Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Тарау. Өзін-Өзі тану мен Өзін тану жӘне дамытуҒа психологиялыҚ ілесе жҮру жӘне педагогикалыҚ Қолдау жасау



Ұзақ уақыт бойы теорияда да, практикада да бала немесе кез келген үйренуші адам ата-аналар, тәрбиешілер, мұғалімдер, оқытушылар тарапынан, яғни өздерінде қоғамның жастарды оқыту және тәрбиелеу жөніндегі әлеуметтік тапсырысын іске асыратын адамдар тарапынан сыртқы әсер ету объекті ретінде қарастырылып келді. Педагогика да осы тұрғыға сәйкес қалыптасты. Я.А.Коменскийдің өзі мектепке дейінгі мекемелерде сыныптық-сабақтық жүйені енгізген болатын, оқыту мен тәрбиелеу әдістемесі жетілдірілді, білімді игерудің психологиялық заңдылықтары ашылды.

Уақыт өте келе білімдерді, дағдылар мен ептіліктерді иегру барысын басқару идеялары дамытылды, бақылау мен бағалау түрлері жасап шығарылды және дәлдеп тексерілді. Ғылыми-техникалық прогрестің үнемі жылдамдауымен тек қана оқыту мен тәрбиелеудің ақырғы нәтижесіне (білімдер, дағдылар, ептіліктер, тіршілік әрекетінің әлеуметтік жарамды нормаларын және тәсілдерін игеру) бағыт-бағдар алудың енді уақыт талабына жауап бермейтіндігі түсінікті бола бастады. Адам қажетті білімдер мен мәліметтердің барлық қосындысын толыққанды игере алмайтын, оларды қарапайым психологиялық шектеулерге орай өмірде қолдануға қабілетсіз болып шықты – жады өлшемсіз бола алмайды.

Міне, сол кезде кез келген оқыту мен тәрбиелеу білім беріп, дағдылармен және ептіліктермен қаруландырып қана қоймай, дамытушы болуға, яғни әр тұлғаның потенциалын толыққанды ашу және жүзеге асыру үшін жағдайларды қамтамасыз етуге тиістігі туралы идея туындады. Ой қарапайым: егер тұлға зияттық дамудың жоғары деңгейіне ие болса, қажет болған жағдайда ол толыққанды қызмет атқару үшін өзіне қажеттіні еске түсіре немесе «толықтыра» алады. Дәл осы дамытушы оқыту идеясын тұжырымдауға және жасап шығаруға түрткі болды. Отандық ғылымда дамытушы оқытудың теориялық негіздерін психология классигі Л.С.Выготский салды. Ол бірқатар түпкілікті және маңызды ережелерді тұжырымдады:

- оқытудың дамудың артында жүрмей, дамудың алдында жүріп, оны өзінің артынан жетектейтіндігі туралы;

- тұлғаның дамуының өзекті және жақындағы аймақтары туралы. Өзекті даму аймағы – бұл баланың ересектердің көмегінсіз, өз бетінше жасауға қабілеттісінің бәрі. Жақын аралық даму аймағы – бұл бала бүгін ересектердің, ата-аналарының, мұғалімдердің, тәрбиешілердің және т.б. көмегімен жасап жатқан, ал ертең өз бетінше жасайтындар. Осыдан барып мынандай қорытынды жасалады – оқыту (тәрбиелеу секілді) жақындағы даму аймағына, яғни баланың ертеңгі күніне арқа сүйеуге тиіс. Тек осы жағдайда ғана ол дамытушы болады.

Л.С. Выготскийдің осы және басқа да идеяларын отандық ғылымның А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, П.Я.Гальперин, В.В.Давыдов, А.В.Запорожец, Л.В.Занков және көптеген басқалар секілді кемеңгерлері қолдады және дамытты. Дамытушы оқыту жүйелері пайда болды және практикада жүзеге асырылды (ең танымалдары Л.В. Занковтың, В.В. Давыдовтың, Д.Б. Элькониннің жүйелері).

Дамытушы оқыту идеяларын практикаға енгізу – балаға әсер ету нысаны ретінде қарауды жеңудегі прогрессивті және қағидаті қадам. Бірақ уақыт бұл қадамның да соңғы болып табылмайтындығын көрсетіп берді.

Теория мен практикаға оқыту мен тәрбиелеуді гуманизациялау идеясын белсенді тарату және енгізу ғалымдар мен практиктерді тағы бір тамаша ойға, атап айтқанда, баланың тек оқытудың субъектісі ғана емес, тек өзінің тіршілік әрекетінің ғана субъектісі ғана емес, өзін тану және дамыту субъектісі болуға деген құқығын тануға негізделген, өзін тану және дамыту ойына алып келді.

Демек, оқыту мен тәрбиелеу мақсаттарын қоюдағы басымдылықтардыалмастыру туралы мәселе қайтадан тұрды.

Жаңа идея былайша естіле бастады: бала жай ғана оған толыққанды дамуы үшін жағдайлар жасау керек болатын оқыту субъектісі ғана емес, өзінің тіршілік әрекетінің субъекті, авторы болып табылады, сондықтан оқыту және тәрбиелеу процестерінде өзін тану және дамыту үшін жағдайлар жасау, оларды психологиялық-педагогикалық ілесе жүру қағидаі бойынша және оның шеңберінде жүзеге асырылатын психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету қағидаі бойынша құру керек. Осыдан барып: оқытыла және тәрбиелене отырып, индивидтің нені игеретіні; қолда бар потенциалды жүзеге асыра отырып, оның қаншалықты қарқынды дамитындығы; өзінің өмірі, барлық қателіктері мен жетістіктері үшін қалай, қашан, қандай дәрежеде жауапкершілік алатындығы; оның өзінің өзін-өзі тану мен өзін-өзі жетілдіруді дамытуға, өз өмірін және онымен байланыстының бәрін өздігінен құру процестеріне қаншалықты қабілетті бола бастайтындығы маңызды болып табылады.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1117 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.046 с)...