![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Егер сенімсіздік, өз өзіне сенімділік немесе үрейлілік өзін-өзі бағалаудың адекватты еместігін, өзін-өзі төмен құрметтеуді, өзінше талаптанудың төмен деңгейін көрсететін болса, ұйымдаспағандық сана-сезімнің екінші жағын - өзін-өзі реттеуді сипаттайды. Өзін ұйымдастыра білмеу - өзін-өзі реттеу механизмдерінің қалыптасқандығындағы кемшіліктердің тікелей көрінісі.
Ұйымдаспағандық көптеген сипаттамаларды қосады: тәртіпсіздік, тыңдамаушылық, басқарылмайтындық және т.с.
Ұйымдаспағандық шынайы (қасақана немесе байқаусыз) және жалған болады. Шынайы абайсыз ұйымдаспағандыққа тән көріністер – жүріс-тұрыс нормалары мен ережелерін сақтамау, жоғары энергетика, гипербелсенділік.
Шынайы қасақана ұйымдаспағандықтың көріністері – қыр көрсеткіштік, еркелік, тентектік, арандатушылық. Ұйымдаспағандықтың, әсіресе мектепке дейінгі және төменгі мектеп жасындағы ұйымдаспағандықтың негізгі себебі ретінде жүріс-тұрысты өз еркімен реттеудің кемшілігін таныған жөн, бұл еркін зейіннің, жігердің дамымағандығынан өз көрінісін табады. Негізгі міндет – жүріс-тұрыстың еркіндігін арттыру, баланы көбірек басқарылатын ету. Аталған себептің оқшаулана көрініс таппайтындығы түсінікті, оған басқа да себептер, мысалға, бас миы қыртысының функционалдық мүмкіндіктерінің қалыптаспағандығы, жүріс-тұрыс ережелері мен нормаларын білмеу, балалық-ата-аналық қатынастардың бұзылуы (шамадан тыс қамқоршылық пен бақылау немесе бетімен жіберу), «құрбы-құрбы» жүйесіндегі қатынастардың бұзылуы және т.б. келіп қосылады.
Мектепке дейінгі және төменгі мектеп жасындағы балалардағы ұйымдаспағандықты жеңіп шығудың жалпы жолдарына бет бұрайық. Мұнда негізгі назар орталық себепті, яғни жүріс-тұрысты еркімен реттеудегі кемшіліктерді жоюға бөлінуге тиіс. Балалармен жұмыс істеудің Г.Бардиер, И.Розман, Т.Чередникова ұсынған бағыттарын келтірейік (бұл қазіргі ғылымды ілесе жүру идеясын алғашқы авторлардың бірі екендігін еске түсірейік!):
Олардың пікірінше, балаларды:
· өз зейіндерін қимылға қатысатын бұлшық еттерге бағыттауға;
· бұлшық ет сезімдерін айырып тануға және салыстыруға;
· сезімдер сипатының қимылдар сипатына сәйкестігін анықтауға;
· өз сезімдерін бақылауға сүйене отырып, қимылдардың сипатын өзгертуге;
· өз назарын эмоциялық сезімдерге еркімен бағыттауға;
· эмоциялық сезімдерді (ұнамды, ұнамсыз, жағымды, жағымсыз, тынышсыз, қорқынышты және т.с.) айырып тануға және салыстыруға;
· өз назарын бір мезгілде кез- келген эмоцияларға: өзінің және қоршаған адамдар бастан кешетін эмоцияларға ілесе жүретін бұлшық ет сезімдеріне және экспрессивтік қимылдарға (экспрессия – бұл білдіру) бағыттауға;
· белгіленген үлгі бойынша өз еркімен және еліктей отырып, эмоцияларды «жаңғыртуға» немесе көрсетуге;
· бөтен адамдардың эмоцияларын күшейте түсуге, түсінуге, айырып тануға;
· қоса уайымдасуға (яғни қатынас бойынша серіктің ұстанымын қабылдауға және оның эмоциялық күйлерін толыққанды бастан кешуге);
· адекватты, пара-пар сезімдермен жауап беруге (яғни жолдасының эмоциялық күйіне жауап ретінде қарым-қатынасқа қатысушыларға қанағаттану сезімін әкелетіндей сезімдерді көрсетуге);
· өз қылықтарының, істерінің нақтылы мақсаттарын анықтауға;
· сан көп варианттардың ішінен таңдай отырып, осы мақсаттарға қол жеткізу амалдарын, тәсілдерін іздеуге және табуға;
· қателесе және қателерді түзете отырып, таңдап алынған жолдардың тиімділігін әрекеттермен, сезімдер тәжірибесімен, бұрын болған осындай жағдайлардың тәжірибесімен тексеруге;
· өз әрекеттері мен істерінің ақырғы нәтижелерін күні бұрын білуге;
· өзіне жауапкершілік алуға үйрету керек.
