![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Өзін-өзі тәрбиелеу мәдениеті - өзіне мақсат қоюдың, амал-тәсілдерді, құралдарды таңдаудың және нәтиже алудың, өзін, өзінің тұлғалық қасиеттерін бекіту мен өзгертудің, психикалық процестер мен ерекшеліктердің, іс-әрекет пен жүріс-тұрыстың, социуммен және жалпы әлеммен өзара әрекеттесудің жеке ұйғарылған және әлеуметтік-құндылық тәсілдерін қосатын күрделі де ауқымды түсінік. Өзін-өзі тәрбиелеу мәдениеті туралы мәселе кездейсоқ пайда болмайды және өзін-өзі тәрбиелеумен әркімнің айналысатындығымен, бірақ мұндай істің әрқашан әлеуметтік маңызды сипатқа ие бола бермейтіндігімен, өзінің тұлғасын өзі құрудағы себептілік пен дәйектілік заңдарына бағынышты екендігімен байланысты болып келеді.
Бөліп көрсетілген белгілер өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетінің аса маңызды көрсеткіштері болып табылады. Шындығында да, егер тұлға өзін-өзі тәрбиелеумен өзінің эгоистік мотивтерін қанағаттандыру, басқа адамдарға билік жасауға және оларға үстемдік етуге қол жеткізуге ұмтылу, тұлғаның басқаларды жою, басып тастау, қоғамға зиян келтіру үшін қажетті антиәлеуметтік қасиеттері мен сапаларын жетілдіру үшін айналысатын болса – мұндай өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетпен еш қиылыспайды.
Өзін-өзі тәрбиелеудің мақсаттары және пиғылдары игілікті, ал өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі жүзеге асырудың мотивтері нақтылы қоғам мен социумның талаптарымен ғана емес, жалпы адамзаттық құндылықтармен біте қайнасқан болуы керек (мысалға, тоталитарлық қоғамда осы қоғамның идеалдарына сай келетін өзін-өзі тәрбиелеу құндылыққа ие бола бастайды. Сонымен қатар «халық жауларына» деген өшпенділікті тәрбиелеу сталиндік режим кезінде қолдау алып отырды және т.с.). Осылайша, өзін-өзі тәрбиелеу мәдениеті – бұл өз бойында тұлға қасиеттерін және жүріс-тұрыс тәсілдерін өз бетінше бекітуге және өз өзінше жетілдіруге, жалпы адамзаттық идеалдармен: Ақиқатпен, Сұлулықпен, Мейірбандықпен және т.б. өзара әрекеттесуге ұмтылу және адамның ең толықтай өзін-өзі жүзеге асыру мен өзін-өзі таныту тәсілі.
Мәдениеттің өзге бір белгісі өзін-өзі тәрбиелеудің жүйелілігі болып табылады. Жүйелілік дегеніміз жиынтығында өзінің тіршілік етуінің өзгеріп отыратын жағдайларында тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруы мен өзін-өзі танытуының үздіксіз процесін қамтамасыз ете отырып, жүйенің әр элементі өзінің нақтылы міндетін шешетін, өзінің ролін орындайтын, өзін-өзі танудың, өзін-өзі тәрбиелеудің және өзін тану және дамытудың органикалық байланысын және өзара келісушілігін білдіреді. Егер өзін-өзі тәрбиелеу ерік-жігер арқылы өзін жай ғана мәжбүрлеу процесі жүрген кезде белгілі бір жүйесіз, жеткілікті мотивациялық негізсіз, оқтын-оқтын жүзеге асырылса, жеке бас міндеттерін шешсе, мұндай өзін-өзі тәрбиелеу ақыр нәтижесінде елеулі оң нәтиже бере қоймайды. Онымен қоса, егер өзін-өзі тәрбиелеу басқалардың қысымымен жүзеге асырылатын болса (ал мұндай жағдайлар сирек емес, мысалға, ата-аналары өз балаларынан күнделік жүргізуді, «Өз ерік-жігерімді қалай дамытуыма болады» тақырыбына шығарма жазуды және т.с. талап етеді), өзін-өзі тәрбиелеуге қабілеттілікті қалыптасу процесі ретінде көрсетілсе, онда өзін-өзі тәрбиелеуге сүйіспеншілік емес, қажетсіз және жағымсыз міндет ретінде жек көрушілік орнығады. Бақылаудың әлсіреуімен бірге өзін-өзі тәрбиелеу актілері де тоқтатылады.
Жүйелілік – бұл бүкіл өмір бойына жүзеге асырылатын еріктілік, тұрақтылық, өзара байланыстылық. Жүйелілікпен бұлар да мәдениеттің маңызды белгілері ретінде көрініс табатын, өзін-өзі тәрбиелеудің дәйектілігі мен алгоритмділігі тығыз байланысты. Бір сәтке өзіміздің көз алдымызға мынандай сәтті келтірейік: өзін-өзі тәрбиелеумен айналыса бастап, адам әлде өзінің тіршілік әрекетінің тұтастай кезеңдері арқылы қолынан келмейтін мақсаттар қояды, әлде нәтижелерді тезірек алуға көңіл аударады, немесе қол жеткен табыстарды жалған бағалайды – осының барлығы өзін-өзі тәрбиелеу бағдарламасында (егер ол болған болса) ереулі іркіліс болғандығын, операциялық-ерік-жігер компоненттеріне мотивациялық компоненттер қарама-қарсы қойылғандығын және т.с. куәландырады.
