Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Рейлі балалармен жұмыс істеу



Үрейлілік сенімсіздіктің қажетті атрибуты болып табылады, алайда оқшау, өз бетінше көрініс таба да алады. Тіпті сенімді балалардың өздері бірқатар жағдайларда жоғары үрейлілікті бастан кешуі мүмкін. Үрейлілік – бұл тіпті бейтарап жағдайдың өзі қауіп төндіретіндей етіп қабылданатын, психологиялық күш түсу жағдайы. Үрейліліктің белгілі бір деңгейі іс-әрекеттің кез келген түрінде қажет (мысалға, үрейліліктің шамалы деңгейі іс-әрекеттің нәтижелілігін арттырады; бірақ, егер үрейлілік шамадан тыс бола бастаса, ол нәтижелілікті күрт төмендетіп жібереді, іс-әрекетті тежейді, бала психикасының тежелуіне де әкелуі мүмкін).

Үрейліліктің өзіне тән көріністері:

· мазасыздық;

· ашуланғыштық;

· көз жасын парлатқыштық;

· енжарлық және бөгеліп қалушылық;

· адекватты емес реакция;

· болуы мүмкін қызарып кету, дене мүшелерінің еріксіз тартылулары және т.с.

Түрлері бойынша жағдайлық және тұлғалық үрейлілікті ажыратады.

Жағдайлық үрейлілік нақтылы жағдайда көрініс табады және іс-әрекеттің күрделілігін және маңыздылығын бағалаумен, нақтылы және күтілетін бағалаумен байланысты болып келеді.

Тұлғалық үрейлілік – тұрақты құрылым және индивидтің әр алуан жағдайлардағы реакцияларының ерекше типін сипаттайды.

Тұлғалық үрейлілік бар адам оны осында, өз пікірінше, жетістіктер қиындықтарды және кедергілерді жеңіп шығумен (олар нақтылы да, ойдан алынған да болуы мүмкін) байланысты болып келетін барлық жерде көрсететін болады. Кез келген жаңа, үйреншікті емес, жарысқа шақыратын, бағаланатын жағдай үрей тудыратын болады, бұл үрей әдетте жүріс-тұрыс пен жетістіктерге дестуктивтік әсерін тигізеді.

Үрейлілікті жеңіп шығудың кейбір ортақ жолдарын көрсете кетейік.

1. Ең алдымен үрейліліктің пайда болуының негізгі себептерін жоюға, яғни өзін-өзі бағалауды арттыруға, сенімділікті тудыруға, басқалармен қарым-қатынас жасау мен өзара әрекеттесу дағдыларына үйретуге, іс-әрекеттің жоғары нәтижелері үшін жағдайларды қамтамасыз етуге тырысып көрген жөн.

2. Балаларды үрейлілікті жеңіп шығуға көмектесетін өзін-өзі реттеудің арнайы дағдыларына (тәсілдеріне) үйреткен маңызды;

а) үрейді барлық адамдардың бастан кешетіндігін, оның қажет екендігін және алға қойылған міндеттерді орындап шығуға көмектесетіндігін, сондықтан мұндай күйден қорықпау керектігін түсіндірген және мысалдармен көрсетіп берген пайдалы;

ә) іс-әрекеттің алдында баланы белгілі бір эмоциялық күйге келтірген, бұл үшін «жағымды естеліктерді» пайдаланған жөн: «Өткен жолы осыны қалай жақсы жасап шыққаның есіңде ме?)»;

б) балаларды өздерінің ымдарын, ишараларын, дауысын бақылауға үйрету, шиеленісті күйден арылу үшін жымиюға үйрету қажет;

в) медиктер мен психологтар балаларды үрей жағдайында арнайы тыныстауға үйретуге ұсыныс жасайды: демді ішке тарту демді сыртқа шығарғанға қарағанда ұзынырақ, тынысты ұстап тұру;

г) «ойша жаттығу» - баланы әрекет жасағаннан кейін және әрекет жасағанға дейін үрей жағдайын ойша (бастапқыда ересек адамның көмегімен, одан кейін өз бетінше) ойнап беруге үйрету;

3. Үрейлі балалармен жұмыс істегенде ересек адамның ұстанымы, оның балаға дем бере білуі, сенімділік ұялата алуы аса маңызды: дер кезінде айтылған дем беретін фраза, жымиыс, жан ашу, сипау – осының барлығы да баланың өмірлік тонусының артуына, шиеленісті жеңуге ықпал етеді.

4. Үрейлі балалар үшін оқиғаны, қандай да бір істі күту жан төзгісіз екендігі белгілі, сондықтан оларды мүмкіндігінше жанына жарақат салудан арылту керек.

5.Үрейлілікті жеңіп шығуға, өзіне деген сенімділікті арттыруға алуан түрлі қозғалыс жаттығулары, балаларды қимыл-қозғалыс мәдениетіне, өзінің денесі мен эмоцияларын игеруге үйрету көмегін береді.

6. Баланың үрейлілігін жазалаумен қорқытып күшейте түсуге жол беруге болмайды (жазалаудың өзі және тіптен оның қаупі педагогтың іс-әрекетінің арсеналынан толығымен алынып тасталуы тиіс).





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 930 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.045 с)...