Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Д6. XVII-XX ғасырдың басындағы Иран



1. Жаңа кезеңдегі Иранның әлеуметтік-экономикалық құрылысы. Аграрлық қатынастар. Сефевидтер мемлекетінің дағдарысы.

2. Иранның мемлекеттік құрылысы. Дін мен діни адамдардың рөлі. Каджарлар монархиясының орнауы.

3. Амир Низамның реформалары.

4. Буржуазиялық ұлтшылдықтың тууы. 1905-1911 жж. Иран революциясы: алғышарттары мен салдары. Революцияның маңызы.

1. XVII ғасырда Иран Сефевидтер әулеті билеген аграрлық ел болды. Бұл уақытта Сефевид мемлекетінің құрамына Иран жерінен басқа, XVI-XVII ғасырларда жаулап алынған Закавказье, Кавказдың бір бөлігі, Мерв қаласына дейінгі Орта Азияның бір бөлігі, Ауғанстанның Герат, Фаррах және Қандағарды қосқандағы батыс жағы және бүкіл Белуджистан түгел кірді. Иранның негізгі кәсібі мал шаруашылығы, егіншілік, қолөнер болды. Сефевидтер Әзірбайжаннан шыққандар еді. Оларға біршама уақыт батыстан шығысқа қарай Месопотамиядан Үнді өзеніне дейін дерлік, солтүстіктен оңтүстікке Қарақұм шөлі және Закавказьеден Парсы шығанағы мен Арабия теңізіне дейінгі орасан зор аумақты біріктірудің сәті түсті. Сефевидтердің әр тілді державасы көптегентайпалар мен халықтарды біріктірді. Иран аумағының үштен бірін көшпелі тайпалар алып жатты.егіншілікке негізінен бидай, арпа, күріш, техникалық дақылдардан мақта, темекі, зығыр өсірілді. Жеміс-жидек, жүзім шаруашылығы жақсы дамыды. Жібек өндіру кең етек алды. Иранда жер көбінесе қолдан суарылатын. Мал шаруашылығында қой мен ешкі өсірілді. Онымен көшпелі және жартылай көшпелі курд, лур, белудж, түрікмен, қашқай және т.б. тайпалар айналасты.

Иранда қолөнер өте жақсы дамыды. Әсіресе кілем тоқу мен мата жасау өндірісі өркендеді. Парсы кілемі мен иран жібегі дүние жүзіне даңқы шыққан бұйымдар болатын. Иранда фарфор, фаянс, қыштан жасалған бұйымдар,зергерлік өнер де қанат жайды. Ішкі және сыртқы сауда байланыстары өркендеді.

Сефевидтер мемлекетінің жері келесі аймақтарға бөлінді:

1. юрттар (көшпенділердің жері) – осы жерде әскердің негізін құратын шаруалар-иляттар тұрды;

2. дивани (мемлекеттік жерлер) – шаруалар-райяттар жер шаруашылығымен айналасты;

3. шах жануйясының жері (хассэ);

4. мұрагерлік меншікте болған жерлер (вакуф, мульк, союргал).

Каджарлар әулетінің билігі орнатқан кездегі жер меншіктің формалары:

1. «халисе» - мемлекеттік жерлер;

2. шах және оның отбасының жерлері;

3. хандардың жерлері – шахин-шах әскер қызмет еткені үшін хандарға, эмирлерге, әскери адамдарға жер береді;

4. вакуфтар – шіркеу және діни мекемелердің жерлері;

5. тайпалардың жерлері;

6. «арбаби» немесе «мольк» - феодалдардың және көпестердің жер меншігі;

7. «омуми» - қауымдар жері;

8. «хордемалек» - ұсақ жер иеленушілердің жері.

Көптеген шаруалар федалдардан жерді несиеге алып, шығарған өнімнің жартысын немесе 4/5 феодалға береді. Бұрынғыдай, шаруалар жолды, ирригациондық жүйені, бекіністерді салуға жіберілді де әскерге көмек көрсетуге, хакимдарға «пишкеши» (сыйлық) алып беруде тегін қызмет көрсетті. Сонымен қоса, шаруалар феодалдарға үй шаруашылық жұмыстарды атқарды.

Ирандағы базарлар елдің, облыстың экономикалық және саяси өмірінің орталығы ретінде қалыптасты. Шеберханалар базардің ішінде орналасқан. Елдің ішкі саудасы ұсақ және орташа көпестермен жүргізілді. Бірақ елде орталықтанған нарық болған жоқ.

