Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мәселелері



Айтылғанның бәрінен қандай да бір оқу орнында өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру, оқушыларда өзін-өзі тәрбиелеу мақсаттарын қою мәдениетін, өзін-өзі тануды ұйымдастыру мәдениетін, өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері мен құралдарын таңдау мәдениетін дамытуға келіп тірелетіндігі түсінікті болып отыр. Алдын-ала «қалыптастыру» терминінің біршама шартты екендігін атай кеткен жөн. Қалыптастыру тұлғаға өзін өз бетінше құруға, өзін-өзі бекіту және өзін-өзі жетілдіру актілерін жүзеге асыруға мүмкіндік беретіндей жағдайлар жасау деп түсінідіріледі (мысалға, мектепте өзін-өзі тану, өзін-өзі тәрбиелеу процестерін ынталандыру міндеттерін де, өзін-өзі тәрбиелеудің әдістеріне, амалдарына, құралдарын оқыту міндеттерін де шешуге мүмкіндік беретін атмосфераны қалыптастыру). Өзін-өзі тәрбиелеу іс-әрекетін оқушылардың өз бетінше жасайтын іс-әрекеті ретінде бөліп көрсетуі үшін, өзін-өзі тәрбиелеуді ынталандыру үшін қолайлы жағдайлар жасаудың ең жалпы принциптері қандай екен? Мұндай принциптерге келесілерді жатқызуға болады.

Еркіндік принципі. Тек осы қағидалы жүзеге асырған кезде ғана оқу орнында өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттіліктің пайда болуы үшін алғышарттар жасалады. Білім беру процесінің барлық қатысушыларының еркіндігі өз дамуының және тұлғалық өсудің дербес жолдарын таңдау мүмкіндігінен тұрады, мұның әкімшілікке, ата-аналарға, мұғалімдерге және оқушылардың өздеріне қатысы бар. Еркіндікке деген қажеттілік өзін тану және дамыту туралы және қатысушыларда өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілік пайда болатындығы туралы сөз айту қиынырақ. Әрине, мұнда еркіндік барлығына рұқсат берілгендік немесе оқытпау және оқымау мүмкіндігі ретінде емес, қоғам (бағдарламалар, стандарттар) белгілеген мақсаттарға қол жеткізе отырып, таңдау жасаудың, қоршаған адамдармен қатынасты өз мүдделеріне және қабілеттеріне сәйкес, бірақ басқаларға зиян келтірусіз құрудың объективті ұғынылған қажеттігі.

Жәбірлеусіз, дамытатын ортаны құру принципі. Егер педагогикалық үрдістің барлық субъектілері арасындағы өзара әрекеттесу мәжбүрлеумен байланысты болса, еркіндік принципі жүзеге асырыла алмайды. Өзара әрекеттесудің өзі бір-біріне деген сенім, қабылдау, құптау, дербестік және бір-біріне шыдамдылық негізінде құрылатын жеке тұлғалардың гармониясы болған кезде ғана мүмкін болады. Егер осы принцип сақталатын болса, өзін-өзі еркін көрсету және өзін тану және дамыту үшін қолайлы атмосфера жасалады, ал өзін-өзі тәрбиелеу өзін-өзі жетілдірудің пәрменді құралы ретінде қабылданатын болады.

Білім беру процесінің барлық қатысушыларына тұлғалық тұрғы принципі. Ол білім беру процесіне әрбір қатысушының әркімнің өзінің іс-әрекетінің: директор - әкімшілік іс-әрекеттің, мұғалім – сабақ беру іс-әрекетінің, оқушы – оқу іс-әрекетінің және т.с. субъектісі болып табылатындығының қарапайым фактісін мойындауын білдіреді. Тұлғалық тұрғы принципі әркімнің басқа адамдардан өзгеше қайталанбас тұлға болу, өзінің қажеттіліктеріне, көзқарастыраны, ұмтылыстары мен мүдделеріне, яғни, басқаша айтар болсақ, адамның нені қабылдайтындығына, не істейтіндігіне, аталған сәтте қандай міндеттер шешетіндігіне өзінің субъективтік тәжірибесіне ие болу құқығын танып, мойындауды білдіреді.

Тізіп көрестілген үш принцип өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру жағдайларын жасау үшін шекті ортақ болып табылады. Олардың шеңберінде оқушыларда өзін-өзі тәрбиелеу қажеттілігін ынталандыруға қолайлы жағдайлар жасайтын кейбір жеке аспекттерді бөліп көрсетуге болады.

