![]() |
Главная Случайная страница Контакты | Мы поможем в написании вашей работы! | |
|
Өз бетінше еңбек іс-әрекетінің басына қарай, әрине, дамудың өрбуінің қолайлы жағдайлары кезінде, тұлғалық жетілу процестері аяқталады, өзін-өзі тану мен өзін тану және дамыту дың барлық психологиялық механизмдері: идентификация мен рефлексия, өзін-өзі қабылдау мен өзін-өзі болжауға қабілеттілік қалыптасқан болып шығады.
Одан әрі өзін-өзі тану мен өзін тану және дамыту жекеленеді, аталған адамның өзін-өзі тану стилін және өзін тану және дамыту стилін анықтай отырып, тек оған ғана тән ерекшеліктер мен қасиеттерге ие болады. Онымен қоймай, өзін-өзі тану және өзін тану және дамыту салалары түпкілікті өзгереді, бірінші орынға өзін кәсіптік іс-әрекетте тану және жетілдіру шығады. Қолайлы жағдайлар кезінде, егер кәсіп бар болса және ол өзін-өзі жүзеге асыру сферасы ретінде қабылданса, яғни тұлғаның осында өмір мәні мотивтері жүзеге асатын өмірлік талпыныстарына жауап берсе, егер жетістіктер мен табыстар байқалса, өзін-өзі жетілдіру және өзін-өзі таныту түріндегі өзін тану және дамыту процесі қарқынды, тиімді өрбиді, өзін-өзі құрметтеудің жоғары деңгейін, өзімен және іс-әрекетпен сәйкестік сезімін, өзіне және өз өміріне қанағаттанғандық тудырады. Қолайсыз жағдайлар кезінде: кәсіпті таңдаудағы қателік, жаны сүйетін жұмыстың болмауы, жүзеге асырылып жатқан іс-әрекеттен көңілі қалу кезінде өзін тану және дамыту мен өзін-өзі тану оқшаулануы да, ынталантырылуы да мүмкін.
Көп нәрсе тұлғаның қалыптасып та қойған ерекшеліктеріне, оның сипатына, ерік-жігер күшіне, өзін өмірден табу және жүзеге асыру ұмтылысына байланысты болып келеді. Осыған орай кәсіптік қалыптасудың аса дербес дағдарыстары, адамға оның тағдыры беретін сынақтар ретінде қабылданатын спецификалық кедергілер туындауы мүмкін. Сынақтарға дайындық, пайда болатын кедергілерді жеңе білу – тұлғаның толғандығының және оның өзін-өзі жүзеге асыруға және өзін-өзі танытуға қабілеттілігінің көрсеткіші.
Кәсіптік сферадан өзге, алам өзін жүзеге асыратын басқа да салалар бар:
- бірінші кезекте – осының шеңберінде тұлғаның өзін-өзі құруының бірегей процестер жүзеге асырылатын, бірлескен өмірлік мақсаттар мен құндылықтарды құруға қабілеттіліктер дамитын, өз балаларының туылу мен тәрбиелену процестері жүзеге асырылатын отбасы. Күйеу, әйел, әке, ана болу – дамудың алдындағы кезеңдерінде толығымен болмайтын жаңа рольдер. Ал бұл жаңа рольдер және позициялар болғандықтан, өзіңді осы қасиеттерде үнемі танып-білу, жетілу, өз тұлғаңды құру қажет. Кей адамдар отбасылық өмір саласында айтарлықтай елеулі нәтижелерге жетеді, басқалары – сәтсіздікке ұшырайды; адамдармен, достармен қарым-қатынас, бос уақыт, спорт, әуестіктер және т.с., осы сфералардың әрқайсысы өзін-өзі тануды, өзіне белгілі бір көзқарасты, өзін-өзі бекітуді, өзін-өзі жетілдіруді, өзін-өзі жүзеге асыруды қажет етеді. Негізгісі – адамның өзін өз өмірінің, өз дамуының авторы ретінде қаншалықты сезінетіндігі, қиын-қыстау өмірлік жағдайларды қалай жеңетіндігі, дағдарыстардан қалай шығатындығы, қандай дербес позицияны (өзіне және өз өміріне қатысты): прогреске немесе регреске бағытталған оптимистік немесе пессимисттік позицияны алатындығы, өзімен болып жатқанның барлығы үшін жауапкершілікті өзіне ала ма немесе тағдыр мен жағдаяттарға сенім арта отырып, «ағыспен» жүзе ме екендігі. Мүмкін болатын қарама-қайшылықтарды шешу тәсілдері, өмірлік мақсаттарға қол жеткізу немесе қол жеткізбеу өмірлік жолдың аяғында өз өміріне қанағаттанғандықты немесе қанағаттанбағандықты тудырады: «Мен өз өмірімді босқа сүрдім бе, жоқ босқа сүрмедім бе?». Егер адам толығымен жүзеге асырылса, көп нәрсеге қол жеткізсе, онда қанағаттанғандық пен өмірдің толыққандығы сезімі пайда болады және тек қана әлі істеп үлгермеген нәрселер туралы кейбір өкініш сезімі туындайды. Өзін-өзі жүзеге асыру болмағанда, ал өмір кездейсоқ оқиғалардың тоғысуы ретінде қабылданған жағдайда, бәрін қайтадан бастауға, өзін және өз өмірін басқаша құруға деген терең ниет, өлім алдындағы үрей (немесе толық парықсыздық) пайда болады. Нәтижесінде адам өмірдегінің бәріне және өз өзіне қызығушылықтан арылады, ал өлім өмірмен туындаған азаптанулардан емес, өмірдің соңғы кезеңдерінде пайда болған енжарлықтан құтылу тәсілі ретінде қабылданады.
Біз барлық жас психологиясын қайта әңгімелемей, әртүрлі жас кезеңдеріндегі өзін-өзі тану мен өзін тану және дамыту дың ерекшеліктерінің жалпы көрінісін суреттеуге әрекет жасап көрдік. Келесі параграфта біз аталған процестердің қалыптасуындағы кейбір ортақ қиындықтарды бөліп көрсететін боламыз.
Дата публикования: 2015-10-09; Прочитано: 1191 | Нарушение авторского права страницы | Мы поможем в написании вашей работы!