Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Көмек көрсету



Әр адамның өмірінде ол кәсіпті таңдауға, яғни кәсіптік тұрғыдан өз өзін анықтауға тиіс болатын сәт келіп жетеді. Біреулерде бұл үрдіс өте ерте басталады (кей балалар бастауыш сыныптардың өзінде-ақ өздерінің кім болатындығын біледі және өзінің өмірін болашақ оқуға және кәсіпті меңгеруге бағынышты етеді). Көбіне көп өзін-өзі анықтау қиындықтармен, кәсіптік пиғылдарының дәйексіз өзгеруімен кездесіп отырады. Мысалға, психологияда жасөспірімдер мен жоғарғы сынып оқушылары, өздеріне әртүрлі рөлдерді шақтап көре отырып, өздерін іс-әрекеттің әртүрлі салаларында сынап көреді. Тіптен мектеп бітіргендерінше алда не істейтіндерін анықтай қоймаған оқушылар да аз емес, олардың одан арғы оқу немесе жұмыс істеу орнын таңдауы кездейсоқ сипатқа ие, нақтылы мүмкіндіктерімен де, қызығушылықтарымен де, қоғамның қажеттілігімен де орайластырылмаған. Мынандай жағдайлар да болады: адам кәсіп таңдап алды, тиісті білім алды, еңбек қызметін бастады, бірақ біршама уақыттан кейін бұл «онікі емес» екендігін, осында өзін жүзеге асыра алатын іс-әрекет саласы емес екендігін анықтайды. Оның алдында бүкіл толықтығында дилемма: әлде барлығын да бәз баяғы қалпында қалдыру, әлде өз тағдырын күрт өзгерту және ақыр соңында өзі үшін маңызды және қызықты іспен айналысу дилеммасы тұрады. Сондықтан өзінің өмірлік жолының белгілі бір кезеңінде әрбір дерлік адам, әсіресе бұл кәсіп таңдау мәселесіне қатысты болғанда, көмекке, қолдауға зәру болады. Қазіргі ғылымда, сөз өзін-өзі анықтау туралы болғанда, көбіне көп үш түр: тұлғалық, өмірлік және кәсіптік өзін-өзі анықтау туралы айтады.

Тұлғалық өзін-өзі анықтау – бұл мәселелік сипатқа ие әртүрлі өмірлік жағдайларда өз ұстанымын анықтау және пайымдау; әр адамның тұлғалық ерекшеліктерінің өзін көрсететін өзін-өзі жүзеге асыру тәсілдерін талдау;

Өмірлік өзін-өзі анықтау – қандай да бір шамада өзін жүзеге асыруға мүмкіндік беретін өзінің өмірлік жолын таңдау;

Кәсіптік өзін-өзі анықтау – бұл қандай да бір кәсіпті немесе кәсіптер тобын таңдаумен және меңгерумен байланысты, еңбек саласындағы анықтау. Идеалды деп таңдап алынған кәсіп тұлғаның мүдделеріне толықтай сәйкес келетін, адам, барлық қажетті қабілеттіліктерге ие бола отырып, кәсіпте толығымен жүзеге асу мүмкіндігіне ие бола отырып, өзінің еңбегі үшін адамгершілік және материалдық сыйақы алатын кәсіптік өзін-өзі анықтау есептеледі.

Тұлғаның өзін-өзі анықтауының үш түрінің бір бірімен тығыз байланысты екендігі түсінікті. Мысалға, кәсіптік өзін-өзі анықтау өмірлік өзін-өзі анықтаудың маңызды бөлімі болып табылады. Өз кезегінде, кәсіптік те, өмірлік те өзін-өзі анықтау тұлғаның қандай болғысы келетіндігіне, оның нақтылы өмірлік жағдайларда қалай анықталатындығына, яғни тұлғалық өзін-өзі анықтауға байланысты.

Бұл жерде біз кәсіптік өзін-өзі анықтау мәселесіне қысқаша тоқтала кетеміз. Психологиялық тұрғыдан алғанда, кәсіптік өзін-өзі анықтаудың табыстылығы үш маңызды аспектісі: адамның ниетінің, оның мүмкіндіктерінің және қоғамның қандай да бір кәсіп өкілдеріне деген қажеттіліктерінің үйлесіміне, яғни: «Істегім келеді», «Істей аламын», «Қажеттің» үйлесіміне байланысты болмақ. Аталған аспектілердің арасында келісушілік немесе келіспеушілік (кикілжің) қатынастары туындауы мүмкін. Мысалға, қыз бала бастауыш сыныптардың мұғалімі кәсібін таңдап алуда; аймақтың аталған кәсіпке деген қажеттіліктері айтарлықтай (көптеген мектептерде бастауыш сыныптар мұғалімдері жетіспейді); аталған кәсіпті игеру үшін қыз балада барлық мүмкіндіктер бар: балаларға деген сүйіспеншілік, педагогикалық қабілеттер, әртүрлі ғылымдарға деген қызығушылық және т.б. Ал егер осыған мұғалім еңбегі үшін жоғары материалдық сыйақыны қосар болсақ қой, оның таңдауы Идеалды болар еді. Өкінішке орай, мұндай үйлесімділік онша жиі кездесе бермейді. Осы үш аспектінің келіспеушілігі көбірек тән. Міне, осы жерде өзін-өзі анықтаушы тұлғаның көмекке деген қажеттілігі пайда болады. Кәсіптік өзін-өзі анықтау кезеңін құра отырып, мектеп оқушылары қоятын ең жиі таралған сұрақтарды келтірейік:

