Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Балаларға олардың тұлғасын дамыту барысындағы көмек



Қазірде барды түзетуге және тұлғаның қалыптасу болашағын, оның мақсаттары мен оларға қол жеткізудің тәсілдеріне қатысты болғандықтан, бұл, педагог пен кез-келген ересек адамның іс-әрекетінің ең күрделі және жауапты саласы болар деп ойлаймыз. Сондықтан, адекватты емес өзін-өзі қабылдау, өзін-өзі бағалау және өзін-өзі реттеу жағдайларындағы секілді, мұнда біржақты ұсыныстар болуы мүмкін емес. Кез-келген жағдайда бала шешімдерді өз бетінше қабылдауға тиіс, ересек адамның рөлі бар нәрсені айқындауға және болашақтың даму варианттарын анықтауға келіп тіреледі. Бұл ересек адамның көмегіне зәру баланың жасына байланыссыз, өте дербестендірілген процесс. Ол бір-біріне сенімнің деңгейімен, көмек көрсететін адамның құзыреттілік шамасымен анықталады. Бірлесе талқылауға және талдауға ұшырап отыратын, ал олар тұлғаның өзін және өзінің өмірлік жолын құрудағы қозғалыс процестері болып келетін өзін тану және дамыту құрылымымен анықталатын салаларды суреттеп беруге болады. Осы аумақтарды көрсетейік:

· Сен өзіңді басқа адамдардың (ересектер мен құрбыларыңның) көзінше қалай және қалайша бекітесің? Өзін-өзі бекітудің осы тәсілдері қаншалықты жағымды немесе жағымсыз? Сен өзіңді қалай және неліктен теріске шығарасың? Осы кезде қандай нұсқауларды басшылыққа аласың? «Мен нашармын» деген нұсқау белгілі бір артықшылықтар бере ме?

· Сен қандай жуырдағы және келешектегі өмірлік мақсаттарды алдыңа қоясың? Олар сенің қазіргі орнын мен күйіңнің тұрақты көрінісі болып табыла ма?

· Осы жуырдағы және келешектегі өмірлік мақсаттарға қалай қол жеткізгің келеді? Бұл үшін қандай ішкі ресурстарды пайдаланасың? Ақыр соңында қандай нәтижелерге қол жеткізесің?

Осы сұрақтар бойынша ересек, бөгде адаммен әңгімелесу бірлескен сенімнің жоғары деңгейін және баланың немесе мектеп оқушысының тарапынан шындығында өзін-өзі жетілдіруге деген ниетті қажет етеді, олай болмаған жағдайда мұндай әңгімеден ештеңе де шықпайды. Әңгіме кезінде педагог қолдана алатын негізгі әдістер екі топқа: қазірде барды талдауға; тұлға дамуының қосарланған болжамына келіп саяды. Бір жағдайда – барлығы да өзгеріссіз қалса, екінші жағдайда - өзіңмен белгілі бір бағытта жұмыс істеуге әрекет жасап көрген жағдайда педагогтың мүмкіндіктеріоңды ықпал етуі мүмкін. Алайда, егер педагогтың өзі тәжірибе көзі болып табылса, өзін тану және дамытуды өз басынан өткізсе, сонымен қатар балалар мен жасөспірімдерді толғандыратын мақсаттарға қол жеткізу үшін өзін-өзі тәрбиелеу үрдісін қалай дұрыс құру керектігін білсе, оларды кеңейтуге болады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 620 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.135 с)...