![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Өзін тану және дамыту идеясының қазіргі ғылым мен практика үшін тартымды болып шыққандығы соншалықты, әрбір тұлғаның потенциалы ең толығымен айқындалатын арнайы технологияларды жасап шығаруды ынталандыра алды. Біздің елімізде мұндай мүмкіндіктер жуырда ғана, ХХ ғасырдың соңғы ширегінде пайда болды және қоғамның жалпы дамуының кеңірек контекстімен: демократияландыру және гуманизация процестерімен байланысты.
Оқыту мен тәрбиелеудің қазіргі қолданылатын технологияларының жайылған талдауын беру мүмкіндігіне ие болмай (олай болмаған жағдайда еркін тәрбиелеу идеяларынан бастап, қазіргі ғылымдағы барлық дерлік гуманистік бағытталған бағыттардың шолуын жасау керек болар еді), бірақ практикадағы ілесе жүрудің не екенін, өзін тану және дамыту ға бағытталған тұтас технологияларда оның қалай жүзеге асырылатынын көрсетуді ниет ете отырып, үш технологияны: К.Роджерстің тұлғалық бағытталған технологиясын, Жәбірлемеу педагогика технологиясын (авторлары В.А.Ситаров, В.Г.Маралов, А.Г.Козлова), Г.К.Селевконың тұлғаның өзін тану және дамыту технологиясын суреттеумен шектелейік.
§ 1. К. Роджерстің тұлғалық-бағытталған «технологиясы»
К.Роджерс ХХ ғасырдың аса ұлы психологы, гуманистік психология мен психотерапияның негізін қалаушы болып табылады. Роджерстің өзі оның концепциясының мәніне, Адамға қарауға, көзқарасқа қарама-қайшы келетін ретінде қалыптасудың кез келген технологиялылығына қағидаті түрде қарсы болғандықтан, тақырыптың атауында «технологияның» тырнақшаға алынғаны кездейсоқ емес. Бұл жағынан ол, сөз жоқ, құрыс, бірақ «технология» термині қазіргі педагогикалық ғылым мен практикада берік орнығып қалғандықтан, осында және одан әрі бұл термин, жұмыстың қандай да бір жүйесін, алдын ала белгіленген нәтижелерге толығымен қол жеткізілуіне еш жағдайда да кепілдік бермейтін оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыруды ойда ұстай отырып, белгілі бір ескертумен қолданылатын болады. К.Роджерс концепциясының мәнісі туралы қысқаша айтылып та кеткен, солай болса да тұлғалық бағытталған технологияны одан әрі түсіну үшін оны қайталап өтеміз, кеңейтеміз және қарастырылып отырған мәселенің контекстіне көшіреміз. Автордың пікірінше, адамның жүріс-тұрысының жетекші мотиві болып өзін танытуға деген ұмтылыс көрініс табады, ал өзін танытуға базистік ұмтылыстың бір бөлігі болып өзінің Менін танытуға (өзін-өзі таныту) ұмтылыс болып табылады. Осыған сәйкес К.Роджерс «Нақтылы Мен», «Идеалды Мен», «Әлеуметтік қоршаған орта» секілді түсініктерді бөліп көрсетеді.
Нақтылы МЕН – бұл өзі, өзінің сезімдері, мақсаттары, құндылықтары туралы түсініктердің жүйесі.
Идеалды МЕН – адамның кім болғысы келетіні, оның тәжірибесі мен тереңдегі уайымдаулары.
Әлеуметтік орта – бұл нормалар, құндылықтар, көзқарастар, жүріс-тұрыс тәсілдері.