Олардың негізгісі болып педагогтардың өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуы табылады. Өзін жүзеге асыратын, сабақтарда және басқа да мектептегі және мектептен тыс шараларда күш-жігерін аямайтын мұғалім балалардың өздерінің өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыруында еліктеуге үлгі болып шығады. Мұндай жағдайларда балалардан талап етудің, оларға түсіндірудің қажеті жоқ. Мұғалім өзіңе қалай үнемі жетілуге, өзіңде бұрын болмаған қасиеттерді, білімдер мен ептіліктерді алуға болатындығының үлгісі. Керісінше, егер педагогтың өзі жетілмесе – бұл балалардың өзін-өзі тәрбиелеуге ерекше маңыз бермейтіндігінің көрсеткіші.

Енді мектепте өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастырудың нақтылы түрлеріне көңіл бөлейік. Практика мектептегі тіптен төменгі мектеп жасынан бастап енгізіле алатын психология сабақтарының үлкен мүмкіндікке ие екендігін көрсетіп отыр. Қазіргі таңда психология бойынша тек мектеп оқушыларына ғана емес, ересек мектепке дейінгілер үшін оқулықтар жазылғанын атай кету керек (мысалға, И.В.Вачковтың «Балдырғандарға арналған психология» оқу құралы қызығушылық тудырады). Психологияны оқып, білу өз өзінен қызықты, онымен қоймай, ол өз тұлғасына деген қызығушылықты арттырады, келесідей: мен кім болып табыламын? Қандай мүмкіндіктерге иемін? – деген сұрақтарға ойланып қалуға мәжбүр етеді, өзін-өзі тануға, өзін тану және дамытуға деген қажеттіліктерді айтарлықтай ынталандырады, өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттіліктерді өзекті ету үшін бастапқы негізді құрайды. Қазіргі уақытта біздің еліміздің әртүрлі аймақтарында психологияны факультативтік курс ретінде берудің талай тәжірибесі бар. Психологияны беруді құру мен ұйымдастырудың мысалы болып М.А. Подвойскаяның «Мектептегі психология сабақтары» оқу құралы табылады, мұнда 8-9 сынып оқушыларымен сабақтардың мазмұны ашып көрсетіліп қана қоймайды, сонымен қатар отандық психолог әйгілі пофессор C. М. Жақыпов., Ф.Бизақованың «Білім беру жүйесінде қолданылатын психокоррекциялық жаттығулар» атты оқу құралында психотүзету сабақтарының мазмұны, олардың мектеп жасына дейінгі балалар мен мектептегі оқушылардың жас ерекшеліктері ескеріліп құрастырылған бағдарламалары айқын көрсетілумен қатар, авторлардың өткізілген сабақтарға қатысты бақылаулары, оның ескертулері келтіріледі.

Өзін тану және дамыту міндеттерін шешуге бағытталған, әртүрлі жастағы балалармен арнайы сабақтардың тұтас циклдарын жасап шығаруға және енгізуге назар аударғымыз келеді.

Өзін тану және дамытуға ілесе жүру мәселелерін ашып көрсеткен кезде, біз осында өзін тану және дамыту бойынша мектеп оқушыларына арналған тұтастай курстар жасап шығарылған Г.К.Селевконың технологиясын көрсеткен де болатынбыз. 1-4 сыныптарда бұл «Этика бастаулары» курсы, бұл курстың міндеттері өзіне, өзінің ішкі әлеміне қызығушылықты ояту, өзін-өзі талдау мен өзін-өзі реттеудің бастапқы тәсілдеріне үйрету болып табылады; 5 сыныпта – «Өзіңді таны» (өзін-өзі тану мотивтері бекітіледі, оқушылар өзін-өзі жетілдірудің қажеттігін түсінуге әкелінеді); 6 сыныпта – «Өзіңді өзің жаса» (өзін-өзі тәрбиелеу мотивтері дамытылады); 7 сыныпта – «Өзіңді оқуға үйрет (өзіне өзі білім беруге деген қажеттіліктер ынталандырылады); 8 сыныпта – «Өзіңді бекіт» (өзін-өзі бекітудің оптималды мотивациясы қалыптастырылады және өзін әлеуметтік жарамды тәсілдермен бекітуге қабілеттіліктер дамытылады); 9 сыныпта – «Өзіңді тап» (орталық ретінде өзін-өзі анықтау мотивациясын дамыту міндеті қойылады); 10 сыныпта – «Өзіңді басқар» (оқушылар өзін-өзі реттеу негіздерімен танысады, автономиялық пен дербестік көріністерін мотивациялау өзекті етіледі); 11 сыныпта – «Өзіңді жүзеге асыр» (өзін-өзі жүзеге асыруға мақсат қалыптастырылады). Аталған бағдарлама мектепте оқушылардың өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін өз бетінше дамыту және қалыптастыру жөніндегі іс-әрекетін қалайша ұйымдастыруға болатынының мысалы болып табылады (Г.К.Селевконың «Мектеп оқушыларының өзін-өзі тәрбиелеуін ұйымдастыру жөніндегі құрал» кітабын қараңыз). Сірә, осылардың негізінде өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілік қалыптасатын, өзін тану және дамытуға деген қажеттіліктерді ынталандырудың ең тиімді түрлерінің бірі арнайы әлеуметтік-психологиялық тренингтерді ұйымдастыру және өткізу болып табылады.

