатып, Қытайдың тәуелсіздігіне қол жеткізу;

2. демократизм принципі – Қытайда монархиялық биліктен бас тартып, демократиялық республика құру;

3. халық игілігі принципі – жер иеленудің біртұтас мемлекеттік салыққа негізделген түрін енгізуді, яғни агарарлық мәселені көздеді.

«Біріккен одақ» Цин үкіметіне қарсы бүкіл елді қамтитын көтеріліс әзірлеуге кірісті. Үгіт-насихат жұмыстары әскерлер арасында да жүрді. Революцияға дейін Қытайдың әр түкпірінде халықтық үкіметке қарсы көптеген бас көтерулер болып тұрды. 1911 жылы күзде Синьхай революциясы басталды. Хубэй провинциясының Учан қаласындағы әскерлер көтерілісі революцияның басы болды. Әскерлер қаланы басып алып, маньчжур билігін құлатты да, өздерінің әскери үкіметін орнатты. Учан көтерілісшілерінің үлгісін Қытайдың 14 провинциясы қолдады. Олар жергілікті үкімет билігін құлатып, елде Қытай Республикасының құрылғанын жариялады. 1912 жылғы 1 қаңтар Қытай Республикасының ресми жарияланған күні болып есептелді. Сунь Ятсен Қытай Республикасының тұнғыш президенті болды. Сөйтіп, Қытайдың оңтүстігінде Сунь Ятсен билік еткен, орталығы Гуанчжоу қаласы болған Қытай Республикасы пайда болды.

Синхай революциясының тарихи маңызы – ол Қытайды үш ғасырдай уақыт билеген жатжерлік маньчжур үстемдігінен азат етті, сонымен бірге монархиялық билікті жойылып, Қытай Республикасын жариялады. 1913 жылдан бастап Қытай Юань Шикайдың диктатурасы бойынша өмір сүрді.

Әдебиет:

1. История Востока / Под ред. Якобсона В.А. М., 1997.

2. Новая история стран Азии и Африки / Под ред А.М. Родригеса. В 3 т. М., 2004.

3. Сейдхан К. Батурина Л.Л. Азия және Африка елдерінің жаңа және қазіргі заман тарихы. Караганда, 2008.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 5654 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...