Нақтылы Мен мен Идеалды Меннің арасында пайда болатын сәйкессіздік адамда үрей сезімін, жүріс-тұрыстың адаптивті емес түрлерін тудырады. Әрі адам, Әлеуметтік қоршаған ортаның айтқанына бола өзінің Идеалды Менінен неғұрлым көбірек артқа қайтса, соғұрлым көбірек дезадаптацияланған болып шығады, әртүрлі психологиялық проблемаларды бастан кешіреді, бұл тәжірибені бұрмалау, оны теріске шығару түріндегі психологиялық қорғаныстардың белсенді етілуін тудырады. Өзінің Идеалды Менімен сәйкестікте өмір сүру және әрекет жасау үшін, адам субъективтік еркіндік сезімін алуға тиіс. Оның қиындықтары мен проблемалары еркін еместі таңдап алуымен, яғни ол әлеуметтік қоршаған ортаның айтқанына бола өмір сүре бастаған кезде пайда болады. Осыдан барып психотерапия үшін (еске сала кетейік – К.Роджерс психотерапевт болған) маңызды қорытынды шығады: психотерапевттің негізгі міндеті адамға өзінің тәжірибесімен өмір сүруге, өз өзі болуға көмектесу. Бірақ, психотерапевттің өзі әлеуметтік қоршаған ортаға жататындықтан, ол адамға әсер етпеуге, оған бір нәрсені таңбауға тиіс. Оның ролі пациентке өзін-өзі анықтауға, өзінің ойлары мен сезімдерін еркін білдіруге, оның өзін қалай қабылдайтынын ұғынуға, оны басқа адамдардың қалай қабылдайтынын ұғынуға мүмкіндік беруден тұрады. Ақыр нәтижесінде психотерапевт көмек көрсетуге – пациенттің Нақтылы Менін жеке тәжірибесімен, тереңдегі уайымдауларымен, яғни Идеалды Менімен сәйкестікке келтіруге тиіс. Бірақ мұндай көмек келесі қағидатер сақталған кезде ғана оңды әсерін береді:
• пациентті толық қабылдау немесе сөзсіз оңды қарау;
• пациенттің сезімдерін және олар пациент үшін ие мәнді адекватты эмпатиялы (эмпатия – біріге уайымдау) түсіну;-
• конгруэнттілік, яғни психотерапевттің пациентпен жұмыс істегенде өз өзі болып қалуға қабілеттілігі.
Психотерапевттік жұмыстың осы қағида ережелерін К.Роджерс педагогикалық практикаға да енгіеді. Оның педагогикалық теориясының мәнісі келесіден тұрады:
1) педагогикалық қызметтің мақсаты «толыққанды қызмет атқаратын» тұлға үшін жағдайларды қамтамасыз ету – адекватты және икемді, Мен-концепциясын дамыту болып табылады. Мұны тұлғаны қалыптастыру жолымен емес, тұлғалық өсуде көмек көрсету арқылы жасауға болады;
2) тұлғалық өсудің көзі және қозғаушы күштері адамнан тысқары емес, оның өзінде тұрғаны мойындалады. Сондықтан автор «қалыптастыру» терминіне, дәл солайша «білімді игеру» түсінігіне қарсы шығады. Оның пікірінше, жауапкершілікті өзіне жүктей отырып, тек жеке тәжірибеге, тұлғалық таңдауға негізделген ілім, оқыту ғана құнды болып табылады және маңызды бола бастайды;
3) табысты тұлғалық өсудің бастапқы шарты ретінде өзін қабылдау көрініс табады.
Тек өзін құрметтейтін, өзіне сенімді адам ғана тікелей және тәуекелді босану, өзін-өзі ашу және өзін тану және дамыту процесіне ашық. Осындай тұрғыға сәйкес, мұғалімнің, педагогтың ролі де түпкілікті өзгереді. Оның функциясы – тек жай ғана білім беру, тұлғаның ептіліктерін немесе қасиеттерін қалыптастыру емес, оқушылардың тұлғалық өсуге, өзін-өзі жетілдіруге және өзін-өзі танытуға деген тенденцияларын ынталандыру.