Тренинг басқаша тәсілдермен шешілмейтін сан көптеген спецификалы міндеттерді шешуге мүмкіндік береді. Біріншіден, тренинг тобындағы жұмыс – бұл оқушылардың өз таңдауы, мұнда мәжбүрлеу жоқ. Екіншіден, тренинг нақтылы жағдайға қарағанда, жанға азырақ жарақат салатындай етіп қабылданатын, басқа қатысушылар тарапынан өзі туралы нақтылы ақпарат алуға мүмкіндік береді. Үшіншіден, тренинг – бұл өзіңнің басқаларға қатынасыңды көрсету практикасы және өзіңді басқалардың қабылдау практикасы. Төртіншіден, тренинг өмірдің әртүрлі аспектілеріне: өткенге, қазіргіге және болашаққа қатысы бар нақтылы дағдылар мен ептіліктерді жасап шығаруға мүмкіндік береді.Аталған түрдің мүмкіндіктерінің осы тізімін жалғастыра беруге болады, ол шындығында да шексіз-шетсіз және оны жүргізу барысында жүргізуші, әдетте психолог қоятын нақтылы міндеттермен анықталады. Қазіргі уақытта осында психолог бар мектептерде және оқу орындарында тренингтер кең таралымға ие болды және тек қатысушылардың ғана емес, топ жетекшісінің де тұлғасының өзін тану және дамыту және қалыптасу процесіне оңтайлы әсерін тигізуде, яғни әдеттегі оқулар түрінде жүргізілетін дәстүрлі оқытуға осы жетіспей отырған, бірлескен өсу және өзгеру актілері байқалады. Тренинг сабақтарының тақырыптары әр алуан, дәл сол кезде қарым-қатынгас пен өзара әрекеттесу тренингтерімен қатар өзін-өзі тануға, өзін-өзі бекітуге, өзін-өзі жетілдіруге бағытталған спецификалы сабақтар көбірек тарала бастауда.

Отандық психолог Г.А.Цукерман жасап шығарған тренингтердің тамаша сценарийін ұсынуымызға болады, мұнда өзін-өзі тану және өзін тану және дамыту мәселелері жасөспірім жастағы балалар үшін ең қол жетерліктей және, ең бастысы, қызғылықты қарастырылған (Г.А.Цукерманның, Б.М.Мастеровтың «Өзін тану және дамыту психологиясы» кітабын қараңыз). Психологқа да, мұғалімге де пайдалы, өзінің алдына мектеп оқушыларының өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру мәселесін қойған басқа да көптеген жете зерделеулер бар.

