![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Мектептегі немесе кез келген өзге оқу мекемесіндегі сабақтардың оқушыларда қобалжушылық, үрей, қорқыныш тудыратындығы жасырын құпия емес. Осы қорқыныштың мәнісі адамның кез келген сәтте қауқарсыз болып қала алатындығында, оның абыройына нұқсан келеді, ол іс-әрекетті орындай алмайды, мұны басқалар байқап қалып, оны теріс бағалайды. «Екі» алып қалуға, қауқарсыз болып қалуға үрейлену кей кездері адамның артынан өмір бойы ілесіп жүреді. Осы қорқыныш өзін тану және дамыту ды, жеке басымен эксперимент жасауды оқшаулайды, әлеуметтік қоршаған ортаның айтқанына бола әрекет жасауға, қабылданған нормалар мен үлгілерді қатаң басшылыққа алуға әлде, керісінше, оларды толығымен елемеуге, тексере келгенде қорқыныштың екінші қыры болып шығатын тәуелсіздікті көрсетуге мәжбүрлейді.
Үрей мен қобалжушылық деңгейін қалай төмендетуге болады? Бағалау іс-әрекетінің жүйесін қайта қарау керек. Акцентті оңды бағалауға көшіру, оқушыға немесе студентке: өз дамуында қалай жылжу керектігін, қашан жауап беру, сынақ тапсыру, бақылау жұмысын тапсыру керектігін және т.с. өзінің шешуіне мүмкіндік беру керек. Қазіргі жағдайларда бұл қиын, бірақ икемді бақылау жүйесінің элементтерін педагогикалық практикаға енгізу әбден мүмкін іс.
Осы қағидатерді практикада жүзеге асыру тек оқушылар ғана емес, педагогтар да өзін тану және дамыту, өзін-өзі жетілдіру, бір бірімен қатынастар жүйесін өзге негізде – сенім, тілектестік, Жәбірлемеу негізде құру үшін нақтылы мүмкіндіктер алады.
Ал енді жәбірлемеу технологияларды пайдалана отырып, мектеп жасына дейінгі балаларда өзін тану және дамыту тенденциясын қалай ынталандыруға болады? Жәбірлемеу педагогиканың мақсаттарының бірі – зорлық жасамау ұстанымын қалыптастыру. Мектеп жасына дейінгілерге қатысты алғанда бұл мақсат жәбірлемеу өзара әрекеттестікке қабілетті дамыту ретінде тұжырымдалады. Осындай қабілетті жай ғана қалыптастыру мүмкін емес, мақсатты бағыттай қалыптастыру идеясының өзі жәбірлемеу педагогиканың рухына кереғар іс. Осылардың кезінде баланың өзі өз тұлғасын құра бастайтын, жәбірлемеу өзара әрекеттестіктің, кикілжіңдерді жәбірлемеу шешудің басымдылықтарына тәжірибеде көз жеткізетін жағдайлар жасау маңызды. Алға қойылған мақсат екі бағытта: мектепке дейінгі балалардың тіршілік әрекетін жәбірлемеу негізде ұйымдастыру арқылы және олармен ерекше қағидатерде құрылған арнайы сабақтар жүргізу арқылы жүзеге асырылды.
Тіршілік әрекетін жәбірлемеу негізде ұйымдастыру өзіне мыналарды қосады:
• балалардың еркін таңдауды жүзеге асыруы үшін жағдайларды қамтамасыз ету;
• оңды бағалауларға басымдық бере отырып, балаларды бағалауды ұтымды пайдалану;
• балалардың іс-әрекеттерін жәбірлемеу мазмұнмен қанықтыру;
• балаларда жәбірлемеу өзара әрекеттесуге деген қабілетті оятатын, даму барысында өмірлік, оқу, ойын жағдайларын кеңінен қолдану;
• жұптық және топтық өзара әрекеттесуді ұйымдастыру;
• ата-аналарды жәбірлемеу педагогика мәселелерін шешуге кеңінен тарту.
Сонымен қатар әртүрлі жас топтарындағы балалар үшін арнайы сабақтар жасап шығарылды (барлығы 12 цикл):
«Мен кіммін – Мен қандаймын»; «Сенімділік - сенімсіздік»; «Қуаныш - күйініш»; «Басқару - бағыну - теңдік»; «Достық - қастық»; «Мейірімділік -өшпенділік»; «Сүйіспеншілік – суқаны сүймеу»; «Батылдық -қорқақтық»; «Ұстамдылық - ұстамсыздық»; «Ілтипаттылық – дөрекілік»; «Бейбітшілік сүйгіштік - агрессиялық»; «Бейбітшілік - соғыс».
