![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Адам іс-әрекетті сырттан танылған емес, өзі таңдап алған маңызды да қызықты ретінде қабылдаған кезде ғана іс-әрекетке белсенді және ниетімен қосылып кетеді. Бұл жағдайда, өзін тану және дамыту дың жоғарырақ сатысына көтеріле отырып, ол өзін-өзі көрсете және жүзеге асыра алады.
Субъективті еркін болу – бұл таңдауларды жасау мүмкіндігі. Адам таңдауды өзі жасаған кезде, басқа адамдардың алдында емес, өз алдында және жүріс-тұрысты қажетті арнаға бұра отырып, рухани бағдар болып табылатын өз ар-ожданы алдында жауап беретіндіктен, ол шынайы жауапкершілікті өзіне жүктейді.
Педагогтың еркіндігі жұмыстың мазмұнын, түрін, әдістерін таңдау, өзінің творчествосын және тұлғалық өсуін көрсету мүмкіндігінен тұрады.
Оқушылардың еркіндігі оқу іс-әрекетінің түрлерін, әдістерін, тәсілдерін таңдау мүмкіндігінен ғана емес, бір нәрседе беку, алға қарай жылжу, жетілу мүмкіндігін таңдаудан да тұрады. Мектеп оқушысы пәндерді оқып қана қоймайды – оқу пәндері өзін тереңірек түсіну мен өзін тану және дамыту құралдары болып шығады.
Оқушыларды педагогтың мақсаттары мен міндеттеріне қосу және мұғалімнің балалардың мақсаттары мен міндеттеріне қосыла білуі.
Бұл қағида ынтымақтастықтың мәнін ашады. Оның бірінші бөлігін жүзеге асыру тек қана педагог өзін-өзі таныту жағдайына қол жеткізуге деген қабілеттілікке ие болғанда; педагогтың өзі процеске толығымен тартылғанда, өзін онда толық сіңген тұлға ретінде және қызығушылықпен жүзеге асырғанда мүмкін болады. Бұл жағдайда осыған, іс-әрекетті бірлескен және еркін ретінде қабылдай отырып, балалар тартылатын бірегей эмоциялық фон, эмоциялық атмосфера жасалады. Балалардың мақсаттарына және міндеттеріне қосылу нақтылы жағдай арқылы, баланың не жасағанын, айтқанын ойынға салу арқылы, сонымен қатар субъекттік тәжірибеге қосылу, педагог қойған тапсырмаларды шешу барысында оны ықтималдықпен пайдалана отырып өзектендіру арқылы жүруі мүмкін.
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 593 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!