![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Жәбірлемеу педагогикасы – бұл 1980-ші жылдардың аяғында – 1990-шы жылдардың басында пайда болған, гуманистік бағытталған тұрғылар шеңберіндегі салыстырмалы түрдегі жаңа бағыт. Ол бастапқыда балалар мен жасөспірімдерді мәжбүрлеудің алуан түрлеріне қарсы шыққан прогрессивтік педагогтардың қозғалысы ретінде қалыптасты, ал содан соң дербестік сипаттарына ие болды. Жәбірлемеу педагогикасының негізгі мақсаты – тұлғаның толыққанды дамуы және міндет атқаруы, оның өзін тану және дамыту ы оқыту мен тәрбиелеудің баланың нені жасауы керектігін алдын ала белгілейтін дәстүрлі түрлерімен және әдістерімен оқшауланады. Қандай да бір мақсаттарға қол жеткізілмеген жағдайда алуан түрлі санкциялар, мысалы екілік қарастырылған. Бұл оқушыда үрей, қорқыныш, шиеленіс тудырады. Оларды бастан өткере отырып, тұлға өзін-өзі танумен және өзін тану және дамыту мен толық шамада айналыса алмайды. Сондықтан жәбірлемеу педагогикасындағы негізгі міндет ретінде: оқыту және тәрбиелеу процесін гуманизациялау, ересектер мен балалардың өзара әрекеттестігі міндеті; өсіп келе жатқан буында қоршаған адамдарға, табиғатқа, жалпы алғанда әлемге қатысты жәбірлемеу әрекеттерді жүзеге асыру ұстанымын қалыптастыру жөніндегі міндеттер. Дәл сол кезде осындай ұстанымды сырттан қалыптастыру мүмкін еместігі мойындалады, сондықтан да педагогикалық үрдіске қатысушылардың өзін тану және дамыту ына, өзін-өзі жетілдіруіне, тұлғалық өсуіне мүмкіндік жасалынады. Жетекші үлгі ретінде ілесе жүру үлгісі қабылданады.
Педагогтың балалармен қысым көрсетпеу, өзара әрекеттесу қағидатерін пайдаланана отырып, мәжбүрлеу деңгейін төмендетуге, еркін өзін тану және дамыту ға алғышарттар жасауға болады.
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 717 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!