Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Й тур: ойын жағдайына енгізу



Уақыт: 20 мин.

Жетекші ақ аю туралы тарихты әңгімелеп, шеңбер құрып отырған қатысушыларға сурет-карточкалар береді.

Мен сендерге бір күні хайуанаттар бағына қалайша аюды алып келгендігі туралы әңгімені айтып беремін. Алайда оны алып келген сәтте оған арналған, бассейні бар үлкен тор дайын болмай шықты және ұзындығы бар болғаны 6 қадам болатын кішкентай Латын Америкасы тар торға орналастыруға тура келді. Тығыз торда өткізген үш апта ішінде аю тек осы 6 адымға қозғалуға үйреніп те кеткен еді.

Арада уақыт өтті. Аюды үлкен де жаңа торға орналастырады, бірақ ол үйреншікті болып кеткен, бір жаққа 6 қадам және кері қарай 6 адым жасайтын үйреншікті тұйық кеңістікте қозғалуын жалғастыра берді.

Аюға ескі тордан шығуға не кедергі келтіреді? Шектен шығуға, алға қарай жылжуға не кедергі жасайды?

Әңгімеде осының себептері анықталады: әдет кедергі келтіреді, осы үш апта ішінде қалыптасып қалған жүріс-тұрыс стереотипі, тордан ары қарай шығуға болмайды деген наным және т.б. кедергі жасайды. Сұрақтар: Ал Сіздің мұғалім кәсібіңізде стереотиптер бар ма? Біздің жұмысымыздағы қандай үйреншікті және бір қарағанда дұрыс әдеттер Сізде күмән және келіспеушілік тудырады? Сізге қандай мектеп ережелері, қағидалары шығармашылықпен жұмыс істеуге, өз мүмкіндіктеріңізді толық күшінде көрсетіп қалуыңызға кедергісін келтіріп отырады?

Жетекші шеңбер бойынша қағаз парағын береді және әр адамнан мұғалім жұмысындағы жалпы қабылданған нәрселерден оның көңілінен не шықпай отырғандығын жазып беруін сұрайды, мысалға: өз бойын мұғалімше ұстауға міндетті, тиісті іскерлік киім киюге, үнемі көрсетіп, нұсқау айтып отыруға және талап етуге, т.с. тиісті.

Одан кейін мұғалім жұмысының барлық тізіп көрсетілген нормаларын, міндеттерін немесе жұмыс мазмұнын жетекші қатысушылардың көмегімен мәселелерге жіктейді:

1. Білім берудің мазмұны (не нәрсеге оқытып-үйрету керек – дайын бағдарламалық білімдерге ме, әлде тұлғаның өзін-өзі тануы мен өзін тану және дамытуына ма).

2. Тәрбиелеу мен оқыту әдістемесі (қалай, қандай құралдармен, тәсілдермен және амалдармен оқыту керепк – мұғалімнің, кітаптардың көмегімен немесе сөзбен, танымның басқа көздері арқылы).

3. Педагогикалық процестегі мұғалімнің міндеті мен орны (мұғалім кім – Құдай ма, табынатын адам ба немесе өзінің шығармашылық мақсаттарына қарай бара жатқан жолаушы ма).

4. Мұғалімнің педагогикалық үрдістің барлық қатысушыларымен өзара қарым-қатынастары (бұл күрес, өзінің де, өзгенің де қателерін жеңіп шығу, дәптерлердегі қателерді және балалардың жүріс-тұрыстарын түзету атмосферасы ма әлде тыныштық, тепе-теңдік, өзіне және қалғандарға оң көзбен назар аудару атмосферасы ма).

Барлық төрт мәселенің себептері деп жетекші «мұғалімдік мифтерін» жариялайды. Мифтердің атаулары жазылған карточкалар тақтаға бекітіледі, жетекші қатысушылардан олардың әрі қарай қандай мифпен жұмыс істеген қызықты екенін анықтап алуларын сұрайды. Қызығушылықтар бойынша төрт топ құрылады. Әр топта шешенді сайлап алады, осы шешеннің басына «шешеннің гүлшоғын» кигізеді.

Шешен жетекшіден топқа арналған тапсырма алады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 475 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.124 с)...