Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Мектеп оқушысының өзін тану және дамыту технологиясы



Аталған технология мектеп оқушыларының толығымен өзін тануына және дамытуына бағытталған және І сыныптан бастап ХІ сыныпқа дейінгі бүкіл оқу кезеңін қамтиды. Оның мақсаты – өмірлік өзін жетілдіруге қабілетті белсенді, бастамашыл, дербес азаматты, білімдар, мәдени адамды үнемі тәрбиелеу. Мақсат:

· рухтанғандықпен, жігерленгендікпен, өзімен жұмыс істеу мотивтерінің тұлғаның рухани ядросымен байланысымен;

· өзін-өзі жетілдіру ептіліктерінің жиынтығын игерумен;

· тұлғаның дербестігінің жоғары деңгейімен, кез келген іс-әрекетке кірісіп кетуге даярлықпен;

· аламның іс-әрекетінің шығармашылық сипатымен;

· өзін, өз тұлғасын жақсартуға бағытталған саналы жүріс-тұрыспен;

· тұлғаның өзін-өзі қалыптастыруының нәтижелілігімен, тиімділігімен сипатталатын, осы өзін-өзі жетілдірудің кемеліне жеткен деңгейі болып табылатын ақырғы нәтижені анықтайды да.

Педагогикалық ұжымның, жекелеген педагогтың негізгі мақсаты – бала тұлғасын өзін тану және дамыту тәртібін енгізу, әрбір жас кезеңінде осы режимді қолдап және ынталандырып отыру, өзіне деген сенімді қалыптастыру, өзін тану және дамытуды құралдармен қамтамасыз етіп отыру. Аталған технология өзіне үш шағын жүйені қосады: «Теория» - тұлғаның өзін-өзі жетілдіруінің теориялық негіздерін игеру; «Практика» - оқушылардың өзін-өзі жетілдіру жөніндегі іс-әрекет тәжірибесін қалыптастыру; «Әдістеме» - пәнге оқытуда өзін тану және дамыту.

«Теория» шағын жүйесі. Жүйе түзетін және интеграциялайтын «Тұлғаның өзін-өзі жетілдіруі» болып табылады, ол жас қажеттіліктері мен мүмкіндіктерін ескере отырып құрылған. Ол сыныптар бойынша келесі құрылымды көрсетеді:

1 - 4 сыныптар - «Этиканың бастауы» (мінез-құлықты өз бетінше реттеу);

5 сынып - «Өзіңді таны» (тұлға психологиясы);

6 сынып - «Өзіңді өзің жаса» (өзін-өзі тәрбиелеу);

7 сынып - «Өзіңді оқуға үйрет» (өз –өзіне білім беру);

8 сынып - «Өзіңді- өзің бекіт» (өзін-өзі бекіту);

9 сынып - «Өзіңді тап» (өзін-өзі анықтау);

10 сынып - «Өзіңді басқар» (өзін-өзі басқару);

11 сынып - «Өзіңді жүзеге асыр» (өзін танужәне дамыту).

Жалпы алғанда, біздің ойымызша, курс балаларға базалық психологиялық-педагогикалық дайындық, өзін тану және дамытуын саналы түрде басқарудың әдіснамалық негізін береді, өзінің рухани әрі физикалық өсуінің және өзін-өзі жетілдіруінің мақсаттарын., бағдарламасын табуға, ұғынуға және қабылдауға, практикалық әдістері мен тәсілдерін игеруге көмектеседі.

«Практика» шағын жүйесі. Нақтылы практика тұрғысынан алғанда осы технологиядағы аса маңызды әдіснамалық және ұйымдық міндет дербестік пен шығармашылық қабілеттерді көрсету мүмкіндігін беру болып табылады. Мұны мектептің дамыған клубтық кеңістігін, оқушылардың шығармашылық және зияттық қабілеттіліктерін дамыту жөніндегі сабақтарды, ұжымдық шығармашылық істер әдістемелерін қолдана отырып жүзеге асыруға болады (И.П.Иванов бойынша).

