Студопедия.Орг Главная | Случайная страница | Контакты | Мы поможем в написании вашей работы!  
 

Зін-өзі тануда қиындықтар да кездеседі



Өзін-өзі тану және өзін тану және дамыту актілерін жүзеге асырудың айтарлықтай жас және дербес ерекшеліктеріне қарамастан, осыларды жеңіп шығу басқалардың: ересектердің, құрбылардың, мамандардың – педагогтар мен психологтардың әдеппен араласуын қажет ететін кейбір адамдық қиындықтарды бөліп көрсетуге болады.

Осы қиындықтарға келесілер жатады:

- өзін-өзі тану және өзін тану және дамыту мотивтерінің қалыптаспауы, болмауы, өзін-өзі тәрбиелеумен айналысуға ниеттің болмауы. Нәтижесінде өзін тереңірек танудың, өзін-өзі жетілдірудің мақсаттарын қою қиындап кетеді. Бұл өзін-өзі тану мен өзін тану және дамыту процестерінің стихиялы сипатқа ие болуына, тек социумға және іс-әрекетке бейімделу заңдарына ғана бағынышты болуына, ал кез келген кедергінің жағдаяттар немесе басқа адамдардың арам ойлары, қастықтары себепші болған қиындық ретінде қарастырылуына алып келеді;

- өзін-өзі тану және өзін тану және дамыту мотивтерінің қалыптаспауы, бұл өзі туралы, өзінің Мен-концепциясы туралы бұлыңғыр иллюзорлық түсінікке алып келеді, мұны тұлға сенімсіздік немесе, керісінше, өзіне деген сенімділік ретінде бастан кешіреді, бұл сан көптеген психологиялық қорғаныстардың және қорғаныс жүріс-тұрысының қызмет етуін тудырады.

Мұның салдар, нәтижелері болып төмендетілген немесе арттырылған өзін-өзі бағалаулар, әлде бағынышты, әлде доминантты (билікке ұмтылу) позицияға, басқаша айтқанда, қоршаған ортамен әрекеттесудің енжар немесе белсенді тәсіліне, өзін-өзі бекіту мен өзін-өзі жүзеге асырудың адекватты емес және әлеуметтік жарамсыз тәсілдерін таңдап алуға ұмтылысы болып табылады;

- өзіне төмен өзіндік құрметтеуді бастан кешіретін және өзін толық шамада қабылдай алмайтын адамдарда пайда болатын мәселелердің көптігі. Бұл аман-саулық, сәттілік пен сенімділік маскасының артында кейде өзінің абыржушылығын және сенімсіздігін жасыруға мүмкіндік беретін қорғаныстарды тудыра отырып, басқаларды қабылдауға және түсінуге қабілетсіздіктен көрінісін табады;

- дұрыс емес өмірлік мақсаттарды қою, бейімділіктер мен қабілеттерге сәйкес келмейтін кәсіпті таңдап алу. Мұндай жағдайларда адам өзін-өзі жүзеге асыра алмайды, жеке басының жайсыздығын бастан кешіреді, дағдарысты жағдайларға түседі және олардан әр кез өз бетінше шыға бермейді;

- өзін-өзі тану мен өзін тану және дамыту механизмдердінің: идентификацияның жәнек әсіресе рефлексияның, өзін-өзі қабылдауға және өзін-өзі болжауға қабілеттіліктің қалыптаспауы. Адамдарда осы қабілеттерді дамытуға көмектесе отырып, өзін-өзі тану мен өзін тану және дамыту дың адекваттылық және шынайылық, нақтылық деңгейін айтарлықтай арттыруға болады;

- өзін-өзі тану мен өзін тану және дамыту дың жасап шығарылған тәсілдерін тектен-тек елеп ескермейтін адамдар да аз емес. Өзін-өзі тәрбиелеумен, өзін-өзі жетілдірумен айналысу ұзақ та шаршатарлық, ал нәтижелері – бұлыңғыр да бұлдыр деп есептеледі. Адамзаттың осы салалардағы мәдени мұрағатымен, психология беретін ұсыныстармен танысып шығып та, адамдар оларды өздері үшін қолайсыз ретінде жоққа шығарады. Мұндағы себеп түсінікті: өзін-өзі танумен және өзін тану және дамыту мен мақсатты бағыттай отырып айналысу – ерік-жігерді, жинақылықты, тіптен жанқиярлықты талап ететін ауыр еңбек. Оның үстіне өмірде бәрі жақсы болғанда немесе, тым болмағанда, қанағаттанарлық болғанда, мұндай нұсқау істеп кетеді. Егер өмірде нақтылы мәселелер мен коллизиялар туындаса, эмоциялар мен уайымдаулар адамды жұтып жібереді де, оның өзін-өзі тану мен өзін тану және дамыту ға ісі болмайды. Осының барлығы өзіндік парадоксқа алып келеді: мақсатты түрде өзін тану және дамыту мен және өзін-өзі танумен тек қана өзіне өмірде не керек екенін анық білетін, психологиялық тұрғыдан жетілген тұлға айналыса алады, ал енді психологиялық тұрғыдан жетілген тұлға болу үшін міндетті түрде мақсатты бағытталған өзін-өзі тәрбиелеумен айналысу, тек өзінің тіршілік әрекетінің ғана емес, өзін тану және дамыту дың өзінің де субьектісі болу керек.

Дәл сол кезде мұндай парадоксты шешуге болады. Егер адамдар, қоғам, білім беру мекемелері тек қана өсіп келе жатқан буынға білім беруге, толыққанды психикалық даму үшін жағдайларды жасауға ғана емес, ерте балалық шақта өзін-өзі тану мен өзін тану және дамыту үшін алғышарттар мен арнайы жағдайлар құруға да бағыт-бағдар алатын болса, пайда болатын қарама-қайшылықты шешуге болады. Міне, сондықтан соңғы кезде ғалымдар мен практиктер (педагогтар, тәрбиешілер, әлеуметтік қызметкерлер, психологтар) тарапынан өзін-өзі тану мен өзін тану және дамыту дың проблемалары мен психологиялық механизмдеріне ғана емес, балалар мен ересектерді тәрбиеелуге үйрету, максималды қолдау көрсету және өзін тану және дамыту ға ілесіп жүру, білім берудің бүкіл жүйесін үйренушілердің субъективтік тәжірибесін ескере отырып қайта бағыттау, өзін-өзі тану мен өзін тану және дамыту ға деген қабілеттерді өзектендіру мәселелеріне де қызығушылығы айтарлықтай күшейе түсті.





Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 812 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!



studopedia.org - Студопедия.Орг - 2014-2025 год. Студопедия не является автором материалов, которые размещены. Но предоставляет возможность бесплатного использования (0.066 с)...