· Қандай кәсіптер бар? Олар тұлғаға қандай талаптар қояды? Олардың қайсылары көбірек мәртебелі, ал қайсылары азырақ мәртебелі болып табылады? Қандай да бір кәсіп қоғамда қаншалықты қажет болып отыр? Материалдық ауқаттылық, тұлғалық өсу және моральдық қанағаттану тұрғысынан олар өмір үшін қандай мүмкіндіктер береді?

· Кәсіптердің қандай тобы мен үшін көбірек жарамды? Оны табыспен меңгеріп шығу үшін, мен қандай амал-тәсілдерге және тұлғалық қасиеттерге иемін? Өз бойымда қажетті қасиеттер мен қабілеттерді дамыту үшін менің не істеуім керек?

· Қандай оқу орында кәсіптік даярлық алуға болады? Олардың қайсысы ең жақсылары? Қандай да бір оқу орнына түсу үшін, болашақта кәсіптік білімдер мен ептіліктерді табысты игеру үшін қандай пәндер бойынша күш сала оқу керек?

Сұрақтардың осы тізімдемесін жалғастыра беруімізге болады. Кім де кім өз кезінде кәсіптік таңдау кезеңінде тұрса, оларға жауап берудің әркім үшін қаншалықты маңызды екенін біледі.

Ең маңызды сұрақтардың бірін қарастырайық: Тартымды және алуан түрлі кәсіптердің қатары арасынан қандай кәсіпті таңдап алу керек? Бірақ, солай бола тұрса да, таңдау жасауға тура келеді, оны сен үшін ешкім де жасамайды.

Сондықтан көмек оқушыға қандай да бір таңдауды дұрыс таңдауды жүзеге асыру үшін кәсіптер туралы көбірек ақпарат беруден, кездейсоқ, қате таңдаудан сақтандыра отырып, осы үшін жауапкершіліктің барлық толықтығын өзіне қабылдаудан тұрады: «Ата-анам зорлап міндеттеді, содан мен бардым да», «Өзімнің достарым барған жоғары оқу орнына оқуға түстім», «Бұл кәсіп мәртебелі, әрі менің оны меңгергім келеді» және т.с.

Тұлғаға кәсіптік өзін-өзі анықтау үрдістерінде білікті көмекті мектептерде және арнайы кәсіптік бағдарлау орталықтарында кәсіптік бағдарлау жұмысын жүзеге асыру барысында көрсетуге болады. Кәсіптік бағдарлау – бұл қазіргі ғылым мен практиканың ауқымды саласы, өзіне кәсіптік ағартуды, кәсіптік диагностиканы (кәсіптік іріктеу, кәсіптік таңдап алу), кәсіптік кеңес беруді және т.б. қосады.

Бұл жерде, әрине, кәсіптік бағдарлау теориясы мен практикасының бүкіл жүйесін ашып көрсету мақсаты қойылып отырған жоқ (осыларда кәсіптік бағдарлау мәселелері айтарлықтай егжей-тегжейлі баяндалатын оқулықтар мен арнайы практикалық нұсқаулар аз емес), кәсіптік өзін-өзі анықтау кезеңдерінде оқушыларға көмек көрсетудің қарастырылып отырған мәселелері шеңберіндегі іс-әрекеттің негізгі бағыттарын ғана сипаттап шығатын боламыз.

Кәсіптік ағарту мектеп оқушыларын кәсіптер әлемімен, профессиограммалармен – кәсіптердің қысқаша суреттемесімен, кәсіп тұлғаға қоятын талаптармен, қандай да бір кәсіптердің атақты өкілдерімен, қандай да бір кәсіптің тұлғалық және кәсіптік өзін-өзі жетілдіру үшін беретін мүмкіндіктерімен және т.б. таныстыруға мүмкіндік береді. Мектептерде осылар кәсіптік ағарту мндеттерін шешетіе арнайы факультативтік курстар бар. Кәсіптік ағарту түрлері әртүрлі: сабақтар, үйірме жұмысы, кәсіпорындар мен оқу орындарына экскурсиялар, мамандармен кездесулер, кәсіптік бағдарлау ойындары және басқа да көптеген түрлер. Ағарту кәсіптер әлемінде де, қандай да болсын кәсіпті таңдап алу мүмкіндігінде де маңызды функция орындайды.

