![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Сандық әдістер – қолданбалы математика бойынша мамандарды жалпы математикалық сауаттылыққа дайындауда ең негізгі фундаментальдық пәндердің бірі. Бұл пән – дәл мәнін есептеу мүмкін емес болған жағдайда жуықтап есептеу арқылы есептердің шешімін табуға арналған жоғары математиканың өте маңызды тарауы.
Талдау - бүтінді құрамды бөліктерге жіктеп талдауға негізделген ғылыми-зерттеу әдісі.
Математикалық модельдеу – дегеніміз практикалық есептердің шешуі дұрыс берілген мәліметтерден және есептің мақсаты қатаң түрде алынған математикалық ұғым түрінде сипатталуы және оның шартының нақты тұжырымдамасының жасалуы.
Эксперимент – кез-келген теориялық негіздеменің іс-жүзінде сынақталып оның не оң немесе қанағаттандырмайтын шешімінің анықталуынберетін ұғым.
Алгоритм - біртіндеп орындалған кезде белгілі бір мәселені немесе мәселелерлдің белгілі бір тобына кіретін кез келген мәселені шешуге мүмкіндік беретін нұсқаулардың ретімен орындалуы.
Технология – өндіріс процестерінде шикізаттарды өңдеу тәсілдері мен өнімдерді дайындау жолдарының өзара байланысты жүйесі.
Графиктік тәсіл – кез-келген функцияның кескіндеме түрінде бейнеленуі.
Мақсаттық функция – сызықтық программалау есептерін шешу барысында қолданылатын мәні теріс элементтерден немесе нөлдерден тұратын функция атауы.
Сызықтық программалау – математикалық анализдің әдістері жарамсыз келетін, есептің ең үлкен және ең кіші мәндерін іздейтін есептеумен айналысатын математикалық бөлімі.
Минимум мән – зерттелетін функцияның ең кіші мәні.
Максимум мән – зерттелетін функцияның ең үлкен мәні.
Итерациялық әдіс - жай қаталау әдісі немесе жуықтап шешу деген түсінікті
Базистік айнымалылар – сызықтық программалау есептерін шешу үшінтабылатын айнымалылар тізбегі.
Интерполяция -жуықталған функцияның табылуы
Интерполяциялау түйіндері – жуықталған функцияның мәндерінің бір-біріне сәйкес келуі.
Аналитикалық тәсіл – есептердің жалпы формула түрінде берілуі.
Түбірді жекелеу – берілген функцияның шешімі жататын аралықты табу.
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1751 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!