Сабақтар өзін-өзі тану мен қарапайым өзін-өзі қабылдауға, жәбірлемеу іс-әрекеттер жасай және жәбірлемеу қарсылық көрсете білуден көрініс табатын зорлық жасамау ұстанымының бастапқы элеменеттеріне ие болуға бағыт алған. Сабақтарды өткізу әдістемесі баланың субъективтік еркіндігін, оның анықталуға деген құқын және өзі үшін, тіптен олар педагогқа жақпаса да, тартымдырақ болып табылатын позицияларды таңдап алу құқығын максималды ескере отырып құрылады. Сабақтарды құрудың негізгі қағидатерін келтірейік.
Контраст қағидасы. Оның мәнісі балаға дәйекті түрде әртүрлі позицияларды: мейірбан және қас, бейбітшілік сүйгіш және аргессивті, басшының және бағыныштының позицияларын алу ұсынылатындығынан тұрады. Баланың еркіндігі оның өз ішінен қандай да бір позицияны таңдап алуынан тұрады. Контраст балалардың іс-әрекетінің ең алуан түрлеріндегі нақтылы әдістемелік тәсіл ретінде де қолданылады. Мысалы, ертегілерді оқыған және талдаған кезде олар ертегінің альтернативті аяғын ойлап шығарады: оңда кейіпкерлерден оң қасиеттерді де, теріс қасиеттерді де, жағымсыз кейіпкерлерден – тек қана теріс емес, оң сипаттамаларды да бөліп көрсетеді.
Тіршілік әрекетінің барлық салаларын жүзеге асыру қағидасы. Балаға мейірімділік, сүйіспеншілік, бейбітшілік сүйгіштік және т.с. секілді күрделі рухани қасиеттердің мағынасын түсіну және анықтау қиынға соғады. Алайда балалардың осы қасиеттердің мағынасын түсінуіне қарағанда, олардың осы қасиеттердің көрініс табуына ілеспелі белгілі бір күй-жағдайларды басынан кешіруі маңызды. Аталған қағида: танымдық деңгейде – баланың тәжірибесіне арқа сүйей отырып, қандай да бір қасиет туралы түсініктерді өзектендіруді; сенсорлық деңгейде – көру, есту, түйсіну, сезу, ептіліктерді жасап шығару арқылы өз сезімдері мен пайда болған түсініктер арасындағы аналогияларды анықтау; эмоциялық деңгейде – белгілі бір қасиеттің көрініс табуына ілеспелі қандай да болсын күйді бастан кешіруге деген қабілеттілікті дамыту; жүріс-тұрыс деңгейінде – нақтылы немесе қиялдағы, ойдағы жағдайларды ойнап шығу, нақтылы іс-әрекеттерді жете зерделеуді болжайды.
Қорыта талдау қағидасы. Нақтылы уайымдауға, бастан кешіруге және жүріс-тұрыс жасауға көшпес бұрын, бала әдеби туындылардағы, кинофильмдердегі кейіпкерлердің мысалдарында қандай да бір уайымдауларды және жүріс-тұрыс тәсілдерін танып-білуге үйренуге, символдық сипаттағы нысандарға сипаттамалар беруге үйренуге тиіс. Осы мақсатта бет – маска, адамның, қуыршақтың тұрысының схемалық бейнелері қолданылады, қандай да болсын мал-жануардың (мысалға, жылы шырайлы ешкі, қас қасқыр және т.с.) бейнелері ойналады.
Өмірлік жағдайларды үлгілеу қағидасы. Сабақтарды өткізу барысында оңды мазмұны да бар, теріс мазмұны да бар әртүрлі жағдаларды, оқиғаларды үлгілеуге зор мән беріледі. Осы жағдайларды, оқиғаларды жасай отырып, бала өз бетінше, ересектердің көмегінсіз және сыбырлап айтусыз, өз тәжірибесіне кейініректе нақтылы өмірге көшірілуі мүмкін тыңнан бір нәрселерді қоса отырып, олардан шығатын жол табуға үйренеді. Жағдайды теріс немесе агрессиялы шешкен жағдайда ғана педагог балаларға басқаша, өзгеше жасауды ұсынады.
Әрбір сабақ композициялық тұрғыдан үш бөліктен тұрады: қандай да бір қасиет немесе сипаттама туралы түсініктерді өзектендіру; қандай да бір қасиеттің жағдайларын сезіну, осы сезімді шығармашылықта көрсету; белгілі бір хал-күйлерді эмоциялық уайымдау, осы хал-күйді жүріс-тұрыста көрсету.
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 640 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!