Кәсіптік диагностика тұлғаның мүмкіндіктерінің осы мүмкіндіктер ең толық көрініс бере алатын тіршілік әрекетінің қандай да болсын салаларымен өзара байланысты анықтауға бағдар алады. Осы мақсатта арнайы әңгімелесулер, кәсіптік мотивация мен кәсіптік бейімділіктердің сауалнамалары, қабілеттерді анықтауға тесттер, психофизиологиялық тексеру және т.б. қолданылады. Қазіргі психологияда мұндай әдістер мен әдістемелер айтарлықтай көп жинақталған.

Мысалға, біздің елімізде Е.А.Климовтың мектеп оқушыларының осылар төмендегі бес топқа біріктірілген қандай да бір кәсіптер тобына бейімділігін айқындауға арналған сауалнамасы кеңінен қолданылады:

1) адам - табиғат;

2) адам - техника;

3) адам - адам;

4) адам – белгілік жүйелер;

5) адам – көркем бейне.

Шетелде бүгінгі таңда Дж. Голандтың тұлға типін және кәсіптік орта типтерін салыстырып көруге негізделген типологиясы бәрінен де белгілі және танымал болып отыр. Тұлғаның белгілі бір типіне, адамның ең толық өзін-өзі жүзеге асыруын қамтамасыз ете отырып, кәсіптік ортаның белгілі бір типі сәйкес келуге тиіс деп болжанады. Автор келесі типтерді бөліп көрсетеді:

1) реалистік (техника, ерлер кәсіптері);

2) зияттық;

3) әлеуметтік;

4) конвенциональдық (құрастыруды қажет ететін белгілік жүйелер);

5) кәсіпкерлік;

6) әртістік.

Мысалға, реалистік типке көбірек шамада ортаның реалистік типі, азырақ шамада – зияттық және конвенциональдық типтер сәйкес келеді, әлеуметтік тип жақпайды; артистік типке артистік тип көбірек жарасымды, зияттық және әлеуметтік тип азырақ сәйкес келеді, конвенциональдық тип жақпайды және т.с.

Кәсіптік кеңес беру дербес жұмыстың барысында моральдық-эмоциялық қолдау көрсетуге, өзінің ниеттерін мүмкіндіктерімен және қоғамның қажеттіліктерімен тереңірек байланыстыруға («Істегім келеді», «Істей аламын»), нақтылы таңдау жасау мен шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Осындай көмекті көрсетудің нақтылы әдістерінің мысалы ретінде келесілері көрініс табуы мүмкін (Н.С. Пряжниковтың, Е.Ю. Пряжниконың жете зерделеулері бойынша):

· адамның ықтимал өмірлік болашағын көрнекі түрде (қағаз парағында) көрсетуге мүмкіндік беретін, алға қойылған міндеттер мен келешектердің жүзеге асырылуын қамтамасыз ететін негізгі жүрістердің (дәйекті әрекеттердің) «тізбегін» құру;

· белгілі бір мақсаттарға жетектейтін, келешектердің ең оңтайлы варианттарын бөліп көрсетуге мүмкіндік беретін әрекеттердің әртүрлі варианттарының жүйесін (өзіне тән «ағаштар» мен «бұтақтар» түрінде) құру;

· кәсіпті (қолда бар варианттардың ішінен), оқу орнын немесе таңдап алынған оқу орнының мамандығын (әдетте кеңес берудің қорытынды кезеңдерінде қолданылады) альтернативалы таңдап алудың әртүрлі кестелерін пайдалану.

Осылайша, кәсіптік бағдарлау жұмысының барысында мектеп оқушылары топтарының да, жекелеген оқушылардың да кәсіптік өзін-өзі анықтау міндеттерін шешу үшін қолайлы жағдайлар жасалады. Өзінің ниеттерін, мүмкіндіктерін, қоғамның қажеттіліктерін таразы басына тарта отырып, нарықтың қалыптасқан конъюнктурасын, аймақта тиісті оқу орындарының, кәсіпорындардың және фирмалардың бар-жоқтығын ескере отырып, оқушы ақыр нәтижесінде ниет еткен кәсіп таңдауда өз бетінше анықталуға тиіс, бұл өз кезегінде көбіне көп өмірлік жолды да, тұлғаның өзін-өзі таныту және өзін-өзі жүзеге асыру бағыттарын да айқындайды.

Нәтижесінде олардың өзін-өзі тануы барысында оқушыларға нақтылы көмек көрсету және психологиялық-педагогикалық қолдау жасаудың, бір жағынан, педагогтың міндеті болып табылатындығын, екінші жағынан – күрделі және қарама-қайшылықты процесс болып келетіндігін атай кеткен жөн. Оның тиімділігі көптеген факторлармен: педагогтың құзыреттілігімен, оның беделімен, мектеп оқушыларының көмекті қабылдауға дайындығымен, екі жақтың өзара сену және өзара қабылдау шамасымен анықталады.

Өзін тану және дамыту мен өзін-өзі тануға психологиялық-педагогикалық ілесе жүру және қолдау көрсету мәселелерін талдау бізді тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеу мәдениетін қалыптастыру мәселелеріне алып келді.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 923 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.17 с)...