2. 1502 жылы Исмаил I құрылған Сефевидтер мемлекеттік құрылым «Доулет-е қызылбаш» (Кызылбаштар мемлекеті) тауына ие болды. Исмаил I (1502-1524) және оның мұрагерлері «шахиншах-е Иран» титулына ие болды. Еуропа деректерінде Сефевидтер мемлекеті 1736 жылға дейін әрекет етті және Персия деп аталды. Исмаил I шиизмді мемлекеттік дінге айналды да өз мемлекетіне ірі сауда орталықтарын Кербела мен Неджефрді, Казвин, Кум, Исфаган, Шираз, Йезд мен Керманды, Гилянды, Курдистанды, Мазандаранды, Фарсты, Хузистанды Хорасанды қосты. Сефевидтер мемлекеті теократиялық мемлекет болды.

XVI ғасырдағы Сефевидтер мемлекетінде негізгі рөлді қызылбасшылар атқарды да ең негізгі мемлекеттік қызметтік орындарына ие болды. Иран элементтері (азаматтық шенеуніктер мен дінбасшылары) екінші орында болды. Шах сарайында және әскерде азербайджан тілі пайдаланды, парсы тілінде іс қағаздар жүргізілді.

Елдің жоғары билеушісі шахиншах болды. Ол жасырын (скрытый) 12-ші имам Мохаммед Мехдинің орынбасары деп саналды және Сефевийе орденінің басшысы функциясын атқарды.

Мемлекеттің екінші адамы – векил («заместитель») немесе «амир ал-умара» («Эмирлер басшысы») болды.

Исмаил I кейін Иран тағына оның баласы Тахмасп I (1524-1576) отырды. Ол Осман империясымен әскери қақтығыстарды байқады да Ұлы Моғолдар империясымен дипломатиялық байланыстарды, Еділ мен Каспий арқылы Еуропа елдермен сауда қатынастарды орнатты. Исмаил II 1576 жылы таққа отырды, бірақ 1578 жылы оның өлуінен кейін Иран тағына әлсіз, міңезі жұмсақ Сұлтан-Мохаммад (1578-1887) отырғызылды. Ол Ходабанде («раб Божий») атағына ие болды. Көп уақытын ол діни істермен айналасты, ал мемлекеттік қызметке көңілін аударған жоқ. 1587 жылы 10 жастағы Мохаммад Ходабанденің баласын Аббасты (1587-1629) таққа отырғызып, Иранның шахиншахы деп жарияланды. XVI соңында Сефевидтер мемлекетінде экономикалық және саяси дағдарыс басталды. Елдің солтүстік-батыс жерлері түріктердің қол астында болды, Хорасанның бөлігі, Мерв, Герат пен Мешхетті қосып, Бұқараның өзбек ханына жатты. Ұлы Моғолдар империясы Ауғанға өз наразылығын көрсетті. Елдің ішінде батыраңқылық кезең болғандықтан Сефевидтер мемлекетінің құлдырау кезеңі басталды.

Сефевидтік Иран Аббас I (1587-1629) шахтың кезінде аса жоғары қуаттылықты жетті. Ол көптеген бағынбаған хандарды дарға асып, орталық билікті нығайтты, ағылшын нұсқаушылары қызмет атқарған армияны құрды. Иран армиясында отты қару-жарақтар мен артиллерия пайда болды. Иран астанасы Исфаханның тұрғын халқы 500 мың болды. Қала келушілерді шеберханалар мен дүкеншілердің, шығыс базарының, сарайлардың және ақсүйектердің үйлерінің көптігімен таңқалдырды. Аббас I ішкі саясатының негізгі мақсаты Иранда орталықтанған, күшті мемлекетті құру идеясы болды. Сондықтан оның тірегіне ирандық шенеуніктер айналды. Аббас I реформалардың ортасында әскери реформа болды. Әскери реформа бойынша Иранда тұрақты әскер құрылды (ал Гилян, Мазандаран және басқа территориялары хассэге айналды); 4 бөлек әскери корпус пайда болды. Олар:

1. «курчи» - басшысы «курчи-паша» - қызылбасшылардан шыққан адам;

2. «гулям» («құлдар») – исламға айналдырыған христиандардан, әсіресе грузиндерден, құрылған атты (конный) корпус. Олар тек қана шахқа бағынды;

3. «туфенгчи» («мушкетеры») – олар провинциялардың басшыларына бағынды;

4. артиллериялық корпус – ол XVII ғасырдың соңына дейін әрекетт етті.