Мектептің дамыған клубтық кеңістігін пайдалану өзіне келесі:

• қоғамдық;

• көркем-эстетикалық;

• дене шынықтыру-сауықтыру;

• экологиялық-биологиялық;

• балалар туризмі мен өлкетану;

• әскери-патриоттық;

• техникалық көркемөнер;

• оқу-зерттеу бағыттарын қосады.

Міндет әрбір оқушыға қосымша білім берудің бір саласында өзін тану және дамытуға мүмкіндік беруден тұрады. Бастауыш мектепте үйірме жетекшілері өз жұмысында И.П.Волковтың теориясын басшылыққа алады.

Орта және жоғары сатыларда шығармашылық дербестікті дамыту әртүрлі ірілендірілген құрылымдарда жалғасын табады: «Тәрбиелеу орталықтары», «Өзін-өзі жетілдірудің ашық университеті», «Оқушылардың ғылыми қоғамы».

Шығармашылық қабілеттіліктерді дамыту жөніндегі сабақтар мұғалім-жаңалық табушы И.П.Волковтың идеяларының көптеген санын іске асыруға мүмкіндік береді және сабақтар кестесінің торында немесе сыныптан тыс жұмыста жүргізіледі. Олар шығармашылық іс-әрекет барысында өз-өзін көрсетуге мүмкіндік беріп қана қоймайды, өз-өзіне білім беруді, ақырғы мақсаттарға қол жеткізу үшін басқа оқушылармен біріге алуды ынталандырады да.

Ұжымдық шығармашылық істердің әдістемесі, қоғамдық шығармашылық тың тамаша тренингі бола отырып, барлық алдындағы бағыттарды толықтырады, тәрбиелеудің ұжымдық тәрбиелеуге және өзін-өзі тәрбиелеуге көшуіне ықпал етеді. Г.К.Селевко атап өткеніндей, өзінің дамуында бір сатыдан екінші бір сатыға көше отырып, бала өзі үшін шығармашылық жеңіп шығу, табысқа жету, өзін-өзі бекіту тәжірибесін беретін ортада барлық кезде қалады.

«Әдістеме» шағын жүйесі пәндік оқытуда өзін тану және дамыту міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Баяндалып отырған технологияда оқу үрдісін ұйымдастыру өзінің қағидалы белгілеріне ие:

· тұлғаның өзін-өзі тәрбиелеуі мен өз-өзіне білім беруіне педагогикалық жетекшілік ету оқыту-тәрбиелеу үрдісін ұйымдастыруда басым бағыт болып шығады;

· басты назар сабақ беруден оқытуға көшіріледі;

· оқушылардың іс-әрекетінің тек танымдық қана емес, рухани- ерік мотивациясы да пайдаланылады;

· оқытуды ұғыну үрдісі белсенді етіледі және ынталандырылады, субъект рефлексивті ұстынымға енеді;

· педагогикалық үрдістің ауырлық орталығы ойлау әрекеттерінің тәсілдерін қалыптастыру жағына ойысады;

· жалпы оқу ептіліктері мен дағдылары жүйелі және дәйекті түрде қалыптастырылады.

Біз, ілесе жүру идеясын жүзеге асыра отырып, тұлғаның өзін тану және дамыту міндеттерін шешу үшін нақтылы педагогикалық практиканы пайдалану мүмкіндіктерін суреттейтін үш технологияны өте қысқа да нұсқа түрде келтірдік. Олар белгілі бір түсінік береді және көкейде өзін тану және дамытуға тірек арту – бұл нақтылы міндет екендігіне және де оны алға қойса, кез келген мектеп жасына дейінгі мекеменің, мектептің, басқа да білім беру мекемелерінің жұмыс істеу жағдайларында жүзеге асыруға болатындығына деген сенім отын ұялатады. Қалыптастыру, тәрбиелеу, дамыту міндеттерін өзін-өзі қалыптастыру, өзін-өзі тәрбиелеу, өзін тану және дамыту жағдайларын қамтамасыз етуге қайта бағыттау туралы ереже қағидалы маңызға ие бола бастайды.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 854 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.052 с)...