Бұл міндеттерді ойындар барысында, сабақтарда, гимнастика кезінде, музыка және дене шынықтыру сабақтарында іс-әрекеттің ең алуан түрлерінде шешуге болады.
Арнайы түрлерді: релаксацияны, психогимнастиканы, тренинггтерді қолданған да мақсатқа лайықты, көкейге қонымды болмақ.
Ұйымдаспаған балалармен жұмыс істеуде ерекше назарды балалар мен ата-аналардың қатынастарына аудару керек. Ата-аналармен өзара әрекеттесуді ұйымдастыра отырып, оларға ұйымдаспаған балаларды тәрбиелеудің келесі тактикасын ұсына алады:
1. Баланың ұйымдаспағандығының және тіл алмаушлыығының себептерін анықтап білу.
2. Ата-ананың өзінің жүріс-тұрысын, онда баланы ненің ұйымдаспағандықтың көрініс табуына арандататындығын талдап шығу.
3. Баланы ол қандай болса, солайша қабылдау, бұл үшін ашуға булықпауға және баланы күні бұрын құрастырылған үлгіге еріксіз айдамауға үйренген өте маңызды;
4. Сүйіспеншілік пен талап қойғыштықтың оптималды балансын орнатуға тырысу;
5. Тәртіпке салатын әсер етулерді ұйымдастыратын әсер етулерге алмастыру;
6. Ол кедергі жасап жатқанда, баладан қашпау, «бірге жасаймыз», «көмек көрсетемін», «өз бетімізше әрекет жасаймыз» қағидалары бойынша бірлескен іс-әрекетке жиірек қосылу;
7. Баланың кез келген іс-әрекетін мотивациялауға тырысу.
8. Бұл сәт әлі келіп жетпеген және болжам тек теріс қана емес, оң болуы да мүмкін, баланың болашағы үшін алаңдауды қою (теріс болжам болған жағдайда баланы сәтсіздіктерге және өмірдің қиыншылықтарына кодтау жүреді).
9. Өз отбасының басқа мүшелерімен қарым-қатынастарды үйлесімді ету. Балалардың осы категориясымен жұмыс істеуде ең қиыны гипербелсенді балалармен, яғни бір сәт те орнында отыра алмайтын, өзінің белсенділігімен бар адамдарды дәл бір «есінен айыратын» балалармен іс-әрекет жасау тәсілдері болып келеді.
Педагог және психолог Реншоудың ұсыныстарын пайдаланып қалайық:
· ең негізгісі – бірізді, дәйекті және баянды болу;
· әрқашан да баяу және сабырлылықпен сөйлеген маңызды;
· ықтимал кикілжіңге күні бұрын дайындалып алып, сабырлылық сақтауға және өз өзін ұстауға; баланың жүріс-тұрысындағы кез келген оңды өзгерістерге жылы қабақпен жауап қайыруға ұмтылған жөн;
· «тоқтат», «жасама», «болмайды» және т.с. секілді үздіксіз тыйым салулар мен тыйып тастаулардан аулақ болу керек;
· баланың ұнамаған жүріс-тұрысын оның тұлғасынан бөліп алу керек;
· гипербелсенді балаға қатаң режимді қамтамасыз ету;
· балаға жаңа немесе қиын тапсырмалар бере отырып, бала есіне сақтап қалғанша брінеше рет көрсете, оларға байыпты, анық, дәл түсіндірме беру керек; оның қабылдауы мен жадысын ынталандырған және жаттықтырған маңызды; шыдамды болу, бірнеше рет тексеру қажет;
· уақыттың белгілі бір сәтінде бала бір нәрсемен айналысуға тиіс, оның назарын басқаға аударып жібермеуі үшін, қалғанының барлығын алып тастау керек;
· тапсырма баланың мүмкіндіктерінің шегінде болатындай етіп, гипербелсенді балаға қандай да бір тұрақты тапсырма берген маңызды, тапсырманың орындалуын міндетті түрде қадағалау және баланың ынтасын марапаттау отыру керек;
· белгілерді айырып тануға дер кезінде үйренген жөн;
· гипербелсенді баланың аса жоғары қозғыштығы, қызу қандылығы туралы біле отырып, онымен ойынға екі-үш адамнан көп емес кісіні қосу керек;
· гипербелсенді баланы аяуға, ызаландыруға, одан қорқуға, жұмсақтықпен қарауға болмайды;
· Гипербелсенді балаға қатысты жүріс-тұрыс тактикасын педагогтар мен ата-аналар арасында міндетті түрде келісіп, үйлестірген маңызды.
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 922 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!