![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Өз өзіне сенімділік – бұған да Мен-концепциясының адекватты еместігі, өзін-өзі асыра бағалауға, мадақтауға лайық, басқалардан озық болуға ұмтылу себепкер болған, сенімсіздіктің екінші қыры, тұлғаның санадан тыс деңгейде қалатын ішкі үрейді жанға жара салмай бастан кешіруіне мүмкіндік беретін қорғаныс реакциясы. Өз өзіне сенімді бала, сенімсіз баладан өзгешелігі, өзін көзге түсіп қалатындай етіп ұстайды, кез келген амалмен көзге түсуге және өзін-өзі бекітуге тырысып бағады, балаларға және өзіне орындауға тура келетін тапсырмаға менсінбей қарайтындығын көрсетеді. Мұндай балалармен жұмыс істеу белгілі бір қиындықтармен ұштасып отырады. Олар өздерінің күткендерімен тұспа-тұс келмеген және өзінің өзін-өзі жоғары бағалауына сай келмейтін бағаларға қарсы тұрады. Сәйкессіздікке деген жауап аффективті (көрініс тапқан эмоциялық) сипатқа ие және наразылықтан және кей кездері тіптен агрессияшыл жүріс-тұрыстан көрінісін табады. Дәл сол кезде онымен өзара әрекеттесу тактикасы шамамен алғанда сенімсіз балалармен болған тактикаға ұқсас. Бұл ретте мынаны есте ұстаған маңызды – баланы оның өзін-өзі бағалауын төмендетіп жіберетін жағдайларға жеткізбеген жөн, оларды төмендетпей, нақтылы жетістіктердің деңгейін өзін-өзі бағалауларға тарту, яғни өзі туралы пікір нақтылы табыстармен бекітілетіндей табыс жағдайларын жасау керек. Өзін-өзі бағалауы тым жоғары балалардың әдетте өзімшіл екендігін, өзінің ұстанымы мен өз мүдделерін басқалардікінен жоғары қоятындығын, өзінің пікірі ғана дұрыс және басқалар өздеріне бағынуы тиіс деп санайтындығын атай кетуіміз керек. Егер осындай бағыну, мойынсұну болмаса, олар жасырын және ашықтан ашық агрессия актілерін қолданады. Сондықтан педагог тарапынан осындай балалармен жұмыс істеудің маңызды стратегиялық бағыты нақтылы жетістіктер мен өзін-өзі бағалауларды сәйкестікке келтіру ғана емес, децентрацияны, басқа адамдардың орнына өзін қою, олардың көзқарасын қабылдау және ескере білуді қалыптастыру да болып табылады. Аталған міндетті шешудің ең тиімді түрі мектеп жасына дейінгі бала да, төменгі сынып оқушысы да, жасөспірім де ойындағы жүріс-тұрыстың әртүрлі позицияларын көрсете алатын, жүріс-тұрыстің әртүрлі стратегияларын жүзеге асыра алатын рольдік ойын болып табылады. Өзін-өзі бағалауы жоғары және эгоцентристік позициясы балаларға топта, оның үстіне кез келген амал-айламен көшбасшы орнын алып қалуға ұмтылу тән, әрі олар мұны әрқашан жол берілетін тәсілдермен жасай бермейді. Осының нәтижесінде құрбылары, осындай көшбасшылықтың беделін сырт жақтан мойындай отырып, солай болғанымен де көшбасшыны жақсы көрмейді және мүмкіндік бар болса, онымен қатынастан басын аулақ ұстауға тырысады, ал «беделді адамға» өзі шындығында да мақсаттарына жетіп жатқандай және барлығын «жұмса жұдырығында, ашса алақанында ұстап тұрғандай» болып көрінеді. Мұндай жағдайларда педагог өз өзіне сенімді баланы немесе жасөспірімді істің шын мәніндегі жағдайына алып келуге, бірақ осы кезде оның өз-өзін құрметтеуін және танымға ие болу үміттерін төмендетпеуге, жалған бедел шынайы бедел болуы үшін, теріс іс-әрекетті оңды арнаға бұрып бағыттауға тиіс. Жинақталып келіп, бұл тәсілдер өзіне тұрақты қарауды қамтамасыз етеді, басқалармен оңды өзара әрекеттесу қабілеттілігін дамытады.
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 637 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!