Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Дәріс №4. Сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесін шешудің сандық есебі. Гаусс әдісі



Жоспар:

1. Сызықтық жүйелер. Сызықтық жүйелерді шешу әдістері

2. Айнымалыларды біртіндеп жоюдың Гаусс әдісі

3. Тікелей және кері жүріс

Кілттік сөздер: сызықтық теңдеу, итерация, сызықтық жүйелер, Гаусс әдісі

Көптеген ғылыми-техникалық есептердің нәтижелі шешімін алу сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесінің шешімін дәл және жылдам алуға байланысты.

Сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесін сандық әдістермен шешудің екі әдісі бар:

1. Тікелей немесе дәлдеп шешу.

2. Итерациялық (жай қайталау) немесе жуықтап шешу.

Тікелей әдіс. Бұл әдіс арифметикалық амалдардың соңғы жағында теңдеулер жүйесінің не беретіндігімен сипатталады. Егер қолданылатын амалдар дәл қатесіз орындалатын болса, онда берілген теңдеулер жүйесінің шешімі де дәл болады. Тікелей әдіске: крамер әдісі, айнымалыларды біртіндеп жою әдісі (Гаусс әдісі) және ортогональдау әдістері жатады. Тікелей әдіс практика жүзінде теңдеулер жүйесін дәрежелі -нен аспайтындай жағдайда қолданылады.

Жай қайталау әдісін - жуықтап есептеу әдісі деп аталатын жуықтау әдісіне: Зейдель әдісі, градиенттік әдіс және олардың модификациясы жатады.

Бұл әдісті практикада дәрежесі -нен аспайтындай жағдайда қолданылады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2416 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2024 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.006 с)...