Оқушылармен өзін тану және дамыту бойынша психология сабақтарын, арнайы сабақтар, тренингтер және т.с. өткізу оқушылардың өзіне өзі білім берумен айналысуға, яғни олардың өзі туралы түсініктерін кеңейтулеріне, өзін-өзі тәрбиелеу жөніндегі бағдарлама құруларына көмектесетін әдебиет оқуға деген табиғи ниеттерін оятады. Қазіргі уақытта осыларда диагностикалық әдістемелер түсінікті түрде келтірілетін, өзін тану және дамыту бойынша жалықтырмайтын ұсыныстар берілетін, оқушыларға арналған талай оқу құралдары бар. Осылардың ішіндегі ең сәттілеріне Ю.М. Орлов жазған «Өзін-өзі тану және мінезді өз бетінше тәрбиелеу», А.М. Прихожан жазған «Жолы болмаушыға арналған психологиялық анықтамалық немесе Өзіңе деген сенімділікке қалай ие болуға болады» кутаптары және т.б. жатады. Өзін-өзі тәрбиелеуді ұйымдастырудың ең пәрменді түрлерінің бірі психолог жүргізетін дербес кеңес берулер табылады. Осындай жұмыс кезінде оқушыларды толғандыратын мәселелерге ең тереңдей енуге жағдайлар жасалады, болуы мүмкін сәтсіздіктердің себептерін бірлесе іздестіру үшін алғышарттар туындайды өзін-өзі тану мен өзін-өзі жетілдірудің нақтылы жолдары белгіленеді. Оқушының психологпен әңгімесінің өзі өшпестей із қалдырады, өзінің қазіргі жағдайын ой елегінен өткізуге мәжбүрлейді, өзін-өзі оңды бағытта өзгерту тенденциясын ынталандырады. Егер де әр оқушыда осындай кездесу мүмкіндігі болса және ол қажетті психологиялық және психотерапиялық көмек алып отырса, көптеген мектеп мәселелері өз өзінен ғайып болар еді. Бірақ бұл мүмкін емес нәрсе. Тіптен мектепте психолог болған күннің өзінде де (ал мұндай мектептер объективтік және субъективтік себептерге орай өте аз), барлық мәселелерді жалғыз өзі шешу оның қолынан келе қоймайды. Сондықтан мұндай мәселелердің ең көбі пәннен сабақ беруші мұғалімге немесе сынып жетекшісіне келеді. Ақыр нәтижесінде, әрбір оқушыға қаншалықты көмек және қолдау көрсетуге болатындығы осы мұғалімдерге, олардың психологиялық сауаттылығы мен оңды әсер етуге қабілеттілігіне байланысты болып келеді. Өзін-өзі тәрбиелеуге деген қажеттілікті ынталандыратын көмекші құрал ретінде педагогикалық ұжым мен мұғалім жүргізетін сыныптан тыс жұмысты атаған жөн. Егер мектепте мектеп оқушыларына психологиялық білім беру жөніндегі мақсатты бағытталған жұмыс жүргізілмесе, ол көмекші құралдан негізгі құралға айналып шыға келеді. Сыныптан тыс іс-әрекеттің нақтылы бағыттары ретінде «Психологиялық кештерді», «Психологиялық Көңілділер мен тапқырлар клубын», «Психологиялық кроссвордтарды», «Қатынас жасау сабақтарын» және көптеген басқаларын айта аламыз. Бір жағдайларда сыныптан тыс жұмыс мектепте өткізілетін шаралар шеңберін табиғи түрде толықтырады және кеңейтеді, басқа жағдайларда - өзі өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру, Мен және Басқаларды ашу жөніндегі негізгі іс-әрекет болып шығады. Көп нәрсе, әрине, педагогтың мүдделеріне, оның психология саласындағы эрудициясына, әртүрлі жастағы балалармен бірлесе отырып, осындай түрдегі іс-әрекетті жүргізуге дайындығына байланысты болып келеді. Өкінішке орай, психологиялық білім алудың, өзіне және басқаларға қызығушылық оятудың жалғыз ғана көзі, өзімен жұмыс істеуді бастаудың стимулы болып табылатын, балалармен сыныптан тыс дүркін-дүркін жұмыс жиірек жүргізіледі. Кей кездері бұл да жоқ. Сонымен, біз өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру – бұл ересектер тарапынан да, балалардың өз тарапынан да белгілі бір күш-жігерді қажет ететін күрделі процесс екендігін көрсетуге әрекет жасап көрдік. Идеалды вариантында өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін бүкіл мектеп деңгейінде тиісті жағдайлар қалыптасқанда, мақсатты бағытталған өзін-өзі тану мен өзін-өзі тәрбиелеу үшін алғышарттар жасалғанда, психология сабақтары, арнайы сабақтар, тренингтер, кеңес берулер, сыныптан тыс сабақтар жүргізілгенде қалыптастыруға болады. Басқаша айтар болсақ, өзін-өзі тәрбиелеу мотивациясының пайда болуына, өзін-өзі тәрбиелеудің нақтылы бағдарламасын, оны жүзеге асыру жолдары мен құралдарын таңдап алуға ықпал ететін бірегей педаггоикалық, зорлықшыл емес, өзін-өзі дамытатын орта құрылған кезде осындай болмақ. Үйреншіктілік, еркіндікті шектеу, мәжбүрлеу атмосферасы, өзін-өзі тану мен өзін-өзі тәрбиелеуге арнайы оқытудың болмауы, керісінше, өзін-өзі жетілдіруге деген қажеттіліктерді шектеп тастайды, ал өзін-өзі тану мен өзін-өзі бекіту әлеуметтік жарамды емес немесе тіптен антиәлеуметтік жолдармен жүреді. Қорытындылай келе, өзін тану және дамытудың белгілі бір жас кезеңдерінде объективтік заңдылықтарға бағынышты екендігін атай кетуіміз керек. Көп нәрсе әлеуметтік қоршаған ортаға, әр баланың өзін-өзі тану және өзін тану және дамыту процестеріне ілесе жүруге және қолдау көрсетуге өзіне міндеттер алатын ересектерге байланысты болып келеді. Өз бетінше өмір сүруге, өзін-өзі жүзеге асыруға, өзінің Жер бетіндегі Адам борышын орындап шығуға алғышарттар жасайтын, тұлғаның өзін тану және дамыту мәдениетіне алып келетін өзін-өзі тәрбиелеу мәдениеті олардың осы процестерді қалайша ұйымдастыра алатындығына, өздерінің осы процестерге қаншалықты қосылғандығына байланысты болып келеді.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 873 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.083 с)...