Өзін-өзі тәрбиелеу – бұл асығып-аптығуға, дәйексіздікке, алға қарай секірістерге немесе ақталмаған кері шегінуге төзе алмайтын процесс. Сондықтан өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетіне алға немесе артқа қарай жасалған әр қадам анық дәлдестірілуі, негізделуі тиіс болатын, өзін-өзі тәрбиелеу актілерін жүзеге асырудағы жүйелілік, дәйектілік, бірізділік себепкер болады. Енді өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетінің құрылымына бет бұрайық, ол өзіне: 1) өзін-өзі тәрбиелеу мақсатын таңдау және қою мәдениетін; 2) өзін-өзі тану мәдениетін; 3) өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері мен құралдары мәдениетін; 4) осыларда өзін-өзі тәрбиелеу жүзеге асырылатын жағдайлар, шарттар мәдениетін қосады.
Өзін-өзі тәрбиелеу мақсатын таңдау және қою мәдениеті тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеудің адам тұрған даму кезеңімен байланысты қазіргі жағдайға (тұлғаның даму ерекшеліктеріне) адекватты мақсаттар қоюға қабілеттілігінен тұрады – бұл әлде жағымды өзін-өзі таныту мақсаттары, әлде жағымды өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі таныту мақсаттары. Мақсаттар қою жалпы адамзаттық құндылықтарды, сондай-ақ мотивациялар мен мақсаттардың нақтылы жағдайларға және, егер бұл талаптар антиәлеуметтік сипатқа ие болмаса және индивидтің мақсаттары мен нанымдарына түпкілікті қарама-қайшы келмесе, қоршаған ортаның талаптарына жарамдылығын ескере отырып, қалыптасып қойған мотивацияға жауап беруге тиіс.
Өзін-өзі тану мәдениеті өзін-өзі тәрбиелеу процесіне табиғи түрде қосылады және оның мазмұны мен бағытталғандығына себепкер болады. Ол өзін-өзі танудың әлеуметтік жарамды жолдарын және тәсілдерін пайдаланудан; тұлға өзін-өзі танудың қажетті тәсілдеріне ие болған кездегі жүйелілік пен дәйектіліктен; өз бетінше немесе басқалардың шамалы көмегімен өзінің тұрақты тұрғысын құруға қабілеттілігінен; теріс немесе әлсіз жақтардың әсер етуін минимумға дейін келтіре отырып, іс-әрекетте өзінің мықты жақтарын максималды пайдаланудан; өзімен сәйкестендіруден, өзін қабылдаудан; өзін-өзі құрметтеудің қажетті деңгейіне қол жеткізуден; өзін-өзі тану мәселелерінде тұлғалық құзыреттілікке ие болудан тұрады.
Өзін-өзі тану мәдениеті өзін-өзі танудың айқын білінген мотивтерінің негізінде, тұлғада сәйкестендіру және рефлексия механизмдері дамыған кезде тұлғаның өзін, өзінің қасиеттерін табуға, бекітуге, талдауға және қабылдауға деген қабілеттілікке ие болатындығынан тұрады.
Өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері мен құралдары мәдениеті – бұл өзін-өзі тәрбиелеудің айқын білінген мотивациясының негізінде мақсаттарға жылдамырақ қол жеткізуге және оңды нәтижелер алуға ықпал ететін тәсілдер мен амалдарды таңдай білу. Біреу үшін бұл өз өзіне бұйрық беру әдістері, екінші біреу үшін - өзін-өзі ынталандыру, үшінші адам үшін - өзінің дамуының бағдарламасын құрастыру. Ең бастысы – қандай да бір амалдарды, тәсілдерді, құралдарды пайдаланудың жүйелілігін, дәйектілігін сақтау, әлеуметтік және тұлғалық нәтижелерге қол жеткізу.
Осыларда өзін-өзі тәрбиелеу жүзеге асырылатын жағдайлар, шарттар мәдениеті. Егер бұл үшін арнайы жағдайлар жасалмаса, қолайлы атмосфера болмаса, мақсаттарды қоюдағы мәдениет, өзін-өзі тану мәдениеті, өзін-өзі тәрбиелеу тәсілдері, амалдары және құралдары туралы толық шамада ауыз толтыра сөз айтуға болмайды.
Егер мұнымен ешкім айналыспаса; өзіне өзі білім беру мүмкіндіктері шектеулі болса; өзін-өзі тәрбиелеуді қалайша жүзеге асыру керектігі туралы қарапайым білімдер болмаса, осы процесте көмекке келер мұғалім болмаса, өзін-өзі тәрбиелеумен айналысу қиынға соғады. Сондықтан тиісті жағдайлар жасау, өмірлік мақсаттарға қол жеткізу құралдары ретінде өзін тану және дамыту және өзін-өзі тәрбиелеу құндылықтарын әдетке айналдыру тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастырудың күрделі мәселелерін шешуі үшін маңызды алғышарттар болып табылады.
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 2740 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!