Әскери реформамен бірге әкімшілік реформа жүргізілді. «Векил» атағының орнына «этемад ад-доуле» («доверие державы») орнатылды. Оның қолында тек қана азаматтық билік болды. Екінші рөлді Иранның армиясының қолбасшысы «сипахсалар-е Иран» атқарды. Шахин-шахтың жанында кеңесті орган ретінде жеті (кейін – 10) ірі сановниктерден және эмирлардан құрылған «жоғары меджлис» құрылды.

Аббас I христиандықтарға да назар аударды, олар арқылы Еуропа елдерімен саяси және экономикалық байланыс орнатты.

1598 жылы Казвиннен Исфаганға Иран мемлекетінің астанасын көшірді. Осы кезеңнен бастап Исфаган көп базарлар әрекет ететін, мешіттер, сарайлар, әдемі бақтар бар ірі қалаға айналды. Шах ие болған көптеген «карханада» Батыс және Шығыс Грузия және Ширваннан келген қолөнершілер жұмыс істеді.

Аббас I шаруашылық қызметін реттеу үшін және сыртқы саудаға жылымды жағдай жасау мақсатымен ақша реформаны өткізді. Жаңа монета – аббаси – 200 динарға тең болды.

Аббас I реформаларының нәтижесінде Иран орталықтанған, мықты мемлекетке айналды. Аббас I сыртқы саясатына қарағанда 1578-1590 жж. аралығында Азербайджан, Шығыс Арменияны, Шығыс Грузияны, Луристанды тарттып алды. 1622 жылы Ұлы Моғолдарға қарсы соғыстың нәтижесінде Кандагарды өз қол астына бағынды. Үндістанмен, Қытаймен, Аравиямен және Батыс Еуропа елдерімен караван-теңіз орталық функциясын атқаратын негізгі пункт Ормуз аралы үшін Португалиямен соғыс басталды. Осы соғыс 1623 жылы Англияның көмегімен Иранның жеңісімен аяқталды. Осы жылы Аббас I Түркиямен соғыстың нәтижесінде Бағдадпен Арабтық Ирақты, Жоғары Месопотамияны, арабтарға қасиетті мағынаға ие болатын Неджеф пен Кербеланы Иран территориясына қосты.

Сефи I (1629-1642) жүргізген құғын-сүргін саясатының нәтижесінде елдің дарынды қолбасшылар, дипломаттар мен шенеуніктер қаза тапты да мемлекеттің сыртқысаясаттық жағдайы нашарлады: Кандагар Ұлы Моғолдар мемлекетінің территориясына кірген, Осман империясына Арабтық Ирақ, Тебриз бен Хамадан қосылған. 1639 жылы Иран Осман империясымен XVIII ғасырдың 20-шы жж. дейінгі бейбітшілік сақтаған Каср-Ширин келісімге қол қойды.

Сефи I баласы, Аббас II (1642-1666) мемлекеттік қызметке көңіл бөлген жоқ. Осы кезеңде сыртқы саудада Голландия маңызды орын алған, Ресеймен қарым-қатынастары нығайтылған (орыс көпестері Шемахта қараван-сарайға ие болған).

Сулейман (1666-1694) билік еткен кезеңде ауыл шаруашылық аймақтарда тұрғындардың саны қысқартылғанына, өңдейтін жердің көлемі азайтылғанына және суландыратын жүйенің қиратылғанына билік пен мемлекеттік қызметкерлері қарамағандықтан, біріншіден, ауыл шаруашылықта, кейінірек – қолөнер мен саудада, құлдырау процесі басталды.

Сұлтан Хосейн (1694-1722) елде саяси дағдарыс басталды: билікке жақын болған қызметкерлер мен қарапайым тұрғындар, орталық билік пен ұлттық шет жақта тұратын халықтар (азербайджандар, армяндар, афғандар, грузиндер, құрдтар және т.б.), азаматтық шенеуніктер, шииттік дін басшылар мен әскери-көшпенділік ақсүйектер арасында шиеленістер басталды.

Тахмасп II (1722-1732) - Сұлтан Хосейннің баласы. 1726 жылы Тахмасп II одақтасы болып дарынды қолбасшы Надир-хан елден ауғандаады құып, Түркиямен соғысқа дайындалды. Артиллерия корпусын қалпына келтіріп, османдардан Ардебиль, Керманшах, Тебриз және Хамадан қалаларын босатты да Иран территориясына қосты. Бірақ Тахмасп II Надир-ханның артында Түркиямен келісімге қол қойғандықтан, Надир-хан оны тақтан құлатып, Иран тағына сегіз айлық баласын Аббас III (1732-1736) Иранның шахин-шахы деп жариялады. 1736 жылы Надир-хан Мұған даласына жиналатын Иранның жоғары ақсүйектерін құрылтайға шақырып, жаңа билеушіні сайлау керек деді. Надир-ханның кандидатурасына қарсы тек қана Қарабахтың билеушісі Угурлу-хан Каджар мен шииттердің дін басшысы «молла-баши» шықты. Олардың пікіріне қарамай, 1736 жылы Надир-хан Иранның шахин-шахы деп жарияланды.