Сондықтан мұғалімді К.Роджерс басқаша атайды - мұғалім - фасилитатор (фасилитатор – басқа адамдарда тұлғалық өсу тенденциясын ынталандыратын адам). Мұғалім-фасилитатордың жоғары атағына келесі шарттарды сақтағанда қол жеткізуге болады:
• оқу процесінің бүкіл өне бойында балаларға өзінің оларға деген толықтай сенімін көрсету;
• оқушыларға топтың алдында да, жеке-жеке әрқайсысының да алдында тұрғын мақсаттар мен міндеттерді тұжырымдауда және дәлдеп тексеруде көмектесу;
• әрқашан да оқушыларда оқудың ішкі мотивациясы бар екеніне сүйену;
•әрқашан да оқушылар үшін, қандай да бір тапсырманы, міндетті шешуде қиындықтарға ұшырасып, көмек сұрап жүгінуге болатын, алуан түрлі тәжірибенің «көзі» болу;
• өзінде топтың эмоциялық серпінін сезіну және оны қабылдау қабілетін дамыту;
• топтық өзара әрекеттестіктің белсенді қатысушысы болу;
• топта өзінің сезімдерін ашық білдіру;
• әр оқушының сезімдерін және уайымдауларын түсінуге мүмкіндік беретін эмпатияға қол жеткізуге ұмтылу;
• өз өзін жақсы білу.
Мұғалім-фасилитатордың нақтылы түрлері және әдістері туралы айта отырып, өзі іс-әрекеттің әмбебап әдістері мен тәсілдерінен бас тартуды уағыздағандықтан, К.Роджерс оларға ерекше мән бере қойған жоқ. Оның пікірінше, мұғалім нақтылы жағдайға және өзінің өз мүмкіндіктеріне сәйкес, іс-әрекеттің әдістемелік құралдарын, тәсілдерін және амалдарын таңдап алуға құқылы. К.Роджерс пен гуманистік психология мен педагогиканың басқа өкілдері қолданған кейбір әдістемелерді атауға болады: топтық жұмыстың әртүрлі әдістері (оның ішінде дискуссиялар), диадада оқыту, әлеуметтік-психологиялық тренинг элементтерін пайдалану.
Белгілі танымалдыққа, мысалы, оқушы мен педагог арасында жеке жасалатын «келісім-шарттар» әдісі ие болды. Келісім-шарттар: жекелеген тақырыптарды және тұтастай курстарды оқытуды, жеке немесе топта жұмыс істеу мүмкіндігін, ақырғы нәтижені және бағалау критерийлерін қарастырады. Келісімге қол қойылғаннан кейін олар сыныпта жарияланады.
Қорытындылай келе, тұлғаның өзін тану және дамыту ы үшін барлық оңды сәттеріне және ілесе жүру идеясын толық шамада жүзеге асыру мүмкіндігіне қарамастан, аталған технологияны енгізудің айтарлықтай қиындықтармен кездесетінін атай кетуіміз керек. Олардың негізгілері: педагогқа үлкен оқыту жүктемесі түсіп жатқан кезде және сыныптар шамадан тыс толып кеткен жағдайда, сынып-сабақ жүйесінің жағдайларында тұлғалық бағытталған оқытуды қалайша жүргізуге болады; аталған оқытудың идеяларын толық шамада жүзеге асыру үшін, педагог қаншалықты кәсіптік және тұлғалық жақсы даярланған болуы керек. Осындай педагогты даярлау, тептен жоғары дамыған елдердің өлшемі бойынша да – қымбатқа түсетін іс. Солай болса да, К.Роджерс және гуманистік психология мен педагогиканың басқа өкілдері тұлғаның толыққанды өзін-өзі тануы мен өзін тану және дамыту ы мәселесін толық шамада шешетін, оқыту-тәрбиелеу процесінің жаңаша ұйымдастырылуының ықтимал жолын көрсетіп берді.
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1477 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!