Саяси жағынан Иран шексіз монархия болып табылады. Мемлекеттік істермен бірінші визирь (министр) – «садр-азама» айналасты, оның бірге қаржы сұрақтарды атқаратын «мостоуфи оль-мамалек», шах кеңсесін және сыртқы саясат министрлігін басқарған «монши оль-мамалек», үшінші визирь әскери істермен айналасты.

Әкімшілік жағынан Иран 30 облыстардан (велает) және 4 провивинциялардан (эялет) – Азербайджан, Керман, Фарс, Хорасан – құрылды. Эялеттің басында губернаторлар вали болды, велаеттің басында – хакимдер. Елдің қоғамдық-саяси қызметтерін шиіттік дін басыларының қолында болды.

3. XVIII ғасырдың басында Иран халқы ауған басқыншыларына қарсы күресін түріктердің афшар тайпасынан шыққан Нәдір басқарды. 1729 жылы Нәдір ауғандарды иран жерінен түгел қуып шығады. Ал 1730-1735 жылдары Нәдір басқаруындағы Иран әскерлері түріктерге қарсы күрес бастап, оларды басып алғанжерінен кетуге мәжбүр етті. Иран жерінен ауғандар мен түріктерді қуыпшыққан беделін пайдаланып, Нәдір 1736 жылдың басында ақсүйектер мен дінбасыларының құралтайын шақыртты. Сөйтіп, өзін Иранның щахы деп жариялайтын. Нәдір шахтың ел ішінде жүргізген саясаты өзінің билігін күшейту әрекетіне бағытталды. Ол сондай-ақ жерге феодалдық меншікті және мемлекеттік меншікті ұлғайту мақсатымен бұрынғы сефевид ақсүйектерінің қолындағы жерді тәркіледі және шиит дінін ұстаушылардың қолындағы жерді қысқарту саясатын жүргізді. Нәдір шах өзі билеген мемлекеттің жерін кеңейту және басқыншылықжолымен қазынаны толтыру мақсатында жаугершілік жорықтарға көшті. 1736-1739 жылдары Нәдір шах Үндістанға жорық жасап, Делиді тонады. Ол Орта Азияға, Дағыстан жеріне, Қосөзенді басып алу мақсатымен Түркияға жорық жасады. Бірақ бұл жорықтарының бәрі сәтсіз аяқталды. Үздіксіз соғыстар елдің өндіргіш күштерін күйретті. Ауыр салықтын зардабынан шаруалар мен қала кедейлерінің тұрмысы нашарлап кетті. Халық көтеріліске шығып, Нәдір шах халық наразылығын аяусыз басып жаныштады. 1747 жылы Нәдір шахты Хорасанда бүлікшілер өлтірді. Нәдір шах өлген соң оның құрғандержавасы ыдырай бастады.

Иранда Каджар әулетінің билікке келуі. Феодалдық топтардың арасындағы өкімет билігі үшін бақталастық күрес ұзақ уақытқа созылды. Тек XVIII ғасырдың соңында ғана Иранда Каджар әулетінің билігі орнады. 1796 жылы Иран шахы болып Аға Мұхамед хан тағайындалды. Ирандағы Каджар әулетінің астанасы Тегеран қаласы болды. Иран жері әкімшілік жағынан вилаеттер (облыс) мен эялеттерге (провинция) бөлінді. Вилаеттерді шах тағайындаған хакімдер басқарды. Ал эялеттер көлемі жағынан өте үлкен аймақтар болғандықтан, олардың қолындағы билік пен құқық та үлкен еді. Сондықтан эялеттердің басында шахтың мұрагерлері – шахзадалар отырды. Вилаеттер мен эялет билеушілерінің дербес биліктері шексіз еді. Олардың өз жасақтары, өз ақшалары болды. Олар салықты өздері жинап, қылмыскерлерге өздері жаза қолданып, өздері соттады. Кейбір феодалдар мен хакімдер түрді жағдайларда шахқа бағынбай, тіпті шахтың билігіне де көз алартты.





Дата публикования: 2015-11-01; Прочитано: 4222 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.007 с)...